Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ



жүктеу 2,15 Kb.
Pdf просмотр
бет33/34
Дата31.05.2018
өлшемі2,15 Kb.
#18570
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34

129
Б) себеп пысықтауыш;
В) мақсат пысықтауыш;
Г) сын-қимыл пысықтауыш.
Жауабы: 1. Ә;   2. Б;  3. А;   4. Г;   5. Б;   6. Г;   7. Б;   8. Г; 
9. Ә;   10. Ә;   11. В;   12. Ә.
Оқушыларды бағалау.
Үй  жұмысы:  «Ел  тірегі  –  Тәуелсіздік»  тақырыбында 
шығарма жазып келу.
Таңат АХАТОВ,
Шәкен Айманов атындағы 
қазақ гимназия мектебінің 
мұғалімі.
Павлодар облысы,
Баянауыл ауданы.
СӘБИТ МҰҚАНОВ. «ЛАШЫН»
(5-сынып)
Сабақтың  мақсаты:  жазушы,  ақын  Сәбит  Мұқанов-
тың өмірі мен шығармашылығына қысқаша шолу, «Лашын» 
әңгімесіне әдеби қисындық талдау, оқырмандық пікір айту 
арқылы қорыту.
Білімділік  мәні:  «Лашын»  әңгімесін  қысқаша 
мазмұндау,  теңеу,  эпитет,  портрет  туралы  түсінік  бере 
отырып  әңгімені  талдау;  дамытушылық  мәні:  биология 
пәнімен  сабақтастыра  отырып  лашын,  қаз,  үйрек  туралы 
ғылыми  деректермен  таныстыру  (энциклопедиямен 
жұмыс),  аңшылық,  құстар  туралы  жазылған  басқа  ақын-
жазушылардың  шығармашылықтарымен  сабақтастыру; 
тәрбиелік мәні: ұлттық құсбегілік өнерді дәріптеу.


130
Түрі:  талдау  сабағы.  Әдіс-тәсілі:  Қуандық  Мәшһүр 
Жүсіптің  «Әдебиетті  қисынды  оқыту»  әдістемесі. 
Көрнекілік: Сәбит Мұқанов портреті, құстардың суреті.
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
Үй тапсырмасын сұрау:
Жазушы Сәбит Мұқанов туралы не білеміз?
Жазушы қандай жерлерде білім алған?
«Лашын» әңгімесі жазушының қай шығармасынан үзінді?
«Лашын»  әңгімесі  не  туралы?  Саған  әңгіменің  қай 
оқиғасы ұнады?
Мұғалім ауылға неге қадірлі болды?
Ақметтің кәсібі не? Оның бойында қандай қасиеттер бар?
Ақмет лашынды салуға қай мезгілде шығады?
Дабыл деген не?
Лашын құсты қалай аулайды? Құстың отқа шығар мезгілі 
қай кезде?
Құсбегілік дәстүрі қандай?
Ақметтің Лашыны неше жаста? 
Сұрақтарға  жауап  бере  отырып  әңгіменің  қысқаша 
мазмұны баяндалады.
Жаңа сабақты түсіндіру.
Біз әңгімеге қисындық талдау жасаймыз. Әдебиет қисыны 
дегеніміз не? 
Портрет, теңеу, эпитет дегеніміз не? 
(Оқушылар  өз  білгендерін  айтқан  соң  мұғалім  оны 
толықтырады).
Сынып екі топқа бөлінеді.
I топ – «Құсбегілер» тобы.   II топ – «Атбегілер» тобы.
Әңгімедегі  басты  кейіпкер  кім?  (Балғабайдың  Ақметі). 
Әңгімеде тағы қандай кейіпкер бар? (Мұғалім). Әңгімедегі 
құс атаулары (Лашын, үйрек, қаз, бидайық).


131
Әңгімеден портретті тауып, кестеге толтырып жазайық.
Әңгімедегі портрет
«Құсбегілер» тобы                 «Атбегілер» тобы
1-тапсырма                               1-тапсырма
ЛАШЫН
Балғабайдың Ақметі
Денесінің көлемі жұдырықтай 
ғана, бірақ қанат, құйрығымен 
тұтас алғанда сүңгуір 
қайықтай...
(оқушылар толықтырып 
жазады)
Көк көзді, шабдан мұртты, 
ақсұр қушық бетті, түрін 
байырғы орыстан айыра ала
алмайтын  ..............  
(оқушылар толықтырып
жазады)
Әңгіме мәтінімен жұмыс.
«Құсбегілер» тобы               «Атбегілер» тобы
2-тапсырма                             2-тапсырма
Әңгімедегі теңеу
Әңгімедегі эпитет
Жолбарыстың тырнағындай, 
өткірлігі ұстарадай, егеленген 
біздей, т.б.
(оқушылар толықтырып 
жазады)
Сұрғылт тұяқтары дара сұрлау 
қанаты сарғылттау қияғы, т.б. 
(оқушылар толықтырып 
жазады)
Бекіту.  Шығарманы  басқа  көркем  шығармамен 
сабақтастыру
Құсбегілер» тобы                  «Атбегілер» тобы
3-тапсырма                                3-тапсырма
Ауыз әдебиеті
Жазба әдебиеті
«Қыран құс қисық ұшып, түзу 
ілер» (Халық әнінен)
«Құс салып айдын көлде дабыл 
қақтым»
(Қазақтың халық өлеңінде, 
оқушылар толықтырып жазады)
Абай: «Қансонарда бүркітші 
шығалы аңға»
Үкілі Ыбырай: «Гәкку» өлеңі
(оқушылар толықтырып 
жазады)


132
Қорыту.  Суреттер  сөйлейді.  Оқушылар  салып  келген 
суреттерімен таныстырады.
Энциклопедиямен қосымша жұмыс жасайды. 
Ата-бабамыздың құс салу кәсібі бүгінде спорттық ойын 
екенін білеміз бе?
Үй  тапсырмасын  беру:  «Саятшылық  –  өмірдің  бір 
қызығы» (шығарма жазу). 
Бағалау. Топтар бір-бірін бағалайды.
Лена  ЕЛУБАЕВА,
«Қараөзек» ауылындағы 
№39 «Қызылөзек» орта 
 мектебінің  мұғалімі.
Қызылорда қаласы. 
ОРАЛХАН БӨКЕЙДІҢ 
«ӨЗ ОТЫҢДЫ ӨШІРМЕ» 
КІТАБЫНДАҒЫ МАҚАЛ-
МӘТЕЛДЕР
1
Алыстап кетсе сағынатын, 
Жақындап кетсе қағынатын ағайын.
20-бет
2
Жеңсік таппай желіккен көңілдің 
айдарынан жел еседі.
21-бет
3
Сырты бүтін,іші түтін алдамшы бір дүние. 26-бет
4
Кедейге қыз жақпайды.
27-бет
5
Құдай ұйықтап жатқанда сайтан ойына 
келгенін істейді.
29-бет
6
Түйе мінген құдайға бір табан жақын.
30-бет
7
Қайта бір-біріне сеніп қапы 
қалмайтын,мұрын болмаса бірін-бірі 
шұқыр екі көзден гөрі сыңары жақсы.
31-бет
8
Жалғыздық – әрі сақ, әрі мықтылық.
31-бет


133
9
Байдың итіне шейін дөңге шығып үреді.
36-бет
10 Жұлқынғаннан қолымнан не келеді, 
еңкейгенде артымнан жел еседі.
43-бет
11 Қайындағы күйеуден қарғы баулы тазы 
артық.
43-бет
12 Жаман күйеу қайынсақ.
43-бет
13 Кісі заманына қарай түлейді.
45-бет
14 Кедейдің басына бір тал үкі тақсаң, 
далаңдап кетеді.
46-бет
15 Жақсы атаның аруағы жаман баланы 
қырық жыл асырайды.
48-бет
16 Ер жігітке қайда барса таң атар
53-бет
17 Арғымаққа бергісіз аяғым бар, атқа міну 
не теңім?!
53-бет
18 Адамды қартайтатын – уақыт емес, 
уақиға.
55-бет
19 Ақсақ иттің көңілі ар жақта.
58-бет
20 Ит жоқта шошқа үреді.
63-бет
21 Ауылдағының ауызы сасық.
63-бет
22 Шабаннан желмес, сараңнан бермес 
туады.
64-бет
23 Қыртты езген жеңеді,құдайдан безген 
жеңеді.
64-бет
24 Бұтақсыз ағаш июге жақсы, 
Бұлтақсыз сөз күлуге жақсы.
65-бет
25 Лақса бие ышқына оқырғанмен үйірге 
түсіп жарытпайды.
66-бет
26 Құнажын көзін сүзбесе, бұқа жібін 
үзбейді.
66-бет
27 Қатынға жолама қарасы жұғады.
71-бет
28 Жолбарыс ұйықтап жатқанда мысық 
ойына келгенін істейді.
73-бет
29 Бес жас – бел құрдас.
75-бет
30 Ақ пейілдің аты арып, тоны тозбайды.
75-бет
31 Түйені жел тербетсе, ешкіні аспаннан ізде. 77-бет
32 Еркек тоқты – құрмалдық.
79-бет
33
Сауысқан балапанына «Сақ бол,екі шоқып 
бір қара» дегенде балапаны «Жоқ, әке, 
мен бір шоқып екі қараймын» депті.
80-бет
34 Өзің жаққан отыңды сөндірме, қызуы 
қайтып көмірге айналарсың
80-бет


жүктеу 2,15 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау