Бастауыш сыныпта ана тілі сабақтарындағы тереңдетіп оқытудың жұмыс түрлері



жүктеу 70,14 Kb.
Дата01.01.2018
өлшемі70,14 Kb.
#6915
түріСабақ

Шығыс Қазақстан облысы

Тарбағатай ауданы

Тұғыл ауылы

Т.Рысқұлов атындағы орта мектептің

Бастауыш сынып мұғалімі

Кенесбаева Роза Тусупжановна
«Бастауыш сыныпта ана тілі сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жұмыс түрлері».

Ана тілін жақсы білмейінше басқа пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытов

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңындағы негізгі міндеттердің бірі бастауыш білім беру бағдарламасы бойынша баланың жеке тұлғасын қалыптастыру, оның мүмкіншіліктерін дамытуға ықпал ету және оқушының шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру басты мақсат болып табылады. Себебі оқушының шығармашылық қабілетін арттыру оның ойлау қызметіне тікелей ықпал етеді. Бұрын оқушылардың ізденушілігін тудыратын әдістердің ең негізгісі ретінде проблемалық оқуды ұйымдастыру болып есептеліп келсе, енді білім алу барысындағы оқушылар әрекеті тіпті күрделене түсті. Оқушылардың білім беруге байланысты мақсатын тереңдетіп оқытуға жұмыс түрлерін жүргізсе, оқушылардың оқу әрекеті ізденушілік, зерттеу, шығармашылық кейіпке көтеріледі. Ана тілі сабағында тереңдетіп оқытуда оқу материалдарын оқушыға дайын күйде көрсетпей, онымен бірлесіп, жалпы іс-әрекетті ұйымдастыру арқылы алға қойылған міндеттерді түсіндіре отырып, олардың шешу тәсілдері мен жолдарын бірге іздестіремін. Осындай мақсаттарды жүзеге асыруға «Оқу мен жазу» арқылы «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясының көмегі тиді. Сабақта әр түрлі стратегияларды пайдалана отырып, оқушылардың ұсыныс-пікірлерін еркін айтқызып, ойларын дәлелдеуге мүмкіндік туғызып отырамын. Осы әдіс-тәсілдер арқылы баланың тереңде жатқан ойын дамытып, сөйлеуге үйретеді.

Ана тілі сабағында тереңдетіп оқыту жүйелерін пайдаландым.

Оқушының тиімді даму жолдарын ашу үшін оларға өз білімдерін тереңдететін тапсырмалар беру керек. Сонда бала өз жетістігін көріп, қиын шыңды басып өтуші ретінде сезінеді.

«Бес жолды өлең құрастыру» әдісімен осыны байқауға болады. «Батырдың мінезі» әңгімесін өткенде сөз таптары бойынша сұрақ қойғызу арқылы өлең құрастыру.


  1. (кім?) Бауыржан

  2. (қандай?) батыл, ержүрек, тәуекелшіл

  3. (не істейді?) қорғайды, қорықпайды, аянбайды

  4. Бауыржан елін, жерін жаудан қорғады

  5. Батыр

Оқыту үрдісінде ана тіліндегі материалға игеруге және тереңдетуге сабақта тірек сызбаны пайдаланып олардың ойын жүйелі жеткізуге жетелеймін. Мысалы: Дәйек – мінездеме.



2 сынып Сабит Мұқановтың «Батылдық» әңгімесі.








Талдауды әңгімеден мысал келтіре отырып дәлелдейдә. Мысалы: Нұрмағанбет батыл, балуан бала атанған, тәуекелшіл, намысшыл.



Образды зерттеу кестесі.

С.Мұқанов «Батылдық» әңгімесі




Ұнататын қасиеттері

Ұнатпайтын қасиеттері

Қасиеттер

қылықтар


Елін сүю, салтын сақтау, қайсарлық намысшыл.

Қорқақтығы, еліне сатқындық жасау, жігерсіздік.

Әңгімеден үзінді, дәлел

Қамбадағы заттың жоғалуы

«Балуан бала», «Батыл бала» атануы



«Өзім соғып алмасам, менің мықтылығым қайда?» – деп ойлауы.

Оқушылардың ана тілі сабақтарында білім тереңіне қарқынды ой еңбегін қажет ететін тапсырманы орындау арқасында өзі жетуі қажет.


Мысалы: Салыстыру кестесі.

«Бала Тұрар» Ш.Мұртаза.

Кейіпкер мінезі

Досымның немесе танысымның ұқсастығы, айырмашылығы.

өзімнің ұқсастығым-айырмашылығым.

Кішіпейіл

Көпшіл


Бауырмал

Сабырлы


Ұқыпты

Санжар – жан досым. Тазалықты, ұқыптылықты сүйеді. Біреуден жаман қылық көрсе бетіне айтады.

Сыныпта бір баланың дәптерін жыртқанын көзім көрді. Ренжідім, бірақ жыртқан баланы ешкімге айтпадым. Үзілісте өзінің қателігін айттым, осы жағдай арамызда қалды, нәтижесінде ол баламен достығым сақталды.

Мәтіндегі кейіпкерлерді талдау-психологиялық портрет арқылы жүзеге асырылғанда оқушының өзін-өзі тануы, өмірге көзқарасы қалыптасып, тұлға ретінде дамуына ықпал етеді.



Образдық талдау кестесі

«Күмән» Машқар Гумеров

Менің сүйікті кейіпкерім (жақсы, жаман жақтары, қасиеттері)

Мен үшін ұнамсыз кейіпкер (жақсы, жаман жақтары)

Боранбай ақылды, сабырлы, ұстамды, көпшіл.

Рақила өтірікші, жалақор, менменшіл.

Ана тілінен шығармадағы кейіпкерлердің мінезін ашуға арналған.



Ұлттық мінез, қасиетке көзқарас кестесі.

«Ұшқан ұя» Б.Момышұлы


Кейіпкер бойындағы ұлттық қасиеттер

Кейіпкер бойындағы қасиеттерге өз көзқарасың

Үлкенді сыйлау, сәлем беру, үлкеннің алдын кесіп өтпеу, әдепті болу, үлкендердің ақыл-кеңестерін тыңдау.

Үлкендерді көргенде қызарақтамай сәлем беру, жақсы сөзге мән беру, ел танудың басы ататегін білу.

Ана тілінен шығармадағы кейіпкерлердің мінезін ашуға арналған



Ұлттық мінез, қасиетке көзқарас кестесі

«Ұшқан ұя» Б.Момышұлы

Кейіпкер бойындағы ұлттық қасиеттер

Кейіпкер бойындағы қасиеттерге өз көзқарасың

Үлкенді сыйлау

Сәлем беру

Үлкеннің алдын кесіп өтпеу

Әдепті болу

Үлкендердің ақыл-кеңестерін тыңдау


Үлкендерді көргенде қызарақтамай сәлем беру,

Жақсы сөзге мән беру,

Ел танудың басы ататегін білу

Ана тілі сабақтарында жазбаша тіл дамыту жұмыс түрлері; атап айтқанда сөзжұмбақтар М.Әуезовтың «Бала Абай мен Барлас ақын» әңгімесі бойынша сөзжұмбақ құрастырды.







  1. А

    с

    т

    а

    н

    а













    Б

    ө

    л

    т

    і

    р

    і

    к







    А

    л

    т

    ы

    н

    с

    а

    р

    и

    н

    А

    б

    а

    Й









    Бас қала

  2. Қасқырдың баласы

  3. Алғаш мектеп ашқан кім?

  4. Ұлы ақынды ата



«Авторға, кейіпкерге хат»

Әдістемесі бастауыш сынып оқушыларының өзіндік ой-пікірін түйіндеп, қорғай білуіне септігін тигізсе, осы тереңдетіп оқыту арқылы оқушы жеке тұлға ретінде өсіп қана қоймайды, әдебиетке, адами құндылықтарға қызыға өсуі, сол бағытқа бет бұруы сөзсіз. Бастауыш сыныптарда осындай жұмыс түрлерін істеуге үйренген бала жоғары сыныпқа барғанда шығармашылық жұмыстың қай түрі болса да, меңгеруге бейім болады.
жүктеу 70,14 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау