Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ



жүктеу 1,02 Mb.
Pdf просмотр
бет17/33
Дата10.11.2018
өлшемі1,02 Mb.
#18788
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   33

67
кейінгі “Алыптар қайта оралғанда” атты зерттеу мақаласының 
орны  алабөтен  дер  едік  (“Қазақстан  коммунисі”,  1989, 
№4,5,6)  .  Біздіңше,  бұл  зерттеу  -  Алаш  мұраты,  оның 
қайраткер-қаламгерлері  хақындағы  алғашқы  ізденіс, 
байыпты талдау, байсалды бағалау, оңды көзқарастарының 
бірі  болатын.  Мақала  табиғатынан  Алаш  әлемі,  руханият 
мұраты,  оны  зерттеу  мен  зерделеу  жүйесі  жіті  танылады. 
Көзқарас эволюциясы, қолтаңба бедері айқын. 
Алаш  мұраты  мен  мирасы  хақында  төмендегіше  ойлар 
қозғайды:  «Тарихшылар,  әдебиетшілер  еңбектерінде, 
оқулықтарда,  түрлі  құжаттарда,  көркем  шығармаларда, 
кинофильмдерде  күні  кешеге  дейін  партия,  үкімет 
тарапынан  қадағаланып,  жоспарлы  түрде  бағытталып 
отырған  арнаулы  саясаттың  нәтижесінде  Алаш 
қозғалысы,  Алаш  партиясы,  Алашорда  өкіметі  туралы 
тарихи  шындық  бұрмаланып,  қып-қызыл  өтірік  айтылып 
келді.  Алаш  қайраткерлері  қазақ  ұлтының  қас  дұшпаны 
болып  көрсетіліп,  олардың  шығармаларына  тыйым 
салынды.  Әділіне  келгенде,  Алаш  қозғалысына  қатысқан 
азаматтардың көпшілігі ұлт мүддесіне арналған күнделікті 
аршынды іс, қарымды әркеттермен айналыса жүріп, қуғын-
сүргін азабына қарамастан, әдебиет, публицистика, ғылым, 
аударма салаларында орасан бай мұра қалдырды». 
«Қоғамдық  белсенді  әрекетке  негізінен  ХІХ  ғасыр 
барысында шыққан бұл толқын 1905 жылғы алғашқы орыс 
революциясы,  1917  жылғы  ақпан,  қазан  революциялары, 
үкімет  басына  большевиктердің  келіп,  кеңес  өкіметінің 
орнауы секілді аспан жарылып, жер сілкінгендей ғаламат 
жарылыстар  тұсында  қайрат  көрсетті.  Осы  ұлы 
ағыстардың  баршасы  олардың  жеке  өміріне,  қоғамдық, 
шығармашылық  тағдырына  ықпал  жасап,  терең  із 
тастады. 


68
Табиғатынан  дарынды  жаратылған  бұл  буын  өкілдері 
қазақы  тал  бесікте  тербетіліп,  исламның  иманды 
бұлағынан  нәр  алып,  мұсылманша  хат  танып,  одан  кейін 
жәдитше,  орысша  оқып,  орта,  жоғары  дәрежелі  білім 
алған,  Орынбор,  Омбы,  Семей,  Алматы,  Ташкент,  Уфа, 
Қазан,  Мәскеу,  Петербор  секілді  шаһарлар  тәрбиесін 
көрген,  өз  заманының  көзі  ашық  зиялылары.  Бұлар  – 
мұғалімдік,  инженерлік,  заңгерлік,  экономистік,  дәрігерлік 
секілді  сан  алуан  мамандық  иелері.  Түркі,  славянды  былай 
қойғанда, араб-парсы, ағылшын, неміс, француз секілді жеті 
жұрттың  тілін  меңгерген.  Күрес  жолына  шыққан  кезде 
бұл  ерлердің  бес  қаруы  сай  еді.  Сол  замандағы  кез  келген 
озық елдің зиялыларынан асып түспесе, кем соқпайтын, әр 
түрлі  ғылым  негіздерін  меңгерген,  сегіз  қырлы,  бір  сырлы 
тұлғалар еді. Алаш қозғалысына қатысып, Алаш партиясын 
құрысып, Алашорда өкіметін жасаған қайраткерлер ішінен 
қазақ  әдебиетінің  алтын  діңгек,  сом  тұлғалары  шықты. 
Отаршылдықпен  шайқас,  артта  қалушылыққа  қарсылық, 
надандықты  мансұқ  ету,  азат,  тәуелсіз  демократиялық, 
дербес  мемлекет  құруды  биік  нысана  ету,  белгілі  бір 
тап  мүддесі  емес,  жалпы  ұлт  мақсаты  үшін  күресу, 
өркениетті нысана тұту – бұл ағымда болған ұлылы-кішілі 
азаматтардың баршасының дүниетанымына ортақ, етене 
қасиет  сапалар  еді»    [Қазақ  әдебиетінің  алтын  ғасыры. 
Астана, «Күлтегін», 2002, 6-бет].
Рымғали  Нұрғали  қазақ,  орыс  тілдерінде  “Трагедия 
табиғаты”  (1968),  “Трагедии  М.Ауезова”  (1967),  “Талант 
тағдыры”  (1969),  “  Қазақ  драматургиясы”(1974),  “Өнер 
алды – қызыл тіл” (1974), “Өнердің эстетикалық нысанасы” 
(1979), “Поэтика драмы” (1985), “Телағыс” (1986), “Арқау” 
(2 томдық, 1991), «Айғақ», «Сырлы сөз» (2000) , «Толғауы 
тоқсан қызыл тіл» /2009/, « Казахская литература: концепции 
жанры»  /2010/,  т.т.  ұлт  әдебиетіндегі  әдіс,  жанр,  стиль, 


69
поэтика мәселелерін, дәстүр мен жалғастық диалектикасы, 
драматургия  жанрларын  көркемдік-теориялық  тұрғыдан 
талдаған  көптеген  зерттеу  еңбектерін  жазды.  Бұл 
еңбектерде  ұлттық  сөз  өнері,  оның  арғы-бергі  тарихы  мен 
басты  өкілдері,  олардың  ерекшеліктері  мен  эстетикалық 
ұстанымдары, көркемдік пен кемелділік, жанр мен шеберлік, 
стиль  сипаттары,  аударма  және  оның  даму  заңдылықтары, 
келелі  мәселелері  алуан  салыстыру,  талдаулар  арқылы 
жүйелі, нанымды сөз етіледі. Зерделі зерттеушінің ізденіс-
көзқарастарынан  ұлт  мұраты,  руханият  әлемі,  жекелеген 
ақын-жазушылардың өзіндік өзгешеліктері байыпты, сергек 
сараланады.
Рымғали  Нұрғалидың  мағыналы  өмірін,  жемісті 
жылдарын  оқу-ғылым  саласынан  бөлек  алып  қарастыруға 
әсте  болмас  еді.  Әр  жыл  сайын  жаңарып-толығып,  жас 
шәкірттерге жол тартып келе жатқан “Қазақ әдебиеті” атты 
оқулықтардың (11-сыныпқа арналған) тұрақты авторы.
Жинақтап  айтқанда  академик  Р.Нұрғали  жоғары  мектеп 
пен  кемел  ғылым  мәселелерін  орта  мектепке  оқулық 
дайындаумен  және  біліми-ғылыми  бағыттарда  іргелі 
зерттеулер  жасаумен  жүйелі  жалғастырды.  Екі  бағыт  та 
бірін-бірі байытты. Сабақтастық сипатта кең өріс алды.
  Өмірбаян  беттеріне  ден  қойсақ,академик  Р.Нұрғали 
әл  Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық  университетінің 
Қазақ  әдебиеті  кафедрасында  жемісті  еңбек  етті.  “Қазақ 
әдебиетінің  тарихы”,  “Жазушы  шеберлігі”,  “Алаш  ұранды 
әдебиет”,  “М.Әуезовтің  шығармашылық  шеберханасы”, 
“Драма  поэтикасы”  атты  жалпы,  арнаулы  курстардан 
тағылымды дәрістер оқыды. Бұл тұстарда ұстаз-ғалымның 
бітім-болмысынан  биіктік  пен  білімпаздық,  кісілік  пен 
кесектік,  талапшылдық  пен  таланттылық,  байқампаздық 
пен  тереңдік, мейірімділік пен қамқорлық, жан-жақтылық 
сынды белгі-ерекшеліктер танылатын-ды.


жүктеу 1,02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау