8
Колос,2007.
2.Гореньков Э. Х., Горенькова А. Н., Усачева Г.Г. Технология
консервирования.- М.: Агропромиздат, 2005-351 с.
3.Общая технология пищевых производств. /Под ред. Ковалевской
Л.П. – М.: Колос, 1993. –384б.
4. Усембаева Ж.К. Нан өндірісінің технологиясының лабораториялық
әдістемесі. - Алматы: АТУ, 2002 – 160 б.
9
№2 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС
Бағалы уақытша астықтың ұнтақтау үрдісін зерттеу
Жұмыс мақсаты: Балғалы уатқыштың негізгі параметрлерінің астықты
ұнтақтау үдерісі тиімділігіне тигізетін әсерін зерттеу.
Қолданылатын құрал-жабдықтар: балғалы уатқыштар, електер Ø4,0; 3,5;
3,0; 2,5; 2,0; 1,5; 1,0 мм, мата електер,
Теориялық бөлім
Құрама жем өндірісінде құрам бөліктердің көп бөлігін ұнтақтайды:
астық, күнжара, минералды және т.б.. Негізгі ұнтақтағыш машиналар –
балғалы уатқыштар, олардың ерекшелігі әмбебаптығы, құрылымының
қарапайымдылығы, шағын өлшемінде жоғары өнімділігі болып табылады.
Ұнтақтау тиімділігіне ұнтақталатын өнімнің қасиеттерімен және уатқыштың
механико-технологиялық параметрлерімен байланысты көптеген факторлар
әсер етеді.
Ұнтақтау тиімділігін ең алдымен ұнтақталу дәрежесімен i анықтайды,
ол ұнтақтауға дейін бөлшектердің орташа өлшемінің d
н
ұнтақтаудан кейін
өнім бөлшектерінің орташа ұнтақталуына d
к
қатынасымен анықталады, яғни;
i= d
н
/ d
к (1)
Сонымен қатар ұнтақталу дәрежесін мына формуламен анықтауға
болады:
i=F
к
/F
н (2)
Бөлшектердің орташа өлшемін және меншікті бет шамасын електің
талдау арқылы анықтайды. Ол үшін електер жинағын алу керек, бұл
жағдайда екі көршілес електер өлшемдері арасындағы интервал аз болған
сайын сипаттамалар дәлірек алынады. Астықты ұнтақтау өнімдері үшін
келесі електерді қолдануға болады: Ø4,0; 3,5; 3,0; 2,5; 2,0; 1,5; 1,0 мм,
сонымен қатар № 050металл мата елегі қолданылады. Аталған електерде
елеген соң әрбір електен өткен өнімді және електегі қалдықты өлшеу керек,
ұнтақтау өнімдерінің ірілігінің таралу қисығын құру керек, бөлшектердің
орташа мәнін және бөлшектер өлшемдерінің таралу шамасын анықтайтын
орташа квадраттық ауытқуды табу керек.
Ұнтақталған өнім бөлшектердің орташа өлшемі d(мм) мына
формуламен анықтайды:
(3)
10
Яғни, бөлшектер өлшемінің таралуын сипаттайтын орташа квадраттық
ауыту шамасы шамамен 1,0 мм. Орташа квадраттық ауытқу шамасы аз
болған сайын, бөлшектер өлшемінің таралуы аз болады, яғни, бөлшектер
өлшемі бойынша қоспа біртекті болады. Сондықтан жоғары мән 5 өнімнің
біртексіз ұнтақталуын сипаттайды, яғни майда фракцияда қайта ұнтақтау
және ірі фракцияда – ұнтақталу. Бұл сипаттамаларды анықтау күрделі
болғандықтан, құрама жем өндірісінде жеңілдетілген көрсеткіштерді
пайдаланады.
Шикізатты ұнтақтау кезінде електегі қалдық бойынша немесе елеу
модульдері бойынша бағаланатын үш ұнтақтау дәрежесін қарастырады:
Майда - Ø2 мм саңылаулы електегі қалдық 5 % артық емес, 0,5 мм
саңылаулы електе қалдық рұқсат етілмейді;
Орташа – Ø3,0 мм саңылаулы електегі қалдық 12 % артық емес, Ø5 мм
саңылаулы електе қалдық рұқсат етілмейді;
Ірі - Ø3,0 мм саңылаулы електегі қалдық 35 % артық емес, Ø5 мм
саңылаулы електе қалдық 5 % аспайды;
Ұнтақталған өнім ірілігін бағалайтын ұнтақтау ірілігінің модулін мына
формуламен анықтауға болады
(4)
Бұл формула ірі ұнтақталған құрама жемге, ал майда ұнтақталған жем
үшін қосымша Ø0,2 мм саңылаулы метал мата елек қолданылады. Онда
формула мына түрде болады:
(5)
Жұмыстың орындалу реті.
Елек саңылауы өлшемінің астықты ұнтақтау тиімділігіне тигізетін
әсерін анықтайды. Өлшемдері әртүрлі ауыстырылатын електер қатарын
дайындайды Ø6 мм, 5; 4 және 3 мм.
Жұмысты орындау үшін сонымен қатар массасы 3...5 кг бірнеше астық
үлгілерін дайындайды (бидай, арпа, жүгері және т.б.). Бұдан басқа уатқыш
жұмыс режимін өңдеу үшін массасы 1...2 кг бірнеше қосалқы үлгілерді
таңдайды. Жұмысты ең кіші саңылау өлшемі бар електерден бастаған жөн.
Өнімділікті орнатқан соң, негізгі тәжірибеге кіріседі. Ол үшін
уатқышта астықтың бірінші сынамасын майдалайды, электрқозғалтқышының
тұтынатын қуатын, ұнтақтау үдерісі ұзақтығын белгілейді. 100 г массалы
ұнтақталған өнім сынамасын електер жинағында елейді, ұнтақтау модулін
анықтайды (орташа өлшенген бөлшектер өлшемі). Содан соң уатқыш
өнімділігін (кг/сағ), 1 кг астықты ұнтақтауға кететін электр энергиясының
меншікті шығынын есептейді.
Електі келесісіне ауыстырған соң екінші сынаманы ұнтақтайды да,
бірінші тәжірибеде анықталған параметрлерді анықтайды. Електерді
алмастыра отырып, келесі сынамаларды ұнтақтайды.