3
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ
МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасы
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС
«5В072800 – Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» мамандығының
студенттері үшін «Қайта өңдеу өндірісінің жалпы технологиясы» пәні
бойынша әдістемелік нұсқау
Оқу түрі: күндізгі
Алматы , 2018 ж.
УДК 664.68
4
Құрастырғандар: Мамаева Л.А., Муратбекова Қ.М., Нұрдан Д.
«Қайта өңдеу өндірісінің жалпы технологиясы» пәні бойынша Зертханалық
жұмыс – Алматы: КазҰАУ, 2018 – 60 б.
Зертханалық жұмысының оқу жоспарының талаптарына және «Қайта
өңдеу өндірісінің жалпы технологиясы» пәні бағдарламасына сәйкес жасалды
және зертханалық сабақтарды енгізу бойынша барлық қажетті ақпаратты
қамтиды.
Зертханалық жұмыс «5В072800 – Қайта өңдеу өндірістерінің
технологиясы» мамандығының студенттері үшін арналған құрал.
Рецензент: Жумалиева Г.Е. – т.ғ.к., қауым. профессор, ҚазҰАУ.
Дайрашева С.Т. – т.ғ.д., профессор, АТУ.
«Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздіг» кафедрасының
мәжілісінде 05.12.2017 жылдың № 5 хаттамасымен қарастырылып,
мақұлданды және басылымға ұсынылды және «Технология және
биоресурстар» факультетінің оқу – әдістемелік комиссиясының 20.12.2017
жылдың № 4 хаттамасымен қарастырылып, мақұлданған.
© Қазақ ұлттық аграрлық университеті, 2018
Мамаева Л.А., Муратбекова Қ.М., Нұрдан Д.
5
№1 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС
Бидай дәнінің 1000 дән массасын, натурасын, тегістілігін және
шынылығын анықтау
Жұмыс мақсаты: Бидай дақылының ұн тарту қасиеттерін сипаттайтын
көрсеткіштермен танысу.
Қолданылатын құрал-жабдықтар: пурка,
ИВЗ-3 электровлагометр,
електер: 2,5 х 20, 2,2 х 20, 2,0 х 20, 1,7 х 20, 1,0 х 20, диафаноскоп, тегіс
тақтайша.
Теориялық бөлім
Дақылдардың ұн тарту қасиеттері оларды тарту кезінде алынатын
сұрыптық ұнның шығымымен және сапасымен анықталады. Дақылдардың ұн
тарту қасиеттері оның ылғалдылығы, натурасы, ірілігі, шынылығы, ластануы
және басқалары сияқты белгілі бір сапа көрсеткіштері әсер ететіні белгілі.
Натура — г/л өлшенетін астықтың орнатылған көлемінің массасы.
Бұл көрсеткіштің шамасы көптеген факторларға тәуелді: ылғалдылық,
ластануы, тегістілігі, пішіні, анатомиялық бөліктердің қатынасы, бетінің
күйі, салу тығыздығы және т.б. Сондықтан натураның астықтың ұн тарту
қасиетіне әсерін бір мәнде бағалауға болмайды. Соған қарамастан, пішіні
мен сапасы бойынша біртекті астықта натураның жоғары мәні
эндоспермнің жоғары мөлшерін білдіреді, оның салдарынан астықтың
жақсы ұн тарту қасиеттерін көрсетеді.
1-кестеде
сақтауға салынатын астықты орналастыру кезінде
ескерілетін жеке дақылдар үшін натура категориялары келтірілген және
белгілі бір дәрежеде оны көрсетілген көрсеткіш бойынша бағалауға
мүмкіндік береді.
1000 дән массасы – астық ірілігін сипаттайтын көрсеткіш. Ол сонымен
қатар оның шынылығымен және тығыздығымен байланысты, осыған орай
оның ұн тарту қасиеттеріне біршама әсер етеді.
1-кесте .Астық дақылдары натура категориясы
Дақыл
Натура, г/л
Жоғары
Орташа
Төмен
Бидай
785
және
одан
жоғары
754-785
745 төмен
Қарабидай
730
және
одан
жоғары
700-730
700 төмен
Тегістілік – астықтың өлшемі бойынша
біртектілігін сипаттайды. Бұл