Мал шаруашылығы объектілеріндегі санитариялық гигиеналық нормалары



жүктеу 455 Kb.
бет1/6
Дата15.11.2018
өлшемі455 Kb.
#20340
  1   2   3   4   5   6

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3-деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

042-1.02-2015-01

«Мал шаруашылығы объектілеріндегі санитариялық гигиеналық нормалары» пәнінен оқу әдістемелік нұсқауы

Басылым № __ 25.02.2015ж

«Мал шаруашылығы объектілеріндегі санитариялық гигиеналық нормалары» пәнінің 5В120200 -«Ветеринариялық санитария» мамандығына арналған

оқу әдістемелік нұсқауы

Семей, 2016

Алғы сөз

1. ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ


Құрастырушы:

Койгельдинова А.С. в.ғ.к., доцент м.а. _________ «____» _________ 2016ж.


Икембаева Н.А. оқытушы _________ «____» __________ 2016ж.

2. ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1.«Ветеринариялық санитария» кафедрасының отырысында

Хаттама № «___» _______ 2016 ж.

Кафедра меңгерушісі А.Т.Серикова
2.2 Аграрлық факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында
Хаттама № «___» _______ 2016 ж.

Төрайымы А.В. Тлеубаева



3. АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛДІ



Дәріс №1. Пәнге кіріспе. Мал шаруашылығы объектілерін технологиялық жобалау нормалары.

Мал қораларын жобалап және салу кезінде аса көңіл бөлетін жағдай, онда орналасатын малдарға қолайлы жәні мал азығын үнемдеуге, технологиялык, процесстерді (желдету, азықтандыру, көң шығару т.б.) механикаландыруға, мал дәрігерлік, архитектуралық және өрттен сақтандыру ережелеріне сәйкес келетіндігін бақылау. Сондықтан, мал қораларын жобалау және оны салып тұрғызу кезінде мал мамандарының қатысуы міндетті болып есептеледі. Себебі олар құрлысқа қолайлы жер тандау, оған да керекті жобаны таңдап алу, керек құрылыс материалдарының гигиеналык, қасиеттеріне қарап, алмастырмай пайдалануын, аяқталған объектілерді дер кезінде қабылдауды т.б. қадағалаулары қажет.

Яғни мал мамандары жобалаудың және құрылыс салудың негізгі нормативі құжаттарын білулері, құрылыс сызбаларын, олардың белгілерін ажыратып оқи алулары керек. Сондықтан болашақ мал мамандарына алғашқы бастан қораларды жобалап салудың негізгі нормативті құжаттармеі танысу болып есептеледі.

Жоба деп белгілі бір объектіні жаңадан немесе қайта салып тұрғызудан бұрын жасалатын, құрамында технологиялық есептері, сызбалары, анықтама хаты, бағалау жұмыстары, (смета) техникалық-экономикалық негізі көрсетілген құжаттардың жинагын айтады.



Дәріс №2. Жоба түрлері, жобаларды дайындау тәртібі, жобалаудың сатылары.

1. Жобаның түрлері және оларға сипаттама.

2. Жобаның құрамы. Анықтама хат және оның негізгі бөлімі.
1. Мал қораларын салу үшін типті (біркелкі) және жекелеме (индивидуальды) жобалар пайдаланады. Бір объектіні тұрғызуға ғана арналған жобаны - жекелеме жоба деп атайды. Олар ерекше халықтық (музейлер, театрлар, спорт үйірмелері, өндіріс орындары т.б.) құрлыс объектілерін салуға арналады. Ал басқа объектілер (тұрғын үйлер, мектеп - бала бақшалары, мал қоралары т.б.) көп тараған типті жобалармен салынады.

Сондықтан типті жоба деп - конструктивті шешімдері жақсартылған, индустриализациялау және экономикалық талаптарға сәйкестірілген бір емес бірнеше рет қайталап салатын құрылыстарға пайдалануға болатын жобаны айтады.

Типтік жобаларды табиғат және климаты әртүрлі аймақтарға арнап дайындайды, бірақ олар құрылыс салынатын жерлерге байланыстырып жасалмайды. Сондықтан әрбір типтік жобаны, көбінесе салғызушы, мал мамандары салынатын жерге байлаулары қажет, яғни, ол объектіні жер бедеріне, жарық, жел бағытына, басқа өндіріс орындарына, электр, жылу жүйелеріне, жайылым, азық қоры, су көздеріне байла­ныстырып құрлыстың іргетасын құру.

Онымен қоса типтік жобаны құрылыс салуға пайдалану, оны жобалауға кететін уақытты үнемдеуге және құрылыстың сапасын жақсартуға мүмкіндік туғызады. Типтік жобалар объектілерді түрғызуға көбінесе зауаттарда дайындалған, размерлері мен типтік размерлері азайтылған бөлшектерді (конструкцияларды) пайдалануға қолайлы болады.

Кейбір жағдайларда (қораның құрылыс материалдарының қасиеттерінің қорада малдарды ұстау жүйелерінің- бос ұстау, байлау, клеткада ұстау т.б.) малдардың организміне және олардан алынатын өнімнің сапа-санына нендей әсер ететіндігін зерттеу үшін экспериментал (тәжірибе) жобалар жасалады.

Ондай жобалар белгілі бір уақытқа дейін (тәжірибе мезгіліне байланысты) пайдаланылады да, одан соң пайдалы, жарамды болса типтік жобаға айналдырып көптеп шығарады, ал пайдасыз, жарамсыз болса, айналымнан шығарып тасталады.

2. Әрбір жобаның өндірістік бағытына байланысты өз таңбасы - номері болады. Мысалы, ірі қара малдарына арналған қоралардың жоба номері 801, шошқаның - 802, щ - 803 т.б. етіп белгіленеді де, оған сызықша арқылы косымша реттік (сандық) номерлері қосылады.

Жоба күрделілігіне (объектінің) қарап бір немесе бірнеше альбомдардан тұрады. Неғұрлым күрделі болса, солғұрлым жоба көп альбомды болады, ал жобаның құрамы туралы түсінік әр альбомның алдыңғы бетіне үлкен әріппен жазылып көрсетіліп отырады.

Әр жобаның үш негізгі бөлігі болады.

1. Анықтама хат.

2. Жұмыстық сызбалар (құрлыс, архитектуралы сызба)жұмысшылар, мамандар, оларды оқытып,

3. Сметалык, документ (ағалық құжаттар).

Өте күрделі объектілердің жобаларының әр қүрлі архитектуралары сызбаларында да осындай үш бөлімдер болуы мүмкін.

Жобамен танысу барысында ең бірінші оның анықта хатын оқып талдау жасау қажет. Өйткені, жобаның анықта хаты оның негізгі түсінік беретін бөлімі болып есептеле Анықтама хаттың маңызы - ол жобаның барлық бөліг технологиялық процесстері мен конструктивті шешімдеріне толықтай түсінік береді.

Анықтама хат мынандай бөлімдерді қамтыйды:

1. Жалпы бөлім.

2. Архитектуралы - құрылыс бөлімі.

3. Техникалы - экономикалық бөлім.

4. Технологиялық процесстер бөлімі.

5. Құрылысты салу және ұйымдастыру бөлімі.

6. Электрлендіру, жылыту, желдету бөлімі.

Бұл бөлімде әрбіреуі жобада жеке бөлім боп, немесе бірігіп кездесулері мүмкін. Мысалы: жалпы бөлімде жоба бойынша салынатын құрылыстың қуаты, бағыты, сыйымдылығы, қай аймаққа негізделген, не өндіреді, сыртқы ауаның суық мезгілдегі орта температурасы, қар-жауын түсімі, жер асты суларының қашыктығы т.б. болса, құрылыс бөлімінде нтізгі жобаның шешімдері, әсіресе ондағы жарықтандыру, ауа алмастыру, құрылыс бөлшектерінің материалдарын шіруден ден, көгеру, тат басудан сақтандыру шаралары, қосымша құрылыс жабдықтары, бөлмелері т.б. көрсетіледі.

Қораны жылыту, желдету және ауа құрамын жақсарту шараларын, ондағы температура, ылғалдылық және зиянды газдардың артық мөлшерін қалыптастыру жолдары есептеп шығарылады. Ол қорадан әр сағатта қанша ауа шығарылып (немесе кіргізіліп) отыруға, жылдың қай мезгілінде қандай жылыту көздерін пайдалануға болатындығын көрсетеді.

Объектіні сумен қамтамасыз ету және көң тазалау, сақтау, заразсыздаңдыру қалай жүреді, оған тәулігіне қорада тұратын уақытына, мал басына байланысты қанша су керек және оның қоры қандай, қалай анықтайды т.б. қаралады.

Құрылысты салуды ұйымдастыру бөлімінде де оларда жүргізілетін жалпы жұмыстардың түрлері, оларға қажет жұмысшылар, мамандар, оларды оқытып, үйрету жолдары, қай бөлігін қай мезгілде салып, қай уақытта пайдалануға қосу керектігін т.б. көрсетіледі.
Дәріс №3-4-5. Ірі қара малын ұстаудағы орындарға қойылатын санитарлық-гигиеналық нормалары

Ірі қара малдарының қораларын жобалап-салу және пайдалану кездерінде оларға ветеринариялық-санитарлық бақылау жүргізу технологиялық жобалау нормаларына (НТП) және ветеринариялық-санитарлық ережелерге (СНИП) сүйеніп жасалады.

Әр малдардың түрі, жасы, тұқымы, бағыты ескеріліп оларға арналған жобалар сызылады. Ол жобаларды таңдау әр шаруашылықтың ерекшеліктеріне, ауа райы, жер орайы, малдарды күтіп-бағу жүйелеріне байланысты жүргізіледі.

Қандай болмасын ірі қара малдарына арналған өндірістерді жобалап-салу және пайдалану кездерінде ең басты ветеринариялық-санитарлық проблема малдарды әртүрлі аурулардан сақтау және олардан алынатын өнімдердің сапасының жоғары болуын қамтамасыз ету болып саналады.

Ірі қара малдарынан алынатын өнімдердің бағытына байланысты, оларға арналған шаруашылықтар (фермалар):

1) тұқымдық – мал тұқымын жақсартып, олардан тұқымды жас төлдер алуға арналған;

2) Өнімдік – ет және сүт өнімдерін алуға бағытталған шарушылықтар;

3) Мал басын толықтандырып отыруға арналған жас төлдерді өсіріп және бордақылау бағытындағы шаруашылықтар;

4) Ірі малдарды бордақылап ет өндіру және жас бұзауларды бағып, күту мен айналысатын шаруашылықтар.

Ірі қара малдарына арналған қоралардың негізгі технологиялық бөлшектерінің көрсеткіштері.

Ірі қара малдарына арналған қоралар мен олардың ішкі технологиялық процесстердің жабдықталуы тек мал басы мен олардың физиологиялық ерекшеліктеріне ғана байланысты емес, оларды ұстау тәсілдеріне де қатысты болады. Сондықтан мал басына тиісті қораларды жобалап салу кезінде пайдаланатын технологиялық процесстердің негізіне және ұстау жүйелеріне сүйеніп малдардың денсаулығын сақтап, өнімін төмендетпейтін жағдай туғызу қажет (кесте 1).

1. Ірі қара малын тұрғызып байлап ұстау кезінде салынатын қоралар үнемді (экономды) және барлық қаралатын технологиялық процесстерді жүргізуге қойылатын талаптарға сай болуын қадағалайды. Мұндай қоралардың құрлыстық шешімдері және инженерлік жабдықтары ондағы микроклиматты қалыпты жағдайда ұстап тұруға мүмкіндік туғызатын болуға тиіс. Малдарды тұрғызып байлап ұстайтын қоралардың ішіне тұрақтарды орналастыру қатар санына байланысты екі тұрақты біріктіріп бір азық, немесе көң жолдарын қалдырады. Қораларды жылыланған және желдетілген шатырлы немесе шатырсыз бір қабатты қылып, жергілікті арзан құрылыс материалдарынан тұрғызады. Сиыр қораларын ішкі технологиялық жабдықтарды орналастыруға бөгет жасамайтындай, яғни ауа алмастыру, көң шығару, азық тарату құрылымдарына қолайлы, керек кезінде жаңа технологиялық процесстерді кіргізуге жеңіл болу үшін ауыр бағаналарсыз салу керек.

Сиырды байлап тұрғызып ұстауға арналған қоралардың едендерін тұтас немесе жартылай төркөзді қылып жасайды. Тұрақтардағы едендердің материалдарының жылу сіңіргіштік коэффициенті 12 ккал/м²/сағ/град жоғары болмауы керек. Егер бұл көрсеткіштен артық болса, мал денесінен артық жылу тарап, еденді жылтуға шығындалады да, сиыр организмінің суыққа ұрынып, төзімділігі азайып, өнімінің төмендеп, азық шығымының артуына апарып соғады. Мысалы, ағаш едені мен бетон еденінің жылу өткізгіштігің әртүрлі болуының салдарынан 100 ккал/сағ жылу артық жұмсалады, яғни ол 2 л сүттің коллориясына пара-пар болады. Сондықтан айтылған болар, ірі қара малдары астынан жүдейді деген сөз. Оларды байлап тұрғызып ұстаған кезде көбінесе тақтай едендерді пайдаланады. Өйткені тақтайдан жасалған едендер жылы, құрылымы қыйын емес, таза, бетон сыяқты тұяқты жемейді. Бірақ сыртқы әсерлерге шыдамсыз, әсіресе дезинфекциялық химиялық заттарға төзімсіз, тез тозып, шірігіш келеді. Өте ылғалды болса тайғанақ болып, малдардың мертігуіне де себепші болады. Ағаш материалдардан еден жасау үшін алдын ала 10 % креозот майының ертіндісімен өңдеп және екі қайтара ыстық қара май (смола) ертіндісімен жабады. Тақтайдың үстінгі бетін үстіріктеп, тегістеп және пайдаланудан 10 күн ерте үстіне сөндірілген хлорлы әкі сеуіп қояды. Мұндай еден төзімді болып ұзаққа шыдайды, хлорлы әкі мен кеуекті тесіктері бітеледі де, бойына сұйық аз сіңіріп, шірімей тазалауға қолайлы болады.



Бетонды едендер – берік, төзімді болғанымен қатты, жатуға жайсыз, суық болады да, оларды азық-көң жолдарына, кейбір азық дайындау, сүт өңдеу бөлмелеріне, зертханаларда т.б. жерлерге төселеді. Егер малдар жататын орындарында бетонды едендер болса, оның үстіне торкөзді ағаш еденшелер немесе қалың төсеніштер салып қояды. Кейінгі кездерде бетонды едендерді жылылау үшін асфальтты немесе резиналы жапқыш төсеніштер қолданады.

Асфальтты едендер - серіппелі-жұмсақ, тайғанақ емес, су өткізбейді, жылу өткізгіштігі шамалы, тазалау, дезинфекциялауға жеңіл және оңай өңдеуге жатымды. Мұндай едендер сиыр қораларда, ұрықтандыру пунктерінде ветеринариялық объектілерде қолданылып, тасты, қайыршақты едендердің үстіне төсеп өңдеуге пайдаланады. Асфальтты едендердің кемшлігі сыртқы әсерлерге әсіресе мал нәжістеріне өте төзімсіз келеді де, мал тұрақтарында, жүретін жолдарында, әсіресе дұрыс қоспасы жасалмаған кездерде ішке түсіп, шұңқырлар шығып, оларға су тұрып еден тез істен шығуы кездеседі.

Кейінгі кездерде сиыр қоралардың тұрақты орындарын жылылау мақсатында көмір қалдықтары (шлак) мен битумдардың (қарамай) қоспаларынан және асфальтты плиткалар мен ішкі қуыс кірпіштерді пайдалану ұсынылады. Бірақ олардың да көптеген кемшіліктері, әсіресе жылулық қасиеттерінен, кездесіп кең таралмаған.

Көптеген еден түрлеріне қарағанда керамзит (қыш) бетонды едендер зоогигиеналық талаптарға сай келеді. Ол сыртқы ауа әсеріне шыдамды, жоғарғы температураға төзімді, механикалық әсерлерге берік, салмағы жеңіл, жылу тарату коэффициенті төмен және өндеуге қолайлы болады. Сиыр қораларда керамзит – бетонды едендер болғанда сүт өнімінің сапасы жоғарлап, санитарлық тазалығы артады. Олар малдардың денсаулығы мен өніміне теріс әсерін тигізбейді, яғни керамзит бетонды едендер өзінің физикалық-жылулық қасиеттері бойынша санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келеді деп санап көптеген шаруашылықтарда, үстінгі беті цементті-құмды ертінді мен қапталған түрінде кең пайдалануға ұсынылады.

Керамзит-бетонды едендермен қоса кейінгі кезде жасанды, кеуекті материалдар-аглопорит материалдарынан жасалған едендер қолданылады.



Аглопорит – сазды және көмірді өңдіру кездерінде қалған қалдықтарды күйдіру арқылы алынатын жасанды, іші қуыс жеңіл материалдар. Ол өзінің жылулық, беріктік және санитарлық-гигиеналық қасиеттері бойынша керамзит-бетонды едендерден кем түспейді.

Сол сияқты формальдегид смоласын КС-11, латекс СКС-65-ГП, полиамид смоласын пайдаланып полимерлі цементті қоспамен үстін жауып, жеңіл бетонды едендер жасалып жүр.

Белорусияның ауыл шаруашылық ғылыми зерттеу институты кордорезиналы-битумды үстінің жаппасы бар жеңіл бетонды едендер жасауды ұсынған. Мұндай едендер жылы, құрғақ, қатты жайсыз емес, берік, көпке шыдамды, мал нәжістерінің әсерлеріне төзімді, жууға және дезинфекциялауға қолайлы болып келеді де, оларды төсенішсіз пайдалануға болады.

Қазіргі кезде, әсіресе ірі қара малдарын бокстарда ұстағанда, көңді оңай тазалап-шығару мақсатында, тұрақ орындарда төркөзді едендер орнатады. Бірақ тәжірибеде дәлелденгендей өте ұзын тұрақтардағы (110-140 см) қолданылған сырықтар (рейкалар) ұзындығы 60-70 см-ден асса, мал жатып, дем алған кездерде иіліп, арасынан суық соғып, сиырлардың желіндері түсіп қыстырылып, тұяқтарын айырып, жарақаттар салып, желін сау, ауруларының шығуына апарып соғатындығы дәлелденген. Мұндай кемшіліктерді болдырмай, алдын алу жолында төркөз еденнің аз бөлігін (18-20 см) тұтас тақтайдан жасау қажет және төркөздің (решетка) ұзындығы 40 см, сырық аралық саңылаудың ені 3,5-4,5 см, ал сырықтың жалпақтығы 8-12 см жасалады. Мұндай едендерге қолайлы материалдар ағаш және көбікті бетондар болып саналады.

Едендердің құрылымы сиыр қораларынан көңді тазалап-шығару тәсіліне байланысты болады. Ірі қара малдарын тұрғызып ұстау кезінде қорадағы көңді транспортерлердің (қырғыш, сырғыш) көмегімен тазалап шығарады.

Азық тарататын, көң тазалайтын жолдардың ені қолданатын құрылымдардың размерлеріне байланысты болатындығы көрсетілген.

Сиыр қораларының оң түстігінен малдар серуендейтін алаңдар қаралады да, оның едені қатты материалдармен (бетон) жабылады. Егер ондай қатаң едендер қаралмаса қораға малдардың кірер жерлері, азық, су науалырының бойымен 2-3 м ендікте жасалып, сұйықтардың ағуына қолайлы қылып 6 градусқа дейін еністікте жасалады. Серуен аланының едені қатаң жапқышпен жасалған болса, әр бас сиырға 8 шаршы метрден, ал ондай жоқ болса 15 м² қаралып, үштен бір бөлігіне көлеңке жаппа жасалады.

2. Ірі қара малдарын байлаусыз бос қолда тұрғызып ұстағанда қолданатын тәсіліне байланысты (қалың жиналмайтын төсеніште немесе бокста) жер орайы, ауа райы, температуралық жағдайы және өндіріс бағыты (еттік, өнімдік, сүттік т.б.) ескеріліп төрт типті қора жобаланып салынады:

1) Жан-жағы ашық, тек төбесі жабық-күрке тәріздес қора;

2) Төбе және үш жағынан қабырғалар қаралған-жартылай ашық қоралар;

3) Малдардың еркін серуен алаңына кіріп-шығуына арналған қақпа кәсектері ғана қаралған-жылыланбаған қоралар;

4) Малдардың мезгілді шығуына арналған – жылыланған қоралар.

Бірінші типпен салынған күрке қоралар Өзбекстан, Түркіменстан, Қырғызстан және біздің еліміздің оңтүстік аймақтарында салынады, жартылай ашық және жылыланбаған типті қоралар Ресейдің оңтүстік аймақтары, Молдава және Украина жерлерінде қаралады, ал сыртқы ауа температурасы минус 15 градус, оданда төмен аймақтарда жылыланған қораларды жобалап салып пайдаланады.

Ондай қораларда сиырларды қалың төсеніштерде ұстайды да жылу сиымдылығы малдарды байлап тұрғызып ұстауға арналған қорадағыдай болады. Қораның сиымдылығы үлкен болса, әр 25-50 басқа шақтап, дем алатын орнын 4-5 м² есептеп, бірнеше бөліктерге бөледі. Малдарды азықтандыру, суару, арнайы жасалған серуен алаңдарында жүргізіледі. Мұндай сиыр қораларында микроклимат қалыптанбайды, бірақ ауа температурасы плюс бес градустан төмен болмағаны қаралады. Қалың төсеніштердің арасындағы микробиологиялық процесстердің нәтижесінде, оның қалың қабатындағы температура 15-20 ºС дейін көтеріледі. Төсенішті тәулігіне бір рет 3-5 кг әр басқа есептеп салып отырады да, жыл бойында 1-2 рет механикалық әдіспен шығарып отырады.

Ірі қара малдарын бос байлаусыз арнайы бокстарда ұстағанда ондай қоралардың көрсеткіштері малдарды байлап тұрғызып ұстауға арналғандай болып және ондағы технологиялық процесстердің түрлеріне байланысты болады.

Мұнымен қоса ірі қара малдарын бос байлаусыз ұстаған кезде әрбір топтағы мал басының санына байланысты олардың өнімі өзгерісте болады. Себебі малдың әр топтағы басы (60 одан артық) көп болса оларды бақылау қыйындап, ауру, күйтке келген сиырларды дер кезінде анықтау қыйынға түсіп, әлсіз малдар шектеліп азық жеп, су ішуден қағылып, жүдеп-арып кетуіне әсер етеді.

Ірі қара малдарын әртүрлі тәсілдермен қораларда тұрғызып-байлап және бос еркін ұстаған кезде әр басқа келетін еден аудандары мен қораның негізгі технологилық бөлшектерінің қалыпты размерлері 1-ші кестеде өрсетілген.

Малдарды байлаусыз, ірі топтармен ұстаған кездерде, оларды азықтандыру, суару серуендеу мезгілдерінде жиі таластар туып, әлдісі әлсізін шектеп, азық-судан қағып, сүзіп жарақаттар түсіріп, малда стресс (күйзеліс) туғызып, жүдеуіне өнімінің төмендеуіне апарып соғады. Сондықтан оларға арналған азықтандыру науалары мен суару құбырларының ені әр малдың жасына, өніміне негізделіп белгіленуі қажет. Сол сыйяқты малдардың серуендейтін алаңдарының мөлшері де нормативке сәйкес болуы керек.

Ірі қара малдарын ұстау тәсілдерімен жас айырмашылықтарын негізделіп азық науаларының ені мен суғарғыштардың размері (2-кестеде) және серуен алаңдарының нормативтері (3-кестеде) берілген.

Малдарды цехті-потокті (түйдекті) жүйемен ұстау кезінде сиырлар тобы әр цехта (бөлмеде) технологиялық есептеу уақытына байланысты орналастырылады. (кесте 4).

Ірі қара малдарын, олардың жасына, туу мерзіміне қарай жіктеп, топқа бөліп бір цехтан екінші цехқа ауыстыру мал мамандары-зоотехникпен малдәрігерлердің жасаған технологиялық циклограммына (есебіне) байланыстырып жүргізіледі.
Дәріс №6-7-8. Шошқа малын ұстаудағы орындарға қойылатын санитарлық-гигиеналық нормалары
Шошқа малдарына арналған қоралардың микроклиматы

Шошқа малдарының қораларындағы микроклиматтың қалыпты жағдайы, олардың физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келуі, шошқаларды әртүрлі жұқпалы инфекциялық және инвазиялық аурулардан сақтандыруда маңызды роль атқарады.

Шошқа қораларындағы ауа температурасының тым жоғары немесе төмен болуы, олардың организмдерінің резисттентілігін төмендетіп және өсіп-жетілуін тежеп, азық шығынын арттырып, малдар жиі әртүрлі ауруларға шалдығып, өлім-жітімге ұшырайды. Аналық шошқалардың қорасында көбінесе екі температуралы режим жасалады: ірі мегежіндерге бір бөлек және емшектегі торайлар үшін жеке жағдай туғызу қажет. Мысалы, жас торайларға ауа температурасы 28ºС дан 22ºС дейін керек болса, олардың енесіне 16-18ºС температура қажет болады. Көрсетілген температурадан төмен болса, аналық шошқалардың сүттілігі кемиді. Жас төлдердің орнындағы ауа температурасының төмендеуі, олардың денесінен энергетикалық заттардың шығынын арттырады да, организмнің температурасының төмендеуіне апарып соғып, көректенуден бас тартып, өлімге ұшырайды.

Шошқа шаруашылықтарының тәжірибесінде қора ауасын қалыпты температурада ұстау үшін аралас жылыту жүйелерін пайдалануды тиімді деп санайды. Ондай жағдайда малдардың тұрған орнын едендердің асты арқылы және жоғарғы жақтан жасанды инфрақызыл сәулелерімен арнайы шамдардың іліп қойып жылытады. Торайлар жататын орнының әр станокты жылытылатын ауданы – 1,0-1,5 м², ал ол жердің үстінің температурасы 30ºС болып, біртіндеп төмендетіп, енесінен айырған кезде 22ºС жеткізеді.

Жоғарғы температура, әсіресе жазғы күндері малдарда жылу күйзелісін (стресс) тудырады, әсіресе семіз шошқаларда ондай жоғарғы температурада шағылыстан өткен мегежіндердің жатырындағы ұрықтардың алғашқы күндері сақталуын төмендетеді. Ауаның жоғарғы температурасы (27-35ºС) шағылысу кездерінде және буаздықтың алғашқы апталарында мегежіндердің эмбриондарының дамуын тежеп, туғанда торай санын азайтады. Шошқа қораларының ауасының температурасы жазғы ыстық күндерінің орташа температурасынан 5ºС артық болмауға керек. Шошқаларды жылытылмайтын қораларда ұстау, ауа райына байланысты, елеулі азық шығынына апарып соғатындығы дәлелденген (Канадада – 44 %, АҚШ – 25 %, Данияда – 10 %). Шошқа қорасының аусының 16ºС дан 5ºС төмендегенде әр градусқа, бордақылаудағы малдың салмағы 2 % кемитіндігі дәлелденген.

Қора ауасының салыстырмалы ылғалдылығының 70 % дан 95 % өзгеруі, шошқалардың шығынын 0,05 %дан 17,5 % дейін жоғарлатады.

Қора ауасының жоғарғы салыстырмалы ылғалдығы, төменгі температура мен біріккенде, мал организмін суыққа ұрындырып резисттенттілігін төмендетеді де, әртүрлі инфекциялық аурулармен ауыртады. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, әсіресе шошқаларды қорада сулы азықтармен көректендіргенде және көңді сумен жуып тазалаған кездерде жоғарлайды.

Шошқа малдарында күйзеліс жағдайлар, көбінесе қора ауасындағы зиянды газдардың, шаң-тозаңдар мен микроорганизмдердің концентрациялары жоғарлағанда туады. Қора ауасында аммиактың мөлшері қалыптан жоғары 33-36 мг/м³ көтерілсе, бордақыдағы шошқалардың тәуліктік қосу салмағы 7,7-10,2 % төмендейді (кесте 16).

Шошқа қораларындағы қалыпты жарықтану режимі, олардың организміндегі зат алмасу процесстерін арттырып, эндокринді бездердің қызметін жоғарлатып, соның нәтижесінде малдың өнімділігі жақсарып, туған төлдің ширақ және сыртқы әсерлерге төзімділік қабілеті жоғарлайды (кесте 17).

Малдардың қорасындағы жарықтанудың қанағаттанғысыз шамада болуы жас торайлардың өсіп-жетілуін 7-10 % тежеп, ауруға ұшырау межесін – 24-28 % көтеріп, ал өлімін – 9-10 % жоғарлататындығы дәлелденген. Бордақылайтын шошқаларды төменгі жарықтандыру мөлшеріне ауыстыруды, оларды семіртуге қоярдың алдында 70-80 күн бұрын бастаған жөн. Ол кезде жарықтандырудың шамасы, жас шошқаларды өсіру кезіндегі жарық мөлшерімен салыстырғанда екі есе азайтылып, жарықтандырудың тәуліктік ұзақтығы ет бағытындағылар үшін 10-сағат, майландырғанда – 6 сағаттан аспауы керек. Шошқалардың денсаулығы мен өнімі қораның микроклиматының барлық көрсеткіштерінің әсеріне байланысты болады. Микроклимат көрсеткіштері малдардың физиологиясына сай келмесе, оның төзімділік қабілеті төмендеп, жас шошқалардың өсіп-жетілуін (9-28 %) кеміп, азықтардың шығыны (12-30 %) артып және малдың ауруға шалдығуы 1,5-2 есеге жоғарлайды да, шаруашылық экономиялық көрсеткіштері бойынша тиімсіз болып шығады.



жүктеу 455 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау