Шлея – жегін жылқылардың биіктен ойға қарай түскен кездерінде хамутты мойнына ұстап тұратын бөлшек. Оның жылқы қабырғасымен жанаса өтіп, хамуттың екі құлақ бауына бекітіледі. Жегілген кезде оның қайысымен жылқының жаясының аралығына алақан қырынан тұра алатындай бостық қалуы керек.
Постромка – жегілген аттың хамытын пәлекке тұтастыратын бөлігі. Оның ұзындығы жегін кезіндегі еңістік бұрышы – 18-20 градус болуы керек.
Ершік – доғалы жегін кезіндегі қажетті бөлшек. Оның үстінен жүретін бел қайыс арқылы хамытпен доғаны бекітіп ұстап тұрады да, жылқының дертелер арасында дұрыс орын алуын сақтап және түскен жүк кұшінің елеулі бөлігін жегін малының беліне түсіру үшін қажет. Мінгі жылқылары үшін ер-тоқымның пайдалану ережелеріне сай болуы маңызды рөл атқарады. Ерттеу кезінде алдымен терлікті тексереді. Ол жұмсақ, құрғақ, ат беліне бататын түйірлі немесе жұқа, ойық жерлері болмауы керек. Ер-тоқымды жылқының сол жағында тұрып беліне салады да, сәл алға жүргізіп, қайта жүнін жығу үшін артқа жылжытып, орналастырып, айылдарын тартып бекітеді. Алдыңғы айылын тартқаннан соң арасына бір саусақ, ал артқы айылдың астына жалпағынан үш саусақ өтетіндей болуы керек. Ер-тоқымды ерттегеннен кейін үзіңгілерін тексереді. Олардың үзеңгісімен таралығысының ұзындығы атқа мінетін кісінің қолының ұзындығындай болуға керек.
Дертелердің ұзындығы, жылқының артқы тірсегін көлік соғып жарақаттамау үшін, оның денесінің ұзындығынан артық болуы (30-40 см) керек.
Хамыт-сайман мен ер-тоқымның қайыс бөлшектері қатып, жылқының денелеріне батып, жарақаттамау үшін, оларды тексеріп, жұмсартып (уқалап, соғып) жұмыстан соң майлап қояды.
Алыс жолдарға жүк тасымалдау кезінде жегілген жылқыға, әрбір 18-20 шақырымнан соң, дем алдырып, азықтандырады. Ондай мүмкіндіктер жоқ жұмыстарда (жер жырту) әр сағаттан соң 5-10 минут дем алдырады.
Жұмыс және спорт-ойын атарына мал-дәрігерлік мезгілді бақылау жүргізілуі керек. Әсіресе жылқының физиологиялық нормадан ауытқуын дер кезінде анықтау керек (дене температурасының өзгерісі, қантамырларының соғысы, тыныс алу жиілігі т.б. тыныштықта және күш түскенде).
2.Сауылатын биелердің гигиенасы
Ет бағытына өсірілген биелерді де, бағып семірте отырып, қымыз өндіруге пайдалануға болады. Қымыздың бағасы мен емдік қасиеттері оның құрамының химиялық көрсеткіштерінің ерекшеліктерімен және сүт қышқылы, спирттік заттар түзіп ашуымен байланысты болады.
Бие сүтінде, сиырдікімен салыстырғанда, тез организмге сіңгіш альбуминдер мен глобулиндердің, сол сияқты пептондар мен аминқышқылдарының көп болып, бірақ май мен белоктың аз кездесуімен ерекшеленеді. Бие сүтінде онымен қоса, сиыр сүтіне қарағанда қанттың мөлшері 20 %, витаминдер – 5-10 рет, әсіресе витамин С көп болады.
Сүттілігі жағынан кей биелер ет бағытындағы сиырлардан да асып түседі. Биенің сүттілігі тәулігіне 10-24 л болып, оның 50-70 % құлын емеді. Башкир тұқымдас биелер тәулігіне орта есеппен 11,3 л сүт беріп, бес ай сауғанда 1730 л сүт алынады. Әрине биенің сүтінің мөлшері сөзсіз, оларды азықтандырып және дұрыс күтіп-бағуына тікеле байланысты болады.
Қымыз шығаратын фермаларда ветеринариялық-санитарлық және зоогигиеналық талаптар мұқият қадағаланып, нормативпен ережелерге сәйкес сақталып отырылуы керек. Себебі қымыз өндіру оны ыстық арқылы өңдеу жұмыстарымен (пастерлеу, стерлеу) жасамайды.
Қымыз өндіретін фермада инфекциялық жұқпалы аурулар болмауы қажет. Желіндерінде жара, ісік, қатайған бөліктері, мастит ауруларының белгілері т.б. қалыпты жағдайдан ауытқулары болса, ондай биелерді сауып қымыз өндіруге рұқсат етілмейді.
Биелерді сауу алдындағы желінді дайындау, сүт ыдыстарын басқа жабдықтарды, сауу аппараттарын т.б. тазалау, дезинфекциялау, сүт өндіруге арналған ірі қара малдарының шаруашылықтарындағы сияқты ветеринариялық-санитарлық мемлекеттік нормативтік талаптармен ережелерге сәйкес жасалады.
Құлындардың дұрыс өсіп-дамуы үшін биені туғаннағ кейін 20-30 тәулік бойы саумайды. Ондай жағдайда, құлындарды күндізгі-мезгілдерде әртүрлі құнарлы, жұғымды азықтар, көбінесе сұлы, құрама жемдер, беріп күтеді.
Қазіргі кезде, кейбір ірі жылқы фермаларында, алынатын қымыздың өнімін арттыру үшін құлындарды жасанды алмастырылған бие сүтімен (АБС) көректендіреді.
Биелердің желіндерінің анатомиялық ерекшеліктері, сиымдылығы (1,5-2,5 л) болғандықтан оларды жиі сауу (1,5-2,5 сағ) қажет. Сауу ұзақтығы 1,5 минутқа ғана созылады да, үрпіндегі 80-100 мл сүтті бергеннен кейін, сәл тоқтап барып, тегіс бұлшық еттерін жиырылуға қосады да желіндегі барлық сүтті береді. Бірақ кейбір биелер сүтін толық бермей-иімейді (10-15 %), ондай кездерде құлынды босатып, бір екі сорғызып, немесе алдында көрсетіп ұстап тұрып сауады. Биелерді қолмен және машинамен саууға болады. Бірақ машинамен сауу еңбек өнімін арттырып, сүттің сапасын жақсартады.
3.Құлындардың гигиенасы
Құлын туғаннан соң 1,0-1,5 сағаттың ішінде тұрып, енесінің емшегін еме бастайды. Жас төлдің организмін иммунды белоктармен қамтамасыз ету үшін жаңа туған құлын уызға тойып ішу керек. Құлын алғашқы үш апта бойына тек қана енесінің сүтімен көректенеді де, әр 0,5-1 сағатта еміп отырады (тәулігіне 50-60 рет).
Енесі өліп жетім қалған құлынды, басқа құлынсыз биелерге телиді. Бірақ ондай жағдай сирек кездеседі. Сондықтан сиыр сүтінің үштен біріне қайнаған су қосып және әр литіріне бір үлкен қасық (столовай) қант салып құлынға ішкізеді.
Туғаннан соң 3-4 күннен кейін биелерді құлынымен бірге 10-15 минут манежде жүргізіп серуендетеді де, құлынның енесінің соңынан еріп, жетілуін және биенің жыныс мүшелерінің тез орнына келіп, қайта күйтінің тууын қамтамасыз етеді. Бір аптадан соң биені құлынымен бірге ашық базаларға шығарып 20-30 минуттан бастап серуен мезгілін ұзарта береді. Алғашқы аптада биені құлынымен бірге жеке серуенге шығарса, кейіннен 2-3 бастан біріктіріп, біртіндеп ұлғайта береді.
Бір апта өткен соң құлынға ноқта кигізіп, жетекке үйретіп, денесін щеткамен немесе солома бумасымен тазалайды.
Құлындарды екінші айлығынан бастап жаншылған сұлы мен бидай кебегін беріп үйретеді.
Ерте туған (қаңтар-наурыз) құлындар жайылымды жақсы пайдаланса, кеш туғандар ыстыққа ұрынып, қан сорғыш шыбындардың көбейіп, тез жетіліп, өсуіне бөгет жасап дұрыс жайыла алмайды.
Құлынды енесінен 6 айлығында бөліп, айырады, саулмайтын жүдеген биелерден ертерек 5-айлығында айырады. Айырылған енесінен құлындарды бөлек бірден екіден, залдарда топтап бірге ұстайды. Енесінен айырылған құлындарға сапалы көк шөптер, жаншылған сұлы, шөп ұны т.б. организмге қажет белок, фосфор және витаминдермен қанағаттандырарлық болуы керек. Жас енесінен бөлінген құлындарға денесінің ширап, тез өсіп-дамуы үшін күнделікті мационмен қамтамасыз ету қажет. Құлындардың таза ауада болуын қамтамысыз ету үшін таңертеңгі және кешкі уақыттарда серуен (база) алаңдарында ұстау керек. Енесінен айырған құлындарды 6-7 күннен кейін жайылымға шығарып, үйрете бастайды. Алғашқы күндері 3-2, кейіннен, 1-2 аптадан соң 4-5 км, біртіндеп өсіріп тәуліктік жүретін жолын 10-11 км жеткізеді.
Дәріс №13-14. Ветеринариялық объектілерді жобалаудағы санитарлық-гигиеналық нормалары
Дәріс №15. Шолу дәрістері
Практикалық сабақ №1. Негізгі нормативтік әдістемелік жобалар.
Қаралатын сұрақтар:
1. Бас планның түрлері және онда қаралатын негізгі сұрақтар.
2. Өндірістік зона (аймақ) және оның орналасуы.
3. Құрылыстың көлемі - жоспарлы шешімдері қандай көрсеткіштермен сипатталады.
Қажетті жабдықтар: плакаттар, макеттер, кестелер және жобалар.
1. Мал фермаларын тұрғызған кезде олардың құрамына әр түрлі объектілер кіруі мүмкін. Оның ішінде малдар орналасатын қоралар, олардың серуендейтін аландары, азық дайындап, еңбек сақтайтын жерлері, мал өнімдерін өңдеп сақтайтын қоймалар, су, электр, жылу көздеріне арналған бөлмелер, көң өңдеп сақтайтын қоймалар т.б. жатады. Осының бәрі бас планда көрсетіледі;
ҚҰРЫЛЫСТЫҢ БАС ПЛАНЫ деп барлық уақытша және тұрақты объектілердің, жол тарамдары мен энергия, су, жыл жолдарының тағы басқа құрлысқа қатысы бар құрылымдардың схемасы көрсетілген құрылыс алаңының планы айтады.
Бас планның екі түрі болады:
1. ЖАЛПЫ АЛАҢДЫҚ БАС ПЛАН деп бір комплекске кіріп объектілердің бір құрылыс алаңында салынуын қамтитын планды (жоспарды) айтады. Мұндай планды жобалау мекемелері жасайды.
2. ЖЕКЕ ОБЪЕКТІНІҢ БАС ПЛАНЫ - құрылыс алаңындағы жеке объектінің жалпы жұмысын анықтайды және құрлыс алаңындағы өндірістік жұмыстың дұрыс жүруін қамтамасыз етуді көздейді. Мұндай план - құрлыс мекемелері мен өндірістің жұмыс жобасын жасау кезінде орындалады.
Құрлыстың бас пландарында мынандай негізгі сұрақтар қамтылады;
1. Ірі механикаландырылған ауыл шаруашылытынық өндірістерін кіші өндірістерді біріктірудің нәтижетінде экономикалық пайдалы негізінде құру.
2. Бір территорияға өндіріс объектілерін орынды, мүмкін болғанша таяу қашықтықта, бірақ санитарлық-малдәргерлік және өрттен сақтандару ережелері мен талаптарына сәйкес орналастыру.
3. Мүмкін болғанша ауаны, суды, топырақты сақтандырудың санитарлық - гигиеналық талаптарын орындап жобаланған өндіріс объектілерінің қалдықтарымен ластануынан қорғау.
4. Өндірістік зонаның бас планының басқа сыртқы инженерлік тарамдар мен коммуникациялық (қатынас) жол, мен объектілердің біркелкі ансамблін (жарасымдығын) келтіретін байланыстыру.
5. Өндірістік зонаның ұлғайту мүмкіндігін және индустриялық әдістермен салудың жолдарын қарастыру.
2. Қандай болсын бір өндірістік объектіні салу үшін құрлыс талаптары мен ережелеріне сәйкес келетін оның ендірістік зонасын АНЫҚТАУ қажет.
ӨНДІРІСТІК ЗОНА деп ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және өңдеуге арналған объектілердің орналасқан территориясын айтады. Өндірістік зонаға мал шаруашылығы, қоян және аң фермалары, құс зауыттары орналастырылады. Оларға орынды таңдаған да, олар шаруашалық және экономикалық талаптарға сай, қалыпты гигиеналық жағдайды бұзбайтын, малдәрігерлік санитарлық және сақтандыру ережелеріне қайшы келмейтіндігін қамтамасыз етуі ескеріледі. Мұнымен қоса өндіріс зонасының қажетті сумен, электрэнергиясымен, азықпен өндірілген өнімді және өндіріс қалдықтарын тасымалдайтын қолайлы жолдармен қамтамасыз етілуі қажет және өндірістік зонаны таңдау кезінде табиғат жер және климат ерекшеліктерін ескеріп, мал басына байланыстырып анықтайды. Межелі өндірістік құрылыс зонасы кестеде көрсетілген.
Кесте 1 - Құрлыс салғанда таңдалатын жердің межелі мөлшері
Малдардың түсі
|
Бағыты
|
Межемен алынған 1 басқа есептегендегі орын мөлшері, м.кв.
|
1
|
2
|
3
|
Ірі қара малы
|
сүттік
|
100-120
|
Мегежін шошқалар
|
сүт және еттік
|
140
|
Қой-ешкілері
|
арнайы
|
160
|
Бордақылау шошқалар
|
өнімдік
арнайы
|
15-20
8,5-9
|
Жұмыртқалайтын тауықтар
|
арнайы
|
0,4-1
|
Ауыл шаруашылық объектілерді өндірістік зонаға орналастырғанда олардың бір-бірінен ара қашықтығын ең аз мөлшерде, бірақ санитарлық малдәрігерлік және өрттен қорғау ережелеріне сәйкестіріп тағайындайды. Бұл кезде өндірістік зонаға орналасқан барлық тұрғын үйлер мен шаруашылық ғимараттары мен басқа объектілерінің арасындағы қашықтықты - САНИТАРЛЫҚ-САҚТАНДЫРУ ЗОНАСЫ деп атайды.
Ірі қара малына арналған фермаларда олардағы мал басына байланысты санитарлық-сақтандыру зонасының ені 100, 150, 200 м, шошқа фермаларында - 200, 250, 500 м, қой фермаларында - 250 м кем болмауын ескереді. Мұндай зоналар қалыпты жабдықталып жасылдандырылуы қажет.
3. Құрлыстың көлемді - жоспарлы (планды) шешімдері мынадай негізгі көрсеткіштермен сипатталады.
1. ҚОРАНЫҢ НЕГІЗП КӨЛЕМІНДЕ (кубатурасы) -жылытуға жататын бөлігі кіріп, сыртымен есептегендегі горизонталды қыйығының ауданын (ірге тастан жоғарғы) еден (жер) бетінен төбенің жапқышына дейінгі биіктігіне көбейту арқылы анықтайды.
2. ҚОСЫМША КӨЛЕМІ (кубатура) қораның жылытылмайтын бөліктері кіріп, оны негізгі кубатура сияқты анықтап қоспа бөлмелер мен қақпа тамбурлары үшін 0,5, ашық қалқандар (көлеңке) үшін - 0,25 коэффициенте көбейтіп қосып табады.
3. КЕЛТІРІЛГЕН КУБАТУРА - өлшемге келтірілген көлем жалпы кубатураны жобалық қораның сыйымдылыгына бөлу арқылы анықтайды.
4. Пайдалы кубатура - еден мен тебе тегіс (шатырлы емес) болған жағдайда барлық бөлмелердің ішкі өлшемімен алынған кубатураларының қосындысы болады, ал әрбір бөлменің кубатурасын жеке-жеке тапқанда оның (еденінің) биіктігіне көбейту арқылы аныктайды.
5. КҰРЫЛЫС АЛАҢЫ (салынған участок) - қораның сыртқы су қағарымен алғандағы аудан өлшемі.
6. КҰРЫЛЫС ОБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ПАЙДАЛЫ АЛАҢЫ - барлық өндірістік және қосымша алаңдардың аудандарының қосындысы:
а) ӨНДІРІСТІК АЛАҢ - барлық малдарға арналған қоралардың (қабырға, бөлме, бағана және пештердіңалып жатқан жерлерінің ауданын шығарған соң) едендердің ауданы.
б) ҚОСЫМША АЛАҢҒА тамбурлардың, қамыт-сайман қоймаларының, азық дайындау, сақтау бөлмелерінің сүт алу, оны өңдеп сақтау орындарының т.б.( бөлме, бағана, пеш орындарынан басқа) алатын аудандары жатады.
7. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ӨНДІРІС алаңының тығыздығы - жалпы жобаланған өндіріс территориясының барлық құрылыс объектілері алып жатқан орындардың ауданының қосындысына қатынасының 100 процентімен анықталады.
Құрылыс алаңына - барлық қоралардың жанына көлеңке орындардың, серуен алаңдарының техникалық, электрлік, санитарлық объектілердің, жерасты орналасқан қоймалар (егер үстіне құрылыс салуға келмесе) құрылыс аралық жолдардың алып жатқан жерлері жатады. Бұған запасқа қалдырылған - екінші ретпен құрылыс тұрғызуға арналған жерді де жатқызады.
Құрылыс алаңына жатқызуға болмайды: тратуарлармен, машина - теміржолдармен, уақытша салынған объектілермен, спорт аландарымен, демалу орындарымен, үстіне құрылыс тұрғызуға келетін жер асты қоймалары алып жатқан орындар.
Құрылыс алаңына ғимарат және басқа қора-қопсыларды орналастыру кезінде оларды өндірістік процесстерін ерекшеліктеріне байланыстыра отырып топтауға болады. Мұндай кезде объектілерді мынандай зонаға белуге болады:
а) өндіріс зонасы,
б) қосалқы зона,
в) қойма зонасы.
Мұндай жағдайда ӨНДІРІС ЗОНАСЫНДА барлық малдарға (құстарға) арналған қоралар, ұрықтандыру пункті және рельеф (жер бедері) төмен, ық жағынан 30 метрден таяу емес ветеринарлық объектілер (ветпункт, санитарлық мал сою пункті, изолятор - ауру мал орны т.б.) орналастырылады.
ҚОСАЛҚЫ ЗОНАДА азық цехы, құрама азық сақтайтын орындар және кіретін қақпага таяу тұрғын үйлер, контора (кеңсе), гараж, өлшеу орны, мал тиейтін эстакада т.б. орналасады.
ҮШІНШІ ҚОЙМА ЗОНАСЫНДА қатаң, сулы азықтардың сақтау орындары, төсеніш қораларының қоймасы орналастырылып, бұл зона 1-ші, 2-ші зоналардан жекелеп қоршалып, дезобарьері (бөгеті) бар жеке кірер есігі болуы керек. Мал көңдерін жинап, өңцеп сақтау орындары фермадан қатаң көңдер үшін 50 метрден таяу, ал жартылай қатаң және сұйық көңдерге 300 метрден таяу орналастырмау қажет. Ондай орындар фермадан төмен, ық жағында, су көздерінен қашық орналастырылады.
Практикалық сабақ №2. Малшаруашылығы өндірісінің жобасы.
Қаралатын сұрақтар:
1. Чертеж деген не және оны құру (жасау) ережесі.
2. Объектіні чертежге түсіру жэне оның кейбір бөліктерінің белгіленуі.
3. Смета (баға) құжаттарының түрлері.
4. Сметадағы берілгендер қалай таратылады (жұмсалады).
1. Чертеж (сызба) дегеніміз техникалық ойдың көрсетілген бейнесі. Ол арқылы объектінің формасын және оның құрамдарының өлшемдерін көруге болады. Бірде бір объекті, не оның бөлігі ішкі құрамы алдын ала чертеж жасалмай тұрғызылмайды.
Өйткені чертежде оның размері, құрам бөлшектері, нендей материалдан салынатындығы, формалары керсетіледі. Сондықтан чертежді өз мәнінде оқып білу қажет. Ал ол ушін оны қалай тұрғызғандығын және көрсету белгілерін, соған қарап формасы мен салатын объектінің размерін айыруға болады.
Чертежді проекция ережесімен жасайды, яғни бір заттың бейнесін, пішінін жазық бетке (қағазға, экранға) түсіру. Заттардың бейнесін проекциялаудың екі тәсілі болады: центральдық және параллелдік.
Егер проекция жасайтын сәуле бір нүктеден шығып, залың бейнесін сол арқылы қағазға немесе экранға түсірсе оны центральдық (орталық) проекциялау дейді. Бұл тәсілмен салынған бейне көзге көрінетін ауытқу өзгерістерімен бірге болады да, оны перспективті проекция деп те атайды. Себебі бұл тәсілмен проекцияланған заттың көрінісі өте жақсы болады да, ал өлшемдері (размерлік) дәлді болмайды. Сондықтан осы тәсілді проекциялауға кино-фото аппараттардың тусіруі негізделген. Мал қораларының арасында (сырт бейнелері) мен интерьерлері (ішкі көрінісі) осы тәсілмен орындалады.
Егер заттың бейнесін түсіретін проекциялау сәулесі нүктеден шықпай бір-біріне параллелді болса оны паралелдік тәсіл дейді. Бұл проекциялаудың екі түрі болады:
1. Егер проекциялау параллель сәулелері жазық беті қағаз, экран көлбеу бұрыштан түссе, олай түсірілген бейне көлбеу бұрышты проекция дейді.
2. Параллель сәулелер бейнелейтін заттың пішіні (суретін) жазық бетке тік (перпендикулярлы) түсірсе, ол тік бұрышты проекциялау болады.
Көлбеу бұрышты проекциялау кезінде түсіретін объектінің көріну бейнесі, орталық проекциядағы сияқты жақсы болып шығып, бірақ оның өлшемдерінен ауытқу жіберіледі. Сондықтан тік бұрышты проекциялау тәсілі негізгі болып есептеледі. Сол арқылы барлық қоралардың және оның бөлшектерінің чертеждары орындалады.
Тік бұрышты проекциялау тәсілі заттың тек бір ғана беттің дәл формасы мен өлшемін береді. Сондықтан мұндай тәсілмен түсіргенде әр затты екі немесе үш оданда көп жағынан (үстінен, алдынан, артынан, қырынан т.б.) бұрышты проекциямен бейнелеп, олардың дәлді өлшемдеі көрсетіледі.
2. Чертежде орындалған заттардың (қоралардың) күрделілігіне байланысты әртүрлі бейнелері болады. Мысалы: көрініс, тілігі, қыйығы.
КӨРІНІС - заттың көрініп тұрған бетінің чертежге түсірілген бейнесі болады. Қораның алдыңғы жағынан түсірілген чертеждегі көрінісін негізгі фасад, артқы жағынан көрінісі - сыртқы фасад, оң және сол бастарының көрінісі оң мен сол фасадтар - торецтер, ал үстіңгі жағынан көрінісі төбенің планы делінеді.
ТІЛІК - затты бір қыю бетімен ойша тіліп түсіру (бейнелеу). Тілік чертежде қыю бетіндегі және оның ар жағындағы да көріністер бейнеленеді.
Мал қораларының чертежде тілік бейнелерін түсіргенде оларды тігінен, көлденеңінен, не ұзынынан жарып көрсетіледі. Ал жалпағынан есік, терезе орталарынан ойша тілініп үстіңгі жағы алынып тасталып, тек астыңғы жағының тігіне түсірілген проекциясы қораның планы (жоспары) деп аталады.
Осы проекция арқылы әр қора (жек-жеке) және ірге тастың, жаппаның т.б тілігі арқылы планын жасайды (төбе планы, іргетас планы, 1-ші қабат қораның планы т.б.). Тігінен орындалған чертеждағы тіліктерде қораның өзінің және бөлшектерінің размерлері көрсетіледі.
ЧЕРТЕЖДЕГІ ҚЫЙЫҚ - затты ойша қыю беті мен тігінен не көлденеңінен кесілігі түсірілген бейнесі. Оның тіліктен айырмашылығы қыйықта тіліктегі сыяқты ойылған беттің аржағы бейнеленбей, тек кесіндіге түскен жері ғана чертежде керсетіледі. Сондықтан ойық заттың тілігінің бір бөлігі болып есептеледі. Қыйық екі түрмен орындалады: шығарылған көрініс тұтас сызықпен жасалады және қондырылған -контуры (айналасы) жіңішке сызықпен жүргізілген.
Барлық құрылыс салу жалпы және арнайы құрылыстық жұмыстарды қамтиды. Жалпы құрылыс жұмыстарына сол объектінің ішкі бөліктерімен өңдеу, оны салып-тұрғызу жататын болса, арнайы жұмыстарға ол құрылысқа керек жылыту, желдету жүйелері, көң шығару, азық тарату, су, газбен қамтамасыз ету, аймақты көгалдандыру, телефон жолдарын жүргізу т.б. жатады. Әрбір осындай жұмыстарды көрсету үшін чертежде олардың арнайы жұмыс түрлерінің бас әріптерінен тұратын белгілері - маркалар болады.
Мысалы, объектінің чертежінде оның планы, тілігі, қыйығы, фасады бейнеленген болса, оны жалпы - архитектурлы құрылыс чертежы деп алып, оның бас әрпінен тұратын маркасы АС болады.
Сол сияқты чертежді құру кезеңінде құрылыстың жобасын да, басқа бөліктерін де маркілейді:
а) Механикалық жабдықтау -"Т"
б) Жылыту және желдету - "ОВ"
в) Суландыру және канализациялау - "ВК"
г) Электрлеу және жарықтандыру - "ЭО"
д) Архитектуралы чертеждер - "АР"
е) Конструкциялар (бөлшектер): темірбетонды- "КЖ", ағашты-"КД", металды - "КМ" т.б.
3. Объектілерді тұрғызуға арналған жобалардың негізгі бір бөлігі болып сметалық құжаттар (смета) есептеледі. Сметаның бағасы жобалық тапсырмаға байланыстырылып бекітіледі. Смета - жоба тапсырмаларына негізделген ауыл шаруашылық комплекстері мен жеке фермалары, басқа объектілерді салу олардың бөлшектерін және жабдықтарын дайындау (немесе сатып алу) үшін кететін шығынды көрсететін нормативтік құжат болып саналады.
Смета - жоба жасауға тапсырма алу кезеңінде жасалып ол жұмыс чертежі бойынша бекітіледі де, құрылыс мекемелерінің өнімдерінің шығару бағасы, яғни әрбір істелген құрылыс жұмысына, әр объектіні жабдықтауға кеткен шығынның мөлшерін көрсетуге арналған болып саналады. Ерекше атап айтуға тура келетін мәселе - сметадағы дұрыс жасалмаған баға - шаруашылықтың зиян шегуіне апарып соғады.
Құрылыстың сметасын жоғарлату, салынатын өндірістің болашақтағы өнімінің өзіндік құнының бағасын арттырады. Пайдалануына және бағытына байланысты сметаның екі түрі болады: жинақты және жекелеме.
Жинақты смета (форма 1) - бірнеше объектілердің құрылыс жұмыстарына арналады.
Жекелеме смета (форма 2) - жеке бір объектінің құрылыс жұмысы. Ол объекті ірі комплекстердің құрамына да кіруі мүмкін. Ондай жағдайда жекелеме смета жинақ сметаның бір бөлшегі болып қалады.
Жалпы және арнайы құрлыс жұмыстарына жасалған смета форма N 3, ал смета жабдықтарға және оны құруға арналған болса - форма N 4 болады. Екі сметаның қосындысы (форма 3 және 4) жекелеме сметаға (форма) жатқызылады. Олардың барлығы қосылып - жинақ сметасын құрады.
Егер құрылыста жұмыстың бір ғана түрі болса жекелеме смета (форма N 2) жасалмайды.
4. Барлық сметалық құжаттарда көрсетілген құрылыс жұмыстарының шығын есебін 100 процентке бағалап, ондағы сметалық структураны анықтауға болады. Өйткені барлық сметада көрсетілген шығын өзінің экономикалық құрамы бойынша мына топтардан тұрады: а) тіке шығындар, б) накладнойлық шығын (жабдық алуға қолданылатын құжат), в) жоспарлы қор.
ТІКЕЛЕЙ шығындарға смета бойынша салушылардың жалақысын, құрылыс материалдарын, бөлшектерге, оларды орналастыруын, механикаландыру жұмыстарын тасымалдау және аймақты тазарту т.б. орындауларды жатқызады.
НАКЛАДНОЙЛЫҚ шығын өндірістің технологиялық процесстері-мен тікелей байланысы болмайды, бірақ құрылыстың жалпы жағдайына қатысы болады. Оған құрылыстың жүруін қамтамасыз ету, оны басқару, құрлыстың мәдениет, тұрғын қалдықтарын, еңбек сақтандыру жұмыстарын жатқызады.
ЖОСПАРЛЫ ҚОР құрылыс салушы, жабдық құрылымдарды орнатушы мекемелерге арналған жоспарлы смета ескерілген тікелеме және накладнойлық шығынның алты процентін құратын бөлігі.
Табиғат ерекшеліктері, жер орайы, ауа райының өзгешеліктері, құрлыс обьектілерінің өндіретін өнімдерінің көп түрлілігі, құрылыс материалдары мен керек жабдықтардың ерекшеліктері т.б. Әсіресе қазіргі кезде сметалық құжаттардың көрсеткіштерін тұрақтандырмайды. Олардың бағасы базар бағасына айналдырылып жиі өзгерістерде болады.
Достарыңызбен бөлісу: |