Ұлттық ТӘрбие негізі -балабақшада әдістемелік қҰрал



жүктеу 0,66 Mb.
Pdf просмотр
бет2/25
Дата19.11.2018
өлшемі0,66 Mb.
#21015
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

- индивидтік: тәрбиешінің әр жеке баланың ерекшелігін дамытуы, қоғам алдындағы 
жауапкершілігінің болуы; 
 
- өзіндік тәртіп: өзіндік бақылау мен бағалауды, шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту; 
 
- шыдамдылық: әр түрлі пікірлерді қабылдай алу, бір-бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін 
құрметтеу, қабылдау. 
 
 «Адам мен адамның бір-бірімен араласу,өзара қарым-қатынасында ғана адамның адамдығы өзі 
үшін де,өзгелер үшін де ашылады»,-дейді философ М.М.Бахтин.Оның пікірінше, диалог тұлғаны 
қалыптастырудың құралы ғана емес,оның адамдық болмысын да көрсетеді.Тұлғаның 
белсенділігі,өзін-өзі дамытып отыруға ұмтылуы өзгелерден бөлек жағдайда емес,өзге 
адамдармен диалогтық қатынастарға түсу кезінде жүзеге асырылады.Бірлескен қарым-қатынас 
негізінде оқушы-оқушы, мұғалім-мұғалім, оқушы-мұғалім арасында өзара құрметтеу, мойындау
түсіне білу және сыйластық әрекеттері пайда болып, толеранттық пен мейірімділік көзқарастары 
қалыптасады. 
 
Сонымен бірге сыни ойлау арқылы тұлға бойында рефлексиялық сапаларды қалыптастыру. 
Рефлексиялық сапа дегеніміз білім мен тәрбиені өзіндік сана арқылы қабылдап, тұлғаның рухани 
дамуы, ғылыми ақпараттарды игеруі болып табылады. 
 
Бала бойында  рефлексиялық сапалардың қалыптасуы оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда 
ізгілендірудің нәтижесі болып табылады.Оқушының өзін тану үшін және өмірлік проблемаларын 
шешудің бірден-бір тәсілі - рефлексиялық басқаруды жүргізе алуы. Ол үшін төмендегі басты 
ерекшеліктерді дағдыға айналдыруың маңызы зор: 
 
-    өз тәжірибесін пайдалана отырып, жаңа білім арқылы дүниеге өзіндік түсінік пен танымды 
қалыптастыру; 
 
-    өзге адамдардың ұсынатын идеяларына конструктивтік көзқараспен қарай алу; 
 
-    өзіне қарама-қарсы идеяларды жоққа шығаруға емес, түсінуге ұмтылу, одан өзі үшін нәтиже 
шығару; 
 
-    өз біліміндегі олқылықтарын көре білу және оны жоюдың жолдарын табу. 
 
Рефлексиялық әрекеттер барысында оқу іс-әркетін ұйымдастыру жолдары талданады, өзіндік 
шешім қабылдауға жағдай туғызылады.Сөйтіп, бала өзін-өзі дамыту, тәрбиелеу, өз әрекеттерін 
ұйымдастыру мүмкіндігін алады.Өз ерекшелігі мен деңгейін таниды. 


 
Сонымен бірге бала тұлғасына шоғырланған оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда тәрбиеші тарапынан 
әр баланың өзіндік жақын даму аймағында дербес қабілетін дамытуға түрткі болу,оларды оқыту 
мен оқу құндылықтары жүретін практикалық әрекеттерге баулу, баланың қолынан келетін істерін 
қолдау арқылы қиын проблемаларын шешуге көмектесу болып табылады. 
 
Бала тұлғасына ұлттық тәрбиені беруде, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіннің мәні неде? 
 
1.Бала тұлғасына ұлттық тәрбиені ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті– адамның 
қалыптасуы,тұлғаның өз мәдениетінің субьектісі болуына көмектесу, шығармашылық өмірге 
үйрету. 
 
2.Бала тұлғасына ұлттық тәрбиені ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті сырттан келетін тәрбиелеу 
емес, адам бойынан адамдықты табу,оны қолдау және дамыту негізінде өзін-өзі реттеуге, 
тәрбиелеуге әкеледі.Сол арқылы өзіндік болмысы, санасы бар тұлғалық бейне қалыптасады. 
 
3.Бала тұлғасына ұлттық тәрбиені ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті– адамның дене және рухани 
денсаулығы, адамгершілігі, бостандығы.Ол – тұлғаны түсіну,өзара түсіністік, ынтымақтастық 
қарым-қатынастың, салауатты өмір мен парасаттылықтың, өзіндік қатынастың негізін қалау. 
 
4.Бала тұлғасына ұлттық тәрбиені ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті тұлғаның қажеттіліктерін 
қанағаттандыруға бағыттлады.Сондықтан оның мазмұны баланың өзін тұлға ретінде дамыту үшін, 
өз өмірінің субьектісі болу үшін жағдай туғызуға негізделеді.. 
 
Тарихқа көз жүгіртсек ата бабаларымыз ғасырлар бойы жинақтаған өмір тәжірибесін, бай рухани 
қағидасын жас ұрпақта тәрбиелеуде пайдаланған. Бала тәрбиесіне ерекше мән беріп, үміт артып  
сергек қараған. Жас ұрпақтың алдына мақсат қойып, міндеттер жүктеген.  Болашақ қамқоры, Отан 
қорғаушысы шаңырақ  иесі,  өмір    гүлі деп есептеген. Ұлттық тәрбиені өмірлік тәжірибелері, ойға    
түйгендері, бастан кешкендері, ұстаған қағидалары, тұжырымдары,  жинаған  әдет ғұрыптары, 
салт дәстүрлері, ақыл - ойлары, тәрбие шежіресі халық педагогикасы болып саналады. Ұлттық 
тәрбиені халықтың ауыз әдебиетінде тәрбие дәстүрлерінде, шығармаларында,    отбасы 
тәрбиесінде, ұлттық ойындарда, музыкалық  шығармаларында  және  қолөнер туындыларында 
көрініс тауып ұрпаққа беріліп отырған. Халық дүниеге келген жас нәрестенің жолына бар 
жақсылықты бағыштаған. Балаларға арнап көркем сөздер, өлеңдер, жұмбақ - жаңылтпаштар, 
әңгімелер шығарған Ұлттық тәрбиеге сөздердің берері өте мол болған. Мысалы: «аяғыңды көкке 
көтерме», «үйге қарай жүгірме», «қолыңды төбеңе қойма», «мал сүйегін отқа жақпа», «ақты 
төкпе», «қолыңмен жер таянба», «есікті керме», «пышақты жалама»... т.б. Халық тәрбиесіне 
сонымен қатар ұлттық салт - дәстүрлер кіреді. Оның бірнеше түрлері бар ...Қазіргі кезде мектепке 
дейінгі сәбилерді тәрбиелеуде оқу іс-әрекетін ұйымдастыру жолын, мазмұнын, формасын өзғерте 
отырып, оқушыларды жақсы біліммен қамтамасыз ету, халықтық салт - дәстүрлер негізінде 
тәрбиелеу қолға алынуда. Ұлттық тәрбиені сабақ барысында қолданусәбилерге оқу іс-әрекетін 
ұйымдастыру да , психикалық процестері меп танымдық қасиеттерінің дамуына өте күшті әсер 
етеді. Ұлттық тәрбиені қолданып сабақ өткізу, білім беру ұтымды. Арнайы сабақ, ойын сабағында 


болсын Ұлттық тәрбиені қолдану қажет деп ойлаймыз. Қазіргі ұлттық тәрбиеде басты нысана 
баламен рухани үндестікпен үйлесімдікке ұмытылу ,ата –баба мұрасын сақтауға көңіл 
бөлу.халықтың тәлімдік мұрасын бүгінгі күнмен сабақтастыру болады.қазақ халықы баланы 
дүниедегі барлдық асылдан жоғары бағалаған ,болашағына ,арманына бағалаған.Сондықтан 
халқымыз «Балалы үй базар,баласыз үй мазар», «Босағасын алтынан соққсаңда ,перезент сүймей 
адамның мейірі қанбас деп барлық асыл сөзді арнаған. Қазақ отбасы көбінесе көп балалы болып 
келген.Ата,апа, әке шешенің қарым қатынасы жас баланың адамгершілік жағынан жетілуне үлкен 
үлес қосады.ізгілікті іске баулиды. 
 
Ұлттық рухты адамгершілік сезімді қалыптастыратын педагогикалық фактор-отбасымүшелерінің 
дұрыс қарым қатынасы,баланы адамгершілікке тәрбиелейді. Рухани байлық 
дүниетаным,түсінік,рух,иман отбасында қолданылады. Егер сәби отбасынан ана тілі арқылы 
халықтың сарқылмас мол рухани қазынасымен сусындаса өзіміздің дәстүрлі ұлттық 
дүниетанымыздың арнасында әлемдік өркениеттік жетістіктерді игеріп,терең меңгерсек,ешкімге 
есемізді жібермейтін дәрежеге жетіпөркениетті ел ретінде нық тұрамыз. 
 
Адам баласы әу бастан өз ұрпағын өмiрге, еңбекке икемдеп, тәрбиелеп келгенi көпке аян. Бүгiнгi 
қалыптасқан белгiлi ғылыми-теориялық заңдары бар педагогика ғылымы өмiрге келгенше де 
адамзат тәрбие iсiмен айналысып бақты. Оның қағазға жазылып түспеген, бiрақ халық жадында 
мәңгi сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа ғасырлар бойы ауызша нақыл-ақыл, өсиет-өнеге, қағида болып 
тарап келген бiлiм-бiлiк, тәлiм-тәрбие беру тағлымдары бар. Ол халықтық педагогика деп 
аталады. Ұлтттық тәрбие салт-дәстүр, жол-жора, ырымдар, тағам дайындау, қонақ күту рәсiмдерi 
мен ауыз әдебиетi үлгiлерi, ұлттық ою-өрнек, өнер түрлерi, спорт ойындары арқылы отбасылық 
тәрбиеден басталып, ауыл-аймақ, ел-жұрт, ру-тайпа, қала бердi бүкiл халықтық қарым-қатынастан 
берiк орын алған тәлiм-тәрбиенiң түрi, адам мiнезiн, Ұлтттық тәрбие iс-әрекетiн қалыптастырудың 
белгiлi нормасы болып табылады. Олай болса, қоғам дамуының (алғашқы қауымдық қоғамнан 
бастап) белгiлi сатыларынан өтiп, ғылыми педагогикалық дәрежеге жеткенше ұрпақ тәрбиесiнiң 
бастау бұлағы, педагогикалық құралы болып, тәрбие жүйесiнiң қызметiн атқарып келгенiн 
байқаймыз. Яғни, осыдан келiп ғылыми педагогика мен Ұлтттық тәрбие тәсiлдерiндегi 
сабақтастығы, принциптiк-идеялық үндестiгi туындайды. Бүгiнгi әлемдiк аренаға жеткен ғылыми-
педагогика Ұлтттық тәрбиеден бастау алып, оны ғылыми теориялар мен қағидалар тұрғысынан 
жан-жақты зерттеп, қарастырып, байытты. Сөйтiп, өз қажетiне жаратты. Осы қажеттiлiктен келiп, 
халықтың эмпирикалық тәжiрибесiне негiзделген ұрпақ тәрбиелеу тағылымдары — Ұлтттық 
тәрбиені ой елегiнен өткiзiп зерттеп, тәрбие мен оқу iсiнiң өзектi құралы етудiң жолдарын және 
оның шығу, даму кезеңдерiн өзiндiк ерекшелiктерiн, басқа ғылымдармен байланысын зерттейтiн 
педагогиканың ғылыми бiр саласы ұлтттық тәрбие пайда болды. XIX ғасырдың екiншi жартысында 
өмiр сүрiп, қазақтың ұлттық тәлiмгерлiк ой-пiкiрлерi мен салт-дәстүрлерi жайында тұңғыш зерттеу 
еңбектерiн жазған Шоқан, Ыбырай, Абай сияқты демократ ағартушылар мен орыс, батыс 
саяхатшысы, этнограф ғалымдарының (Э.С.Вульфсон, П.С.Паллас, А.Вамбери, А.Левшин, В.Радлов, 
А.Янушкевич, Н.Г.Потанин, Н.Л.Зеланд. т.б.) қолжазбалары десек, екiншi кезең - XX ғасырдың 
алғашқы 20-30-жылдарында бұл iстi ғылыми тұрғыда арнайы қарастырып сөз еткен Ә.Диваев, 
А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Ш.Құдайбердиев, X.Досмұхамедов, М.Дулатов, 
Н.Құлжанова, М.Әуезов т.б. болды. Яғни, бұл кезеңдi ұлттық тәрбиені қалыптастыратын халықтық 
педагогианы ғылым ретiнде туып, қалыптасу кезеңi деп қараймыз. Үшiншi кезең - 35-40 жылдық 
үзiлiстен кейiн (1970-2000 ж.ж.) қазақ этнопедагогикасының қайта жанданған, даму дәуiрi деп 
аламыз. Ежелден Қазақстан жерiнiң байлығына қызыға қарап, көз тiккен және мұхитқа шығар 
қақпа деп есептеген орыс, батыс мемлекеттерi бұдан әлденеше ғасыр бұрын саяхатшы, елшiлер 


жүктеу 0,66 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау