Реферат жас ерекшелік психологиясы және физиология Тақырып: Нәрестелік шақ кезеңі Орындаған: Жұмағазин С. А. Тексерген



жүктеу 29,83 Kb.
Дата16.11.2022
өлшемі29,83 Kb.
#40194
түріРеферат
Жұмағазин Саят Физика


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ "
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті" КЕАҚ

РЕФЕРАТ
Жас ерекшелік психологиясы және физиология

Тақырып: Нәрестелік шақ кезеңі


Орындаған:Жұмағазин С.А.
Тексерген: Айтуарова А.М.


Семей, 2022-2023 оқу жылы
Жоспар:

  • Нәрестелік шақ кезеңі

  • Нәрестенің қимыл-әрекеттері

  • Нәрестенің есі

  • Зейіні мен әлеуметтік жағдайының дамуы

Баланың дүниеге келуі алғашқы дағдарыс.Адамның психикалық дамуының алғашқы дәуірі-дүние есігін жаңадан ашқан нәрестелік шақ дағдарысынан басталып , нәрестелік және бөбек жас шамасынан құралады. Нәрестенің дүниеге келу мезетінде баланың өмір мен даму түрі және заңдары түбегейлі өзгереді. Бала келесі шартсыз рефлекстермен дүниеге келеді:


1)Ағзаның ішкі ортасын реттеуші(демалу, қанайналым)
2)Тамақтану (сору, жұту)
3)Қорғаныс рефлекстері (көзді жыпылықтату, түшкіру, жөтелу)
4)Бағдарланушы
5)Қозғалыстық
Нәресте– бір жасқа дейінгі сәби. Нәрестенің алғашқы бір жылы дүниеге келу кезеңіне (алғашқы 4 апта) және емшектегі кезеңге (1 жас толғанға дейін) бөлінеді. Нәрестені анасының организмінен тыс өмір сүруге бейімдеу үшін оның организмінің көптеген органдары мен жүйелерінің қызметін өзгертуге тура келеді. Мерзімінде туған сәбидің салмағы 3,0 – 3,7 кг, бойының ұзындығы 50 – 52 см, басының шеңбері 34 – 35 см, кеуде шеңбері 34 – 36 см болады. Жас Нәрестенің терісі үлбіреген жұмсақ келеді де дұрыс күтілмеген жағдайда тері қатпарлары базданып іріңдей бастайды. Сүйектерінде тұз аз болғандықтан, майысқақ келеді. Сәбидің күтімі дұрыс болмаса (мысалы, Нәрестені жастыққа отырғызса, аяғына ерте тұрғызса), сүйектері тез қисаяды. Бас сүйегі онша жетілмей туады, оның қосылған жігі жұмсақ, былқылдап тұрады, оны еңбегі (ол 9 – 14 айда қатаяды) деп атайды. Басында шашы (2 см-дей), тырнақтары қатты болады. Қасы, кірпігі көп білінбейді. Сәбилердің өкпесі мен тыныс алу органы, бұлшық еттері онша жетілмегендіктен, ересек адамдарға қарағанда ауаны көп қажет етеді. Нәрестенің жүйке жүйелері нашар жетіледі. Олар тәуліктің көп уақытын ұйқымен өткізеді, тек тоңғанда, жаялығы су болғанда не іші кепсе ғана оянады. Дені сау бала 6 – 8 айлығында тіс жарады. Бұл кезде сәбилерде іштен туа біткен рефлекстер (сору, жұту, жан-жағына қарау, ұстау, т.б.) дамиды. Олар дәмді жақсы айырғанымен, иіс сезу, көру, есту қабілеттері өте төмен болады. Бірақ қатты жарыққа не айқайға сәбилер мазасызданып, жылап жауап қайтарады. Олардың организмі анасынан алған иммунитеттің нәтижесінде кейбір жұқпалы ауруларды қабылдамайды. Алғашқы балалық шақ.(Нәресте-бал бөбек) - Өмірге жаңа келген нәресте күн санап өсіп отырады.Мәселен, оның өсуі туған кезіндегісімен салыстырғанда бір жыл ішінде 25 процент өседі.Нәрестенің сүйегі бірте-бірте қатайып, бірақ ол әлде де жұмсақ шеміршек тәрізді майысқақ келеді.Өйткені оның сүйегінде бор мен тұз қышқылы жеткіліксіздеу болады.Организмнің үздіксіз өсіп, дамуы - өзара тығыз байланысты болатын процесс.Балалардың жас ерекшелігіне байланысты түрлі мүшелер мен жүйелердің даму қарқыны бірдей болмайды.Мәселен, адамның сүйек, буын жүйелерінің дамуы жиырма жасқа таман, көз бен есіту қызметінің дамуы жеті он жас шамасында аяқталады. Нәрестенің жүйке жүйесінің даму қарқыны да айтарлықтай болады.Алғашқыда жаңа туған нәрестеде кейбір шартсыз рефлекстер боолады да(тамақ,қозғалыс,бағдар т.б.) кейін олар көбейе түседі.Шартты рефлекстер екі-үш жетіден кейін пайда бола бастайды.Екінші айда баланың барлық анализаторында шартты рефлекстер жасалуға мүмкіншілік туады.Мәселен, екі айлық бала жай суды тәтті судан, ал үш айлық бала тәттіні тұздан, сондай-ақ кейбір нәрсенің иісін ажырата алады.Төрт айлық бала айналасына көз тоқтатады, үйдегі адамдарды бөтен кісілерден ажырата бастайды.Бес айда көзбен қолдың координациясы қиюласады да, бала төңірегіндегі нәрсенің бәріне ұмтылады, оны аузына апарады.Алты-жеті айлық балада үлкендерге еліктеу бастаудың элементтері(алақаның бір-біріне соғу, ырықты қозғалыстар жасау т.б.) ересектер айтқан сөздерге ұқсас дыбыстар шығаруы байқалады.Шартты рефлекстердің анализаторларда пайда бола бастауымен нәрестелік кезең аяқталады. Бірінші жарты жылдықта ми қабығында тежелудің барлық түрлері көрінеді.Бұл жағдайдың тәрбие процесі үшін ерекше маңызы бар екендігі белгілі. Жарты жастан былай қарай балада Бұл не? рефлекстері қауырт дамиды.Қол сипай-сезу анализаторының қызметін атқаруға көшеді.Мұның өзі нәрселерді ұстай білу, отыру, еңбектеуге, айналасындағылармен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді.Олар үлкендердің сұрауларына жауап қайтаруға тырысады. Нәрестелік кезең (2 айдан – 1 жасқа дейін). Баланың негізі дене дамуындағы жетістіктері- жармасуы және манипуляция. Жармасу – бұл затты ұстау және ұстап алу, манипуляция - бұл затпен тиімді қатынас орнатады. Жармасу мен манипуляцияның ролі – бұл қолдың жаңа іс-әрекетке бейімделуін қамтамасыз етеді. Яғни – заттық-құралдарға. Жармасу әрекетінің қалыптасуымен қатар заттармен сілкілеу, тақылдату, лақтыру т.б. қарапайым қимылдар дамиды. 3-4 айлық кезде жармасу қимылдары дамиды. 1 жас соңында бала заттармен түрлі қимылдар жасай алады. (жерге қою, жатқызу, өткізу т.б.) Еңбек ету - бұл баланың бірінші өзіндік қимыл қозғалысы; онын ролі – жаңа әсерлермен қамтамасыз ету.

Нәрестенің қимыл-әрекеттері. Бала қимыл әрекетері өте күрделі. Осы кезеңде қол қимылдарының дамуы аса маңызды. Белгілі бір затқа бағытталған нәресте қолының қимылдары шамамен өмірінің төртінші айында қалыптаса бастайды. 5-6 айында бала затты қатты ұстап алады, бұл көру қабілеті мен қозғалыс әрекеттерін күрделі түрде үйлестіруді қажет етеді. Осы сәттің әрі қарай дамуы үшін маңызы зор: ұстау – баланың алғашқы мақсатқа бағыттылған әрекеті, заттармен әр түрлі әрекет жасауды меңгеруінің негізі болп табылады.Екінші жарты жылдықты қол қимылдарына байланысты әрекеттер қарқынд түрде дамиды. Бала ұстаған затын сілкілейді, тарсылдатады лақтырып қайта алады, тістейді, қолдан-қолға ауыстырады және Жан Пиаже айналма реакция деп атаған біріңғай қайталанушы әрекеттер тізбегі дамиды. 7 айдан кейін «өзара сәйкес» әрекеттер кездеседі: бала үлкен заттарға кішкентай заттарды салады, қораптарды ашып, жабатын болады. 10 айдан кейін алғашқы жүйелі әрекеттер, яғни үлкендердің әрекеттеріне еліктей отырып, заттарды қажеттілігіне байланысты дұрыс қолдану әрекеттері қалыптаса бастайды. Бала машинасын сүйрейді, барабандарды соғады, ауызына суы бар ыдысты жақындатады. Қызығы, бұл жүйелі әрекеттер әрі заттық әрекетке айнала алмайды. Бұл үлкен адамның балаға көрсеткен объектілерімен байланысты, мысалы, қуыршақты қалай тербету керектігі, т.б. Басқа заттарға әрекет жасау бұл кезеңде әлі байқалмайды.Сондықтан бала бастапқы кезде өзі анасымен бірге ойнаған қуыршақты тербетеді, ал оған ұқсас басқа ойыншықтармен мұндай қимыл әрекет жасай алмайды. Соған қарамастан жыл соңында бала адамзаттың заттар әлемін тани бастайды. Әректердің әр түрлілігі оны қоршаған объектілердің жаңа қырларын ашуға мүмкіндік береді. Қоршаған ортаға бейімделгенде ол «мынау не?» деп қана қоймай, «мұнымен не істеуге болады?»деген қызығушылықтар таныта бастайды.Қабылдау және әрекет нәрестелік кезеңдегі көрнекі амалдық ойлауды алғашқы негізін қалаушы баспалдақ. 1 жылдың ішінде бала шеше алатын танымдық әрекеттер, бастапқыда қабылдау содан соң белсенді әрекет күрделене түседі. Жетістіктерге жету үшін бала көру және қателесу әдісімен әрекет етеді. Айтар болсақ, жастық астына қойылған ойыншықты іздеу кезінде, ол алдымен көзіне түскен жастықтың барлығын аудыры бастайды.Бірінші жылдың соңында бала күрделі ойын әркетіне ене бастайды. Бұл кейбір психологтарға шартты түрде болса нәресетелік кезеңде зат туралы ұғымның қалыптаса бастағандығы жөнінде айтуларына мұмкідік береді.


Нәресте есі. Нәрестенің танымдық дамуы оның психикаснда ес-зерденің аса қарапайым тетіктерінің қалыптасуынан кейін басталады. Алғашында тану пайда болады. Ерте нәрестелік кезеңде-ақ жаңа әсерлермен бұрыңғы бейнелерді байланыстыра бастайды. Егер балаға жаңа қуыршақ берсек, ол біраз уақыт бойы оны қарайды, ол келесі күні қуыршаұт тануы мүмкін. 3-4 айында ол үлкен адамның оған көрсеткен ойыншығын таниды. 4 айлық бала өзіне тансы затты таныс емес заттан ажырата алады.Егер ашық түсті ойыншықты екі бірдей орамалдың бірінің астына тығып қойсақ, 8 айлық балалардың кейбіреулері ғана 1 секундтан кейін оның қайда жатқанын есіне түіре алады. 1 жаста барлық балалар 1-3 секундтан кейін таба алады. Олардың көбісі 7 секундтан кейін де ойыншықтың қай орамалдың астында жасырынғандығын есіне түсіре алады. Мұндай жағдайда 8 айдан кейін зердесінде қайта жаңғырту, образды қалпына келтіру бала алдында ұқсас объекті болмаса да қалыптасады.Нәрестелік кезеңде таныдық үрдістермен қатар эмоцилық дамуды да бақылау қажет. Бұл жол баланың жақын үлкен адамдармен қарым-қатынас жасауымен байланысты дамиды. Алғашқы 3-4 айда балаларда әр түрлі эмоциялық жағдайлар пайда болады: таң қалу, физикалық (дене) дискомфортын сезгенде алданушылық (қимылдың көбеюі, жүрек соғысының жиілеуі, көзінің жұмылуы, жылау), қажеттілігін қанағаттандыру кезіндегі еркінсу.


Нәрестенің зейінінің дамуы. Бала туғаннан бастап бірден зейіні реакциядан көрінеді. Ол әсіресе бірден шыққан дыбысқа, тым ашық түстен қашады. 1 айлық балада «бұл не?» рефлексі пайда болады. Егер бұндай рефлекс жануарда болса, тек биологиялық функция түрінде болады. Бұл рефлекс балаға мәнді бөлуге, оны тануға, онымен қарым-қатынаста болуға мүмкіндік береді. Қарапайым зейінге бала өзінің анализаторларын тоқтатп қабылдай алады. Нәресте 2-3 аптадан кейін орташа дыбыс пен қатты дыбысты, қозғалысты байқайды. Нәресте туғанда әрине оған айтқанды түсінеді, тыңдайды. Нәресте бір айдың аяғында жай емес заттарға көңіл аударады. Нәресте 2-3 айдан кейін анасының белгілерін байқап онымен қатынаста бола бастайды. Зейіннің дамуы затты ұғып, түсінуге мүмкіндік береді. Нәрестеге 6 ай болғанда тітіркену «бұл не?» «онымен не істеуге болады?» ауысады.Енді бала тек затты емес, оның сынын, оның әсерін реттейді және ол бір уақытта кей затқа зейінін шоғырландырады. Мысалы, шарды қорапқа салады, бір шарды екінші шарға ауыстырады. Әлеуметтік жағдайының дамуы. Бала үлкендерге туғанынан тәуелді. Өйткені органикалық қажетсінуін және де жаңа әсерлерге деген қажетсінуін үлкендер қанағаттандырады. Сонымен үлкендер сәбилердің табиғи қажеттіліктерін қанағаттандырады: тамақтандырады, шомылдырады, бір жағынан екінші жағына аударады. Үлкендер балалардың әр түрлі әсерленгіш қажеттілігін де қанағатаныдарыды: оны қолға алғанда сәби біраз көңілденіп қалады. Далаға шыққанда үлкендердің көмегімен бала көптеген заттарды байқайды, олардың қозғалнын көруге , қолын тигізуге, содан кейін ұстауға мүмкіндігі болады. Негізі есту және сезіну әсерлерін үлкендерден алады. Нәрестенің үлкендерге тәуелділігі баланың болмысқа ( өзіне) қарым-қатынасы әрқашан басқа адаммен қарым- қатынас жасау призмасы арқылы өтеді. Басқаша айтқанда, баланың болмысқа қарым-қатынасы әуелден бастап әлеуметтік , қоғамдық бойынша қарым-қатынас болады.

Нәрестенің эмоциялық сезімі. Нәрестенің сезімінің дамуы күнделікті өмірде берілетін тәрбие жағдайының әсерінен басқа да психикалық үрдістермен қатар дамып отырады.Жаңа туған балаларда тек қана шартсыз рефлекторлық сезім реакциялары, мысалы, кенеттен жағдайдың өзгеруіне байланысты қатты дыбыстан тепе-теңдігін жоғалтады, қатты қорқып кетсе қорғаныс рефлексі жылау түрінде көрінеді.Денесінің қысылғанын, не аурығанын сезсе, тербету тоқталса, бала аяқ –қолын қатты қозғалтып, доданып қатты ашулынғанын білдіріп айғайлап жылайды. Осындай жағдайда тербетіп, жұбатып, сипалап үстінен қақсақ, балада жағымды эмоциялық көңіл-күй байқалады. Қоршаған ортамен қарым-қатынас кеңейіп, әрекетінің түрлері күрделенген сайын сезімі де қиындап күрделене түседі.2-ші айдың аяғында 3-ші айдың басында жандану комплексі байқалады. Мұның пайда болу себебі, үлкендер баланы барлық қажеттіліктерімен қамтамасыз етіп мейірімділікпен еркелетсе анық көрінеді. Мысалы, әлемі ашық түсті ойыншық сазды музкалық әуен болады. Жағымды сезім тудырушы әсіресе өзінің ең жақын адамдарды анасына деген сүйіспеншілік ықылас ниетінен сезімін жақсы көреді. Ол күлсе, күледі, бетін басып жаласа, қоса жылайды. Сондай-ақ айналасындағылардың талап-тілектерін орындау негізінде де байқалады.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  • Балалар психологиясы: оқулық / Ж.Қ.Дүйсенова, Қ.Н.Нығметова / — 2012.

  • Детская психология: учебное пособие /Д.Б.Эльконин; 2011

  • Возрастная психология: учебник для бакалавров / Л.Ф. Обухова / — 2014

  • Психология: Энциклопедиалық сөздік. Қ. Б. Жарықбаев, О. С. Саңғылбаев

жүктеу 29,83 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау