Қазақ ежелден
өнерді қадірлеп ,қастерлеген халық .Өнерлі халықтың мұралары ,атадан балаға
мирас болып отырған. «Өнерлі өрге жүзер «дегені сондықтан болар,бәлкім Ата –бабамыздың
бүгінгі күнге жетіп отырған асыл мұрасын жалғастыру,оның қадір қасиетін өскелең ұрпаққа
таныту-ұлттық тәрбиенің бірі .Бұл тәрбие отбасынан және балабақшадан бастау алады.Балғын
сәбидің қиялы әр нәрсеге еліктегіш келеді емес пе ? Олай болса ,таза бұлақтай мөлдір осы бір
сәби жүрегін туған халқымыздың асыл мұрасымен таныстырып,сол өнерге баулу тәрбиешілерінің
бастыв парызы.Осы орайда балаларды халқымыздың ұлттық әшекейлерімен таныстырып,сабақ
жоспарларын ұсынып отырмыз.
Адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы-ұлттық тәрбие
«Күллі ғажайыптың ішіндегі ең тамашасы – жақсы тәрбиеленген адам»
«Адам ата-анадан туғанда
есті болмайды, естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы,
жаманды таниды, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді, тәрбиелі болады», деп,
Абай айтқандай, ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті кезінде адамгершілікке тәрбиелеу мақсаты әр
уақытта күні бүгінге дейін күн тәртібінен түскен емес. Сол адамгершілік тәрбиені беруде тәрбиеші
бала жанының бағбаны болса, сол адамгершіліктің дәнін қалай сеуіп, одан қандай өнім алып
келеміз?
Егер тәрбиеші өзін адамгершілік тәрбие беру арқылы адам қалыптастыру міндетін өз дәрежесінде
атқарып келе жатса, қоғамдағы жат қылықтар қайдан шығып жатыр деген сауал туындауы мүмкін.
Мысалы, бала балабақшаға келген кезінде тіл алғыш, жүрегі таза,
сезімі пәк болып, өсе не
жоғарғы буынға келгенде өзгеріп сала береді. Сол кезде мына бала қандай еді, қалай өзгеріп
кетті, мынадай жаман әдеттерді қайдан үйреніп ала қойды, неге озбырлық жасауға бейім болып
алды деген сұрақтар мазалайды. Әрине, оның себептерін жан-жақты іздеуге болады. Бала
тәрбиесіне ата-анасы мен жүрген ортасына тәрбиешінің де қатысы бар. Баланың қалыптасуына
ықпал етіп, дамуына үлес қосатын тәрбиешінің есте ұстар жағдайлары аз емес. Солардың ішінде
ең негізгісі – балаға деген жүрек жылуы. Ол қашан да қажет және ешқашан артық болмайды.
Тәрбиешінің тек жақсы қырынан таныған бала үшін оның
айтқаны анық, дегені дәл болып
көрінеді. Қазіргі жағдайда тәрбиенің жалпы негізі адамгершілік құндылықтар болуы керек.
Адамгершілік құндылықтар үлкен мен кішінің арасындағы шынайы қарым-қатынас кезінде бала
бойына дариды. Ал тәрбиешінің басты мақсаты - өзіндік адамгершілік құндылықтарын бала
бойына дарыта отырып, оның жүрек түкпіріндегі рухани қазынасын жарыққа шығару, әрбір
баланы жеке тұлға ретінде жетілдіру үшін оның бойындағы бар құндылықтарды дамыту.
Балабақшадағы сабақтан тыс уақыттағы біздің ісімізді жалғастыратын жеке тұлға болып
табылатын балаларды адамгершілікке, гуманистік жүйеге тоғыстыру. Балабақшада жақсы
тәрбиеленген, саналы білім алған бала өмірде өз орнын табады. Ол үшін ең әуелі ұрпағымызды
бала кезінен-ақ ұлттық тәлім-тәрбиеге, адамгершілік әдетке, рухани мәдениетке баулу керек.
Сонда жас ұрпақ елі үшін елең
қағар азамат, имандылық қасиеттерді жақсы білетін оқушы болып
қалыптасады. Қазір қоғам жан-жақты үйлесімді жетілген жаңа ұрпақты – жаңа адамды
тәрбиелеуді талап етеді. Қоғам талабы – заман талабы. Өйткені «Әр адам - өз заманының
баласы». Сол себепті адамды заман билейді, заманына сай заңы туындайды. Баланың жасын,
жеке ерекшелігін, психикалық процестерін ескере отырып, жетілген ұрпақ тәрбиелеу үшін
мынадай міндеттерді орындауымыз керек:
1, Еңбексүйгіштікке, еңбекті қажетсінуге баулы, күнделікті өмірін мәнді ұйымдастыру, тұрмыстағы,
үй шаруашылығындағы еңбекке құлшынысын арттыру. Өзіне-өзі қызмет ету дағдыларына үйрету.
Отбасы мүшелерімен
өзара дұрыс қарым-қатынасын, тіл табысып,
түсінісуін, бірін-бірі тыңдап, ата-ананы, туыстарын, жасы үлкендерді сыйлап, құрмет тұтуға үйрету.
Бала тәрбиесіндегі негізгі де маңызды роль ата-аналарда. Ата-ана отбасында өздерінің күнделікті
жұмысы, тындырған ісі туралы бала-шағасының алдында айтып, әңгіме-дүкен құрады. Бірте-бірте
балалары да
өз жаңалықтарын ортаға салып, айта бастайды. Осылайша жанұя мүшелерімен
сенімі, сүйіспеншілігі, достық қатынастары нығая түседі. «Жанұяға қарап бала өседі, қарағайға
қарап тал өседі» деп тегін айтылмаған болса керек. Ата-ана баламен тілдесуде, пікірлесуде бейпіл,
бейауыз сөздерді қолданбай, дөрекілікпен жеке басын қорғамай, мейірімді, табиғи, жылы,
ақылды
сөздер айтып өнеге бола білсе, тәрбиеде табысқа жетеді. Өйткені «Жақсы сөз жан
семіртеді». Кейбір ата-аналар өте қатал, айтқанын орындатады. Мұндайда бала қорыққанынан
уақытша тыңдайды. Бірақ ата-анасының уысынан шыққаннан соң, өзін-өзі ұстай алмайтын
жағдайға жетуі мүмкін. Сондықтан тәрбиеші ата-ана ескермеген тәрбиенің тиімді сәттерін
пайдалану қажет. Тәрбиеші балаға материалдық жағдай жасамағанмен, оның өміріне азық болар
ең қымбат асыл қасиеттер – адамгершілік құндылықтармен қамтамасыз етеді.
Әрбір баланың
жеке басын тәрбиелеудің стратегиясын білу үшін тек оның күшті және әлсіз жақтарын біліп
қоймай, сонымен қатар оның тұратын, қарым-қатынас жасайтын жағдайларын білуіміз керек. Ол
үшін олардың ата-аналарымен тығыз байланыста болу қажет. Адамгершілік қасиеттерді бойына
сіңіріп жетілген тұлғаның бойындағы әдептілік сипаттар мынадай болуы тиіс:
Өзгелердің мүддесін өз мүддесінен жоғары қойып, кеңпейіл болу, тәкаппарлыққа жол бермеу.
Достарының, отбасының сенімін ақтау.
Жанашырлық таныту - өзгелердің мұң-мұқтажыдығына ортақтаса білу, оларға көмек көрсету.
Кешірімді болу – ренішке, өшпенділікке жол бермеу, ол үшін кек алудан аулақ болу.
Рақымды, мейірімді болу, адамның көңіл-күйін алдын-ала сезе білу.
Жауапкершілік таныту – адал болу, жалғандық пен алдап-арбаудан аулақ болу.