Өзін-өзі бір қалыпта ұстай білу - өз ойын, сезімін, тілегін, іс-қылықтарын ұстай білу.
Ұқыптылық – қандай іс атқарса да ұқыптылық таныту, еңбек ете білу.
Қорыта келгенде, ұлттық тәрбиеден бастау алып, осы дәлелденген нәтижелерге сүйенсек, тәрбие
құралдары мен әдістері дұрыс таңдалып жүргізілсе, ізгілікті тәрбиенің негізі қаланбақ. Сондықтан
тәрбиеленуші жас ұрпақ ескінің көзіндей, жаңаның өзіндей болып, қоғамдағы кемшілікті білетін,
бүгінгіні түсінетін, ертеңіне сенетін, адамгершілік асыл қасиеттерді жоғары бағалайтын иманды,
алдына қойған мақсат жолында барлық күштерін жұмсайтын, рухани дүниесі бай болуы шарт.
Адамгершілік пен имандылық.
Мақсаты Балаларды инабаттылыққа,мейірімділікке, кішіпейілділікке үйрету. Өздерін көпшілік
жерде қалай ұстауды
және сөйлеуді, сөйлеп жатқан адамды тыңдай білуді үйрету.
Көрнекілігі: Адамгершілік пен имандылық жайлы жазылған мақал-мәтелдер, жазылған плакаттар.
Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Кіріспе бөлім .
Балалардан адамгершілік пен имандылықты қалай түсінетіндіктерін сұраймын. Адамгершілік пен
имандылыққа байланысты мақал - мәтелдер айтқызамын.
Бұл - ұлт психологиясының өзегі, адамгершіліктің бірегейі, халқымыздың ғасырлар бойы
қалыптасқан қоғамдық санасының практикалық көрінісі, барлық кісілік қасиеттердің жиынтығы.
әрине, “Тауына қарай аңы, заңына қарай заңы”, “Әр елдің заңы басқа, иттері қара қасқа” дегендей
әдеп сақтаудың әр елде тарихы, әлеуметтік өзіндік ерекшеліктері де болған. Ал қазақ халқының
әдеп сақтау дәстүрі ешбір тапты, ұлтты, нәсіл мен жыныс айырмашылықтарын алаламайды.
Иманды болу.
Екі түрлі адамға Алла- тағала ықыласпен қарамайды.
1.Туған- туыстарынан аулақ, жалғыз өзі өмір сүргендерге.
2.Көршілерін ренжіткендерге.Көршіні ренжітпей, тату-тәтті тұру адамгершілік.
Пенденің апатқа ұшырауына себепкер болатын жеті түрлі істен сақтаныңыз.
1.Күдік- күманнан,
2.Сиқырдан және сиқырлаудан,
3.Қомағай нәпсіден,
4.Өсім алудан,
5.Жетімнің ақысын жеуден,
6.Жаумен соғысқанда қашудан,
7.Әр адам терең ойланып әдепті жақсы істерді өзіне үйлестіру адамгершілік болады.Біреудің
Алла- тағала алдында қандай адам екенін білгіңіз келсе, ол кісіге халықтың қалай қарайтынын
біліңіз. Халық қалай бағаласа, оның дәрежесі де сол мөлшерде болады. Көпшіліктің берген бағасы
Алла-тағаланың ризалығына тең. Шапаныңыз қаншалық әдемі, сәлдеңіз қанша үлкен, малыңыз
қанша көп болсда Алла-тағала сізідің сән-салатанатыңызға қарамайды. Жүрегіңіздің адалдығына
ниетіңіздің дұрысытығына қарайды. Не істесеңізде, адал көңіл, пәк жүрекпен істеңіз. Бір мүсәпір
нан сұраса беріңіз. Ауру адамның халін сұраңыз. Қолыңыздан келгенше біреуге жақсылық етіңіз.
Артында оның пайдасын көресің. Адамдардан ештеңені сұрап тіленбе. Тіпті ат үстінде қолыңнан
қамшың түсіп кетсе де өзің түсіп ал! Өлгендерді қарғап, жмандамаңдар. Өйткені олар өз кінәсін
өтеуге кеткендер. Алла былай дейді, егер адам баласы маған бір қадам жақындаса мен оған бір
аршын жақындай түсейін. Егер адам аршындай жақындаса, мен сажындап жақындаймын. Егер
адам он қадамдай жақындаса, мен оған қарай жүгіремін деген.
Сыйластық пен достық.
Шақырған жерге барыңыз достықта. Бір адам ақса той шақырса бай, кедей молда қожа төре
шәкірт демей бәрін көріңіз. әрқандай жиынға шақырса қалмаңыз. әрбір адамның өзінің парызы
саналатын істі өтегеннен кейінгі артық атқарған ісі жақындарының жүрегін қуанышқа бөлейді.
Кімде кім жақын адамын қуантқысы келсе барлық адамды қуанышқа бөлейтін іс істеуі керек.
Оның қаншалық асыл қасиет екенін әркім-ақ түсінеді. Бір адам сөйлеп отырғанда жан-жағына
қарай берсе, басқа біреуге сөйле деп сөйлескенде оның қадіріне нұқсан келтірмеу керек. Мұның
пайдасы жоқ. Сенің айыпты екеніңді айтып біреу сөксе де, сен оның өз айыбын бетіне басып
сөкпе, ақыры сауабы саған тиеді. Кінәсі де, обалы да әлгі кісіде қалады. Жақсы ісіңді қанағат етіп
қуаныш ет. Жаман іміне қажып, қайғыр бұл имандылықтың белгісі. Абыройың аратады. Бес
нәрсені бес нәрседен бұрын болжай ойластыр. Өл мен тұрып тіршіліктің қадірін біл. Басыңа іс
түспей тұрып баршылықтың қадірін біл, кәрілік келмей тұрып баршылықтың қадірін біл. Өз
араларыңызда сәлемдесуді жолға қойыңыз. Сонда бір-біріңізге достығыңыз артады. Біреумен
амандасып хал-жайын сұраудың өзі де өте жақсы қылық.
Қазақы бата
Құдай жолың қабыл болсын,
Әрбір нәрсең әзір болсын!
Кеткенің келіп,
Кемтігің толсын.
Бақ пен дәулет
Құдайым нәсіп етсін!
Бар бәлекет аулақ кетсін,
Аллаһу әкбар!
Жортқанда жолдасың қыдыр болсын!
Жүрден аяққа жүрген ілігіп.
Басыңа бақыт қонсын,
Үйіңе ұрпақ толсын.
Бәрі де халқының ұлы болсын.
Атасының құлы болсын,
Аллаһу әкбар!
Бата
Күнің шуақты болсын,
Көңілің суатты болсын,
Еккенің жемісті
Еңбегің кеністі болсын.
Жұлдызың ағаңда болсын,
Құндызың жағаңда болсын.
Жарың жібектей болсын,
Арың түлектей болсын.
Өнерің өрлей түссін,
Өмірің төрлей берсін.
Е, құдайым бала берсін,
Мал мен басты және берсін.
Саған қас қылған дұшпанды,
Табаныңа сала берсін.
Аллаһу әкбар!
Берген батам бола берсін.
Бата
Осы үйдің иесіне,
Молайта мал бер.
Көбейтіп бас бер,
Ұзақ жас бер.
Аттансын келген қонағың,
Іштей тоңып
Ырызғы таусылмайтын
Ықылас бер.
Жаз келіп көңілің жай болсын,
Достарыңызбен бөлісу: |