Ұлттық ТӘрбие негізі -балабақшада әдістемелік қҰрал



жүктеу 0,66 Mb.
Pdf просмотр
бет5/25
Дата19.11.2018
өлшемі0,66 Mb.
#21015
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

де байланыстыруға болады және баланың тіл байлығы байиды.Бұл сөздер арқылы біз тек сәбидің 
тіл байлығының  дамуына ғана әсер етпей, оның жеке тұлға болып қалыптасуына да өз деңгейінде 
жағдай жасаймыз. 
Дәл қазір қалада тұратын қазақтар түгелдей әкесін «папа», шешесін «мама» деп атайды.Аудан 
мен ауылдар, қыстау мен қыстақтарда тұратын қазақтардың арасында да бұл «көрсеткіш» тым 
жоғары. Тіпті шалғай ауылдардың тең жартысы «мама» мен «папаға» бауыр басып алғанын өз 
көзімізбен көріп, өз құлағымызбен естіп те жүрміз.Мұның сыртында туған әкесін «батя», іні — 
қарындастарын «братишка», «сестренка», ата — әжесін «дед», «бабуля» дейтін қазақтарда қисап 
жоқ. Ал осындай этикет нормаларының бұзылуы оның адамдар арасындағы қарым — қатынасты 
реттеу қызметіне нұқсан тигізеді. Осының салдарынан адамдар арасында   түсінбестік пайда 
болып, ынтымақ, бірлік, сыйластықтың аса маңызды сапалары әлсірейді. Тіпті ұлттық санаға да 
іріткі түсе бастайды. 
Халықтың жан дүниесінің, ұлттың ұлттылығының бір көрінісі - туыс атаулары.Бұлар - бізге ата - 
бабаларымыз тастап кеткен  қасиетті тілдік ескерткіштер ғана емес, сонымен бірге әрбір 
жеткіншектің санасын ұштайтын ұлы ұғымдар. «Әкемен», «апамен» тілі шыққан сәби ерте бастан 
өзінің  осы сөзді тудырған халыққа қосақтаулы, осы сөзді дүниеге әкелген ұлтқа байлаулы екенін 
сезініп өтеді.Өз ана тілінде апа, әке деген ыстық сезімге бөлейтін, адамның жан - дүниесін 
елжірететін сөз тұрғанда сәбидің аузына бөгде тілдің бөтен сөзін салып, құлағына сіңіре бастайтын 
өзіміз екенбіз.Эмоциональды-экспрессивті бояулы тілдік бірліктерді көбірек қолдансақ сәбидің 
жүрегіне мейірім ұялатуға болады.Көбінесе кішірейту, еркелету мәнінде жұмсалатын -еке, -жан, -
шым, -шім, -тай тәрізді экспрессивті қосымшалары жақсы көру, ерекше құрметтеу мағынасында 
жұмсалады:әкежан, әкетай, әкешім, әкей, ағеке, ағажан, ағашым, ағатай, ағай, шешежан, 
шешетай, көкежан, көкешім, көкетай т.б. 
Баланың, әсіресе, кішкентай сәбилердің жан сезіміне жақсы әсер етіп көңілін марқайтатын сөздер, 
тілдік амал -тәсілдердің тағы бір алуаны қозым, ботам, құлыным, ботақаным, қоңыр қозым
ақботам, айым, күнім, жұлдызым, шырағым, сәулем, жарығым тәрізді тәуелдік жалғауымен 
айтылатын қаратпалар деуге болады.Олар-эмотивтік қызметі аса күшті этикеттік құралдар.Ана 
нәрестеге ақ сүтін бере отырып, қозым, ботам, деп еміреніп отырады. Эмоциялық әсері күшті бұл 
қаратпалар, біріншіден, ана мен бала (сәби) арасында қарым - қатынас орнату үшін аса 
қажет.Адамның тынысы жан тұрмысына байлаулы.Жан шат болса, дауыс та шат болады.Қысқасы, 
ана баласының қасында үндемей отыруы дұрыс емес. Ана нәрестеге ақ сүтін бере отырып, оны 
алақанымен сылап-сипайды. «Қарды қылау өсіреді, баланы сылау өсіреді» деген мақал осы 
жайтты аңғартады.Сезу мүшесіне әсер ететін ананың аялы алақаны, көру мүшесі арқылы көңіл - 
күйге әсер ететін ананың жылы жүзі қандай қажет болса, ананың айналып-толғанып айтатын 
қозым, ботам, құлыным деген жүрекжарды сөздері сондай қажетті құрал.Адамның болмысын, 
мінез - құлқын, бір -бірімен сан алуан қарым -қатынасын жан исіндіретін жақсы сөз жөнге салып 
отырады.Сондықтан осындай амал-тәсілдерді қолдану арқылы балаға жастайынан өзге 
адамдарға аялы алақан, жылы жүз, жақсы сөз сыйлауға үйрету керек. «Жақсы сөз жарым ырыс», 
«Жақсы сөзге жан семіреді» деген даналық нақылдар өмірдің шындығынан, бала тәрбиелеудің 
халықтың көп жылдық тәжірибесінен сомдалған сөздер. 
Ұлттық тәрбиенің ең басты жолы-сәлемдесу. 
Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді-деп бекер айтпаған.     Сәлем - арабтың тыныштық, бейбітшілік 
мағынасындағы ассалам сөзінің тілімізде фонетикалық өзгеріске түсіп, қалыптасқан 
түрі.Сәлемдесу - тұңғыш рет немесе араға белгілі бір уақыт салып, кездескен таныс және бейтаныс 
адамдардың дәстүрлі сөз, ишара не дене қимылы арқылы бір-біріне жақындық ниет, ілтипат 
білдіріп, жылы шырай танытуы. «Сәлем - сөздің басы» делінетіні де сондықтан.Тегінде, әдеп, 
адамшылық-амандасудан басталады.Адам баласының рухани тарихында қолы жеткен зор игілігі - 


сәлемдесу.Оның шарапаты мен кереметі сонда-адамзат әдебінің қалыптасуында, жұмыр басты 
пенделердің  бір - біріне жылы мейір мен кең пейіл көрсетуінде, достықты, өзара жақындықты 
бейнелеуде аса зор маңызға ие.Сондықтан бүлдіршіндерге ең алдымен үлкенге сәлем беру 
әдебін үйрету қажет.Адам баласы қашанда тыныш - бейбіт, басы аман, бауыры бүтін, бір - бірімен 
тату - тәтті, сыйласып өмір сүруді аңсап, армандаған.Соның негізін сәлемдесу салған. Балаларды 
жастайынан ең алдымен таңертең ұйқыдан тұрған соң, беті -қолдарын жуып келіп, ата - анасына, 
отбасы мүшелеріне, қонақтарға сәлем беруге дағдыландыру керек.Адамның әр күнгі іс-қимылы 
таңертеңгі сәлемнен, жақсы лебіз, қошеметтен басталатынын сәбиге түсіндіру керек.Қазіргі таңда 
сәлемдесудің түрлері өте көп, бірақ балаға соның ішіндегі ең керекті түрлерін үйреткен 
жөн.Мәселен, басқа сәлемдесу түрлеріне қарағанда балаларға «Сәлеметсіз бе?»  және  
«Ассалаумағалейкум» деп амандасу қолайлы сияқты. «Ассалаумағалейкум» деген араб сөзінің 
мағынасы «Сізге тыныштық тілеймін»дегенді білдіреді.Алайда, балаға құр ғана 
«ассалаумағалейкумды» айтып, бір міндеттен құтылғандай болатын тоң - торыс сәлемнің ізеттілік 
емес екенін, қайта кісі көңіліне қаяу түсіретін қылық болып табылатынын айтқан 
жөн.Сәлемдесудің әдеп ретіндегі ең басты шарты - жылы шырай.Онда сәлем беруші мен 
алушының қас -қабақ, бет -жүз құбылысы, даусы маңызды қызмет атқарады.Міне, осылардың 
бәрін балаға үйрету өте маңызды.Дұрыс амандаса білудің өзі  дұрыс сөйлеуге, сөз әдебін 
қалыптастыруға көп көмегін тигізеді.Осындай тәлім- тәрбие арқылы бүлдіршіндер дұрыс сөйлеуге 
үйренбек. Сөз этикетінің өз алдына дербес бір саласы -қоштасу. Оны дербес сала дейтініміз — 
оның өзіндік мақсаты, арнайы жұмсалатын тілдік таңбалары, қолданылатын тұрақты орны 
бар.Қоштасудың да түрлері өте көп.Мәселен, «Сау болыңыз», «Хош», «Көріскенше күн жақсы», 
«Хош болыңыз» т.б. Бұларды балаларға тиісті жерінде лайығымен қолдануға үйрету әдептілік 
әліппесі болып табылады.Себебі қоштасу түрлерінің қолданылуында өзіндік жүйе, қалыптасқан 
дәстүрлі тәртіп бар.Бала кетер алдында қоштасып, әдеп сақтауға тиіс. 
Қаратпаларға байланысты сөздерді жергілікті жерде қолданылу, белгілі бір аймаққа таралуына 
қарай зерттеу де қызғылықты әрі тілдік, әрі тарихтық  деректер берері сөзсіз.Кейбір сөздер 
диалектолог ғалымдардың ғылыми жазбаларына түскенімен, олар тілдің этикеттік  формуласы 
ретінде түсіндіріліп, талданған емес.Мысалы, қазақ сөз этикетінде жиі қолданылатын «Сау 
болыныз» әдеби тілде қоштасуды білдіргенмен, Қазақстанның батыс говорларында, Түрікменстан 
қазақтарының тілінде (Ә.Нұрмағамбетовтың деректері бойынша) «Рахмет» деген мағынаны 
білдіреді.Әрине, мұндай тілдегі ауытқушылықтарды бала кішкентай кезінен біліп өскені жөн. 
Қоштасу формуласы табан астында болмайды, яғни бүлдіршіндерге тек қоштасу сөздерін ғана 
емес, қоштасуға дайындық сөздерін де үйреткен жөн.Олар, атап айтқанда, «Уақыт болып қалыпты 
— ау», «Амал жоқ қайтар уақыт таяды», «Уақытыңызды алмайын», «Осымен болайық» қыстырма 
сөздері.Яғни, қалыпты қоштасу сөздерінің құрылымы тұтастай алғанда формуладан — негізгі 
актіден және дайындық актіден тұрады.Міне, осындай қарым — қатынастарды балаға үйрету 
арқылы сөз әдебін қалыптастыруға болады. Балалық шақ баланың жеке тұлға болып өзін — өзі 
сезінуінің алғашқы сатысы.Баланың сөз әдебі, адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы осы 
мектепке дейінгі жас шағында қалыптасады.Мектеп жасына дейінгі балалар түсінгенін, 
қабылдағанын, естігенін, қиялын, ойын тіл арқылы білдіреді.Сондықтан бала тілінің дұрыс 
дамуына баса назар аударған жөн.Сыпайы, келісті сөз баланың абыройын арттырады, 
жақтастарын көбейтеді, көптің ықыласына бөлейді.Таза мәнерлі тіл ойлау жемісі.Баланы ана 
тілінде дұрыс сөйлеуге үйрету арқылы олардың бойында тілдік мәдениеті қалыптасады. 
Бала болашағы — бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның, халықтың, тұтас бір ұлттың бүгіні мен 
ертеңін жалғастыратын алтын көпірі, асыл мұраты іспеттес 
 


жүктеу 0,66 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау