«Ұлттық рухани қҰндылықтарды дамыту мақсатындағы инновациялық технологиялар»



жүктеу 1,32 Mb.
Pdf просмотр
бет5/37
Дата27.12.2019
өлшемі1,32 Mb.
#25103
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37

«ҰЛТТЫҚ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДАҒЫ  ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР»  

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік симпозиумының материалдар жинағы 

 

10 


ӘОЖ 646.4 

 

ДӘСТҮРЛІ МӘДЕНИЕТТІҢ ЕУРАЗИЯ КЕҢІСТІГІНДЕГІ РУХАНИ 

ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

 

Алашабаева Ұ.Н. 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ., 

Ulzhan.a@mail.ru 

 

Көшпелі  мәдениеттің  терең  тамырлары  қазақ  халқының  ежелгі,  қазақ  этнонимге 



жетпей  тұрған  кезеңінен  басталады.  Еуразиялық  кеңістік  сол  тарихи  кезеңдерде-ақ  түрлі 

тілдес  халықтар  үшін  ортақ  рухани  және    әлеуметтік  әлем  болатын.  Дала  –  ежелгі 

көшпенділердің ортақ бесігі.  

Еуразиялық  көшпенділер  б.з.б.IV-ΙΙΙғ.ғ  темір    дәуірінен  бастау  алып,  сақ,  үйсін,  ғұн 

тайпалары  мәдениетінен  де  көрініс  тапты.  Көшпенділер  жылдан  жылға  күшейіп  төрт 

құбылысына  қарай  қанат    жая  бастаған.  Осылайша  олар  ауыздық  салып  ат  мініп,  тебіңгі 

тіреп  ат  үстінен  садақ  тартуға  мүмкіндік  алды.  Адамдар  алғашында  табиғат  заңдарына 

қалтықсыз мойынұсынып, өз болмысын сонымен үйлесімділікте құруға тырысты.  Бұл кезең 

барлық  халықтар  арасынан  бақташы  тайпалардың  бөлінуі  және  алғашқы  ірі  қоғамдық 

бөлінісінің айқындалуы тарихымен байланысты болды [1, 311бет].  

Олар теріден тігілген киімдер, киізден жасалған жамылғы жабылып, астарына киізден 

төсеніш  төсеген.  Осы  киім  үлгілері,  киіз  төсеніштері  қазақтардың  ұлттық  аң  терілерінен 

тігілген  ішіктері  мен  шапандарына  келеді.    Көшпенділердің  киізден  жасау  өнері  сақтар 

стилімен  байланысты  және  де  бұл  өнердің  артықшылығы  әр  сипаты,  пішіні  бір-бірімен 

байланысты. Ниеттің ашықтығы, пішіннің көркемдік айшықтылығы, суреттің ырғақтылығы 

Еуразиялық    көшпенділер  стилінің  өзгешелігін  көрсетеді.  Ежелгі  дәуірде  көшпенді  сақтар, 

ғұндар, түркілер және монғолдардың шаруашылығы мен тұрмыс салты, тілі, мәдениеті өзара 

аса ұқсас болған.  

Кеңес кезеңіндегі археологтардың  қазба жұмыстарының нәтежесінде ашылған Пазырақ 

(Таулы  Алтай)  қорғандарынан  табылған  ерлердің  көйлегі  және  екінші  қорғаннан  аяқ  киімнің 

табанына    түсірілген  ромбы  тәріздес  өрнектер  табылған  (сурет-1).  Табылған  көйлек  кеңдір 

талшықтарынан,  тығыз  түптетілген,  матаның  ені  44,5см.  Көйлектің  ұзындығы  104см,  етегінің 

кеңдігі 130см, иығы 93см, жеңі (58см) білезігіне қарай тарылады [2, 104-105б]. 

Ал,  ІІІ  қорғаннан  табылған  белдіктер,  тағалар  және  металдан,  ағаштан,  матадан 

жасалған көркем өнер туындылары таулы Алтай ескерткіштерінде жиі ұшырасады (сурет-2).  

Бұл қорғандардан табылған ғажайып заттар, айбынды молалар мен обалар. Осылардан 

табылған  күрделі  өлікті  жерлеу  салты  мен  салтанатты  сақ  тайпаларының  жоғары  өзіндік 

мәдениетінің  болғанын  және  сақ  патшаларының  ұлылығын,  қоғамның  әлеуметтік 

құрылымының қаншалықты дамығандығын айқын көрсетеді.  

 

 



Сурет 1. Таулы Алтай обаларынан табылған ер адамның көйлегі және аяқ киімнің табанына  

түсірілген өрнек. ІІ қорған. 




«ҰЛТТЫҚ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДАҒЫ  ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР»  

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік симпозиумының материалдар жинағы 

 

 

11 


Ахменидтің  «Сак»  және  «Азиялық  скифтер»  жазу  ескерткіштерінде  сақ  тайпаларын 

үш  топқа  бөлген.  Олар  Хаумварга  сақтары-«хауму  ішімдігін  істейтіндер»;  Парадария 

сақтары-«Теңіздің  арғы  жағындағы  сақтар»;  Тиграхауда  сақтары-«Шошақ  төбелі  бөрік 

киетіндер».  Тарихи  мәліметтерге  қарағанда  сақтардан  қалған  тағы  бір  аса  құнды  мәдени 

мұра,  ол  зергерлік  өнер.  Олар  күмістен,  алтыннан,  асыл  тастардан  зергерлік  бұйымдар 

жасаған. 

Біздің  жыл  санауымыздан  ілгергі  дейінгі  I-III  ғғ.  бастарына  киген  дулығалары, 

былғары белбеулері, сопақша формамен жасалған кіреуке сауыттың ішінен киген тік жағалы 

сырылып  тігілген  киімдері,  балағы  көтеріліп  кетпеуі  үшін  табанынан  ұстап  тұратын  балақ 

бауы  бар  тар  шалбарлары  барлық  көшпелі  халықтардың  өнер  ескерткіштерінде  жиі 

ұшырасады. 

Көшпелі  халықтардың  мәдениеті  отырықшы  елдердің  мәдениетін  жалғастырушы, 

Шығыс пен Батысты түйістіруші рөлді атқарады. Көшпелі қоғамның негізгі өмір сүру салты 

серпінділікте  болғандықтан  олардың басқа  мәдениеттердің  өзіндік  оқшауланып  қалмауына, 

үнемі жетілуіне де әсері тиіп отырды.  

 

Сурет 2. Таулы Алтай қорғанынан табылған ғажайып заттар. ІІІ қорған. 



 

Қорыта  айтқанда,  халқымыздың  көптеген  рухани  құндылықтарының  бастауы  сонау 

ғасырлар қойнауынан нәр алған еді, соларды халқымыз қадірлеп сақтап, дамыта білген. Бұл –

тарих ақиқаты.   

Еуразия көшпенділерінің рухани мәдениеті, тарихы  бізге бай тарихи  - мәдени мұра, 

оны  білу,  меңгеру,  бізді  өткен  ғасырлардағы  әдет-ғұрып,  салт-дәстүр,  халықтың  хал-

ахуалынан кең көлемде жан-жақты хабардар етеді.  

 

ӘДЕБИЕТТЕР: 

1.  Қиянатұлы  З.  Көшпенділердің  оянуы:  кіші  Азиядағы  алғашқы  көшпенді 

мемлекеттер.  – Алматы, 2009. 

2.  Руденко С. И. Культура и население Горного Алтая в скифское время. – М-Л.1953. 

С. 403. 


 


«ҰЛТТЫҚ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДАҒЫ  ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР»  

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік симпозиумының материалдар жинағы 

 

12 


ӘОЖ 37.017.4. 

 

ЖАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР НЕГІЗІНДЕ 

ҚАЛЫПТАСТЫРУ 

 

Газизова Н.С. 

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, Семей қ. 

nazken_g@mail.ru 

 

Бүгінгі  күнде  еліміздің  үштен  бір  бөлігін  құрайтын  жастар  -  келешек  қоғамның 

жарқын  болашағын  қалыптастыратын  стартегиялық  мақсаттарды  жүзеге  асырушысы  екені 

мәлім.  Сондықтан  жастардың  білімді,  дәстүрмен  қатар  өз  заманының  озық  рухани 

құндылықтарын  меңгерген,  бәсекеге  қабілетті  болғаны  абзал.  Осы  тұста  жастардың  дұрыс 

әлеуметтенуімен қоса ұлттық құндылықтарда тәрбиеленудегі маңызы зор. 

Жастар  халықтың  қоғамдық  белсенді  бөлігі  және  тәуелсіз  еліміздің  болашақ  дамуы 

үшін стратегиялық ресурсы болып табылады. Жастардың мемлекет мүддесі мен мемлекеттің 

болашақта  дамуын  қамтамасыз  етуге  мүмкіндіктері  бар  зияттылық  және  рухани  саналы 

тұлғаның  қалыптасу  қажеттілігі  аясында  айқындалады.  Қазақстан  Республикасының 

мемлекеттiк  жастар  саясатының  негiзгi  мақсаттарының  бірі  ол  жастардың  әлеуметтiк 

дербестігі,  дәстүрлі  діни  құндылықтарды  тұлғалық  қалыптасуын  жүзеге  асырумен  қоса, 

құқықтық,  экономикалық,  ұйымдастырушылық  жағдайларды  жасау  және  нығайту  болып 

табылады. Жастар саясатын жүйелі жүргізу қажеттілігі өзінің әлеуметтендіру процесінде жас 

адамның кезігіп отыратын өмір қиыншылықтарымен айқындалады. Жастар өзінің біліктілігі 

және  кәсіби  даярлығы  деңгейінің  төмендігіне  байланысты  халықтың  аз  қорғалған  бөлігі 

болып табылады. 

Қазақстан еспубликасы Президенті Н.А. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арнаған 

«Әлеуметтік-экономикалық  дамуды  жаңғырту  –  Қазақстанның  басты  бағыты»  атты 

Жолдауында  қазіргі  қазақ  жастарының  құндылықтық  бағдарларындағы  ұлттық 

құндылықтардың рөлін анықтап берді. 

Әлемдегі  ғаламдану  үдерісі,  қоғамның  рухани  адамгершілікті  қамтитын 

мәдениеттердің  өзара  байланысы  және  этномәдени  дәстүрлер  мен  жалпыадамзаттык 

құндылықтардың  құрамды  бөлігі  ретіндегі  ұлттық  құндылықтар  негізінде  тұлғаны 

қалыптастыруды  алдыңғы  қатарға  шығарады.  Бұл  тұрғыдан  рухани  адамгершілігі 

қалыптасқан ұрпақты тәрбиелеуде ғасырлар бойы жинақталған өмірдің мәні туралы халықтың 

мәдени мұраларын, даналық ұлағаттарды пайдалануы жоғары деңгейде маңызды болмақ. 

Ел  Президенті  Н.Ә.  Назарбаев  Қазақстан  халқына  Жолдауында:  «Біздің  ғылыми  және 

шығармашылық әулетіміздің деңгейі жоғары, білім өрісі биік халқымыз бар... Біз қолымыздағы 

осындай баға жетпес қазынаны жан-жақты танытуға және оның дамуы үшін барған сайын жаңа 

әрі неғұрлым өркениетті жағдай туғызуға тиіспіз» деп, рухани байлығымыздың қорын байыта 

түсу шаралары жүзеге асырылуда.  Осы тұрғыдан алғанда, ұлттық құндылықтарымызды бүгінгі 

заман  сұранысымен  сабақтастыра  байланыстырып,  оқу-тәрбие  үдерісіне  ендіруіміз  қажет.  Ал 

бұл  ұлттық  құндылықтарды  өскелең  ұрпақтың  бойына  сіңіртуге,  сондай-ақ,  ғылыми  тұрғыда 

негізделген  білім  берудегі  қоғамдық  пәндердің  алатын  орны  ерекше.  Әсіресе,  дінтану,  тарих, 

мәдениеттану,  қоғамтану,  құқық  негіздері  пәндері  ұлттық  мұраларымыздың  негізгі 

насихаттаушысы, жаршысы десек қателеспейтініміз анық.  

Жастардың  құқықтық  мәдениетін  қалыптастырып,  дамыту-салыстырмалы  өзіндік 

мақсатқа, арнайы әдістер жетістігімен және ұйымдастыру нысаны арқылы жетуді көздейді. Ол 

өзі көп мақсатты, қызметті, болжамды стратегиялық, ұзақ мерзімді мақсаттар және тактикалық 

мақсаттарды,  таяудағы  жалпы  және  жеке  мақсаттарды  көздейді.  Мақсаттар  жастар 

ерекшеліктерін есепке ала отырып тәрбиелік әсер етуді нақтылайды, ол белгілі бір форма және 

қызметке  байланысты  адамдар,  сонымен  қатар,  құқықтық  тәрбиені  жүзеге  асырушы  органдар 

арқылы жүргізіледі. 




жүктеу 1,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау