«ҰЛТТЫҚ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР»
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік симпозиумының материалдар жинағы
15
2. Назарбаев Н.Ә. Болашақ бүгіннен басталады. //Егемен Қазақстан, 2002,15 қараша, Б.1-3.
3. Әбілдаев И. Қылмысты жастар тағдыры алаңдатады //Қазақстан Zaman, 2002,
19 сәуір, - 66.
4. Бейсебаева С.Б. Пути правового образования молодежи: некоторые предложения //
Вести КазНУ сер. юрид. 2003, №1, С.148-150.
5. Болотова Е. Проблемы правовой подготовки в стандартах педагогического
образования. //Высшее образования в России, 2006, №11, С.52-56.
6. Бейсебаева С.Б. Пути правового образования молодежи: некоторые предложения //
Вести КазНУ сер. юрид. 2008, №1, С.148-150.
7. Сандықбаева Ө.Д, Мұсағұлова А.Б. Жастар саясаты ұғымының қалыптасуы және
рухани факторлары. // Электронный научный журнал «edu.e-history.kz» № 1(09), 2017.
ӘОЖ 001.041.
ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЙСАР ҮШ АРЫСЫ
Гудимова К.А., Нұрлыбекова Д.Б.
Талдықорған сервис және технология колледжі, Талдықорған қ,
dinka_85@bk.ru
Қазақ халқы «Үш бәйтерек» деп атап кеткен Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин,
Бейімбет Майлин қазақ әдебиетіне айтулы ақын, қарымды қаламгер, дарынды драматург ретінде
үлкен үлес қосты. Олардың қаламынан Қазақстанның дарқан даласы, өндіріс орындары мен
еңбек адамдарының іс - әрекеттері, өмірге деген құштарлықтары, болашаққа үміт – сенімдері
кеңінен көрінеді.
«Үш бәйтерек» ұлттық сөз өнерін азаматтық бейне, беделімен де, қайраткер,
қаламгерлігімен де биік белеске көтерді. Ұлт руханиятын даңқты туындыларымен, тақырып
байлығымен, жанрлық қырларымен, көркемдік әлемімен байытты.
ХХ ғасырдағы қазақтың жаңа әдебиеті негізін салушылардың бірі Сәкен Сейфуллин аз
ғана ғұмырында мол мәдени мұра қалдырды. Қазақ әдеибетінің барлық жанрында тамаша
туындылар берген жаңашыл жазушы қаламынан туған шығармалар халық өмірінің ең көркем
образдар арқылы, терең идеялар айтып, эстетикалық игіліктер жасады. Ұлттық әдебиетке
төңкерістік мазмұн жаңа нысан асқан идея әкелген жазушы туындылары халқымыздың рухани
қазынасын қорландыра түсті. Сәкен Сейфуллин кеңестік дәуірде туған қазақ әдебиетінің
тұңғыш қаламгері болып, поэзия, проза, драматургия сияқты жанрлармен әдебиетіміздің басқа
саласында да көрнекті қызметтер атқарды [1,65-72 б.].
Сәкеннің ерлік күреске толы өмірі мен шығармашылық еңбектері біздің әдебиетіміздің
идеялық қалыптасуы кезіндегі орасан қызметімен бірге, оның профессионалдық жағынан өсуіне,
ер жетуіне зор үлес қосты. Ол қазақ әдебиетін барлық жанр жағынан ілгерілетіп, жаңа дәуір
талаптары негізінде үлкен жаңалықтар жасады. Мұның бәрі Сәкенді қазақ әдебиетінің негізін
салушы деп айтуға дәлел. Қазақ әдебиетінің негізін салушы, тамаша ақын және көрнекті қоғам
қайраткері Сәкен Сейфуллиннің есімі халық арасына кең жайылған. Ол – қазақ ақындарының
ішінде бірінші рет революцияны, сол арқылы тарихи кезеңдерді ашық бейнеледі. Сәкен сол
кездегі халықтың тұрмысын, хал – жағдайын жырлаушылардың бірі ретінде саналады. Сәкен —
қатал күрес үстінде шынығып өскен ақын азамат. Ол өзі белсене араласқан әдебиет қозғалысы
қайшылығының ащы-тұщы дәмін де мол татты. Ол әр уақытта Қазақстандағы әдебиет
қозғалысының басы-қасында, жуан ортасында болды. ҚазАПП-тың алғашқы дәуірінде (1929
жылға дейін) қазақ совет әдебиетінің идеялық позициясын нығайтуға белсене араласқан болса,
онан кейінгі дәуірде, бір кезде өзі ұйымдастырып басшылық еткен ҚазАПП енді Сәкеннің өзіне
ауыз салды. 1931 жылғы жазған бір мақаласында ҚазАПП-тың бастығы М.Қайыпназаров:
«Жақында ҚазАПП болып Сәкеннің шығармаларын сынадық, сол сынның аяғында Сәкенді
«ҰЛТТЫҚ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР»
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік симпозиумының материалдар жинағы
16
пролетариат әдебиетіне одақтас ақын деп таптық»,–дейді. Егер 20-жылдары Сәкен
ұлтшылдардың шабуылды сынына ұшырайтын болса, енді ҚазАПП-тың кезіндегі осындай
сындардың тегеуіріне өзі түседі. Бірақ Сәкен мұндай сындардың бірде-біріне абыржып, сасқан
емес. Өзіне қарсы айтысып, тартысып жүрген адамдардың сорына қарай жаңа шығармаларды
үсті-үстімен жазумен болды. 1935 жылдардың алғашқы жартысында Сәкен көркем шығарма,
ғылыми еңбектермен қатар мемлекеттік қоғам істеріне жаңадан құрылған Қазақстан совет
жазушылары одағының ұйымдастыру, шығармашылық жұмыстарына белсене араласады.
Қазақстан Орталық атқару комитетінің мүшесі, Жазушылар одағы президиумының мүшесі.
Пушкиннің қайтыс болғанына 100 жылдығын өткізу комиссиясының бастығы. Жазушылар
ұйымына жаңадан мүше алу комиссиясының бастығы, ақындар слетін, декаданы өткізу
комиссияларының мүшесі. «Әдебиет майданы» журналының редакторы болып, толып жатқан
мәдени-ағарту және қоғамдық игі істердің жүзеге асуына Сәкен өте жігерлі кіріседі. Сәкеннің
әдебиет майданындағы аса маңызды партиялық шараларды іске асыруға, жігерлі араласуына
Мирзоян бастаған өлкелік партия комитетінің жаңа басшылығы себепші болды. Осы тұста
Сәкен көркем шығармаларын да мол өндіріп жазып тастайды. 1933 жылы «Альбатрос», «Қызыл
ат» поэмаларын шығарды. «Альбатрос» пен «Қызыл ат» Сәкен поэзиясының тағы бір белге
көтерілген, творчестволық іздеуден туған күрделі шығармалары еді. Сәкен поэзиясымен қатар,
творчестволық еңбектің негізгі салмағын енді бірте-бірте проза жанрына аудара бастады. Ол
бірқатар жағдайларда өзі көрген, өзі араласқан өмірден елес беретін «Біздің тұрмыс», «Сол
жылдарда», «Дауыл алдында», «Жемістер» атты роман, повестерін жазуға кіріседі, олардың
бірқатар тараулары газет- журналдарда, түрлі жинақтарда жарияланды. «Айша» атты повесі
1935 жылы жеке кітап болып шығады. «Қызыл сұңқарлар» пьесасын бүтіндей жөндеп, қайта
жазып, ол Қазақтың мемлекеттік драма театрында қойылады. «Тар жол, тайғақ кешу»
толықтырылып, 1936 жылы қайта басылды. Ал Сәкеннің бірқатар шығармалары (1927-1937
жылдар арасында) «Атаман Анненковтың азап вагонында» «Тар жолдан» (үзінді),
«Советстан», «Көкшетау», «Айша», «Қызыл ат», «Жемістер», т.б. орыс тілінде басылып
шықты. Қазақ совет әдебиетін өркендетудегі Сәкеннің зор еңбегін партия мен үкімет
айрықша бағалап, 1936 жылы Еңбек Қызыл Ту орденімен наградтады. Ақынның
әдебиеттегі еңбегінің жиырма жылдығын бүкіл Қазақстан жұртшылығы болып тойлады.
Ақын 1939 жылы 9 октябрьде қайтыс болған [1, 75-81 б.].
Бейімбет Майлин – поэзия, проза, драма саласында бірдей өнімді еңбек еткен қаламгер.
Ол «Садақ» қолжазба журналында, «Айқап» журналында, «Қазақ» газетінде жарияланған
алғашқы өлеңдерінен бастап-ақ ел өмірінің сан-сала көкейкесті мәселелеріне ден қояды. Сахара
жұртының мұң-мұқтажын, арман-аңсарын, әсіресе азаттық-теңдік тақырыбын тілге тиек етеді.
Бейімбеттің поэзиялық шығармаларындағы Мырқымбай – типтік кейіпкер деңгейіне көтерілген
жиынтық бейне. Мырқымбай бейнесі арқылы Бейімбет сол кездегі қазақ кедейлерінің болмыс-
бітімін, уақыт, қоғам аясындағы тіршілік-тынысын суреткерлік шыншылдықпен бедерлей алған.
Бейімбет қазақ поэзиясында поэма жанрының өрісін ұзартып, өресін биіктетуге қомақты үлес
қосқан. Оның «Байдың қызы», «Рәзия қыз», «Қашқын келіншек», «Маржан», «Өтірікке бәйге»,
«Кемпірдің ертегісі», «Хан күйеуі», «Мырқымбай» поэмалары тақырыбының әр алуандығымен,
оқиғалық тартымдылығымен, өзіндік тіл-стилімен қазақ поэзиясының көрнекті үлгілерінің бірі
болып табылады. Қазақ әдебиетінің XX ғасырдағы жаңа дәуірін бастаған «алыптар тобында «ірі
ақын, іргелі прозаик және драматург Бейімбет Майлиннің орны өзгеше, бөлек. Қалам қызметіне
ерте (1912 жылдан) араласқан Майлиннің ширек ғасыр ішінде жазған тандаулы поэзиялық,
прозалық, драмалық шығармалары – біздің бүгінгі сөз өнерімізге қосылған қымбат қазына.
Қазіргі қазақ әдебиетінің негізгі жанрларын қалыптастырып, дамытуға сіңірген ерекше еңбегін,
бүгінгі қазақ аулының жаңа тарихындағы жиырмасыншы-отызыншы жылдардың көркем
шежіресін жасауда атқарған айрықша қызметін өз алдына қойғанда, Бейімбет Майлин өзінен
кейін қолына қалам ұстағандарға анық екі қырымен өнеге: 1) «Талант – еңбек» деп Горький
айтқандай, саңлақ суреткер өлшеулі ғана шығармашылық ғұмырында өлшеусіз еңбек
сүйгіштігімен «Жазушылық – жазу, жақсы жазу, жақсы жаза алсаң қалам құрғатпай жазу»
екенін тынымсыз да мігірсіз іс-әрекетімен қолма-қол дәлелдеп кетті; 2) «Әңгіме – шеберлік