«ҰЛТТЫҚ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР»
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік симпозиумының материалдар жинағы
2
УДК 004 (063)
ББК 32. 973
743
Редакция алқасы: Қ.М. Баймырзаев (бас редактор), Е. Қ. Утегенов,
А.С. Бахтаулова, Б.Б. Ахметов, Н.М. Адамкулов, М.Т. Джакыпбекова
743 «Ұлттық рухани құндылықтарды дамыту мақсатындағы
инновациялық технологиялар» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік
симпозиумының материалдары. – Талдықорған: І. Жансүгіров атындағы ЖМУ,
2018. – 80 б.
ISBN 978-601-216-442-8
Жинақ материалдары білім беру мен ғылым саласында инновациялық
зерттеу жұмыстарымен айналысатын ғалымдарға, докторанттарға және
магистранттарға арналған.
УДК 004 (063)
ББК 32. 973
SBN 978-601-216-442-8
© І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, 2018
«ҰЛТТЫҚ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР»
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік симпозиумының материалдар жинағы
3
І. Жансүгіров атындағы Жетісу
мемлекеттік университетінің ректоры,
география ғылымдарының докторы, профессор,
Қазақстан Республикасы Ұлттық
ғылым академиясының
құрметті академигі Қ.М. Баймырзаевтың
АЛҒЫ СӨЗІ
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев жыл сайынғы жолдауында
білім саласына ерекше басымдылық беріп, жастардың білім-біліктілігін жетілдіру үшін
барлық жағдай жасауда «Қазақстан-2050» Стратегиясында: «Біздің жастарымыз оқуға, жаңа
ғылым-білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, білім мен технологияны күнделікті өмірде
шебер де тиімді пайдалануға тиіс. Біз бұл үшін барлық мүмкіндіктерді жасап, ең қолайлы
жағдайлармен қамтамасыз етуіміз керек….». «Біздің басты мақсатымыз – 2050 жылға қарай
мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі
қоғам құру. Мықты мемлекет экономикалық жедел өсу жағдайын қамтамасыз ету үшін аса
маңызды болмақ» деп, Қазақстанның алдыңғы қатарлы жоғары дамыған 30 мемлекеттің
дамуына кіру үшін нақты мақсаттар жүктеген болатын. Аталған бағыттардың табысты іске
асырылуы ең алдымен, тек білімнің сапасымен анықталатыны белгілі. Осы негізде қазіргі
таңда білім мен ғылымды инновациялау мен модернизациялау экономикалық дамудың басты
бағытына айналды. Еліміздің дербес даму бағыты айқындалып, халықтың тарихқа деген
көзқарасы жаңа қырынан жаңғыра бастаған бүгінгі таңдағы негізгі міндеттердің бірі – «білім
беруді жаңа инновациялық жолмен дамыту болып отыр». Инновациялық процестерді ендіру
енгізілген технологияның ерекшеліктерімен, жаңашылдардың инновациялық әлеуетімен,
жаңалықты енгізу жолдарымен өзара байланыс негізінде анықталады. Жаңа инновациялық
оқыту технологиясы кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Инновациялық оқыту
технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор
тәжірибені жұмылдыруды қажет етеді.
Болашақ көркем еңбек пәні мұғалімдеріне қолөнерді оқытуға дайындау оқу үдерісін
мақсатты түрде ұйымдастыру, өз бетінше жұмыс жасай алатын маман дайындау міндетіне
бағындыру, оқыту ісін білімгердің өзін-өзі бақылай алу және өз жұмысын өзі ұйымдастыра
алу деңгейін арттыратын белсенді білім беру мен тәрбиелеу формаларымен байытуды қажет
етеді. Осыған орай ұйымдастырылып отырған симпозиумның мақсат міндеттері де
технология, қазіргі көркем еңбекпен тікелей байланысып отыр.
Қолөнер пәнін оқыту әдістемесі педагогика ғылымының қазіргі кездегі көкейкесті
мәселелерінің бірі ретінде оның негізгі ұғымдары мен түсініктерінен құралады.
Педагогикалық әдебиеттерде әдістеме белгілі бір мақсат қойып орындалуы жоспарланған
білім көздерін меңгеру жолындағы болашақ мұғалімнің іс-әрекеттерінің мазмұны, кезеңдері,
формалары және олардың жеке әдістері түрінде түсіндіріледі. Болашақ мүғалімдерді
әдістемелік іс әрекетке дайындаудың негізгі ұғымдары-әдістемелік тұрғыда оқыту, тәрбиелеу
және жеке шығармашылық тұлға ретінде дамыту болып табылады. Оқытуға дайындау
әдістемесі-оқыту мазмұнын жоспарлау, оқыту үдерісін басқаруды жоспарлау, оқыту
нәтижесін бақылау, оқыту әдістерін жобалау, білім беру жобасы, білім беру әдістерін
классификациялау т.б. ұғымдарын біріктіреді. Осыған орай білім алған оқушы жастар өз
нәтижелерін көрсете алады, оған мектеп, арнаулы және жоғарғы оқу орындарындағы
көрмелер, шеберлік кластар бірден бір дәлел.
«Болашақ технология, бейнелеу өнері, сызу пәндері мұғалімдеріне қолөнерді оқытуға
дайындау әдістемесінде қажетті болашақ мұғалімнің алғашқы әдістемелік білімдер жүйесі-
өнер пәнін оқыту әдістемесі пәні арқылы оқытудың қазіргі жағдайына диагностика жасау,
оны жоспарлау, ұйымдастыру әдістері және ұйымдастырылған іс-шараларды талдау әдістері
туралы білімдерімен айқындалады».