«ҰЛТТЫҚ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР»
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік симпозиумының материалдар жинағы
17
мектебі» деп Федин айтқандай, құдды қазақтың Чеховы секілді құдіретті зергер әрі қысқа, әрі
нұсқа новеллалары арқылы шын мәніндегі әдеби шеберліктің мектебін ашып, осы жанрдағы
шынайы, тап-таза, мөп-мөлдір реализмнің үлгісін көрсетті. Бейімбет (Бимағамбет)
Жармағамбетұлы Майлин 1894 жылы бұрынғы Торғай облысы, Қостанай уезі, Дамбар
болысындағы Ақтөбе деген жерде қазіргі Қостанай облысы, Таран ауданы, Майлин кеңшарында
туған. Екі жасында әкеден жетім қалған Бейімбет бір байдың сауыншысы боп жүрген анасының
қолында тәрбиеленеді. Жетіге жеткен соң өзі де сол байдың қозысын бағып, кейін атының
делбесін ұстайды. Бейнет пен жоқшылықтың ащы дәмін ерте татқан жас бала кәрі ежесінің
жылы қүшағында бұйыға тербеліп отырып, оның: - Өмірімде көргенім күңдік, құлдық, Бұл
жалғанда бар ма екен біздей мұңдық?– деген гөй-гөйінің зар сырын жанымен ұғады. Әжесі көне
жырларды көп білетін, өзі де аздап өлең шығаратын ақынжанды адам екен. Соның әсері болса
керек, Бейімбет қаршадайынан өнерге құмартып өлеңге әуестенеді.
Майлин алғаш рет ауыл молдасынан сауат ашып, хат таниды. Содан соң есігінде жүрген
бай үйінде тұратын Әбдірахман Сатыл-балдин деген татар мұғалімнен дәріс алады. Одан әрі
іргелес көрші ауылдағы басқа бір Әбдірахман Арғынбаев дегеннің медресесіне түсіп, екі жыл
(1910—1912) оқиды. («Шұғаның белгісіндегі» бас кейіпкердің учитель болуы және Әбдірахман
атануы тегін еместі). Өз бетінше кітап оқып, көп ізденеді; қалаға барып, білімін одан әрі
көтеруге талаптанады. 1938 жылы жазықсыз тұтқындалып, қызыл қырғын саяси репрессияның
құрбаны болады [2, 199-202 б.].
Ілияс Жансүгіровтың өскен ортасы да, өмір кешкен қоғамы да оның ең алғаш қалам
тартып, ақындық жолға түсуіне түрткі болған, дарынын, ішкі талант құбылыс-қасиетін ашқан,
әсемдік әлеміне жетелеген –Жетісу табиғаты мен өзінің туып-өскен жерінің сұлулығы. Әдетте,
сұлулыққа тәнті болған адам ғана құштарланады, іңкәрлік сезімге бөленіп, толғанысқа, қиял-
сезімге бой ұрады. Бұл жайтты Ілияс та басынан кешірген. Бойындағы сезімтал қасиеті оның
ойын сан-саққа жүгіртеді, қинайды, әбден қалжырап, бәлкім қасындағы өзін сезетіндей адам
табылмағасын қолына қалам алуы да ғажап емес. Алғашқы өлеңдерінің бірінде былай деп
жырлайды: - Ащы көңіл, Тұщы өмір, Төсек –темір, бар ма дос? Қайғы баптап, Ойды шақтап
Сырғанақтап жүрмін бос. («Шам-шырақ»).
Жоғарыда айтып өткеніміздей, Ілиясқа жас, албырт кезінде табиғаттың сұлу көрінісі
ерекше әсер еткен. Табиғатқа іңкәрліктен туған балғын жырлары айналадағы тылсым сәт пен
жарқыл қаққан өмір көріністерінен туса, кейінірек эпикалық шығармаларға батыл ауыз салады.
“Ілияс поэзиясындағы мөлдір арнаның бірі - табиғат лирикасы”- дейді, академик Р.Нұрғалиев
өзінің “Арқау” атты монографиялық еңбегінде. “Туған жерін, елінің тау-тасын өзен – көлін
беріле сүйген патриот ақын қоршаған ортаның ғажап сұлулығынан өз шабытына нұр алып, сан
алуан бояулары буырқанған ғажап суреттер салды.
Бұлардың ішінде нақты географиялық мекені танылған (“Ағынды менің Ақсуым”),
табиғаттың бір сурттегі көрінісін бейнелейтін (“Ақшам”, “Бұлт”, “Желді күн”, “Жазғы
таң”),құбылысты көз алдыңа әкелетін (“Жауында”, “Жел”, “Тас”) сан алуан үлгілері бар.
Натюрморт, этюд, эскиз сипатындағы туындылардағы ойлар, символдық бейнелер, ишарат
образдар философиялық идеяларға жетелейді, көп мағыналы сарын- әуездерді тудырады”.
Шынында да ақынға суреткерлік, қылқалам шеберлігі секілді қасиетке ие болмай, ірі
полотно жазу мүмкін емес. Ілияс өз бойындағы осы бір буырқанған қасиетті ауыздықтай ала
алды ма? -Жоқ! Шынайы дарын тірі, көрікті табиғатты сезіне отырып оның тылсымынан шыға
алмастан, оны мүмкін-қадірінше одан әрі игергісі келетіндіктен, қаламын сілтей берді. Қазақ
ортасында өлең өнері ертеден-ақ ерекше орын алды десек, табиғатты жырлау кенже қалған
тақырыптардың бірі. Ілияс мұны сезінбеуі мүмкін емес. Сезінді де, осы тақырыпқа ерекше ден
қойды. Ілиястың табиғат лирикасына орай жазылған қай өлеңін алып қарасаңыз да, ондағы стиль
өрнегі, қаламгерлік дара тұлғасы айқындалып тұрады.
Өлеңіндегі эпикалық кеңдік, теңеу, эпитет, метафора, градация, эпифора, анафора
байлығы оның поэзиясындағы негізгі белгілері десек, одан халықтық, фольклорлық леп
ескендей сезіледі. Олай болуы заңды да. Халқымыздың құт- берекесі дарыған, көне заманнан
даналық пен ақындық мекені болған Жетісу жерінің перзенті Ілияс бала күннен бастап өлең мен
«ҰЛТТЫҚ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР»
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік симпозиумының материалдар жинағы
18
жырдың қойнауында туып, сонда өсіп-өркендеген. Нәтижесінде, нағыз халықтық пафоста,
танымдық-білімдік тұрғыдан берері мол, этнографиялық ғылым саласына жақын жазылған
өлеңді оқып тамашалайсыз.
Ақ үйге алты қанат келсем кіріп,
Босаға, маңдайша мен табалдырық,
Кереге алты жапсар, алпыс уық,
Шаңырақ, күлдіреуіш оған жуық.
Құр, таңғыш, басқұр, арқан, екі аяқ бау,
Төрт ірге, есік жабық, ши туырлық,
Он бес бау ішкі-сыртқы белдеу, желбау,
Тұскиіз көрпе, көпшік, шай шымылдық
Текемет, жастық, шапан, кілем, сырмақ,
Алаша, бешпет, көйлек, сәлі бөрік,
Самаурын, үстел кесе, шәйнек, шәугім,
Дөдеге, сандық, кебеже, ақ түндік.
Бұрын-соңды мұндай өлең жазылмаған. Бұл қазақ поэзиясындағы жаңа серпін, жаңа
үрдіс. Бұл өлең үлгісін Ілияс жас шағында жазған. Қазірде ұмытыла бастаған үй- жабдығын
өлеңмен өріп, атауын атап, түсін түстеп беру Ілияс шығармаларын ерекше ажарландырады. Осы
тұрғыда жазылған өлең үлгілері Ілияс поэзиясында кейінгі кезеңдерде берік орын алған. «Жетісу
суреттері» өлеңі Ілиястың ең айшықты шығармаларының бірі. Өз тұрғысында М.Әуезов бұл
шығарманы бағалап, былай деген еді: «Мен Ілиясты бұрын білуші ем, өлеңдерін оқып
жүретінмін. Бірақ оның шын мағынасында дарынды ақын екенін мойындағаным сол «Жетісу
суреттері» өлеңін оқығаннан кейін» дейді. «Жетісу суретінде» ақын 52 тіршілік иелерін атап
өтеді. Өлең жолдары былай келеді: Мінеки. Алатауға біткен торғай: Қара, боз, суық, бұқпас,
сипті, шымшық, Шапшақай, майлық, маубабұқа, шөже, Тоқылдақ, сан-сапалақ атаулысы... Ал
аңдар атаулысы: сілеусін, ілбіс, аю, бұғы, бұлан, қасқыр шибөрі, қарсақ, сусар, бұлғын, жанат
таутеке, арқар, қарақұйрық, суыр, марал т.б. Жыртқыш құстар: тазқара, балтажұмар, құмай
жұртшы, су бүркіт, лашын, тұйған, тұнжыр, тынар, мықи, ителгі, бәрпі, қырғи, тұрымтай,
бидайық, бүркіт, тығанақ тағы басқа да құстар мен қазірде ұмыт болған ағаш-шөптердің
атаулары өлеңде ерекше жарасым тауып, табиғи түрде орын тапқан. Көзі тірісінде ақындықтың
Құлагері атанған Ілияс 1938 жылы жазықсыз жазаға ұшырайды.[3, 249-283б. ]
ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Әбішев Ә. Заңғар: Сәкен Сейфуллин туралы эссе - естелік //Сөзстан.- Алматы, 1986.-.
8 кітап.
2. Мұқанов С. Есею жылдары. – Алматы:Жазушы, 1970 ж.
3. Қаратаев М., Т. Нұртазин, С. Қирабаев. Қазақ совет әдебиеті. – Алматы:Мектеп,1987 ж.
ӘОЖ 37.017.2.
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ҚОЛӨНЕРДІ ҮЙРЕТУДІҢ БАСТЫ МІНДЕТТЕРІ
Есімова Ж.К., Әміркұлова Ә.Д.
Жамбыл ауданы, «Ақтерек ауылындағы ОМ МДШО және Жаманты БМ» КММ, Алматы обл.
Оқушыларға қолөнерді үйретудегі оқытуға дайындау әдістемесі арқылы мектеп
оқушыларының көркемдік білім алуына эстетикалық тәрбиесінде ұтымдылығын зерттеу
жұмыстары мынадай міндеттерді анықтауға мүмкіндік туғызды:
1. Мектеп оқушыларын өнер пәнін оқытуға дайындау әдістемесі арқылы көркемдік білім
беруді ұйымдастыру үшін көркемдік білім беру үрдісінен, қолөнердегі оқу мен тәрбие
жұмыстарын жоспарлау, ұйымдастыру және оны талдау туралы білімдерді меңгерту қажеттігін