«Ұлттық рухани қҰндылықтарды дамыту мақсатындағы инновациялық технологиялар»



жүктеу 1,32 Mb.
Pdf просмотр
бет14/37
Дата27.12.2019
өлшемі1,32 Mb.
#25103
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   37

«ҰЛТТЫҚ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДАҒЫ  ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР»  

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік симпозиумының материалдар жинағы 

 

 

29 


Патриотизмге  тәрбиелеудің  ұзақ  мерзімді  мақсаты  –  азаматтарды  біріктіру, 

азаматтарға Тәуелсіздіктің құндылықтары мен жетістіктерін ұғындыру, оларды мемлекеттік 

рәміздер  мен  идеология  төңірегіне  топтастыру.  Бұл  –  ұзақ  мерзімді  мақсат.  Оған  қол 

жеткізудің  басты  жолы  –  толеранттылық,  бірлік,  өзара  көмек,  қайырымдылық  т.б.  Бұлар 

біздің  мемлекетіміздің  басты  жоспарлары  мен  мақсаттарында  толықтай  көрініс  тапқан, 

алайда  олар  жалпы  ұлттық  құндылықты  бағыттарды  нығайту  бойынша  жастар  саясатын 

жоспарлы жүргізбейінше жүзеге аса алмайды. Жастар үшін осындай тәрбиелік мәнді істердің 

бірі – әр түрлі деңгейлер мен мазмұндағы тәрбиелік шаралар, мемлекеттік мерекелерді атап 

өту,  түрлі  патриоттық  акцияларды  ұйымдастыру  мен  жүргізу.  Олардың  ішінде  жыл  сайын 

өткізіліп отыратын ҚР мемлекеттік рәміздерінің күнін тойлау ерекше орын алады. 

Кешенділік,  салмақтылық,  орнықтылық,  ерлік,  толеранттылық,  қарапайымдылық, 

еңбекке  қабілеттілік,  шын  берілгендік  пен  жауапкершілік  –  патриоттық  тәрбие  саясат 

ағынындағы  қазіргі  заманғы  шаралардың  басты  сипаттары.  Сондықтан  қазақстандық 

патриотизм  мен  елдің  экономикалық  әлеуеті  тығыз  байланысты.  Қазіргі  патриотизм  XXI 

ғасырдағы  Қазақстанға  қажетті  еңбек  өнімділігі  мен  мәдениеттің  ұйымдастырылуына  бара-

бар  деуге  болады:  бүгінгі  күні  ол  халықтың  ішкі  «жинақтылығын»,  халықтың  қоғам  мен 

мемлекет  мүдделеріне  белсеңді  түрде  қызмет  етуін  білдіреді.  Патриотизм  іс-әрекет  ретінде 

барынша  керек  нәрсе  және  қоғамды  консолидациялау  ісінде  жүйені  қалыптастырушы  күш 

ретінде көрінеді. 

Егер  рухани  дамыған  бәсекеге  қабілетті  тұлғаны  дамыту  патриоттық  тәрбиені 

қалыптастыру  негізінде  және  оны  патриоттық  құндылықтарды  оқушыларға  игерту  арқылы 

жүзеге  асып,  ал  патриоттық  тәрбиені  дамытудың  қайнар  көздері  сан  алуан  екендігіне  біз 

ғылыми  –  педагогикалық  әдебиеттерді  талдау  барысында  көз  жеткізсек,  онда  ұлттық 

тәрбиені  дұрыс  насихаттап,  жан-жақты  дамыған  өз  елінің  жанашыр  патриотын  тәрбиелей 

аламыз.  Тәрбиенің  негізі,  оның  мақсаты,  міндеті,  мазмұны,  түрі,  құрылымы,  әдісі,  тәсілі, 

заңдылықтары,  принциптері,  құралдары  бар.  Сол  сияқты  қазақстандық  патриотизмнің 

мақсат,  міндеті,  түрі,  әдіс-тәсілі  бар.  Егер  патриоттық  тәлім-тәрбиемізде  осы  негіздер 

болмаса ол жәй сөз болып қалуы мүмкін. Өзін-өзі білмеген адам өзінің кім екенін түсінбейді. 

Қазақстандық  патриоттық  тәрбие  бүгінгі  өмірден  оқшауланбайды,  қайта  жаңа 

өмірмен қауышып ұлттық тәрбиеге жаңа мән береді. Ұлттық тәрбие дегеніміз ол оқшаулану 

емес, керісінше ұлттық тәрбие үлгілерімен әлемдік идеяларды қабылдап, ненің тозық, ненің 

озық  екенін  тани  білу,  өрісі,  дүнитанымы  кең  азаматтарды  тәрбиелеуге  мүмкіндік  болады 

деп түсіну қажет және солай да. Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: "Қазақстанның 

отаншылдық  сезімін  тәрбиелеу  білім  берудің  мектепке  дейінгі  жүйесінен  жоғарғы  оқу 

орындарына  дейінгі  орталықтарда  барлық  ұйымдарда  көкейкесті  болып  табылады. 

Балаларды  Отанды  ,  туған  жерді,  өзінің  халқын  сүюге  тәрбиелеу-мұғалімнің  аса  маңызды, 

аса  жауапты  да  қадірменді  парызы"-деген  еді.  Әр  дәуірдің  тарихи  кезеңдерінде 

Отансүйгіштікке  тәрбиелеудің  өзіндік  мүдделері  болады.  Ол  ең  алдымен,  "ұлтжандылық", 

отансүйгіштік",  "  патриотизм",  ұғымдары  сол  заманның  ақиқаты  -  наным  -  сенімінен 

туындайды. Еліміз егемендік алғаннан бері жас ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы-қазақстандық 

патриотизм болды. 

Мектеп  оқушыларын  патриотизмге  тәрбиелеу  мәселелерін  зерттеген  ғалымдардың 

еңбектерінің  қорытындылары  мен  тікелей  мектеп  практикасындағы  мұғалімдердің  іс-

тәжірибелерінің  нәтижелеріне  сүйене  отырып,  біз  мектепте  патриотизмге  тәрбилеу  -

оқушылардың  нақты  іс-әрекеті,  мінез-құлқын  ұйымдастыру,  оған  бағыт  беруді  негізге  алу 

керек  деп  ұйғардық.  Патриотизмге  тәрбиелеу  үрдісінің  танымдық  мәнін  естен  шығаруға 

болмайды,  бірақ  ол  әрбір  оқушыда  патриоттық  сана,  патриоттық  сезім  қалыптастырудан 

бастау алғанда ғана тиімді болмақ. Сондықтан оқытушылар өз қызметінде біріншіден терең 

патриотизм  –  Отанға,  Қазақстанға,  өз  халқына  деген  сүйіспешілік;  екіншіден  -  халықтар 

достығы идеясын ұстану және насихаттау. Адамгершілікті, өркениетті патриотизм қашан да 

халықтар  достығының  идеясымен,  тәжірибесімен  үндесіп  жатуы  тиіс.  Демек  патриотизм  – 



«ҰЛТТЫҚ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДАҒЫ  ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР»  

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік симпозиумының материалдар жинағы 

 

30 


қоғамдық  сананың  бір  формасы,  ол  қоғам  дамуымен  бірге  дамып,  жаңа  мазмұнмен  толыға 

түседі. 


“Қоғамда  Қазақстан  -  біздің  Отанымыз,  бұл  ұғымға  өте  көп  нәрсе  кіреді  деген 

қарапайым  ойды  қалыптастыру  керек”  –  деген  Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  сөзі  терең  ойдан 

туындаған пікір екенін әрқайсымыз жақсы түсінуіміз қажет.  

Қорыта айтқанда, көркем шығармалар негізінде жеке тұлғаның дамуы мен тәрбиесін 

қазақстандық  патриотизм  рухы  негізінде  жүзеге  асыру  өзекті  де,  күрделі  мәселе  болып 

табылады.  Бүгінде  «Мен  патриотпын»  деген  замандастарымыздың  бойынан  нағыз 

ұлтжандылық  сезімнен  гөрі,  мендік  патриотизм  өріс  алғанын  байқаймыз.  Яғни,  олар  өзінің 

бас мүддесін бірінші орынға қояды, ұлттық, елдік мақсат келесі орынға қалады. Сондықтан 

әр  адамның  бойынан  өзімшілдік,  менмендік,  тек  өз  пайдасын  көздейтін  пиғылдан  арылту 

үшін,  ұлтжандылық  тәрбиесіне  баулу  керек.  Ол  ата-бабаларымыздың  ерлік  істерінен,  аңыз 

әңгімелерінен,  батырлар  жырынан  мысал  келтіре  отырып,  солардан  үлгі  алу,  өздерін 

солардың  ұрпағы  екендігіне  көз  жеткізе  отырып,  еліктету  арқылы  іске  асыруға  болады. 

Сондықтан  әр  адамның  бойына  Отанға,  халқына  шын  берілгендіктен,  ата-салтына,  ел 

тарихына деген құрмет, ерлік рухы қалыптасуы керек. 

Патриоттық  тәрбиенің  объектісі  мен  қайнар  көзі  –  Отан  десек,  оның  мазмұны  – 

байлықтары,  тілі,  дәстүрі,  тарихи  ескерткіштері,  туған  өлкедегі  киелі  орындар.  Олардың 

адам көкірегіне жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатып, ізгі де ерлік істердің 

қайнар  көзіне  айналуы  патриотизмге  тәрбиелеудің  арқауы.  Олай  болса,  патриоттық 

тәрбиенің қазіргі кезде алатын орны ерекше. 

Қорыта  айтқанда  әскери-патриоттық  жұмыс  жүйесі  белгіленген  немесе  қалыптасқан 

тәртіп  пен  реттілікті,  бастапқы  ұжымнан  бастап,  басқарудың  ең  жоғары  органдарымен 

аяқталатын  тәрбиелік  қызмет  деңгейлерінің  мазмұнын  құрайды.  Жүйе  құрудың  мақсаты 

практикада  әскери-патриоттық  тәрбиеге  әсер  беретін  барлық  факторлардың  есебін 

қамтамасыз  ету  және  қарулы  күштердің  нығаюына,  олардың  тиімділігінің  жоғарлауына 

жағдай  тудыратын  шарттар  мен  механизмдерді  жасау  болып  табылады.  Осы  бағыттағы 

тәрбие  жұмысын  ұйымдастырып,  бақылап,  нәтижесін  анықтайтын  негізгі  институт  ретінде 

қарастырылады.  Ол  отбасындағы,  мектепке  дейінгі,  мектеп,  кәсіптік  білім  беру 

мекемелерінде  өсіп  келе  жатқан  ұрпақ  тәрбиесін  жергілікті  басқару  органдарының 

деңгейінде,  министрліктер  мен  ведомстваларда  т.б.  ұйымдастырылады.  Жастарға  әскери-

патриоттық тәрбие беру  – Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімге арналған мемлекеттік 

жастар саясатының бір бағыты болып табылады. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР: 

1.  Сақтағанов Б.К. Әскери педагогика. Оқулық. – Алматы, 2012 ж. 

2.  Жақыпақынов  Б.  Б,  Ақынжанов  Қ.  Ж,  Хусаинов  Б.  А,  Куракбаева  А.  Ж.  Әскери-

патриоттық  тәрбие:  теориясы  мен  тәжірибесі.  Оқу-әдістемелік  құрал.-  Талдықорған: 

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, 2016 ж. 

3.  Әскери-патриоттық тәрбие негіздері. Типтік оқу бағдарламасы.- Қарағанды, 2016ж. 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



жүктеу 1,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   37




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау