Тфп-212 Бексейіт Сандуғаш
Тақырып: "Мәңгілік ел" және "Рухани жаңғыру" - жаңа Қазақстан философиясы
Сұрақтар:1. Жаһандық әлемдегі Қазақстанның өркениеттік идентификациясы
Жаһандану заманында адам мен табиғат, техника мен адамгершілік, ислам мен христиандық, ұлттық пен жалпыадамзаттық құндылықтар арасындағы теңсіздік аса зор әлемдік күйреуге, барлық адамзаттың жойылуына апарып соқтыруы ықтимал. Еуразияшылдықты дүниеге айрықша қатынас түріндегі мәдени-философиялық доктрина ретінде жүзеге асыру осы теңсіздікті жоюдың басты жолы, адам тіршілігінің әр түрлі тараптарын үйлестірудің бірден-бір тәсілі болар еді. ХХІ ғасырда еуразиялық идеяның кең де терең мәнге ие болуы да сондықтан. Ендеше Еуразиялық идея Еуразия құрлығындағы мемлекеттер арасындағы күрделі қайшылықтарды шешудің бірден-бір үйлесімді формасы, сонымен қатар көп деңгейлі интеграциялық үдерістердің қайнар көзі, ендеше, аймақтық қауіпсіздік пен бейбітшілікті қамтамасыз етудің бірден-бір құралы болып табылады.
Аймақтық еуразиялық интеграция, Еуразия кеңістігіндегі мемлекеттердің өзара интеграциялық қауымдастығы олардың әрқайсысының ұлттық егеменділігі мен тәуелсіздігін, тұрақтылығы мен қауіпсіздігін одан әрі қамтамасыз ету үшін өте қажет. Президент Н.Ә.Назарбаев ұсынған еуразиялық идея мен әлемдік дағдарыстан шығудың көрсеткен қазақстандық жолы арасында тығыз байланыс бар. Сондықтан еуразияшылдықтың, еуразиялық экономикалық интеграцияның болашағы өте зор. ХХІ ғасыр – оны Еуразия кеңістігіндегі халықтардың көпшілігі мойындап, болашақта еуразиялық идея үлкен материалдық күшке айналып, Еуразияда, бүкіл дүние жүзінде өзара түсіністік пен рухани келісім салтанат құрған ғасыры болмақ.
2.. Жалпыұлттық және патриоттық "Мәңгілік ел" идеясының нығайтушы құндылықтары
«Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында Елбасы «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын айқындап берді. Шын мәнінде, бұл ұлттық идея біздің халқымыздың сан ғасырлық арманына ғана емес, сондай-ақ Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның дамуының нақты нәтижелеріне негізделетін мемлекетіміздің мемлекеттік идеологиясы.
Мәңгілік Ел мұратын жүзеге асырудың түп негіздерін көрсетіп берген тұжырымдамалық бағдарлама ретінде қабылдауда.
Бұл халқымызға рухани жол көрсететін нақты бағдар екеніне күмән жоқ. Нағыз ұлттық жаңғыру тек Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгенде ғана, Елбасының ұзақ мерзімді стратегиясының негізінде басталды деп айтуға болады.
3.Қазақстанның қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі бағыттары
Қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталып отырған бұл идеяның ұсынылуы уақыт талабы мен ел дамуының тарихи кезеңіне сай, маңызы зор шешім болып отыр. Бұл идеяның үшінші жаңғырудың өзегіне айналуы, елімізге мүлдем жаңаша сипат, тың серпін әкелері анық.
Сананы рухани жаңғыртуға бәсекеге қабілетті, білімді елдің ғана шамасы жетеді. Сол себептен Елбасы рухани жаңғырудағы ұлттық сананың рөліне баса назар аударып, бірнеше міндеттерді айқындап берді. Елбасы аталған мақаладан жаңаша бастау алатын «Туған елге» ұласатын «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынып отыр. Әрбір азаматтың өзінің туған жерінің гүлденуі үшін нақты үлес қосуға үндейді.
Жас буын өкілдері халықтың игі дәстүрінен тәлім алып, елжандылық, патриоттық қасиеттерді бойына сіңіріп өсу үшін нақ осындай бағдардың маңыздылығы зор.
Еліміздің ұлттық білім беру жүйесінде «Қазақстандық патриотизм» ұғымы қолданылып келеді. «Қазақстандық патриотизм» арқылы Отан, туған жер, ел, атамекен, туған өлке туралы түсініктер оқу- тәрбие үрдісінде, сабақтан тыс іс- шараларда Отансүйгіштік сезімді дамытуға, ұлттық салт- дәстүрді сақтау, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу сияқты сезімдерді оқушылар бойында қалыптастыру жүзеге асырылуда.
Достарыңызбен бөлісу: |