«Ұлттық рухани қҰндылықтарды дамыту мақсатындағы инновациялық технологиялар»



жүктеу 1,32 Mb.
Pdf просмотр
бет10/37
Дата27.12.2019
өлшемі1,32 Mb.
#25103
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   37

«ҰЛТТЫҚ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДАҒЫ  ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР»  

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік симпозиумының материалдар жинағы 

 

 

21 


ӘОЖ 001.017.4 

 

ОҚУШЫЛАРДЫ ҚОЛДАНБАЛЫ ҚОЛӨНЕРГЕ БАУЛУ 

 

Жанузақов У.Т. 

Керімағаш-Арасан ауыл-ғы ОМ КММ-сі, Алматы обл., Панфилов ауд. 

 

Қазіргі  кезде  заман  талабына  сай,  мектептің,  ұстаздардың  алдына  қойған  мақсаты  - 



мектеп  қабырғасында  тәрбиеленіп  келе  жатқан  жас  ұрпақты  ұлтымыздың  көнеден  келе 

жатқан  салт-дәстүрімен  таныстыру,  еңбекке  деген  шеберлігі  мен  икемділігін,  өнерге  деген 

сүйіспеншілігін арттыру. Бұл тек ұстаздардың ғана емес, сонымен қатар қазақтың көне салт-

дәстүрін,  әдет-ғұрпын,  тұрмыс-тірліктерін,  қолөнерін  жадымызда  ұстау,  келешек  ұрпаққа 

үйрету, ата-бабаларымыздың дәстүрін ұмыт қалдырмау. 

Бүгінгі  таңда  қолөнерді  оқыту  үрдісінде  көшіріп  салу,  дайын  жобалық  нобайлармен 

жұмыс  жасау  орын  алып  келеді.  Әрбір  оқушының  қоршаған  ортадан  алған  әсері,  көркем 

дүниені  қабылдауы,  жүрегімен  сезінуі,  түсінуі  әр  алуан.  Сондықтан  оқушының  жеке  дара 

қабілетін  ескеріп,  өз  бетімен  ізденуге  жағдай  туғызу  керек  және  өз  ойын  еркін  жеткізіп 

бейнелеуге, шығармашылық жұмыс жасауға жұмылдыру біздің басты парызымыз. 

Осыған  орай,  қазақ  қолданбалы  қолөнеріндегі  кеңінен  тараған  қолөнер  түрлерін 

оқушыларға  көркем  еңбек    сабағында  таныстыру,  осы  бағытта  баули  отырып,  эстетикалық 

тәрбие  беру,  жастарды  халық  қолөнерінің  көп  ғасырлық  үрдісіне  негіздеу 

қалыптастырылады. 

Ұлттық  мектептің  мәні  өз  шәкірттеріне  халқының  мәдениетін  терең,  жан-жақты 

үйрету,  олардың  санасына,  ұлтына  деген  көзқарасын,  құрмет  пен  мақтаныш  сезімін  сіңіре 

білуде, басқа ұлттардың мәдениетін қадірлей білуге ұштастыру болып табылады. 

Егеменді  қазақ  мемлекетінің  болашақ  ұрпақтарының  сана-сезімін,  ұлттық 

психологиясын,  оның  сонау  ерте  замандағы  ата-бабалар  салт-дәстүрімен,  мәдениетімен 

сабақтастыра  отырып,  халықтық  колөнерін  сақтап  қалуға  тәрбиелеу  -  ұлтжанды  ұлағатты 

ұстаздардың  абыройлы  ісі.  Қазақ  қолөнерінің  тарихы  мен  теориялық  маңызын  жете 

түсінуіміз керек. 

Келешек мектептер 12 жылдық оқу бағдарламасында да біздің қазақтың қолданбалы 

қолөнерінің оқушыларға беретін тәрбиелік мәні зор болмақ. Ұлттық тәрбие беру бесігіндегі 

оқушылардың  ата-баба  дәстүрін,  мәдениетін,  қолөнерін  және  азаматтық  арнадағы  асыл 

қасиеттерін  еңбекке  баули  отырып,  жан-жақты  эстетикалық  тәрбие  беру,  мәдени  мұраны 

жүйелі меңгеруге, рухани мұрасын бағалай білуге тәрбиелеу мүмкіндіктері қарастырылады. 

Сондықтан оқу-тәрбие жұмысының барысында, еңбек сабағында оқушыларға кәсіби көркем 

еңбек  пәнінің  жұмыстарында  халқымыздың  ұлттық  қолөнерін  халқымыздың  салт-

дәстүрімен,  әдеп-ғұрпымен  таныстыра  отырып,  оқушының  іскерлігін,  дағдысын,  еңбекке 

деген  ынтасын  қалыптастыруды  негізгі  мақсат  етіп  қою  -  біздің  міндетіміз.  Ұлттық 

мәдениетке  негізделген  қазақ  мектебінің  қайта  түлеуі  қазіргі  таңдағы  көкейкесті  мәселе 

болып  отыр.  Өйткені  оқушылардың  көркемдік  білім  алуын  арттыру  және  рухани  деңгейін 

дамыту,  шығармашылыққа  тәрбиелеу  -  қазіргі  білім  беруде  көзделіп  отырған  мәселе.  Осы 

тұрғыдан  келгенде  оқушылардың  жұмыс  істеу  әдет-дағдыларын  көркем  шығармашылық 

іскерлікпен  жалғастырып  дамыту  мәселесі  қарастырылады.  Оқушыларды  әсемдікті  сезініп, 

түсініп, қадірлей білуге баулу эстетикалық тәрбие беру арқылы іске асырылады. 

Бұл күнде ауылдық жерлердің өзінде ұмыт бола бастаған, тіпті кейінгі жастардың көбі 

біле  бермейтін  киіз,  текемет  басу,  алаша,  кілем,  ши  тоқу  өнері  халықтық  ұлттық 

қолөнеріміздің  ұмыт  бола  бастаған  түрлері  деуге  болады.  Ата-бабаларымыздың  ұлттық 

өнерін ұрпаққа айтып жеткізу біздің парызымыз және оны үйрету де біздің міндетіміз екенін 

есте сақтау абзал. 




«ҰЛТТЫҚ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДАҒЫ  ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР»  

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік симпозиумының материалдар жинағы 

 

22 


Өнер  мен  білім  беру  ісін  бір-бірімен  ұштастырып,  бала  санасына  ұялатуда  үлкен 

жүрек,  мол  іждағат,  мейірімділікпен  қоса,  кәсіби  дарын  ізденімпаздық,  іскерлік  керек 

екендігін баса айтуымыз керек . 

Мектепте көркем еңбек сабағын халықтық педагогикамен ұштастырудың маңызы зор. 

Еңбек  оқушылардың  ең  бірінші  өмірлік  қажетіне  айналу  үшін,  еңбек  ету  талабын  адамның 

бойында  тәрбиелеудің  зор  маңызы  бар.  Бұл  міндет  -  адам  өзі  ынта  қойған  еңбекпен 

шұғылданып, оның бейімделігімен мүддесіне сай келетін және адамгершілік қанағат беретін 

іспен  шұғылданған  жағдайда  ғана  жүзеге  асырылады.  Сондықтан  да  бұл  міндеттерді  шешу 

еңбекті дұрыс таңдап алумен аса тығыз байланысты. Еңбекке тек шығармашылықпен қарау 

ғана, тек жасау мен материалдық игілік алудың құралынан, ортақ рухани және  ең алдымен, 

адамның адамгершілік дамуының құралына айналдыра алады. 

Көркем  еңбек    сабағы  -  мектеп  оқушыларын  рухани  байытып,  дүниетанымын 

қалыптастыратын пәндердің бірі. Көркем еңбек  пәнінде ұлттық қолөнерді, тәрбиені үйрету 

арқылы мынадай дағдыларды немесе іскерлікті қалыптастырамыз: 

 

еңбекқорлыққа; 



 

ұлтжандылыққа; 



 

рухани мәдениетке; 



 

іскерлікке; 



 

шыдамдылыққа; 



 

ізденімпаздылыққа 



Оқушыларды  еңбек  қызметіне  іс  жүзінде  даярлау  міндетінің  де  маңызы  бұдан  кем 

емес,  өйткені  адам  белгілі  бір  еңбек  дағдыларына  ие  бола  отырып,  еңбек  ете  алмайды,  әрі 

бұдан басқа еңбек үрдісінде ғана, оқушыларды мектептегі сарамандық еңбек қызметіне тарту 

жолымен еңбекке қатынастық негізін қалауға болады. 

Халық  қолөнерінің  бай  мұраларын  жинап,  сұрыптай  отырып,  заманымызға  сай 

лайықты сапа, түр беру әдісімен оларды ілгері дамыта беруіміз керек. 

Халық өнерін оқып, оны өмірмен ұштастыра білген адамның жан дүниесі кеңейеді, ой 

алғырлығы  артады,  шеберлігі  кемелденеді.  Ол  адамның  мәдени,  рухани  және 

шығармашылық дәрежелерінің көрсеткіші ретінде адамның күш-қуатының даму үрдісін іске 

асырады,  кісіні  сауаттылыққа  жетелейді.  Сондықтан  сол  өнерді  келешек  ұрпаққа  жеткізіп 

түсіндіре  дамыта  білуді  негізгі  мәселе  деп  қараймыз.  Оқушыларға  өздері  оқып  үйренетін 

ғылым  негіздерінің  іс  жүзіндегі  маңыздылығын  көрсетіп,  олардың  бойында  машықтанып 

алған білімдерін қолдану дағдыларын жасаудың маңызы зор. 

Сонымен  бірге,  оқушы  өзін  қоршаған  ортаның,  дүниенің,  салт-дәстүріміздің, 

қолөнеріміздің  адам  айтқысыз  қымбат,  замандар  бойы  тарих  жасап  қалдырған  асыл  мұра 

екенін жете түсінуі керек. 

Жоғарыда  айтылғандардың  бәрі  кәсіби  технология  үйірме  сабағында  үйрету,  оқыту, 

игерту  болып  табылады.  Мүмкін  болмаған  жағдайда  Технология    жұмыстарында 

жалғастыруға тура келеді. 

Қолөнер  халық  өмірімен,  тұрмысымен  бірге  жетіліп,  біте  қайнасқан  өміршең  өнер. 

Адамзат дамуының қайсысында болмасын, қоғаммен бірге дамыған қолөнер әр дәуірге өзінің 

өшпес  ізін  қалдырып,  әлеуметтік  көркем  жағынан  дәуір  тынысын  қалт  жібермей  әсерін 

тигізіп отырған. Қолөнер дүниежүзінің барлық халқына тән. Бұл – халық қазынасы, ғасырлар 

мұрасы.  Соған  орай  әр  елдің,  әр  халықтың  тарихи  дамуына  байланысты  қолөнері  өзіндік 

ерекшелігі  мен  эстетикалық  талғамына  байланысты  қолөнері  өзіндік  ерекшелігімен  халық 

өміріне  өшпес  із  қалдырып  отырған.  Халқымыздың  қолөнерінен  туған  асыл  мұраларын  әр 

оқушыға  саналы  түрде  жеткізуге,  оның  сырын  ұқтыруға,  түсіндіруге,  терең  зерттеуге,  одан 

әсер  алуға,  қазіргі  заман  талабына  сай  көркем  шығармашылықпен  дамытуға  тиістіміз. 

Халықтың  мәдени  дәрежесі  өскен  сайын  тұтыну  бұйымдары  мен  жабдықтары  талапқа  сай 

әдемілене, әшекейлене түсуде. Оны күнделікті өмірде қазіргі қолөнер туындыларынан көріп 

жүрміз. 



жүктеу 1,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   37




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау