«Ұлттық рухани қҰндылықтарды дамыту мақсатындағы инновациялық технологиялар»



жүктеу 1,32 Mb.
Pdf просмотр
бет18/37
Дата27.12.2019
өлшемі1,32 Mb.
#25103
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   37

«ҰЛТТЫҚ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДАҒЫ  ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР»  

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік симпозиумының материалдар жинағы 

 

 

37 


- оқу  бағдарламалар,  оқулықтар,  көрнекілік  құралдар,  электрондық  оқулықтар, 

дидактикалық материалдар, технологиялық карталар, фотосуреттер; 

- оқытудың инновациялық технологиялары; 

- оқушыларды материалдық қамтамасыз ету: 

- кітапхана қоры; интерактивті тақта; 

- бейне таспа түсірімдері (видео); 

- компьютерлік кластардың оқу материалдарымен жабдықталуы. 

Жоғарғы  сынып  оқушыларын  термебау  өнеріне  үйретуде  -  өзіне  тиісті  әрекетті 

орындауға қабілетті және дайын деп есептейтін тұлғаның субъективті жағдайы, хал-күйі деп 

тануға  болады.  Осылайша,  оқушылардың  қолөнер  пәнін  оқытуда,  оларды  шеберлікке 

дайындау  үлгісін  жасай  келе,  біз  негіз  ретінде  үш  құрамдаушыны  алдық  (мотивациялық, 

мазмұндық  және  іс-әрекеттік).  Қолөнер  саласындағы  ғылыми-педагогикалық  әдебиеттерді 

талдау  мен  эксперименттік  зерттеу  нәтижелері  оқушылардың  қолөнердегі  әдістемелік 

дайындығының құрылымдық моделін анықтауға септігін тигізеді. Қазақ қолөнерінің қандай 

түрінде  де  ою-өрнектер  пайдаланылады.  Термебаудан  жасалған  бұйымдарда  да  олар  өз 

орнын  тауып  жатады.  Негізінен,  қазақ  символы  көп  қабатты.  Ол  басқа  символдармен 

астасып,  мағынасын  байыта  береді.  Этнографтардың  айтуынша,  бұл  жерде  ұшбұрыштың 

және оған қиысатын барлық элементтердің мәні айрықша. Олардың түсіндіруінше, үшбұрыш 

магиясының мәні үш дүниені тұтастыра білуінде. Қазақтың дәстүрлі көзқарастары  бойынша,  

үшбұрыш  –  су,  жер,  ауа  –  үш  ғаламның  белгісі  болып  саналатын  балықты,  оқты,  құсты 

меңзейді. Егер де осы үшбұрыштың ішіне қошқар мүйіз өрнегі қиысса, ол отты бейнелейді. 

Жалпы  қазақтардың  ұғымында  ою-өрнек  ол  барлық  «кіріс»  пен  «шығысты»,  «жағал»  мен 

«қиысуды» белгілейді. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР: 

1.  Адамқұлов Н.М. Қолөнер бұйымдарын жобалау негіздері. –А, 2007 ж. 

2.  Қасиманов С. Қазақ халқының қолөнері. – Алматы: Қазақстан, 1995ж. 

3.  «Шаңырақ»  Үй –тұрмыс энциклопедиясы. -  Алматы, 1989ж. 

4.  Адамқұлов Н.М. Ұлттық қолданбалы қолөнер. – Алматы, 2006 ж. 

5.  Адамқұлов Н.. Өнімді еңбек. – Талдықорған,  1997 ж.  

6.  Адамқұлов Н.. Ұлттық қолданбалы қолөнер. -  Алматы, 2007 ж. 

 

 

ӘОЖ 378:372.87. 

 

БОЛАШАҚ ТЕХНОЛОГИЯ, БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ ЖӘНЕ СЫЗУ ПӘНІ МҰҒАЛІМІН 

ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕРГЕ ДАЯРЛАУДЫҢ  ҚҰРЫЛЫМЫ 

 

Қырғызбаева К.А., Таурбаев А.Р., Ченарбекова А. 

Панфилов ауд., Кіші-Шыған ОМ, Алматы обл. 

 

Болашақ технология, бейнелеу өнері және сызу пәні мұғалімдерін қолөнерге оқытуға 



дайындаудың  әдістемесі  пәнінде  жоғары  оқу  орындарындағы  оқыту  үрдісінде  болашақ 

мұғалімді дайындаудың әдістемелік құрылымы туралы мынадай тұжырым жасауға болады:  

1.  Көркемдік  эстетикалық  білім  мен  тәрбие  беру  мәселелерінің  методологиялық 

жағына  назар  салудың  бір  жағы  пәнді  оқытып,  үйрету  әдістерін  жасау.  Әдіс  танымдық 

үрдістердің  тәсілдері  мен  жолдарының  жүйесі  ретінде  өнерді  оқытуда  маңызды  рөл 

атқарады,  оның  нәтижелері  көбінесе  қолданылатын  әдістердің  жетілген  дәрежесімен 

айқындалады. 

2.  Болашақ  технология  пәні  мұғалімдеріне  қолөнерді  оқытуға  дайындаудың 

әдістемесінде  қажетті  болашақ  мұғалімнің  алғашқы  әдістемелік  білімдер  жүйесі-қолөнерді 

мектепте  оқыту  әдістемесі  пәні  арқылы  оқытудың  қазіргі  жағдайына  диагностика  жасау 




«ҰЛТТЫҚ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДАҒЫ  ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР»  

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік симпозиумының материалдар жинағы 

 

38 


әдістері,  оны  жоспарлау  әдістері,  ұйымдастыру  әдістері  және  ұйымдастырылған  іс 

шараларды талдау әдістері туралы білімдерімен айқындалады. 

3.  Болашақ  технология  пәні  мұғалімдеріне  қолөнерді  оқытуға  дайындаудың 

әдістемесінде болашақ мұғалімдерді көркемдік білім берудегі қазіргі заманғы тәжірибелерді 

саралау  арқылы  бағдарлы  оқытудың  басты  бағытын  аңықтауға  ықпал  ете  отырып,  жоғары 

сынып  оқушыларының  жеке  қызығушылықтары  мен  танымдық  қажеттіліктерін,  өмірдің 

өзекті  тұстарын  пайымдауына,  келешекте  олардың  өнер  түрлерінен  жоғары  оқу  орындарда 

білім  алуға  бағытталуына  әсер  ету;  әртүрлі  өнер  түрлерінің  әсер  ету  күшімен  оның 

заңдылықтарына  сүйене  отырып,  жоғары  сынып  оқушысының  тұлғасын  қалыптастыру; 

оқушыларды  Отандық  және  шетел  өнерімен  таныстыру,  олардың  рухани  ішкі  дүниесін 

байытып  өнерді  қабылдап,  түсінуін  арттыру;  тыңдаушы,  көрермен,  оқырмандық  қабілетін 

дамыту;  көркемдік  мәдениеттің  даму  үрдісінің  заңдылықтарын  ашатын  білім,  білік, 

дағдыларын  жетілдіру;  өнер  тілін  меңгеруге,  көпұлтты  Қазақстан  жерін,  өз  Отанын  мақтан 

тұтып,  әлемдік  мәдениетке  деген  құрметін  тәрбиелеу  әдістерін  үйрету  іс  әрекеттері  болып 

анықталады. 

4.  Болашақ  технология  пәні  мұғалімдеріне  қолөнерді  оқытуға  дайындау  әдістемесі 

арқылы  мектеп  оқушыларына  қолөнер  арқылы  эстетикалық  тәрбие  беру  болашақ  ұрпаққа 

сұлулық пен әдемілікті дұрыс ұғынуға жетелеп, сезім байлығын қалыптастыруда көркемдік 

білім  беруді  ұйымдастыру  формалары  дәстүрлі  және  дәстүрлі  емес  сабақтар  (мектепте 

немесе мектептен тыс), сабақтан тыс тәрбие сағаты, байқаулар, кештер өткізу, семинар, пікір 

сайыстар, форумдар, т.б ұйымдастыру әдістерін табу. болып табылады. 

5.  Болашақ  технология  пәні  мұғалімдеріне  қолөнерді  оқытуға  дайындау  әдістемесі 

арқылы  әдістемелік  оқытуды  ұйымдастырудың  шешуші  факторлары:  болашақ  мұғалімдер 

мен оқушылардың қолөнер шығармаларының тәрбиелік ықпалы туралы түсініктердің болуы; 

өнердегі әсемдікті, сұлулықты көріп, оны бағалай білу; жергілікті өлкетану мұражайы, өнер 

мұражайларында  оқушыларға  өзіндік  жұмыстар  жүргізілуі,  көркем  шығарманы  талдауға 

және  ол  туралы  өз  пікірін  сауатты  жеткізе  білуге  үйретіп,  көркемдік  пікірлерін 

қалыптастыру, сөйлеу мәдениетін дамытумен анықталады. 

6.  Болашақ  технология  пәні  мұғалімдеріне  қолөнерді  оқытуға  оқытуға  дайындаудың 

әдістемесінде  қажетті  болашақ  мұғалімнің  әдістемелік  дайындығы  олардың  әдістемелік 

білімдері  мен  әдістемелік  іскерліктерінің  дағдыларының  жеткілікті  деңгейінің  болу 

қажеттілігімен сипатталады. 

Ғылыми  педагогикалық  әдебиеттерді  сараптау  нәтижелері  мен  көркемдік  білім 

берудегі қазіргі заманғы тәжірибелерді саралау барысы бағдарлы оқытудың басты бағытын 

аңықтауға  ықпал  етеді-жоғары  сынып  оқушыларының  жеке  қызығушылықтары  мен 

танымдық  қажеттіліктерін, өмірдің өзекті тұстарын  пайымдауына, келешекте олардың өнер 

түрлерінен жоғары оқу орындарда білім алуға деген қызығушылығы артады. Сонымен қатар, 

адамгершілік, әсемдік, отансүйгіштік қасиеттері жетіліп, өзіндік шығармашылық дербестікке 

жетудің алғы шарттары қалыптасатындығын көрсетеді. 

Жоғары  оқу  орындарындағы  оқыту  процесінде    болашақ  технология  пәні 

мұғалімдеріне  қолөнерді  оқытуға  дайындау  әдістемесі  арқылы  мектеп  оқушыларының 

көркемдік  білім  алуына  эстетикалық  тәрбиесіне  болашақ  мұғалімдерді  дайындау 

әдістемесінің ұтымдылығын зерттеу мынадай міндеттерді анықтауға мүмкіндік туғызды: 

1.  Болашақ  бейнелеу  өнері,  сызу  мұғалімдерін  өнер  пәнін  оқытуға  дайындау 

әдістемесі  арқылы  көркемдік  білім  беруді  ұйымдастыру  үшін  болашақ  мұғалімдерге 

көркемдік білім беру үрдісінен, бейнелеу өнерінен оқу мен тәрбие жұмыстарын жоспарлау, 

ұйымдастыру  және  оны  талдау  туралы  білімдерді  меңгерту  қажеттігін  көрсетті.  Болашақ 

бейнелеу  өнері  мұғалімдерін  өнер  пәнін  оқытуға  дайындау  әдістемесі  студенттерді  арнайы 

әдістемелік  білім  мен  іскерліктерін  менгерту  дайындығынан  өткізу  қажеттігі  туындады. 

Жаңартылған бағдарламада көркем еңбек деп аталатын пән, бұрынғы аталуы бейнелеу өнері 

пәні деп қала берсе. 



жүктеу 1,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   37




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау