«Ұлттық рухани қҰндылықтарды дамыту мақсатындағы инновациялық технологиялар»



жүктеу 1,32 Mb.
Pdf просмотр
бет12/37
Дата27.12.2019
өлшемі1,32 Mb.
#25103
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   37

«ҰЛТТЫҚ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДАҒЫ  ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР»  

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік симпозиумының материалдар жинағы 

 

 

25 


3-ші қадам. Қандай мезгілде орындалатынын анықтаңыз.  

4-ші қадам. Сол мақсатқа жетуге қандай әрекеттер көмектеседі, тізімін құрастырыңыз.  

5-ші қадам. Сол тізімнен жоспар жасаңыз.  

6-шы қадам. Жоспарыңызды дереу орындай бастаңыз.  

7-ші қадам. Күнде сол жоспарыңыздың бір немесе бірнеше пунктін орындаңыз.  

Сын  тұрғысынан  ойлау  «ойлау  туралы  ойлану»  деп  сипатталған.  Ол  маңызды 

мәселелерді  талқылау  және  тәжірибені  ой  елегінен  өткізуді  қамтиды.  Сын  тұрғысынан 

ойлау– Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты 

педагогикалық түсінік. Бұл технология студенттердін де, мұғалімдердің де сын тұрғысынан 

ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. 

Сәндік-қолданбалы  өнер    дегеніміз  не,  оның  адам  өміріндегі  қызметі  қандай?  деген  

сұраққа  студент    сын  тұрғысынан  ойланып  ұлтжандылық  сезімі  мен  халқынын  өнері  мен 

мәдениетіне құрметпен қарайды.  

Қолөнер    ғасырлар  бойы  дамып,  қалыптасып  келе  жатқан  халық  творчествосының 

сарқылмас  қайнар  көзі,  халық  мәдениетінің  айнасы.  Ол  талай  ғасырлар  кезеңінен  өтіп 

түрленіп, жаңарып келіп, атадан балаға мұра ретінде бізге жеткен дәстүрлі де қастерлі өнер. 

Қандай  халықтың  қолөнері  болса  да  оның  тарихымен,  қоғамдық  құрылысы,  әдет-ғұрып, 

салт-санасымен астасып қатар өркендейді. 

Қолөнер  адам  баласының  әсемдікке,  нәзіктікке  деген  ұмтылысын,  сол  бағытта 

табиғатты өзінше таңбалап бедерлеуін, сұлулықты іздеуге деген құштарлығын танытады. Ол 

арқылы біз үлкен рухани-эстетикалық тәлім алып,өнер әлеміне қанат қағамыз. Кіп-кішкентай 

түймеден бастап,  толып жатқан үй жиһаздары, ат әбзелдері, қару-жарақ,  музыка аспаптары, 

кілем, киім-кешек, ыдыстар, әсемдік, сәндік бұйымдарының барлығы да халық  қолөнерінің  

туындылары  болып  саналады.  Қолөнер  бұйымдарын  көркем  эстетикалық  талғаммен, 

нақышына  келтіріп  өрнектеп,  әшекейлеп  шығаратын  адамдарды  қолөнер  шеберлері  дейміз. 

Әр  шебердің  өзі  сүйетін  материалы  мен  сол  материалды  ұсатып,  әшекейлеп-өңдеуде 

меңгерген өз тәсілі болады. 

«Рухани-мәдениет  құндылықтары  арқылы  ұлтжандылыққа  тәрбиелеу  дегеніміз-

халықтың  ғасырлар  бойы  жинақтап,  іріктеп  алған  тәжірибесі  мен  ізгі  қасиеттерін  жас 

ұрпақтың  бойына  сіңіру  баланың  қоршаған  ортадағы  қарым-қатынасын,  дүниетанымын, 

өнерге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру» [3]. 

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде: «Рухани-рухқа, санаға байланысты. Рухани даму. 

Рухани қасиет - рухпен байланысты ерекшелік делінген. Рух-зат. Мінезге негіз болатын ішкі 

қажыр, қуат жігер» [4]. 

Жеке  тұлғаның  көркемдік  тәрбиесін  жетілдіру  саласында  орасан  еңбек  еткен, 

профессор Б.П. Юсовтың зерттеуі бойынша  «Руханилық  – бұл риясыз, пәк, асқақ тұрғыдан 

әсер етудің идеалды жоспары. Руханилық - бұл арнаулы емес, керісінше бәріне ортақ. Адам 

рухы кәсіби тұрғыдан емес, өзінің жалпы жеке тұлғалық сапасынан көрінеді. Рух-селқостық, 

пайымдаушылық,  сопылық  емес.  Бұл-жалпы  ізгілікке  жасалатын  белсенділік,әрекет. 

Руханилық  әрекетке  жақсылық  жасау  бақыты,  сондай-ақ  еркіндік,  жекелік,  даралық  тән. 

Даралық бұл-өзінің ішкі дүниеннің мүмкіндіктері арқылы жасау, бұл сенің өз қолыңмен және 

күшіңмен жасай алу негізінде қосатын жеке үлесің. Демек руханилық бұл шығармашылыққа, 

жаңалыққа, арманға қадам жасауды білдіреді. Сонымен руханилық дегеніміз – бұл ой, сана, 

саналылық, даналық [5,6]. 

Құндылықтар  мәселесін  арнайы  зерттейтін  ғылым  саласы  аксиология  (грек  тілінде 

axis-бағалы,  «құндылық»,  logos  –  ілім,  ғылым).  Аксиология  -  құндылықтар  жаратылысы 

туралы,  оның  обьективті  орны  мен  құндылық  әлемдегі  құрылымы  туралы,  яғни  әлеуметтік 

және мәдени факторлар мен тұлға құрылымы арасындағы әр түрлі құндылықтар байланысы 

туралы ілім. 

Қазақ  тілінің  түсіндірме  сөздігінде  «Құндылық»  1)  қымбаттырақ,  бағалылық;  2) 

маңыздылық,  мәнділік  деп  түсіндіріледі.  Қазақ  энциклопедиясында  «құндылыққа»  - 



«ҰЛТТЫҚ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДАҒЫ  ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР»  

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік симпозиумының материалдар жинағы 

 

26 


обьектінің  жағымды  және  жағымсыз  жақтарын  көрсететін  философиялық  және  әлеуметтік 

ұғым деген де анықтама берілген [4]. 

 Қорытындылай келе, халықтың барлық озық идеялары мен тәрбиелік-тәжірбиесі мол 

мәдениетімізде  жинақталғандығын  рухани  мәдени  құндылықтарын  игерту    эстетикалық 

тәрбие  берудің  қажеттілігін  дәлелдейді.  Өйткені,  құндылық    адамды  тұлға  деңгейіне 

көтеретін негізгі құрал болып саналады. Сондықтан да болашақ мектептегі «Көркем еңбек»,  

«Технология»  пәндерінен  беретін  мұғалімдерге,  Дизайн  мамандарына  қойылатын  талап 

ұлттық  рухани  мәдениет  құндылықтарын  игерту  негізінде  берілген  материалдарды 

пайдалану  арқылы,  студенттерге  эстетикалық  тәрбие  беру,  әлеуметтендіру  және 

шығармашылығын дамыту болып табылады. 

Біз «Кәсіптік оқыту және Дизайн» кафедрасының ұжымы жаңа білім беру мазмұнына 

сай Типтік оқу бағдарламасына өзгерістер сурет пәнінен  міндетті пән болып енгізілсе   деп 

ұсыныс білдіреміз. «Көркем еңбек»  пәні мұғалімі сурет өнерінен жан-жақты сауатты білім 

алуы міндетті. 

Кәсіби  педагогикалық  білім  берудің  педагогикалық  маңызы  кәсіби  шеберліктер  мен 

іскерліктер  арқылы  еркін  бағдарлай  білетін,  өзін-өзі  дамытуға  өз  бетінше  жаңаша  ойлауға, 

адамгершілік  тұрғысынан  нақты  шешімдер  қабылдауға  және  бәсекелестікке  қабілетті  жеке 

тұлғаны  рухани-мәдениет  құндылықтарын  игерту  арқылы  қалыптастыру  болып  табылады. 

Осыған  байланысты  кәсіптік  білім  беру  жүйесінде  болашақ  мектеп  мұғалімдерінің 

педагогикалық шеберлігін арттыру қажеттілігі туындайды. 

Кәсіптік  оқыту  мамандығының  білімгерлерін  болашақ  мектептің  «Көркем  еңбек», 

«Технология»  пәндерінің  мұғалімдерін,  Дизайн  мамандарын      ұлттық  рухта  тәрбиелеудің 

маңызды  проблемаларын  шешу,  жасөспірімдердің  рухани  байлығын  арттыру,  оларды 

ұлтжандылық негізінде тәрбиелеу басты міндетіміз.  

 

ӘДЕБИЕТТЕР: 

1.  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Төртінші өнеркәсіптік 

революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері  Қазақстан халқына Жолдауында  10 

қаңтар 2018 ж. 

2.  Дәркембай-ұста  Шоқпарұлы.  Қазақтың    рухани-материалдық      мәдениеті  туралы 

этнографиялық этюдтер. -Алматы, 2006 ж. 

3.  Адамқұлов  Н.М.Ұлттық  қолданбалы  қолөнері.  Жоғары  оқу  орнына  арналған 

оқулық. – Алматы, 2006 ж. 

4.  Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі.-Алматы, 2009 ж. 

5.  Юсов  Б.П..  Проблема  художественного  воспитания  и  развития  школьников. 

Автореферат д-ра пед. наук.-М., 1984 -32 с. 

6.  Нұрмұратов  С.Е.  Рухани  құндылықтар  әлемі:  әлеуметтік  философиялық  талдау.-

Алматы, 2000 ж. 

 

 



ӘОЖ 001. 

 

ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 

 

Жексембаева Ж., Тумарбаева А. 

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті,Талдықорған қ. 

 

Жалпы  білім  беретін  және  кәсіптік  мектепті  одан  әрі  дамыту  жұмыс  жағдайын  сын 

көзбен ой елегінен өткізіп, қажетті өзгерістерді енгізуді талап етуде. Себебі мектептің қазіргі 

жаңа  концепциясында  гуманистің,  адамгершілік  бастауға  маңызды  орын  бөлінген.  Бұл 

оқытудың,  «тәртіпке  салудың»  пәндік  аясынан  шығып,  тұлғаны  еркін,  жан-жақты  жамыту 



жүктеу 1,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   37




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау