Литературоведение



жүктеу 9,27 Kb.
Pdf просмотр
бет84/86
Дата28.11.2017
өлшемі9,27 Kb.
#2113
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   86

 
 Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                                  Вестник №3(51), 2014 г. 
 
174 
мысалы  айтар  болсақ,  болашақ  саясаткерлер  үшін  немесе  жалпы  жұртты  қызықтыратын 
тақырыптар да болуы мүмкін, мысалы, отбасы туралы, денсаулық, бала тәрбиесі, махаббат 
хикаялары және тағы басқа. Тіл үйрену сыныптарында газет мақалаларын дауыстап оқу, 
сұраққа  жауап  беру,  талқылау,  өз  ойын  білдіру  секілді  тапсырмаларды  ұсынуға  болады. 
Екіншіден,  газет  оқу  ынталандыру  қабілетін  арттырады.  Газет,  әсіресе,  үйреніп  жүрген 
тілдің мәдениетімен танысқысы келетін студенттер үшін өте пайдалы, яғни ол басқа елдің 
мәдениетін  танып  білудің  қысқа  жолы  деп  айтуға  келеді  [5].  Аккультурация  басқа  ұлт 
өкілдерінің  мәдениетін  түсіну,  танып  білу,  яғни  басқа  ұлт  өкілдерінің  нені  ұнатып,  нені 
ұнатпайтынын,  қай  жағдай  оларға  теріс,  қандай  нәрселер  оң  әсер  ететінін,  бір  сөзбен 
айтқанда, сол елдің дәстүр мәдениетін тану. Сол мәдени мағлұматтарды газет беттеріндегі 
мақалалардан  танып  білуге  болады,  мысалы  қарапайым  практикалық  мәліметтер  саяси, 
білім жүйелері, заң, денсаулық, спорт және тағы басқа. Газеттер өз оқырмандарына жақсы 
әсер  ететіндей  күйде  болуы  үшін  сыртқы  және  ішкі  келбеті  безендіріледі,  яғни  оның 
өлшемдік формасы жақсы тақырыпшалардың орын алуымен, суреттердің сапалылығымен 
және  тағы  басқа  ерекшеліктерімен  көзге  түседі.  Дегенмен,  көптеген  мұғалімдер  бұл 
аспектіні  негізге  алмай,  газеттегі  мақалаларды  қиып  алып  қолданады.  Ал  бұл 
материалдың аутенттілігіне әсер етеді, сондықтан да бұл материалдарды берілген күйінде 
қолданған жөн. Аутентті газет мәтіндерін таңдау жолдары:  
- мазмұны жағынан оқушылардың білім деңгейіне сәйкес келуі керек
- оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келуі керек; 
- газет мәтіндері қызықты болуы
- газет материалдары  әртүрлі жанрда болуы; 
- мәтіннің тәрбиелік мәнінің болуы; 
- мәтіннің көлемі жас ерекшелік пен білім деңгейлеріне сәйкес келуі қажет. 
Шетел тілі сабағында газет мақалаларын қолдану  сол ұлт мәдениетімен, сол елдегі 
ұлт  жағдайымен,  болып  жатқан    жаңалықтармен  танысуға  мүмкіндік  береді.  Шетел  тілі 
сабақтарында,  мысалы  аутентті  материал  ретінде  газет  мәтіндерін  алуға  болады.  Жалпы 
сабақ  барысында  мәтінмен  жұмыс  кезінде  мәтіналды,  мәтінді  оқу  негізінде  және 
қорытындылау  жұмысы  деп  3-ке  бөліп  қарастыруға  болады.  Ең    алдымен  белгілі  бір 
мақаланың алдын алу жұмыстары жүргізілуі тиіс, яғни мақаламен жалпылама таныстыру, 
мақалада кездесетін жаңа, жат   сөздерге түсіндірме беру секілді  жұмыстары жүргізіледі. 
Ал, мәтінмен жұмыс кезіндегі жаттығулар мәтінді жалпы түсіну жолдарын қарастырады. 
Қорытынды  жұмыстары  –  берілген  мәтінді  қаншалықты  түсінгенін  тексеру  жұмыстары. 
Сонымен қатар бірнеше жаттығулар жасатуға болады:  
- Мәтінді оқып, мәтінге сәйкес келетін суреттерді белгіле; 
- Мәтінді оқып, берілген жаттығуларды орында
- Сұрақ-жауап  жаттығулары  –  ең  көп  кездесетін  жаттығулардың  бірі.  Іштей  бұл 
жаттығудың  екі  түрін  анықтауға  болады:  нақты  жауапты  талап  ететін  сұрақтар,  мысалы 
«Туристер не үшін Балқан түбегіне кетті?» деген сұрақта кімнің (туристер), қайда (Балқан 
түбегіне) кеткені  анық, ол тек   нақты жауапты талап етеді.  Сұрақтың бұл  түрі оқушының 
есте сақтау қабілетін арттыруға  негіз болады. «Не мақсатпен?», «Мәтін тақырыбы туралы 
не айтасыз?» деген сұрақтар жалпы әр оқушының еркін жауабын талап етеді, яғни оқушы 
бұл  сұраққа  еркін  жауап  бере  алады.  Ал,  сұрақтың  бұл  түрі  оқушылардың  сөйлеу 
мәдениетінің, өз ойын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамытуда жақсы әсер етеді. 
-  Мәтін үзіндісін, сөздерді бөліп алып, оны қайта қалпына келтіру жаттығулары;  
-  Мәтінді  өз ойымен аяқтау;  
-  Мәтінді оқып, өз ойын жеткізу; 


Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                                Хабаршы №3 (51), 2014 ж.  
 
175 
 
-  Мәтінге  байланысты  дебат  сабағын  жүргізу  және  тағы  басқа  көптеген  жаттығулар 
жұмысын жүргізуге болады. 
Аутентті газет мәтіндерін ағылшын тілін үйретуде қолданудың маңызды жақтары:  

студенттер  оқып  жатқан    тілде  сөйлеушілердің  өмірдегі,  қолданыстағы  сөйлеу 
әрекеттерімен танысады; 

аутентті  материалдар  студенттердің  тіл  үйренудегі  қол  жеткізген  жетістіктерін 
бағалауларына  мүмкіндік  береді.  Мысалы:  Англияда  өткізетін  4  күндік  саяхат 
кітапшасына жоспарларын толтыру; 

аутентті материалдар түрлі мәтіндерді қамтитындықтан, ондағы тілдік стиль де 
түрлі болады; 

аутентті  материалдар  сол  тілде  сөйлеушілердің  мәдениеті  мен  ерекшеліктері 
туралы мәлімет береді, ол өз кезегінде студенттердің тіл үйренуіне деген қызығушылығын 
арттырады. 
Мәселен,  «New  York  Times»  газетінің  кезекті  нөміріндегі  мақалада  Нью-Йорк 
қаласындағы өмірде болмаған ауа райы туралы жазылған: ызғарлы қыс, аяз және тоқтамай 
жауған  қар  көлемі  нормадан  артық  болды.  Осы  мәтін  негізінде  екі  студент  арасында 
диалог құрылса, онда көптеген мәселелерге тоқталып кетуге болады. Мысалы, әдетте бұл 
уақытта  ауа  райы  қандай  болады  және  ол  неліктен  өзгерді,  оған  не  себеп  болды, 
Қазақстандағы  қалалардың  ауа  райымен  салыстырғанда  өзгешелігі  қандай,  қалың  қар 
кезінде  далада  қалса  адам  не  істеу  керек,  т.с.с.  сұрақтар  қойып,  жағдаятты  іске  асыруға 
болады.  Сонымен  қатар,  АҚШ-тың  әйгілі  «Forbes»  журналында  дүниежүзі  бойынша 
атақты  миллиардер  кәсіпкерлерді  (бизнесмендерді)  атап  өтеді.  Мақалада  әр 
миллиардердің  қаржылық  жағдайы  қандай  екенін,  оның  қандай  кәсіпорындарды 
ашқандығын  және  оның  дүниежүзі  бойынша  қандай  орын  алатыны  айтылды.  Қазіргі 
жасөспірімдер үшін бұл өте қызықты да өзекті ақпарат. Осы орайда келесі сұрақтар тууы 
мүмкін:  неліктен  кәсіптің  бұл  түрі  қазіргі  кезде  кең  орын  алады?  Бұл  миллиардерлер 
осындай  дәрежеге  қалай  көтерілді?  Егер  менің  осыншалықты  едәуір  қаражатым  болса, 
мен не істер едім және т.б. Демек, осы және басқа да туындайтын сұрақтарға жауап беру 
үшін студенттер жағдаятты диалог құрып, пікір алмасады. Осылайша, олар тек АҚШ-тың 
қоғамдық-саяси  өмірімен  танысып  қана  қоймай,  өз  еліндегі  қоғамдық-саяси  жағдайымен 
салыстырады.  Осы  атап  кеткен  газет-журнал  мақалалары  аутенттік  материал  болып 
табылады,  ал  олардың  шетел  тілін  оқыту  барысындағы  маңыздылығы  бәрімізге  мәлім. 
Қазіргі  күнгі  газет  және  журнал  мақалаларының  ішінде  тек  саяси  және  экономикалық 
жаңалықтар  мен  комментарийлерді  ғана  емес,  сонымен  қатар  жарнамалар  мен 
аннонстарды,  хикаялар  және  өлең  шумақтарын  кездестіруге  болады.  Осы  атап 
кеткендердің  барлығы  өзекті  және  заманауи,  яғни  оқушыларға  танымал    ақпаратты 
қамтиды. 
Мәселен, 
нашақорлық 
немесе 
алкоголизм 
мәселесі, 
мемлекеттік 
қызметкерлердің  жемқорлығы,  глобальды  жылу  проблемасы,  өткен  Сочи  қысқы 
олимпиада ойындары, мемлекетіміздің түрлі жаңаша заңдары т.с.с. жаңалықтар ЖОО-ның 
студенттері  үшін  өте  маңызды  да  көкейкесті  мәселелер  болып  табылады  және  олардың 
негізінде оқушылар диалог құруға жағдаят таңдап алуға зор мүмкіндіктер бар. Журналдар 
жайында айтып кететін болсақ, олардың ішінде сән, мода, косметика, қазақстандық және 
шетелдік  әртістер,  киім-кешек  ортасындағы  мақалаларымен  қатар  түрлі  хикаялар, 
психологиялық  және  тұлғалық  тестілер,  викториналар  мен  жарыстар  мақалалары  кең 
орын  алған.  Олар  тек  қыз  балаларды  ғана  еліктірмей,  сонымен  қатар    ер  балаларды  да 
қызықтырады. Осы атап кеткендердің ішінен студенттер құшырлана жағдаяттарды тауып, 
диалог  құра  алады.  Газет  және  журналдардың  тілі  өте  қарапайым  болғанымен,  олардың 
ішінде  көптеген  саясаттық  және  экономикалық  арнайы  терминдер,  клишелер, 
неологизмдер,  аббревиатуралар  кездеседі.  Оқушылар  осындай  сөздерді  сабақ  барысында 


жүктеу 9,27 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   86




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау