Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №3(51), 2014 г.
170
төңірегінде өз ойларын жазбаша және ауызша даярлайды. Конференция сабағын
ұйымдастыруда оқушылардың сабаққа белсенділігі мен әр оқушының білімін жеке
бағалауға мүмкіндік береді [4].
Жалпы коммуникативті құзіреттілікті дамытуда рөлдік ойындардың орны ерекше.
Себебі, ойын оқушылардың бір-бірімен, мұғаліммен әрекеттесуге деген талпынысын
жандандырады және әңгімелесу барысында теңдік шартын тудыру арқылы мұғалім мен
оқушы арасындағы дәстүрлі кедергіні жояды. Ойын өз-өзіне сенімсіз, ұялшақ балаларға
сөйлеу арқылы сенімсіздік кедергісін жоюға көмектеседі. Ойын арқылы оқушылар
әңгімені бастау, оған ілесу, қолдау, әңгімелесушінің сөзін бөлу, оның ойымен келісу
немесе келіспеу, сұрақтар қою сияқты қарым-қатынас элементтерін меңгереді. Рөлдік
ойын шетел тілінің әлеуметтік қолдануына сезімтал болуды үйретеді. Жақсы әңгімелесуші
көбіне тілдік құрылымдарды дұрыс қолданатын адам емес, серіктестердің түскен
жағдайын талдап, түсіне алатын және бар мәліметтерді ескере отырып, әрекеттесу үшін ең
қолайлы лингвистикалық тәсілдерді қолдана алатын адам болып табылады. Жалпы ойын
оқушылардың танымдық мүддесінің қалыптасуына жағымды әсер етіп, шетел тілін жақсы
игеруіне әсерін тигізеді. Және олар оқушының бойындағы дербестік, талапшылдық
сияқты қасиеттерді дамытып, ұжымшылдық сезімін тәрбиелейді. Оқушылар белсене
жұмыс істеп, бір-біріне көмектесіп, жолдастарын мұқият тыңдайды, ал мұғалім тек
бақылаушы, оқу қызметін басқарушы болады. Рөлдік ойынға қойылатын негізгі
талаптарды атап көрсетуге болады:
- Ойын оқушыларды ынталандырып, тапсырманы дұрыс орындауға деген ниеті мен
қызығушылығын тудыруы керек және оны адекваттық шынайы қарым-қатынастық
жағдаяттар негізінде құрастыру керек.
- Рөлдік ойынды мазмұны жағынан да, формасы жағынан да жақсылап ойластырып,
нақты ұйымдастыру қажет. Оқушылардың берілген рөлді жақсы сомдаудың қажеттілігіне
сенімді болуы керек. Сонда ғана олардың сөздері шынайы және сенімді болады.
- Рөлдік ойын бүкіл топпен қабылдануы керек.
- Ол
міндетті түрде мейірбандық, шығармашылық атмосферасында өтіп,
оқушылардың бойында қуаныш және қанағаттану сезімін тудыруы керек.
- Оқушы рөлдік ойын барысында өзін неғұрлым еркін сезінсе, әңгіме барысында ол
соғұрлым белсенді және бастамашыл болады. Уақыт өте оның кез келген рөлді сомдай
алатынына деген сенімділігі арта түседі.
- Ойын оқушылар белсенді тілдік қатынаста өтіп жатқан тілдік материалды анағұрлым
тиімді қолдана алатындай етіп ұйымдастырылуы керек.
- Мұғалімнің өзі міндетті түрде рөлдік ойынға және оның тиімділігіне сенімді болуы
қажет. Тек сонда ғана ол жақсы нәтижеге қол жеткізе алады. Ойынға дайындық кезеңінде
және ойынның өту барысында мұғалімнің рөлі үнемі ауысып отырады. Бастапқы кезеңде ол
оқушылардың әрекетін белсенді түрде бақылап отырса, кейін ол тек сырттан бақылайтын
болады.
- Сабақта жанға жайлы жағдай жасап, мейірбандық атмосферасын тудырудың маңызы
өте зор [5].
Ойын барысында мұғалім өзіне бір рөлді алуына болады, бірақ ол басты рөл
болмауы керек. Ондай жағдайда бұл кәдімгі мұғалімнің басқаруымен іске асатын жұмыс
формасы болып қалады. Ойын барысында мықты оқушылар нашар оқитын оқушыларға
көмектеседі. Ал мұғалім көмегі қажет болған балаларға жақындап әңгімелесу үрдісін
басқарады және керек болған жағдайда түзету жасап отырады. Ағылшын тілі
сабақтарында рөлдік ойындарды жиі қолдану – практикалық міндеттермен қоса білімділік
және тәрбиелік міндеттерді де шешуге ықпал етеді. Оқушылар өздерін еркін ұстап, кез
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті Хабаршы №3 (51), 2014 ж.
171
келген тапсырмаларды орындауда белсенділік танытады. Тіпті нашар оқитын, өз-өзіне
сенімділігі төмен балалардың да белсенділігі, өзіне деген сенімділігі артады. Оқушылар
тіл тасушылармен қарым-қатынас жасауға қорықпай, тіпті бастамашылдық пен
белсенділік танытады. Тіл тасушымен әрекеттесудің өзі коммуникативтік құзіреттілікті
дамытуда өте маңызды қадам, өйткені тіпті тілді білетін ересектердің өзі көп уақытта тіл
тасушымен тілдесуге бата алмайды. Оның себебі, бойында қате сөйлеп қалу, түсіне алмау
сияқты үрейдің болуы, яғни уақытында коммуникативті құзіреттілігін дұрыс дамытпаған
деп білемін. Сондықтан оқушыларымыз жаңа заман талабына сай білімді, жан-жақты,
мәдениетті, өмірге икемделген тұлға болуы үшін оның бойында жоғарыда аталып кеткен
жеті құзіреттілікті дамыту мұғалімнің қолында.
Қорыта келгенде, шетел тілін үйретуде коммуникативтік құзіреттілікті
қалыптастыру – заман талабы. Сондықтан оқушыларымыз жаңа заман талабына сай
білімді, жан-жақты, шетел тілінде өзіндік ой-толғамын жеткізе алатын, кез келген
адаммен тілдік қарым-қатынасқа түсе алатын, коммуникабельді, мәдениетті, өмірге
икемделген тұлға болуы қажет. Ал жоғарыда аталып кеткен коммуникативті үлгідегі
сабақтар
оқушылардың
оқу-танымдық
ынтасын,
белсендіру
міндеттерін
шығармашылықпен шешуге, өз көзқарастарын қалыптастыруға, ойлауға, тұжырым жасай
алуға, білімдерін жүйелі түрде толықтыруға, тереңдетуге, ағылшын тілінде қатесіз еркін
сөйлеу дағдыларын дамытуға жағдай туғызады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. 1.Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасы.
2. Пассов Е.И. Коммуникативный метод обучения иноязычному говорению. – М.,
1991.–189 с.
3. Левитан К.М. О содержании понятия «коммуникативная компетентность».
Перевод и межкультурная коммуникация. / К.М. Левитан. – Екатеринбург: АБМ, 2001.
№.2. – С.89-91.
4. Сысоев П.В. Развитие умений учащихся воспринимать текст на средней и старшей
ступенях общего среднего образовании // Иностранные языки в школе, 2007.
5. Филатов В.М. Методическая типология ролевой игры // Иностранные языки в
школе, 1989.
РЕЗЮМЕ
Кушанбаева Д.Т.,
магистрант
(г.Алматы, Университет иностранных языков и деловой карьеры)
ПУТИ ФОРМИРОВАНИЯ И РАЗВИТИЯ КОММУНИКАТИВНОЙ
КОМПЕТЕНТНОСТИ СТУДЕНТОВ НА УРОКАХ ИНОСТРАННОГО ЯЗЫКА
В статье говорится о формирований коммуникативной компетенции у школьников
среднего образования на уроках английского языка. Определены виды коммуникативных
занятий и использования их на уроках английского языка. На сегодняшний день, процесс
обучения изменился в соответствии с социальным заказом общества, как и его цели и
задачи. В частности, большое внимание уделяется развитию учебного процесса, ведутся
новые технологий. Главная задача государственной образовательной системы
формирование языковой и речевой компетенции учащихся понимание образцов и умение
строить высказывание по аналоги, решать реальные задачи общения средствами
иностранного языка, формирование коммуникативной компетенции.
Достарыңызбен бөлісу: |