62 орта мектебі Әлеуметтік педагог Туякбайқызы Мақпал Балалардың әлеуметтену мәселелеріне тоқталып, заман талабына сай көмек көрсету



жүктеу 194,44 Kb.
Дата25.05.2018
өлшемі194,44 Kb.
#17489

Қызылорда облысы, Арал қаласы

62 орта мектебі



Әлеуметтік педагог

Туякбайқызы Мақпал
Балалардың әлеуметтену мәселелеріне тоқталып, заман талабына сай көмек көрсету


«Өмір сапасын жақсарту және әлеуметтік қорғаубасты стратегиялық бағыттардың бірі. Алдағы онжылдықтың аса маңызды міндеті – Қазақстанның барлық азаматтарының өмір сапасы мен деңгейін жақсарту, әлеуметтік тұрақтылық пен қорғалуды нығайту. Ел халқы санының 2020 жылы 10%-ға өсуі үшін мемлекет барлық қажетті жағдайларды жасайтын болады. Әлеуметтік қызметтер тек мұқтаж адамдарға көрсетіліп, заманғы стандарттар мен Қазақстандағы өмір деңгейіне сәйкес болуы керек». 
Н.Ә.Назарбаев. 
Әлеуметтік педагогтің қызметі 
Әлеуметтік тәрбие – бұл адам- адам қатынастары желісінде жүргізілетін тәрбие, яғни тікелей адамаралық байланыстар және осы мақсатқа арнайы ұйымдастырылған қоғамдық мекемелер ( қайырымдылық қорлары, ұйымдар, бірлестіктер т. б) тарапынан болатын істер. Қоғамдық тәрбие проблемаларын арнайы педагогика саласы зерттейді. Оның пәні- тұлға. Қалыптастырушы ықпал жасайтын қоршаған орта заңдылықтары. Дәлірек айтқанда, отбасы, ресми ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары. Әлеуметтік жұмыстар – адам мен адамның инабаттылық қатынастары қажеттігінен туындаған әлеуметтік іс-әрекет құбылысы. Қазіргі күнде әлеуметтік тәжірибе жұмыстары келесі салаларға бөлінген ортасы,балаларға жәрдем, денсаулық және салауатты өмір салты, білім көтеру, тәрбие түзету мәселелері.Әлеуметтік жұмыстың мамандық ретінде қалыптасуы және негізгі міндеті – бала мен жасөспірімдерге құзырлы көмек көрсету, әлеуметтік мәдени ортаны ізгілендіру, тұлғаның әлеуметтік қалыптасуына ықпал ету болып табылады.Бүгінгі мектеп психологтары мен әлеуметтік педагогтардың алдында үлкен де, күрделі міндеттер тұр. 
Әлеуметтік педагог мектепте төмендегідей негізгі бағыттарда жұмыс жасауы қажет: 
1.Диагностикалық қызметі 
2.Өз қызметі шеңберінде көмекті қажет ететін балаларды әлеуметтік қорғау. 
3.Кәмелетке толмағандардың, ата-аналардың құқықтық тәрбиесін ұйымдастыру. 
4.ерекше назардағы оқушылармен жұмыс. 
5.Сынып жетекшілеі, медициналық қызметкерлер, ата-аналар комитетімен т.б. өзара қарым-қатынасты үйлестіру. 
Социумдағы әлеуметтік жағдайды зерттеп және оған болжам жасау арқылы отбасы мен балаларға әлеуметтік- педагогикалық нақты көмек формаларын және түрлерін ұсынады. 
Баланың жан-жақты психологиялық дамуына жағдай жасау, оқу мен тәрбиеге теріс көзқарасты жою, салауатты өмір салтына оңды көзқарас қалыптастыру, бала тұлғасы дамуының бұзылу себептерін анықтап, алдын-ала сақтандыру шараларын жүргізу, үгіт-насихат жұмыстары арқылы педагогтар мен балалардың психологиялық, құқықтық біліктілігінің жоғары болуымен анықталады. 
2.Әлеуметтік педагогтың міндеттері: 
Баланың жас ерекшелігінің әрбір кезеңіне байланысты жеке дамуына кешенді ықпал ету 
Өзара қарым-қатынаста,оқу барысында қиындыққа ұшыраған оқушыларға әлеуметтік-педагогикалық көмек беруді қамтамасыз ету 
Оқушы отбасының тәрбие жағдайын зерттеу 
Баланың жеке дамуындағы ауытқушылықтың алдын-алу және болдырмау 
Мектеп пен тұрғылықты мекен жайында тұлғаны қорғау, тәрбиелеу және оқу-ағартудың кешенді жүргізеді 
Оқушылардың жеке психо-медициналық және педагогикалық ерекшеліктерін зерттейді 
Оқушының қызығушылығын, сұранысын, мінез ауытқышылығын ,шиеленісті жағдайларын анықтап, мезгілінде көмек көрсетеді 
Тәрбиеленушілердің өмірін қорғауды, қауіпсіздендіруді қамтамасыз етеді, оқушының қиындығы мен проблемаларына, тәртібіндегі ауытқулары кезеңінде тез арада әлеуметтік көмек және қолдау көрсетеді 
Тұлғаның дамуы мен тәрбие проблемаларын шешуде отбасылармен серіктестік, әріптестік қарым-қатынастар орнатып, ынтымақтастықпен жұмыс жүргізеді 
Әлеуметтік-педагогикалық диагностика әдістемесін анықтайды 
Патрионат бойынша тұрғын үй, зейнетақы беру, жетім балалалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған баланың мүліктік және мүліктік емес құқы бойынша жұмыс жүргізеді. 
Сабақтан тыс уақытта оқушының физикалық және дарындылық талабын дамытуға жағдайлар жасайды. 
Медициналық-әлеуметтік тәуекелшілдер тобына жататын балаларды анықтайды. 
Мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар мен балалар арасында қарым-қатынас орнатады. 
Әлеуметтік ортадағы гуманистік, рухани- адамгершілік қатынастардың қалыптасуына ықпал етеді. 
Тұлғаның қоғам өміріне тиімді кірігуіне, Отанды сүю, қоршаған табиғи ортаны аялауына және азаматтық тәрбие беру шараларына ықпал етеді. 
Психологпен, мұғалімдермен, ата-аналармен немесе оларды ауыстыратын адамдармен бірлесіп, тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді.
Білім беру ұйымдарының білім бағдарламаларын құрастыруға, бекітуге, оны жүзеге асыруға қатысады және өзінің құзіреттілігі бойынша олардың орындалуына жауап береді 
Әлеуметтік педагогтың құқығы баланың педагогикалық медициналық құжаттарын қарауға 
сабақтарға қатысып отыруға, баланың денсаулығы мен құқығын қорғау бойынша мектеп әкімшілігінің, медициналық, педагогикалық қызметкерлерінің және қоғамдық ұйымдардың алдында көкейтесті мәселелерді қоюға, медициналық- әлеуметтік мәселелер бойынша білім мекемелерінің эксперттік шешімдеріне араласуына, отбасы мүшелерінің мектеп пен отбасындағы кепілдігін анықтау мәселесін (даулы жағдай) қоюға, қажетті кезде тиісті органдарға ата-ана құқығынан айыру мәселесін ұсынуға, балалар мүддесін сотта қорғауға жетеді. 
Әлеуметтік педагогтың әрекет ету кезеңдері 
1-кезең-оқушылардың әлеуметтік өмірінің шынайы болмысын зерттеу 
2-кезең-зерттеу материалдарының қорытынды құжаттарына сәйкес мақсат-міндеттерді анықтайды, проблемалық жағдайға тап болған субъектілердің әлеуметтік өмірінің мүмкіндіктерін есепке алады және жұмысты жоспарлайды 
3-кезең-әрбір іспен әлеуметтік-педагогикалық қызмет кезеңдеріндегі зерттеу нәтижелері мен жоспардың іске асырылу барысында жеткен жетістіктерді конструкциялау жұмысын жүзеге асырады. 
Әлеуметтік педагогтың, психологтың, дәрігердің бірлескен қызметі төмендегідей: 
1.Отбасына әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету 
2.Балаларға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету 
3.Отбасы мен балаларға дәрігерлік, психологиялық, педагогикалық кеңес беру 
4.Балаларды күйзелтетін даулы мәселелерді шешуге көмектесу 
5.Мінезінде ауытқушылығы бар балаларға диагностика және коррекция жасау 
6.Профилактикалық шаралар ұйымдастыру 
Әлеуметтік педагог пен психологтың бірлесіп шешетін проблемаларына мына мәселелерді жатқызуға болады 
Оқушылардың мектепке келмеуі 
Оқушы тәрбиесіндегі, мінезіндегі ауытқушылық 
Баланың құрбыларымен қарым-қатынасындағы қиыншылықтар: 
-Мұғалім мен оқушы арасындағы дау-дамай, кикілжіңді шешуге көмек 
-Білім алудағы қиыншылықтарды жеңуде оқушыларға көмек 
-Оқушының болашақ кәсібін таңдауына көмек 
-1-сынып оқушысын мектептік өмірге бейімделуі 
-Ата-аналарға отбасындағы тәрбиені ұйымдастыру 
-Баланың тұлғалық қалыптасуы мен дамуы 
-Ата-ана мен бала арасындағы кикілжің 
-Ата-ана мен бала арасындағы жағымды тұлғааралық қарым-қатынасты қалыптастыру 
Әлеуметтік педагогтың отбасымен бірлесе әрекет етуін ұйымдастыруы: 
-өз балалары мен сынып оқушыларын тәрбиелеуде отбасының этнопедагогикалық мүмкіндіктерін анықтау мақсатында отбасын зерттеу 
-бала тәрбиесіне байланысты отбасының адамгершілік мүмкіндіктеріне қарай отбасыларын топтарға бөлу 
-әлеуметтік педагогпен ата-ана бірлескен әрекетінің бағдарламасын құру 
-бірлескен тәрбие қызметіндегі ағымдағы және ақырғы нәтижелерді талдау 
-оқушының отбасын зерттеу әлеуметтік педагогқа баланың өмір сүру сипатын,оның көпқұрылымдығын, дәстүрін, рухани құндылықтарын, тәрбиелеу мүмкінділігін ата-ана мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты түсінуге көмектеседі. 
Әлеуметтік педагог отбасымен жұмыс жүргізу барысында психологиялық-педагогикалық диагностика түрлерін пайдалана алады- бақылау, байқау, пікірлесу, тесттеу, анкета жүргізу,іскерлік ойындар өткізу,балалар шығармашылығын пайдалану. 
Әлеуметтік педагог отбасымен жұмыс жүргізу барысында төмендегі ережелерді ұстануы тиіс- 
1.бала мен оның ата-анасы өздерін зерттеу объектісі ретінде сезінбеуі тиіс 
2.зерттеу мақсатты, жоспарлы, үздіксіз және жүйелі түрде жүргізілуі тиіс 
3.зерттеу әдістері тәрбиелеу әдістерімен байланыста болуы тиіс 
4.психологиялық-педагогикалық әдістер әралуан, кешенді түрде пайдалануы тиіс 
Отбасын зерттеудің психологиялық-педагогикалық диагностика түрлері 
Ата-аналармен жұмысты ең алдымен әртүрлі әдістерді қолдана отырып, отбасын мұқият зерттеуден бастау керек- бақылау,баланың үйіне бару,мінездеме жүйесі,сұхбаттасу,сауалнама,баланың шығармашылық жұмысы, т.б.Бұл әдістер бір-бірін толықтырып отырады. 
Мектептегі оқушылардың әлеуметтік жағдайын анықтау және олардың ішіндегі әлеуметтік материалдық көмекке мұқтаждар санының азайту ішін жергілікті басқару органдарымен бірлесе отырып қолға алу, өмірдің қиын жағдайына душар болған балаларға тиісті әлеуметтік-педагогикалық, медициналық, құқықтық кеңестер алуы ісі мен материалдық берілетін көмектердің түрлері мен мөлшерін анықтау ісіне сәйкес атқарылатын жұмыстар бойынша келесі түрде жылдық жұмыс жоспары құрылды. 

Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы

Жамбыл мектеп бала-бақшасы

информатика пәні мұғалімі

Шегетаева Гульмира Жумабаевна

Информатика пәніні оқытудың жаңаша әдіс тәсілдері



Қазіргі заман жас ұрпаққа білім беру мәселесін жаңа деңгейге көтеруді талап етеді. Білім жүйесін жақсарту, білім деңгейін жоғарылату соңғы жылдары мемлекеттік деңгейде жүзеге асуда. Жаңа білім беру жүйесі оқушының білім, тәрбиелеу арқылы жан-жақты дамытуды алдыңғы орынға қояды.
Қазақстандағы білім жүйесі соңғы жылдары үздіксіз жетілдіру және модернизациялану жағдайында келеді. Осыған сәйкес Қазақстан Республикасының “Білім беру” туралы заңы бойынша вариативтілік ұстанымы бекітілген. Ұстаздарға оқытудың тиімді әдістерін пайдалануға, оқу үдерісін кез келген модель бойынша құруға мүмкіншіліктер жасалған және сонымен қатар педагог мамандарды үздіксіз оқыту арқылы әлемдік деңгейдегі білім жүйесін білім беруде пайдалану жолдары қарастырылған. “Назарбаев зияткерлік мектебінің” ұйымдастыруымен Кембридж оқу орнының білім жүйесі негізінде білім беретін ұстаздарға әдістемелік жағынан көрсетіліп отырған көмектер және олардың ұйымдастырылуы жоғары деңгейде жүргізіліп жатқан деп айта аламыз.
Осындай жаңа педагогикалық технологиялардың жиынтығы болып табылатын, өзімнің биылғы жылы тамамдаған оқытудағы жаңа формат тәсілінің теориялық негіздеріне сүйене отырып практикаға енгізіліп жатырған жеті модульден құралған бағдарламаның менің өмірімде алатын орны ерекше болмақ. Әлемдік тәжірибеге негізделе отырып жасақталған бұл бағдарлама оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлелін нанымды жеткізе алатындай, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, танымдық қызығушылығы мен мүмкіндігі жоғары оқушыны қалыптастыруды мақсат етеді.
Қазақта жеті санын қасиетті санға теңесе, мен үшін де осы бағдарлама мазмұнындағы жеті модульдің қасиеті ерекше болды. Бұл модульдердің көпшілігін бұрыннан сабағымызда пайдаланып жүрсек те, тереңіне үңіліп, олардың өзіндік мәнін түсініп көрмеппін. Әрине, бұрынғы дәстүрлі әдістерді де жоққа шығаруға болмайды, әр тәсілдің өзіндік артықшылықтары болады. 
Біз қолданып жатырған бағдарламаның түрлі тәсілдерді жинақтағанына қарамастан , сындарлы оқыту негіздері қамтылған. 
Бұл біліктілікті арттыру бағдарламасының негізгі мазмұны 7 модуль түрінде берілген:
1. Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер;
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;
3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау;
4. Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану;
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту;
6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу;
7. Оқытудағы басқару және көшбасшылық 
Бұл 7 модульдің барлығы да информатика сабақтарында қолдануға ыңғайлы әрі тиімді. Мен оқу барысында жеті модуль бойынша қалай оқыту қажеттігін үйрендім. Соның ішінде бірінші модульға тоқталар болсам, оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдерді біз әрдайым жандандырып, жанартып отыруымыз қажет. Қалай оқыту керек екенін түсінуіміз қажет. Өмір бойы өзін-өзі оқытудың қажеттілігін мойындау және оның әдістерін таңдау білім берудің негізі. Біз күнделікті өмірде білім алып, білім алуды үйретуіміз қажет.
Оқыту барысында негізгі факторларға тоқталар болсам, оқушылардың білім алу үдерісін түсінуі, нені оқу керектігін үйренуі, өзін-өзі реттеуі, оқу нәтижелерін бағалауды игеруі. Оқушылармен жұмыс жасау барысында олардың пайымдаулары, көзқарастары мен білім деңгейлерін анықтап алу қажет. Оқушылардың нені игере, игере алмайтындығын бақылау арқылы әртүрлі әдістерді пайдалана аламыз. Оқушылар өздері оқудың қажетті екенін, оны өмірде де өз қажетіне қолдана білу керек екенін сезінуі керек. Сонда ғана олардың оқуға деген ынтасы артады. 
Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты, ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім екенін білеміз. Мен өз іс-әжірибемде сыни тұрғыдан ойлау әдісін көп қолдандым. Ол оқушылардың ойлана білуіне, өз оқуына таңдау жасау, басқалардың идеяларына күмәнмен қарау қабілеті ретінде түсіндіріледі. Сыни тұрғыдан ойлау әдісін сабақта пайдалану жақсы жетістіктерге жеткізеді деген ойдамын. Мен өз іс-тәжірибемде байқағанымдай оқушылардың пәнге деген, оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында келешекте осы әдісті көбірек қолдансам деген ниеттемін. Өйткені оқушылардың ойлау деңгейі әртүрлілігіне байланысты, әрқайсынан әртүрлі идеялар шығады. Олар идеяларға күмәнмен қарай отырып, ақпараттың дұрыс немесе бұрыс екендігіне қол жеткізеді. Пікір алмасады, өз пікірін дәлелдей алады. Қарама-қарсы айтылған пікірлерді сыни тұрғыдан ойлай отырып, шеше алады. Диалогтік оқыту білім сапасын арттыруға көп көмегін тигізеді деп ойлаймын. Яғни диалогтік оқыту баланың білімін жетілдіруде көбірек қолданылады. Біз көбінесе диалогтік оқытуды сұрақ – жауап ретінде қолданамыз. Диалогтік оқыту тек қана информатика саласында емес барлық пәндер үшін тиімді оқыту түрі болып табылады. Әсіресе тіл дамыту кезінде немесе басқа тілді үйрену барысында көп көмегі тиеді. Өз пәніме қатысты айта кетер болсам, бізде көбінесе теориямен практиканы ұштастырып оқытамыз. Ы. Алтынсарин: «Балаға айтып түсіргеннен гөрі , қолымен ұстап, көзімен көріп, мұрнымен иіскеп түсіндірген сабақ ұғымды» деген. Яғни бала теорияны меңгерумен қатар тәжірибе жүзінде де қалай жасау қажеттігін ұғынуы керек. 
Оқуды тиімді бағалау білім беру үдерісіндегі жаңа тәсілдердің барлығымен байланысты. Бағалау оқыту барысында ілгерілеу қадамдарын айқындау мен қолдау көрсету үшін қажет. Бағалаудың екі түрі қарастырылған: формативті бағалау және жиынтық бағалау. Формативті бағалау оқыту үшін бағалау болып табылады да, ал жиынтық бағалау оқытуды бағалау болып табылады. Жиынтық бағалауды оқудың қорытындысын шығаруда, оқудың алға ілгерілеуін тіркеу мақсатында қолданамыз. Оқыту үшін бағалауда оқушы өзін-өзі реттеу арқылы өз білім деңгейін бағалайды, білімін жақсартады, сабаққа деген белсенділігі артып, қызығушылығы оянады, өзін-өзі, бірін-бірі бағалауды үйренеді. 
Қазіргі уақытта білім беру үдерісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану қажеттілігі туып отыр. Осыған байланысты білім берудегі әдіс-тәсілдер жаңарып отырады. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану қазхіргі кездегі заман талабы болғандықтан оған басты назар аударуымыз қажет. Жаңа ақпараттық технологияларды білім беру үдерісінде қолдану біршама жетістіктерге апаратын жол. Яғни ақпараттық-коммуникациялық технология білім беруде маңызды құрал деп айтсақ та болады. Басты мақсат ақпараттық-коммуникациялық технологияларды жетік меңгеру және оқушыларға меңгерту. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану мұғалімге де оқушыға да қолайлы. АКТ-ны қолдану нәтижесінде оқушылардың өз бетімен ізденісі, қызығушылығы, белсенділігі, сенімділігі артады. Дарынды және талантты оқушылардың да білімін шыңдауда осы АКТ-ның қосар үлесі мол. Оқушылардың көшбасшы болуына да АКТ мүмкіндік береді. Өйткені оқушы үйінде басқа программаларды өздігінен меңгереді де оны сыныптастарына көрсетіп, қандай мүмкіндіктері бар екенін түсіндіре отырып, оларды үйретеді. 
Қазіргі таңда ХХІ ғасырдың жан-жақты, зерделі, дарынды, талантты, өзін-өзі дамытып, жауапты шешім қабылдауға қабілетті жаңашыл тұлғаны қалыптастыру бағытындағы білім беру ісі – бүгінгі күн талабы.
Демек, жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану білім сапасын арттырудың бірден-бір жолы. Оқыту үрдісінде оқушылардың білім қорын молайтуға, белсенділігін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге көмегі бар. Топта жұмыс жасай отырып төмендегідей топтық жұмыстарымыздың артықшылығын байқадым:
- Топта барлығы жұмыс жасайды;
- Бір-біріне сыйластық болады;
- Әр адамның өзіндік ерекшеліктері байқаладаы;
- Өзіңе сенімді боласың. Өзіндік “мен” қалыптасады;
- Ұжымдық жауапкершілік қалыптасады;
- Қайырымдылық сезімі дамиды;
- Бір отбасы қалыптасады.
«Армансыз адам қанатсыз құспен тең» демекші, менің ұстаз ретінде де, еліміздің ұлтжанды азаматшасы ретінде де арманым еліміздің әрбір азаматы терең білімді, интеллектуалды, заманауи техникаларды еркін меңгере алатын, әрқайсысы еліміздің дамуына өз үлесін қоса алатын болса деймін. Ол үшін оларға білім беретін ұстаздар өз пәнін жетік меңгерген, теория мен практиканы оқушылар бойына сіңіре алатын шығармашыл, ізденімпаз, ең бастысы еңбекқор болуы қажет. Менің оқушыларымның арасынан осындай ұстаздар шықса онда менің еңбегімнің жанғаны деп ойлаймын. Сондықтан, өз шәкірттеріме білімімді одан әрі жетілдіре отырып беру, талантты да талапты оқушылар оқытып тәрбиелеу - негізгі мақсатым. 
Информатика пәнін оқытуда жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді қолданудың маңызы өте зор. Сондықтан, ізденген ұстаздан ғана шығармашыл, дарынды шәкірттің шығары анық.

Учитель русского языка и литературы Закирова Марал Закировна

сш №13 имени Т.Г.Шевченко города Аральска Кызылординской области



Тема урока: Местоимение

Цели: а) дать понятие о местоимении и его разрядах, познакомить учащихся с личными местоимениями и особенностями их склонения; формировать умение правильно употреблять их в речи;

б) развивать речь , логическое мышление, память и творческие способности учащихся;

в) воспитывать умение работать в группе, доброжелательное отношение друг к другу; ценить труд людей.

Тип урока: комбинированный

Методы: работа в группе, индивидуальная работа, защита постера, элементы игры.

Оборудование: электронный учебник, интерактивная доска, карточки с заданиями, оценочные листы, стикеры

Ход урока:

І. Организационный момент

а) Психологический настрой

б) Деление учащихся на группы

в) Разминка. Решение сканворда



ІІ. Изучение нового материала

а)Сообщение темы и цели урока

Эпиграф к уроку:

Я и мы,
Ты и вы,
Он, она, оно, они —
Все слова отличные,
Важные и личные.
Это без сомнения
Все местоимения.

б) Прослушивание теоретического материала из электронного учебника.

в) Защита постера

Задание 1-группе: напишите, что такое местоимение?

2-группа напишите разряды местоимений. Какие личные местоимения знаете?

3- группа напишите, что вы знаете о личных местоимениях

4- группа – синтаксическая роль личных местоимений в предложении.
г) Чтение /наизусть/ учеником стихотворения К.Симонова о письме / упр. 9/

д) Знакомство со структурой письма

Письмо обычно состоит из трёх частей: 1) начало (обращение,приветствие);

2) информационная часть(сообщения,рассказ о себе, о событиях и т.д.);

3) конец(прощание, пожелания и т.д.).

В начале письма пишется обращение, приветствие:

а)друзьям,знакомым:здравствуй; добрый день; привет; здорово; б)родительям,родственникам:здравствуй,дорогая мамочка(дорогие родители); добрый день,мои дорогие;

в) взрослым,малознакомым:здравствуйте, уважаемый(-ая); разрешите приветствовать Вас;

Письмо заканчивается пожеланиями,поздравлениями,прощальными фразами; именем отправителя, датой: до скорого свидания, до свидания, до встречи, всего хорошего, привет всем, счастливо, пока,целую.

ІІІ. Закрепление

а) Работа по тексту В.Сухомлинского «Письмо сыну» (упражнение 3, стр.63)

1. Чтение текста учениками по цепочке

2. Словарная работа

2. Вопросно-ответная беседа по содержанию текста

б)Упражнение 2. /устно/ Назовите личные местоимения, определите их лицо и падеж.

в) Работа в группе

1-группа выполняет упр.3. Просклоняйте местоимения 1-го лица единственного и множественного числа. Составьте



с ними предложения.

2- группа – упр. 3. Просклоняйте местоимения 2-го лица единственного и множественного числа. Составьте с ними предложения.

3-группа – упр. 5. Замените местоимение 1-го лица местоимениями 3-го лица.

4-группа – упр.7.П исьменно ответьте на вопросы, используя данные в скобках местоимения.



г) Индивидуальная работа по карточкам

д) Игра «Подумай и ответь!»

— Что такое местоимение?

— Сколько разрядов имеет местоимение?

— Как изменяются личные местоимения ?

— Чем являются личные местоимения в предложении?

е) Выполнение задания творческого характера

Восстановите текст , вставляя пропущенные местоимения. Укажите их лицо и падеж.



-Кто ...?-спросил Маленький принц.

-Какой ... красивый!

- ... Лис,-сказал Лис.

-Поиграй со ... ,- попросил Маленький принц.

- ... так грустно.

-Не могу я с ... играть, -сказал Лис.

- ... не приручен.

ІҮ. Рефлексия - по одному предложению на стикерах для дерева успешности

Ү. Домашнее задание творческого характера: упр.11.Напишите письмо другу. В письме

расскажите о своем классе, об учебе, о досуге.

ҮІ. Итог урока



Выставление оценок
жүктеу 194,44 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау