Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №3(51), 2014 г.
172
Ключевые слова: компетентность, коммуникативный урок, иностранный язык,
ролевые игры.
SUMMARY
Kushanbayeva D.T.,
master
(University of foreign languages and professional career)
WAYS OF FORMING AND IMPROVING STUDENTS’ COMMUNICATIVE COMPETENCE
AT THE LESSONS OF FOREIGN LANGUAGE
The article describes the formation of students’ communicative competence of secondary
education at the English lessons. Describes the types of communicative activities and use them at
the English lessons. Nowadays, the learning process has changed according to the social order
of society, as well as its goals and objectives. In particular, much attention is paid to the
development of the educational process, being new learning technologies. The main task of the
state educational systems formation language and speech competence of
students - understanding
the patterns and the ability to build a statement by analogy, to solve real problems of
communication, the formation of communicative competence.
Keywords: competence, communicative lesson,
foreign language, role-playing games.
ӘОЖ 821.111(075.8)
К89
АУТЕНТТІ ГАЗЕТ МӘТІНДЕРІНІҢ ШЕТЕЛ ТІЛІН ҮЙРЕТУДЕ АЛАТЫН ОРНЫ
Д.Т. Кушанбаева,
магистрант
(Алматы қ., Шет тілдер және
іскерлік карьера университеті)
Аңдатпа: Бүгінгі шетел тілін оқытудың басты мақсаты – коммуникативті
құзіреттілікті қалыптастыру. Қазіргі кезде шетел тілдерін оқыту технологиясы оң
өзгерістерді басынан кешіруде. Шетел тілдерін оқыту теориясы мен практикасындағы
оңтайлы тәжірибелерді пайдалану негізінде жаңалау жұмыстары жүргізілуде. Тілдік
материалдар шетел тілін оқытудың негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Солардың
бірі – аутентті газет материалдары. Бүгінгі мақалада осы аутентті материалдар туралы
жалпы
мағлұмат, оның шетел тілін оқытудағы маңызы орын алды.
Түйін сөздер: аутентті
материалдар,
шетел тілі, аутентті мәтін, газет, журнал.
Жалпы білім беретін мектептерде шетел тілін оқытудың мақсаты – оқушылардың
мәдениетаралық қарым-қатынастағы біліктіліктері мен қабілеттерін қалыптастыру болып
табылады. Демек, шетел тілінің білім беру саласындағы атқарар қызметі – тілді оқып
үйренушілерді басқа ұлт өкілдерімен ортақ түсіністік, ортақ көзқарас орнатуға,
толерантты қарым-қатынас жасай алу қасиеттерін және сол ұлт мәдениетін түсінуге
дайындап, тәрбие, білім беру әрі жеке тұлға қабілеттерін жан-жақты дамыту болып
табылады. Шетел тілдерін оқытудың мазмұны келесі мәселелерді қамтиды:
- қарым-қатынас саласы, қамтылатын тақырыптар, сөйлеу әрекетінің материалдары;
- тілдік материалдар, оларды қолдану тәртібі мен қолданудағы
біліктілік;
- тіл үйренушілердің тіл үйренудегі
біліктіліктері;
Қазақ
мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті Хабаршы №3 (51), 2014 ж.
173
- тіл үйренушілердің сол тілде сөйлейтін халықтардың мәдениеті мен ұлттық
ерекшеліктері туралы жалпы білімдері [1].
Білім беруде оқу материалдарының алатын орны өте маңызды, себебі оқыту
материалдары білімді игеруге бірден-бір себепші. Күні бүгін қолымызда білім беремін, тіл
үйренемін деген ағылшын тілінен дәріс беруші мұғалімдерге арналған, барлық
қажеттіліктерді қамтамасыз ететін, тіпті әр мұғалімге керекті әдісін таңдап алу жағдайы
бар оқулықтар мен материалдардың саны өте көп. Бұл оқулықтардың көпшілігі бәрімізге
белгілі мәтіндерден, қосымша аудио, бейне таспадан тұратын және басқа да компьютерлік
тілді үйрету бағдарламаларынан құралатын Oxford, Longman, Pearson және тағы басқа осы
типтес оқулықтардың саны өте көп. Көптеген елдер, сонымен қоса біздің елде де жоғары
оқу орындарының және тілдік курстардың мұғалімдері осы секілді оқулықтарды
қолданады. Қандай материал немесе оқулық қолданылмасын мұғалім өз оқушыларына
тілді үйренуге қызықты да нақты нәтиже бере алатындай материал қолдана білуі қажет.
Осындай материалдардың бірі, мысалы, аутентті материалдар.
Аутенттілік өз негізін 1970 жылдары пайда болған тілді коммуникативті оқыту
бағдарламасынан алған. «Аутенттілік» грек тілінен аударғанда «негізгі», «түпкі» деген
мағынаны білдіреді. Аутентті материал дегеніміз, longman cөздігіне сүйенсек, табиғи
сөйлеу мен жазылым әрекеттерінің дәрежесінде қарастырылған тілдік материалдар [2].
Аутентті мәтін – нағыз түпкі негізде сол тіл өкілі тарапынан жазылған мәтін. Ал,
Крамштың пайымдауынша «аутенттік мәтіндер дегеніміз – педагогикалық салада емес,
табиғи күйінде, күнделікті қарым-қатынаста қолданылатын мәтіндер» [3]. Г. Видоусон,
Д.Нунан сияқты белгілі лингвистердің деректеріне жүгінсек, аутентті материал дегеніміз –
шетел тілін үйренушілерге емес, сол тілде сөйлейтіндерге арналған, яғни материалды
қолданушылардың өзара қатынасы және қолдану жағдайларында туындайтын тілдік
материал. Сөйлемдердің бұл түрлері, әсіресе, газет мақалаларының тақырыптарында
көптеп кездеседі. Морроудың айтуы бойынша «аутенттік мәтін – нағыз тілдік, нақты
динамикті әсер ететін, белгілі бір аудиторияға нақты мәлімет беру үшін нағыз спикер
немесе жазушы тарапынан түпкі негізде жазылған мәтін. Ағылшын тілі сабақтарында
қолданылатын аутентті материалдарды қайдан табуға болады деген сұрақ көпшілікті
мазалауы мүмкін. Кейбір мұғалімдер үшін бұл жағдай ауыр болуы мүмкін. Бұл жағдайда
ең негізгісі World Wide Web, яғни интернетке деген қолжетімділіктің болуы. Бір он жыл
бұрын бұл елімізге қолжетімсіз болғаны белгілі, ал күні бүгін елдің жағдайы біраз
жақсарды, шектеусіз интернетке қолымыз жетіп, көзіміз ашылды. Міне, бүгінде аутентті
материалдарды сол интернет желісін пайдалану негізінде газет-журналдарды жүктеу
арқылы табуға болады.
Шетел тілі сабақтарында аутентті материал ретінде аутентті газет мақалаларын
пайдалануға болады. Газет – ақпарат беру және ықпал ету құралы. Газет – қоғамның
айнасы, халықтың рухани азығы. Басылым – мемлекет саясатын жұртшылыққа жеткізуші
күш. Қоғамдық пікірдің алтын қазығы да газет екені белгілі. И.В.Арнольдтың ойынша
газет өзін оқытатын және ұстап қалатын көпшілік және біртекті емес аудиторияға
арналған. Газетті адамдар, әдетте, зейін салуға қиын шарттарда оқиды, мәселен, метрода,
поезда, жұмыстан кейінгі демалыс уақытында, көлікте газет немесе журнал оқып отырған
көпшілікті байқауға болады. Осыдан газеттік ақпаратты тез, қысқаша түрде түсінік беру
және ең маңыздысын айтып кету, оқырманға белгілі бір эмоционалдық ықпал ету
туындайды. Жазылған ақпарат оқырманнан дайындықты талап етпейді және газеттегі
мақалалар тақырыбы әртүрлі, бірақ өзекті болып табылады [4]. Технология мен
қатысымдылық заманында біз жан-жақтылыққа талпынамыз, тіпті басқа елдегі, әлемдегі
жаңалықтарды танып білуге тырысамыз. Жаңалықтар біреулер үшін тіпті өзіне қатысы
болмаса да қызықтыруы мүмкін. Енді біреулер үшін тікелей қатысы болуы мүмкін,