Литературоведение



жүктеу 9,27 Kb.
Pdf просмотр
бет1/86
Дата28.11.2017
өлшемі9,27 Kb.
#2113
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86


Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                                Хабаршы №3 (51), 2014 ж.  
 

 
ӘДЕБИЕТТАНУ 
ЛИТЕРАТУРОВЕДЕНИЕ 
STUDY OF LITERATURE 
 
ӘОЖ 82-311.2 
 
ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ИДЕЯСЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ӘЙЕЛДЕР 
ОБРАЗЫ 
 
Г.Ақанқызы, 
аға оқытушы 
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік 
қыздар педагогикалық университеті) 
 
Аңдатпа:  Әйелдер  құқығы  идеясы  (feminism)  пайда  болғаннан  бастап  әдебиетпен 
тығыз байланыста болып келеді. XIX ғасырдың соңында драматург Ипсеннің (1828-1906) 
«Нара»  шығармасынан  кейін,  Батыс  қоғамында  «Нара  енді  не  істейді?»  деген  таласты 
сұрақ туындаған болатын. Батыстың әйелдер құқығы идеясының қалыптасып, жүйеленіп, 
бүгінгідей  арналы  идеяға  айналуына  Нара  образы  үлкен  рөл  ойнады.  Мақалада  қазақ 
әдебиетіндегі  ер  авторлар  жазған  XX  ғасырдың  алғашқы  ширегінде  жарық  көрген 
С.Торайғыровтың 
«Қамар 
сұлу», 
М.Жұмабаевтың 
«Шолпанның 
күнәсі», 
Ж.Аймауытовтың  «Ақбілек»,  М.Әуезовтің  «Қаралы  сұлу»,  С.Мұқановтың  «Ботакөз»  т.б. 
және 
пост-кеңестік 
жазушылар 
Д.Исабеков, 
Б.Нұржекеев, 
Қ.Түменбай 
т.б. 
шығармаларындағы  бір  ғасырға  жалғасқан  әйелдер  образының  ерекшеліктеріне  тоқтала 
отырып,  қазақ  қоғамының  өзгерісін  қазақ  әйелдері  құқығының  өзгерісімен  сабақтастыра 
отырып зерттеліп, талдау жасалады.  
Түйін  сөздер:  әйелдер  құқығы  идеясы,  қазақ  әдебиеті,  ерлердің  тұрғысы,  әйелдер 
образы, үнсіздік.  
Қазақ  қоғамы  өткен  бір  ғасырлық  даму  тарихында  әйелдерге  шекті  құқық  берген 
дәстүрлі  танымнан  бүгінгі  шартты  түрде  әйелдерге  ерлермен  тең  құқық  қарастырған 
қоғамға жетті.  
Қазақ  әдебиетінде  өткен  ғасырда  әйелдер  образын  негізінен  ер  жазушылар  жазған. 
Әйелдер құқығы идеясы ер жазушылар шығармаларында әйелдерге ерлердің тұрғысынан 
қарастырылады.  1910-1940  жылдары  жарық  көрген  С.Торайғыровтың  «Қамар  сұлу», 
М.Жұмабаевтың  «Шолпанның  күнәсі»,  М.Әуезовтің  «Қаралы  сұлу»,  С.Мұқановтың 
«Ботакөз»,  Ж.Аймауытовтың  «Ақбілек»  шығармалары  әйелдер  құқығы  идеясының 
бірінші кезең көрінісі. 
Екінші  кезең  –  1960-1990  жылдарда  кеңес  қоғамында  жарық  көрген 
Ә.Нұршайықовтың  «Махаббат,  қызық  мол  жылдар»,  Д.Исабектің  «Әпке»  сахналық 
шығармасындағы әйелдер құқығы идеясының көрінісі.  
Үшінші  кезең  –  пост-кеңестік  қоғамда  жарық  көрген  Б.  Нұржекеев,  Қ.  Түменбай 
шығармаларындағы  әйелдер  құқығы  идеясының  көрінісі.  Осы  ғасырлық  уақытта  қазақ 
қоғамында  Батыс  Еуропадағы  Әйелдер  құқығы  идеясы  деңгейіне  жетпесе  де,  үлкен 
дамуды  бастан  кешті.  Бұдан  сөз  үнсіздік  өзгерісінен  –  қазақ  қоғамындағы  әйелдердің  өз 
құқығын  қорғау  жағында  үнсіздік  жағдайдан  біртіндеп  өз  құқығын  саясат,  экономика 
жағында мүмкіндігінше қорғай алатын деңгейге жеткенін көруге болады. 
Адамзаттың  бүгінге  дейінгі  жазба  мәдениетінің  тарихына  үңілсек,  адамзат  (human 
being),  адам  (human),  тарих  (history)  деген  ұғымдарды  пайымдаудан  тұрады.  Соған 
қарамастан,  осы  ұғымдар  тікелей  ерлердің  тұрғысынан  жазылған.  Әйелдер  тақырыбына 
жазылса  да,  ер  адамдар  өз  тұрғысынан  (male  perspective)  жазды.  Адамзат  мәдениетінің 


 
 Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                                  Вестник №3(51), 2014 г. 
 

бесігі саналған Египет, Грек-Рим, Парсы, Үнді, Қытай мәдениетінің жазбаларынан бүгінге 
жеткен  деректерден  біз  осыны  аңғарамыз.  Бұл  жағынан  жоғарыдағы  тарихта  әйел  заты 
үнсіз (the silence) қалып келген.        
XVIII  ғасырдың  соңында  Еуропада  ерлердің  әйелдерді  толықтай  бағынышты  еткен 
қоғамдық ортағасырлық үстемдігіне қарсы әйелдер құқығы идеясының алғашқы негіздері 
пайда  болды.  1791  жылы  Франция  төңкерісі  қарсаңында  О.Гоужес  (Olympe  de  Gouges) 
«Әйелдер құқығының жарнамасы» шығармасында  автор «әйелдер 

 туғаннан еркін адам, 
ол ерлермен тең құқылы» деп жазды. АҚШ-тық М.Фуллер әйелдердің заңды құқығы мен 
тұрмыстағы  құқықтарын  философиялық  тұрғыдан  дәлелдеуге  тырысты.  Ол  әйелдер 
отбасымен  ғана  шектеліп  қалмауы  тиіс,  қайта,  өзін  түрлі  салада  жетілдіруді  мұрат  етіп 
ұстануы,  ақыл-ой,  сана-сезім,  ғылым-білім  жағында  жетілу  әйел  затының  өзін  шыңдай 
түсуіне  жол  ашады  деп  қарады.  Ағылшын  Дж.Милл  әйелдердің  неке  заңында  ерлермен 
тең  құқықты  болу  мәселесін  көтерді.  Ол  неке  шарты  екі  жаққа  да  тең  болуы,  әйелдерде 
некеден бас тарта алатын құқық болуы тиіс, әйел заты қоғамдық еңбекке араласуы керек, 
бұл олардың өзін асырауы үшін еріксіз некеге баруының алдын алады деп санады. Әйел 
заты қоғамдық еңбек бәсекесіне толық араласқанда ғана өзінің орнын табады, сондай-ақ, 
қоғамның  қажетін  толықтайды  деп  қарады.  Ф.Энгельстің  «Отбасы,  жекеменшік  және 
мемлекеттің  пайда  болуы»  (Der  Ursprung  der  Familie,  des  Privateigentums  und  des  Staats, 
1884),  С.Веаувоурдің,  М.Далидің  «Әйел  затының  қоғамы»  (Gyn  Ecology)  т.б.  еңбектері 
әйелдердің  саясатта,  экономикада  және  мәдениетте  ерлердің  еркіне  бағынышты  еткен 
қоғамдық әділетсіздікті өзгертіп, өз тұрғысын табуына теориялық негіз қалады. Қоғамдық 
теңдіктен  соң  тең  құқықты  талап  етуге  мүмкіндігі  жетті.  Бүгінгі  таңда  таптық,  нәсілдік, 
мәдениеттік  айырмашылықтардан  жоғары  тұратын  бұл  идея  әйелдердің  құқығын  қорғап 
қана  қоймай,  қоғамдық  ғылымның  барлық  саласына  ықпал  етіп,  адамзат  қоғамы  кез 
келген қайшылықтарды шешуде өз тұрғысынан жауап іздеп келеді.  
Әйелдер құқығы идеясы пайда болған күннен бастап әдебиетпен тығыз байланыста 
болды.  Зерттеу  аумағы 

  қоғам  /адам,  әйел/  ер,  әйел  /отбасы,  әйел/,  т.б.  қатынастарын 
қамтитын  әйелдер  құқығы  идеясы  дәл  осы  саланы  кең  көлемде,  жан-жақты,  өзіндік 
тәсілмен  бейнелейтін  әдеби  шығармалардан  өзіне  дәлел  тауып  келеді.  Соның  нақты  бір 
мысалы  ретінде  Дания  драматургі  Г.Ипсеннің  «Қуыршақ  отбасы»  (ADoll's  House) 
сахналық шығармасын айтуға болады. Аталған шығарма XIX ғасырдың соңында Еуропа 
қоғамындағы әйелдердің отбасы қатынасының жағдайына үңіле отырып, қайшылықтарды 
бейнелеген.  Нара  образында  дәстүрлі  отбасы  әйелінің  жаңа  бейнесі  жасалған.  Ол 
қоғамнан  отбасына  дейінгі  ерлердің  үстемдігі  жүріп  тұрған  ортада  алғаш  болып,  өзінің 
тәуелсіздігі,  бостандығы  туралы  ойланады.  Нара  образынан  XX  ғасырда  саясатта, 
экономикада,  мәдениетте,  қоғамда  тең  құқығы  болуын  талап  еткен  әйелдердің  алғашқы 
бейнесін көреміз. Туынды авторы ер адам болса да жоғарыдағы шығарма әйелдің еркі мен 
құқығы  мәселесін  көтерді.  Шығарманың  өмірге  келуіне  сол  тұста  қоғамда  бел  алған 
әйелдер құқығы қозғалысының ықпалы болғаны анық.  
Ежелгі  Грекиядағы  «Илиада»  эпосындағы  Илена  мен  Кассандраның,  байырғы 
арабтың «Мың бір түн» шығармасындағы әйелдердің, ортағасырлық қытай әдебиетіндегі 
көптомды роман «Үш патшалық шежіресіндегі» әйелдердің, қазақтың «Қобыланды», «Ер 
Тарғын», «Алпамыс» эпостарындағы Құртқа, Қарлыға, Ақжүніс т.б. әйелдердің образынан 
осыны  көреміз.  Бұларды  ерлер  көзқарасы  тұрғысымен  жазылған  әйелдер  образы  деп 
атауымызға болады. 
XX ғасырдың басында С.Торайғыров (1893-1920 ж.) «Қамар сұлу» өлең-романында 
дәстүрлі  рулық-отағасылық  билік  үстемдік  еткен  қоғамдағы  қазақ  қызының  тағдырын 
жазған. Қамар 

 бай әулеттен шыққан сұлу қыз. Он бес жасқа келген Қамар көркіне ақылы 


жүктеу 9,27 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау