Литературоведение



жүктеу 9,27 Kb.
Pdf просмотр
бет81/86
Дата28.11.2017
өлшемі9,27 Kb.
#2113
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   86

 
 Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                                  Вестник №3(51), 2014 г. 
 
168 
сапасын  көтеру  басты  міндеттердің  бірі  болып  отыр,  яғни  білім  беру  алдындағы  басты 
міндет – қазіргі қоғамға жан-жақты білімді, жоғары мәдениетті, өзгермелі жағдайда өз іс-
әрекеттерін  шығармашылықпен  ұйымдастыра  алатын  тұлғалар  дайындау.  Қазақстан 
Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаев  «Қоғамның  нарықтық  қарым-қатынасқа 
көшу  кезінде  саяси-экономикалық  және  рухани  дағдарыстарды  жеңіп  шыға  алатын, 
ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы, іскер, өмірге икемделген, жан-жақты, мәдениетті жеке 
тұлғаны  қалыптастыру  –  біздің  басты  мақсатымыз»  деп  өзінің  «Жаңа  әлемдегі  жаңа 
Қазақстан»  атты  Жолдауында  тұжырым  жасады.    Қазіргі  педагогика  ғылымында  
негізгі  базалық  ілімдердің  бірі  «құзіреттілік»  болып  отыр. Қазақстан  Республикасы  2015 
жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында да білімге бағытталған мазмұнды 
құзіретттілік,  яғни  нәтижеге  бағдарланған  білім  мазмұнына  алмастыру  қажеттілігі 
көрсетілген  [1].
 
Құзіреттілік  ұғымы  «білім»,  «білік»  және  «дағды»  (ББД)  сияқты 
ұғымдарды қамтиды.  Бірақ  бұл  ББД-ның жаңаша жай ғана жиынтығы емес.  Құзіреттілік 
оқыту  нәтижесін  (білім  және  білік)  ғана  емес,  сонымен  бірге  ол  оқушылардың 
шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі мен құндылық бағдарларының жүйесін де көрсетеді. 
Құзіреттілік  дегеніміз  –  тұлғаның  бойында  білім,  дағды,  іскерлік,  ерік,  күш-жігердің 
болуы. Ол ең әуелі мектептегі оқыту үрдісінде қалыптасады [2]. Құзіреттілік – оқушының 
алған  білімі  мен  дағдыларын  тәжірибеде,  күнделікті  өмірде  қандай  да  бір  практикалық 
және  теориялық  мәселелерді  шешу  үшін  қолдана  алу  қабілеттілігі.  Сонымен,  оқытудағы 
құзіреттілік тәсіл білім беру нәтижесі ретіндегі оқыту сапасын қамтамасыз етеді, ал ол өз 
кезегінде кешенді әдіс-тәсілдерді жүзеге асыруды, мектептегі оқыту сапасын бағалаудың 
біртұтас  жүйесін  құруды  талап  етеді.  Құзіреттілік  тәсіл  бірінші  орынға  оқушының 
хабардарлығын  емес,  нақты  құбылыстарды  танып  білу  мен  түсіндіруде;  қазіргі  заманғы 
техника мен технологияны игеруде; практикалық өмірде; мамандық таңдау кезінде өзінің 
кәсіби  білім  алуға  дайындығын  бағалауда;  еңбек  нарығын  бағдарлау  қажет  болғанда; 
өмірден  өз  орнын  анықтауға;  өмір  салтын,  кикілжіңдерді  шешу  тәсілдерін  таңдауға 
байланысты мәселелерді шешу қажет болғанда туындайтын өмірлік мәні бар мәселелерді 
шешу  біліктілігін  шығарады.  Шетел  тілі  сабақтарында  оқушылардың  коммуникативтік 
құзіреттіліктерін  қалыптастыру  мен  дамытудың  маңызы  зор.  Оқушылар  қарым-қатынас 
моделдерін,  мәдениеттік  стереотиптерді,  мәдениет  образдары  мен  символдарын  білулері 
керек. Бұл оқушылардың шетел тілінде емін-еркін сөйлесуін қамтамасыз ете алады. Ахмет 
Байтұрсынұлы:  «Мұғалім  әрдайым  ізденісте  болса  ғана  шәкірт  жанына  нұр  құя  алады» 
дегендей,  мұғалімнің  ізденісі,  жан-жақтылығы  айтылып  кеткен  құзіреттілік  арқылы  
айқындалады. 
«Коммуникативтік  құзіреттілік»  (латынның  «соmpetere»  –  қол  жеткізу,  сәйкес  келу 
сөзінен  шыққан)  –  қажетті  тілдерді,  қоршаған  адамдармен  және  оқиғалармен 
әрекеттестікте болу тәсілдерін білуді, топта жұмыс жасау дағдыларын, ұжымдағы әртүрлі 
әлеуметтік  рөлдерді   меңгеруді  қамтиды.  Оқушы  хат  жаза,  анкета  толтыра,  арыз  жаза, 
сұрақ  қоя,  пікір  таластыра  т.б.  білуі  тиіс.  Коммуникативтік  құзіреттілік  –  екінші  тілді 
үйренуші  оқушыларға  тілдің  заңдылықтарын  жаттанды  үйретпей,  сол  тілді  тілдік  және 
қатысымдық тәсілдерді орынды қолданумен байланыстыру. Коммуникативтік құзіреттілік 
жеке  тұлғаның  рухани өсуін  қалыптастырады,  адамдарды  түсіне  білуіне  көмектеседі  [3]. 
Білім  берудің  негізгі  нәтижесі  ретінде  мектеп  түлегі  оқушыда,  яғни  жеке  тұлғада 
төмендегі  құзіреттіліктер  болуы  тиіс:  құндылықтарды  бағалау  қасиеті  –  жаңа  қоғам 
өмірінде  өз  рөлін  таба  білу  біліктілігі,  азаматтық  белсенділігі,  саяси  жүйені  түсіну,  ең 
алдымен  өз  жерінің,  Отанының  патриоты  болу.  Өз  халқының  және  әлем  елдерінің 
мәдениетін  түсіну,  білу,  бағалау,  жалпы  адамзаттық  мәдениеттің  жетістіктері  мен 
этномәдени құбылыстарды тану. Адамдар мен өзара іс-әрекет және қарым-қатынас жасау 


Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                                Хабаршы №3 (51), 2014 ж.  
 
169 
 
тәсілдерін  білу,  түрлі  әлеуметтік  топтармен  жұмыс  істеу.  Өз  бетінше  іздей  білу,  талдау, 
таңдап  алып  өзгерте  білу,  ақпараттық  технологияны  игеру.  Жанұяда,  еңбекте, 
экономикада,  саяси,  қоғамдық  азаматтық  тәжірибе  мен  білімге  ие  болу.  Әлеуметтік-
қоғамдық  жағдайларға  нақты  талдау  жасап,  шешім  қабылдай  білу.  Өзіндік  қадір-қасиет 
сезімін  ұйымдастыра  білу,  өз  мүмкіндігін  нақты  даму  жоспарларымен  салыстыра  білу. 
Оқыту  үрдісінде  оқушының  өз  еркімен  білім  алуына,  материалды  ойлау  қабілетіне 
бағыттауға,  оқытуды  жаттанды  түрде  емес,  шығармашылықпен  меңгертуге  көңіл  бөлу 
қажет.  Оқушы  қиялы  жүйрік,  жан  дүниесі  нәзік,  өзін  қызықтырған  істе  белсенді,  ақыл-
қабілеті  дамыған,  сондықтан  шығармашылық  оған  шын  ләззат,  қуаныш  сезімін  әкелуі 
тиіс.  Оқушылардың  шығармашылығын  дамыту  жолдарын  ақпараттық  және 
коммуникативтік  құзіреттіліктер  арқылы  іске  асыруға  болады.  Осыған  орай  заманауи 
шетел  тілі  сабағы  оқушылардың  бойында  коммуникативті  құзіреттілікті  қалыптастыруға 
және дамытуға бағытталған болуы қажет. Ең алдымен оқушылардың тілдік құзіреттілігін 
дамытуға көңіл бөліну керек, атап айтқанда берілген тақырып көлемінде оқу, сөйлеу, жазу 
және тыңдап түсінуде мәдениетаралық қарым қатынас құруға жаттықтыру.  Осы мақсатқа 
жету  үшін  коммуникативтік  үлгідегі  сабақтарды  ұйымдастыруға  үлкен  мән  берілуі  тиіс. 
Олар төмендегідей сабақ түрлерін өткізу:       
- конференция сабақ 

жарыс сабақ
 

дөңгелек үстел сабағы
 

сынақ сабақ
 

экскурсия сабақ
 

музыкалық калейдоскоп сабағы
 

хайуанаттар әлеміне саяхат сабағы
 

спектакль сабағы және т.б.
 
Жоғарыда аталған коммуникативтік үлгідегі сабақтар дәстүрлі сабақтарға қарағанда 
оқушылардың  бойындағы  адамгершілік  қасиеттерін  оятып,  оларды  тәрбиелік  пен 
жолдастыққа,  саналылыққа,  әлеуметтік  негіздердің  қалыптасуына,  халықтар  арасындағы 
ынтымақтастық  пен  достыққа,  сыйласымдыққа  әсерін  тигізеді.  Мұндай  сабақтарда 
оқушылардың  ұжымдық  ой-пікірлері  қалыптасып,  сыныптағылардың  пікірі  бойынша 
тұжырым  жасауды,  ортақ  іске  өз  үлестерін  қосуды,  жолдастарының  жауаптарына  пікір 
айтуды,  әртүрлі  ойларды  сын  елегінен  өткізуді,  дұрыс  ұсыныс  жасай  алуды  үйренеді. 
Сабақта  ағылшын  тілінде  сөйлейтін  мемлекеттердің  мәдениеті  мен  өз  елінің  мәдениетін 
қатар  қарастыру  оқушылардың  әлеуметті  мәдениеттілік  құзіреттілігін  дамытуға  ықпал 
етеді.  Мысалы:  сабақта    оқушылар  Ұлыбритания  мен  Қазақстанның  мерекелері  жайлы 
өтеді.  Осы  тақырыптарды  өту  барысында  ағылшын  тілінде  мерекелерге  байланысты 
бейнефильмдер көрсетіп, оларды талдау, біздің мемлекетімізде тойланатын мерекелермен 
салыстыру.  Венн  диаграммасы  арқылы  ұқсастықтары  мен  айырмашылықтарын  анықтау. 
Сонымен  қатар  коммуникативті  құзіреттілікті  дамыту  үшін  тақырыпқа  байланысты 
диалог,  қойылымдар  әзірлеу,  рөлдік  ойындар  ойнау  т.с.с.  тапсырмаларды  орындатуға 
болады.  Коммуникативті  біліктілікті  дамытуда  үлес  қосатын  сабақтың  бірі  конференция 
сабағына  тоқтала  кетейік.  Конференция  сабағы  оқушылардың  шығармашылық  қабілетін 
дамытып,  олардың  ағылшын  тілінде  коммуникация  жасай  алуына  мүмкіндік  туғызады. 
Конференцияға  дайындық  кезінде  оқушылар  өз  бетімен  баяндама  тақырыптарын 
таңдайды,  зерттеу  жұмыстарын  жүргізу  барысында  алынған  нәтижелер  бойынша  есеп 
беруге  дайындалады.  Конференцияны  арнайы  бір  сыныпта  немесе  мектепішілік  сипатта 
да  өткізуге  болады.  Конференцияны  өткізудің  бір  түріне  симпозиум  жатады. 
Симпозиумда  мұғалім  жалпыға  ортақ    бір  мәселені  дайындап,  ал  оқушылар  сол  мәселе 


жүктеу 9,27 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   86




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау