КҚ 3.1.1. Жалпы және мектепке дейінгі педагогиканы, психологияны, жасерекшелік физиологиясын, гигиены және дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету негіздерін білу;
КҚ 3.1.2 Қарым – қатынас этикасын, балалардың психологиялық, анатомиялық – физиологиялық даму ерекшеліктерін және балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін экстремальды жағдайларда әрекет ету тәртібін білу;
КҚ 3.1.3. Тәрбие беру жұмысының функциялары мен мазмұнын, балалар ұжымын диагностикалаудың әдістерін білу;
КҚ 3.1.4. Пәндерді оқыту әдістемелерін меңгеруі; тәрбиелеу мен оқытудың қазіргі заманғы әдіс тәсілдерін, құралдары мен нысандарын қолдану;
КҚ 3.1.5 Балалардың танымдық және ақыл-ой қабілеттерін дамыту, оқу іс –әректін қалыптастыру;
КҚ 3.1.6 Балаларда эстетикалық қабылдау мен пайымдауларын қалыптастыру; көркемдік талғамдары мен шығармашылық қабілеттерін дамыту;
КҚ 3.1.7 Балаларды мәдени ггиеналық дағдыларға үйрету және оларды саналы түрде орындауға тәрбиелеу; шаруашылық – тұрмыстық еңбек ету дағдыларын қалыптастыру;
КҚ 3.1.8. Балаларда қоршаған ортаның қарапайым құбылыстары туралы дұрыс түсінік қалыптастыру , танымдық психикалық үрдістерін дамыту;
КҚ 3.1.9. Режимдік үрдістерді және оқыту іс-әрекеттерін ұйымдастыру тәсілдерін меңгеру;
КҚ 3.1.10. Мектепке дейінгі жастағы балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып оқыту мен тәрбиелеудің нақты міндеттерін анықтау;
КҚ 3.1.11. Баланы эстетикалық дамытудың тәсілдерін меңгеру, ән айтуға, сурет салуға, би билеуге үйрету, баланың бос уақытын (театрға, киноға, музейлерге жорықтар және т.б.) ұйымдастыру. Музыка, этика және эстетика, бейнелеу өнерін оқыту.
КҚ 3.1.12. Әртүрлі жастағы балаларға арналған, олардың қабілетін дамытатын үстелүстілік, дидактикалық, компьютерлік, интеллектуальдық ойындарды ұйымдастырудың әдістерін меңгеру;
КҚ 3.1.13. Ішкі еңбек тәртібі ережелерін, жеке гигиенаны, балалар өмірі мен денсаулығын қорғау бойынша нұсқаулықты сақтау; медициналық, зертханалық бақылаулардан уақытында тексеріліп отыру;
КҚ 3.1.14. Оқу-бағдарламалық құжаттарын әзірлеу негіздерін меңгеру, мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдардың мазмұнын талдай білу.
|