Зертханалық жұмыс №1 «Delphi интерфейсінің элементтері»



жүктеу 2,2 Mb.
бет1/118
Дата04.01.2022
өлшемі2,2 Mb.
#36255
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   118
Зертханалы ж мыс №1 «Delphi интерфейсіні элементтері»

Зертханалық жұмыс № 1 «Delphi интерфейсінің элементтері»


Бірінші тәжірибелік жұмыс Delphi ортасы мен осы тіл туралы негізгі ұғымдарға кіріспеден басталады. Сіздер жобамен Delphi ортасының қосымшасы ретінде танысасыздар, ал пішінді құрауыштарынан бағдарлама құрылатын жобаның қалауы ретінде қарастырасыздар. Нақты мысалдарда Delphi ортасында бағдарламалаудың концепциясы тереңдетіліп оқылады, олар: жобаны анықтау, жаңа пішінді құру, пішінге құрауыштарды қосу, осы құрауыштардың қасиеттерін анықтау және бағдарламаның орындалуы.

Жұмыстың мақсаты: Delphi ортасымен және оның негізгі терезелерімен танысу. Өзіңнің бірінші қосымшаңды құру және оны сақтауды үйрену.

Delphi — Windows жүйесінде жұмыс істеуге арналған бағдарламалаудың көрнекілік тілі. Оның қосымшасы, яғни Delphi ортасында құрылған бағдарлама да Windows жүйесіне арналған.

Delphi ортасында бағдарламалау объектілі-бағытталған технологияға сүйенеді. Бағдарламалаудың базалық тілі ретінде Object Pascal тілі таңдап алынған.

Delphi ортасында бағдарлама құру жұмысының көп бөлігі құрауыштарды таңдау, оларды тышқанның көмегімен экранға орналастыру және осы құрауыштардың қасиеттерін анықтауға кетеді. Құрауыштар — «құрылысшы блоктар» деп саналады, олардан Delphi ортасының қосымшалары құрылады. Олар өз кезегінде көрінетін болуы мүмкін, олар қолданбалы интерфейстің бөліктері (айналдыру жолағы, басқару батырмалары, меню т.б.), сонымен бірге көрінбейтінде болуы мүмкін — таймер, деректер базасы.



Тапсырма 1. Delphi - ді іске қосу

Delphi – ді іске қосу үшін 3 әдістің біреуін орындаңыздар:



  • 1 . Егер сіз Windows ортасында отырсаңыз , онда Жұмыс стөліндегі Delphi пиктограммасына тышқанның көмегімен екі рет шертіңіз .

  • 2. Келесі қадамдарды орындаңыз: Пуск – Программы – Borland Delphi 6 – Delphi 6

  • 3. Windows бағыттауышынан (Каталог Program Files\Borland\Delphi 6\Bin) delphi32.exe файлын тауып алып, соны орындаңыз.

Тапсырма 2. Delphi интерфейсінің элементтерін оқып – үйрену.
Ортаның интегралдық құрылымы (IDE – Integrated Development Environment).

Delphi ортасының интегралдық құрылымына қосымшаларды құрайтын және жобаны басқаратын келесі құралдар кіреді:



  • Негізгі меню

  • Құрал – саймандар панельі

  • Жоба диспетчері (Project Manager)

  • Код редакторы (Code Editor)

  • Құрауыштар палитрасы (Component Palette)

  • Пішін терезесі

  • Объект инспекторы (Object Inspector)

  • Объект бұтақтары (Object Tree View)

  • Меню конструкторы (Menu Designer)

  • Зерттеуші (Browser)

Delphi 6 ортасын іске қосқанда компьютер экраны сурет 1.3 – де көрсетілгендей көрініс табады.

Сурет 1.3 Delphi 6 ортасының терезелері мен панельдері



Бағдарламалау ортасының негізгі терезесін қарастырайық. Ол терезенің тақырыбы — Delphi 6 – Project 1, яғни Delphi сізге бірінші жобаңызды құруға нұсқау береді және оған Project 1 деген ат тағайындайды. Төмен қарай негізгі меню, 16 батырмадан тұратын құрал-саймандар панельі және құрауыштар палитрасы орналасқан.
Негізгі меню бағдарламалау ортасының командаларына қатынасты қамтамасыз етеді, олардың көбі Windows ортасынан және оның қосымшаларынан белгілі, ал қалғандары Delphi – ді оқып – үйренгенде кең түрде талқыланады.


жүктеу 2,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   118




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау