ІІ. Нақты жағдай классификациясы туралы сөз етпестен бұрын оның пайда болуы мен педагогикалық қолдануға енген кезеңін анықтап алуымыз керек.
ХХ ғасырдың 40-50 жылдары Гарвард университетінің Бизнес мектебінде нақты жағдайды қолданып оқыту белең алды. ТМД елдерінде осы әдісті жаңашыл-ұстаздар А.М.Смолкин [94], Р.Ф.Жуков, П.Г.Железник, А.И.Наумов [114], А.М.Зобов, А.А.Соловьева, Н.В.Борисова [5], Ю.С.Арутюнов [122], А.П.Хачатурян және басқалар қолдануда.
72-сурет.
Осы әдіс сол уақыттан бері қаншалықты зерттелініп, кеңінен қолданылып жүрсе де, нақты жағдайдың классификациясы туралы бірізге түскен пікір жоқ. Солай бола тұрса да, оларды нақты және базалық жағдай деп екіге бөлеміз.
Нақты жағдай шындық өмірде болатын жағдай ретінде ұғынылады. Өйткені, ол кез келген өндірісте, мекемеде, оқу орнында өмірге келіп, қатысушылардан өзінің шешімін табуды қажет етеді.
Базалық жағдай бір түрге жататын нақты жағдайдың жиынтықталуы болып табылады. Мысалы ұйымдастыру, басқару, мінездік, педагогикалық, шәкірттік, шаруашылық, зертханалық-техникалық және т.б.
Сонымен бірге, нақты жағдайды оның типтігі бойынша да жіктеуге болады (71-сурет).
Кейбір шетелдік зерттеушілер нақты жағдайды сабақтың оқу функциясы мен ұсынылу тәсіліне байланысты жіктеп жүргендігін 72-73-суреттерден аңғаруға болады. Сонымен нақты жағдай өзінің:
А) оқу функциясы бойынша:
Жағдай-проблема – мектептегі оқу процесінде өзінің шұғыл шешімін талап ететін нақты оқу-тәрбиелік проблеманың прототипі. Бұл секілді жағдайдың көмегімен тиімді педагогикалық ізденулердегі және оқушылардың білім, машық, дағды қалыптастырудағы тың шешімді іздеудің дағдысын қалыптастыруға болады.
Жағдай-бағалау – педагогикалық процесс үстінде «дұрыс – бұрыс» деп бағалап, әрі ұстаз өзіңнің осыған сәйкес келетін педагоикалық, шығармашылық дайын шешімін ұсынатын педагогикалық өмірлік жағдайдың прототипі.
Жағдай-көрнекілік – дәріс материалының фактісі ретінде шынайы жағдайдың прототипінің енуі. Тап осындай мысалдардың көмегімен арнайы сабақтарда нақты жағдай әдісі қолданылады. Визуалды образды жағдайды қарапайым жолдармен шешу үшін визуалды ақпараттандыру дағдысын қалыптастырады.
Жағдай-тренинг – қалыпты немесе басқа жағдайлардың (бәрі алға қойған мақсатқа байланысты) банкілік прототипі. Тренингті жағдайдың сипатталуы мен шешілімінің нұсқаулықтары бойынша өткізу.
Ә) Ұсынылым тәсілі бойынша:
Дәстүрлі жағдай – ғылыми-педагогикалық әдебиеттерден, ұстаздардың өз өмір тәжірибесінен алынуы мүмкін немесе ойдан құрастырылады. Бәрі де жағдайдың сипатына тән болуы тиіс. Көлемі шектеулі емес, бірақ баяндалуының айқын болуы міндетті. Соңынан сұрақ белгісі қойылмайды. Қатысушылар жағдайдың бойындағы сауалды мүшелеп, сол бойынша шешім қабылдайды.
73-сурет.
Өмірлік жағдай – шәкірттер, адамдар өмірінен алынады, бірақ қабылданатын шешім ешкімге белгілі емес. Оны тауып, өмірдегі өту кезектестігі бойынша жүйелі сипаттап шығу керек. Егер мұғалім осы әдісті ары қарай жалғастырғысы келсе, онда оны рөлдерге бөліп ойнатуына да болады.
Ақпараты шолу – белгілі бір пәнге қатысты бұқаралық ақпарат құралдарын қолдану. Мақсат – оқығанын ой елегінен өткізіп, негігі және жанама сұрақтарды айыра білуге дағдылану.
Алгоритм, нұсқау, стандарт бойынша іс-әрекет – нормативті құжаттарға сай әрекет жасауға дағдылану. Ол үшін нормативтік құжаттың өзі ұсынылады. Онда нормативке сай шешім көрініс табады.
Осының негізінде педагогикалық кәсіби қолданысқа «нақты жағдайды талдау» сөз тіркесі еніп отыр. Бұл – өмірден және қолдан құрастырылған жағдайларды егжей-тегжей зерделеп, проблемасы мен себептерін тауып, тиімді де шұғыл шешу болып саналады.
ІІІ. Нақты жағдайды құрастыру – жаңартпашылық мектептегі әр мұғалім үшін өте жауапты іс. Ол әдеттегі мектепте біршама төмен нәтиже берсе, жаңартпашылық мектепте оң тиімді нәтиже беретіндігі дәлелдеуді керек етпейтін ақиқат. Нақты жағдайды құрастыру ұстаздан кәсіби біліктілікті талап етеді. Нақты жағдайды қолданып сабақ өткізу үшін төмендегі 74-суреттегідей жалпы мақсат қоя білу керек. Сыныптағы жағдай банкін құру үшін ақпарат көздерін іздестіру шынайы нақты жағдайға талдау жасаудан басталады.
74-сурет.
Нақты жағдайға ақпарат енгізудің ережесі:
1. Тек қана сенімді фактілер мен жағдайларды бұрмаламай қолдану.
2. Ақпараттың бойында жаңашылдық бар болып, мәтінде оған түсініктеме берілуі керек.
3. Ақпаратты шынайы өмір қалпында беру керек.
4.Сипаттау кезектестікпен және қисынды түрде басым бағыттарды: әуелі жағдай туралы (қашан, қайда, қандай жағдайда, қатысушы-оппененттер) мәліметті, одан кейін проблеманың өзі арнайы бөлініп көрсетіліп, астарлы түрде осы мәселені шешпесе не болатындығы айтылатындығы түсініктемесімен келтірілуге тиіс.
5.Жағдайды сипаттағанда оның себеп-салдар байланысын әдейлеп жасырып қалу керек.
6.Мәтіннен бөлек қосымша визуалды ақпаратты (диаграммалар, кестелер, таблицалар, суреттер, образдар және т.б.) пайдалану керек.
7. Нақты жағдайдың көлемі шектеулі емес, өткен шақта жазылады.
ІІ кестеде нақты жағдайдың құрастырылу үлгісі келтірілген.
ІІ кесте
Нақты жағдайды құрастыру жоспарының мысалы
Кезеңнің
атауы
|
Жағдай құрастыру бойынша негізгі жұмыстың мазмұны
|
Ескерту
|
І кезең
Бастапқы
|
Ұйымдастыру іс-әрекетінің жалпы сипаттамасы
Негізгі персонаждардың аттары мен лауазымдары
Іс-әрекеттің орны мен уақыты
Проблема немесе себеп пен шешімнің (әр қилы қатысушылардың) қысқаша сипаты
|
Мекеме атауы
|
ІІ кезең
Негізгі бөлім
|
Ұйымның тарихы, дамуы, байланысы
Егер бәскелестері бар болатын болса, олардың қысқаша сипаты
Әріптестері
Ұйымның қаржылық жағдайы
Ақпараттың қол жеткізілімдігі
Қатысушылардың өзара әрекеттестігі
Нақты жағдай сипаттамасы
Жағдайдың тиімді шешімі
|
Ақпараттық банкінің (аталған проблема бойынша газет, журналдар, конференция материалдары )
|
ІІІ кезең
Қорытынды
|
Нақты жағдайды шешудегі алгоритмдік кезектестік
|
Визуалдандырылуы
мүмкін
|
Нақты жағдайды өткізудің алгоритмі төмендегідей болып келеді:
Сабақ өткізу технологиясы
Тақырып
Мақсаттар
Шәкірттер контингенті мен олардың саны
Сабақты өткізуге қажетті уақыт
Жобалаушы автор
Жасалған жылы
75-сурет.
Осылайша, әуелі жағдай туралы мәліметке қанықсақ, одан кейін оның туындаушы формасын, көлемін және тиімді шешімін сипаттай алатын боламыз. Шәкірттерге тарататын немесе түсіндіретін тапсырманы жобалаудың маңызы зор,
IV. Нақты жағдай қолданып өткізілетін сабақтың технологиясы туралы сөз еткенде, іскер ойындарға қарағанда аталған технология нақты жағдайды өткізудің қатаң ережесін, сценариін (бұл арада тек оның жоспары туралы ғана сөз етіп отырмыз) және бағалау критерилерін қажет етпейді. Сабақтың өткізілуі көбінесе жағдайдың өзіне, жүргізушінің шығармашылық тұлғасына және қатысушылардың белсенділігіне байланысты болып келеді.
Нақты жағдайды қолданылып өтікізілетін сабақтың мысалдық алгоритмі 75-суретте келтірілді. Бұл кестеде сабақты ұйымдастыру мен өткізілуіне қойылатын жалпы талап ұсынылып отыр. Ал шынайы педагогикалық өмір тәжірибесінде бұның көптеген нұсқалары кезігеді. Егер түйіндей айтатын болсақ, дәріс оқуда нақты жағдайды қолдану 3 деңгейден тұрады:
І деңгей. Дәріс үстінде мұғалім шәкірттеріне факті немесе мысал ретінде нақты жағдайды келтіріп, оның шешімін табуды ұсынады. Шәкірттер оны табу жолында жұмыла еңбектенеді, бірақ оның талдауын мұғалім өзі жасап, тиімділігін айтып береді. Бұл – басқаша айтсақ, сыныпты аталған әдісті қолданып оқытуға дайындау.
ІІ деңгей. Сабақ процесінде мұғалім оған нақты жағдайды шешуді енгізіп, сыныпты оны әркім өз бетімен дербес шешіп шығуға шақырады. Біршама уақыт оқушылардың тапсырма түрінде берілген нақты жағдайды ой елегінен өткізіп алуға бөлінеді, содан кейін барып, 2-3 шәкірттен оның шешімі сұралады. Одан кейін мұғалім сөйлегендердің сөзінің қай жері дұрыс, қай жері бұрыстығының неліктен екеніне түсініктеме береді. Осылайша, сынып өміріне осы әдісті қолданып сабақ өту бірте-бірте енеді.
ІІІ деңгей. Бұл – нақты жағдайды қолданудың жоғарғы деңгейі. Оған ұстаздар өз шәкіртерінің мүмкіндігіне сенген кезде ғана баруына болады. Нақты жағдайды қолданудың келесі кезеңі - «нақты жағдайлар банкі». Ол арнайы бір математикалық тақырыпқа арналып, шәкірттер тарапынан жиналады. Нақты жағдайлық тақырып материал ретінде жинақталғанан кейін, мұғалім оларды өз тарапынан өңдейді де, ерекше шешімді қажет ететіндерін өз сабағында оқу материалы ретінде қолданады.
Келесі кезең нақты жағдайлар банкін қолданып сабақ өткізу болып табылады. нақты жағдайлар банкін қолданып сабақ өткізу технологиясына дәстүрлі, еркін, аралас нұсқалар жатады.
Дәстүрлі нұсқада сыныптағы топты 4-6 адамдық шағын топқа бөлу орын алады. Шағын топтың көш басшысын сайланады. Нақты жағдайға 15 минуттық жеке талдау жасалғаннан кейін, топтың арасында ұжымдық талқылау жасап барып, оны 15 минуттық топтар арасындағы пікірталасқа ұластыру жүзеге асырылады;
Еркін нұсқада сыныптық топ шағын топқа бөлшектенбейді, керісінше нақты жағдайды мұғалім оқып шыққан соң, әркім өзінің шешімін ұсынады. Мұғалім өз талдауын жасап, нақты жағдайға берілген қатысушылардың жауаптары ішіндегі дұрысын атап өтеді;
Аралас нұсқада еркіндік пен дәстүрлік өзара араласып келеді. Бұған белсенді оқыту әдістері – ой шабуыл, инцидент, кеңес беру әдістерін қолдану жатады. Мұғалім сабақ соңында оқушылар жазған жазбалардың дұрысын таңдап алып, қателерін «шешімдер қоқысы» себетіне лақтырады.
V. Нақты жағдайдың психологиялық астарын педагогикалық процесс үстіндегі іс-әрекеттер тұрғысынан байыптайтын болсақ, онда нақты жағдай әдісін қолданып сабақ өткен кезде қатысушылар үшін төмендегідей психологиялық күрделікті ескеруге тиіспіз (76-сурет).
Псих
|
|
|
Фактор
|
Псих
|
|
|
Фактор
|
Псих
|
|
|
Фактор
|
|
Себепті бөлшектеу
Қосымша, жанама ақпараттарды қолдану
Талдау тәжірибесінің болмауы
Себеп-салдарлық байланысты іздеу
Тиімді шешімді түйіндеу
«Бөтен» пікірмен келісуді білмеу
76-сурет.
VI. Нақты жағдай принциптері негізге алынатын нақты жағдай технологиясы проблемалық, кәсіби жағдайларды үлгілеу және олардың шешімін табу, дербес-ұжымдық оқу іс-әрекет, сұхбаттық қарым-қатынас жүзеге асатын принциптер ретінде түсінуге болады. Ол 77-суретте беріліп отыр.
77-сурет.
1. Проблемалық – бірден шешімі табылмайтын белгілі бір қарама-қарсылыққа негізделген жағдай.
2. Кәсіби жағдайды үлгілеу және оның шешімін табу – өмір құбылыстарын, оқу жағдайын имитациялайтын бірден шешімін таба қоймайтын жағдай. Оны мұғалім үлгілеп, өзінің шәкірттерінің назарына ұсынады. Онда ұстаз нақты жағдайдың қос қырлылығын (шынайы және шартты) ескереді. Төмендегі 78-суретте қиялдағы жағдайды шынайы шешудің дағдысын қалыптастырудың жолдары көрсетіліп отыр.
78-сурет.
3. Ұжымдық-дербес әрекет – өз бетімен жұмыс істеу нақты жағдай сабағының алғашқы кезеңі, онда мынандай іс-әрекеттер жүзеге асырылады:
-проблеманы табу;
-проблеманы сұрақ белгісі бар шығармашылық тапсырмаға айналдыру;
-проблеманың шешуін табудың нұсқаларын жиыстыру;
-тиімді шешім қабылдау. Бірақ, сонымен қатар, бірлесе еңбек ететін ұжымдық-топтық әрекеттестік те бар. Нақты жағдайда тиімді әріптестік шешім төмендегідей негізде кезең-кезеңімен жүзеге асып отырады:
дербес шешім негізінде;
топтық шешім негізінде;
нақты жағдайға қатысушылардың ұжымдық шешімі негізінде.
Нақты жағдайдың жүргізушісі қабылданған шешімнің дұрыстығын құптайды, әрі талдап, оның нәтижесін хабарлайды.
4. Сұхбаттық қарым-қатынаста екі немесе одан да көп адамдардың пікір, ақпарат, ұстаным, тәжірибе, идея, сезім, бастан кешу және т.б.күйлері алмасып жатады, яғни аталған процесс біртұтас стратегия жасап шығу үшін адамдардың бірлескен шешім қабылдауларын қалыптастырады. Ал нақты жағдайды пайдаланғанда жағдайлық процестерге қатысушылардың бірлескен әрекетінде алғашқы кезекте сұхбаттық қарым-қатынастың мынандай негізгі элементтері іске қосылады. :
тұлғаның коммуникативтік қасиеті;
қарым-қатынастың ретке келтірілуі;
басқалардың ұстанымы мен пікірлерін түсіне білушілік;
адамдарды, ақпараттарды, мінездік стратегия мен қоршаған ортадағы әлеуметтік-психологиялық ахуалды бағалай білу;
тиімді шешім қабылдаудағы жұмыс үстіндегі әріптестік.
шығармашылық идеяның белсендендірілігі арттырылады
өзінің жаңа тақырыпқа деген қызығушылығын арттыратын жаңа білім беру технологиясын қолдануын жеделдетеді және т.б.
Нақты жағдай «сұхбаттық қарым-қатынас» арқылы кәсіби ситуацияға жуық жағдайда шәкірттердің өзара әрекеттестігі мен әріптестігі үлгіленеді.
VII. Нақты жағдайдың түйіндемесі – белсенді оқыту әдістері шығармашылық қабілетті ғана емес, тұлғаның шығармашылық типін де қалыптастырады. Сонымен, белсенді оқыту әдістері өздік жүзеге асырылымға, басқарлымға, тәртіпке алғышарт болып табылады. Бұл нақты жағдайға қатысушы тұлғалардың өзіндік «менін» қалыптастыруға көмектеседі.
Сыныптағы нақты жағдайдан шығармашылық белсенділік ахуалының қалыптасуы әбден мүмкін, өйткені ол бірте-бірте оқушылардың бойында орын алған құлықсыздықты жою үшін өткізілетін сабақтың жаңа формасы ретінде туындап, оларды бірлесіп ерекше шешім түрлерін қабылдауға бастайды. Осы «қызығушылық» тұлғаның шығармашылық бағыт ұстануына түрткі болып, олардың сабақ үстіндегі жағымды эмоциясын арттырады, эвристикалық ойлауына қозғау салады. Шәкірттер бұндай сабақта өздеріне өте сенімді болып, өзінің жеке басын қадірлейтін қасиетке ие болады. Соның арқасында нақты жағдай сыныптағы оқушыларға түрліше ой салу үшін мынандай логикалық-психологиялық түрткі жасау процестері қолданылады:
салыстыру – айырмашылық;
деректілік – дерексіздік;
индукция – дедукция;
анализ – синтез;
біріктіру – қарсы қою.
Ойлаудың интенсификациясы жүзеге асырылады. Зер салып қарау арқылы ұстаз өз шәкірттерінің бойында қандай ойлау іс-әрекеттері дамығандығын, қайсысын жөнге салуды керек ететінін жылдам сезіп, соған сай шешім қабылдайды.
Нақты жағдай кейде шәкірттердің бойында бұғып жатқан мүмкіндіктері мен қабілеттерінің көзін ашады:
проблеманы оның қарама-қайшылығынан аңғару;
проблемалардың өзіндік байланысымын тұтастық ретінде қабылдау;
жадынан (ой қатпарынан) қажетті ақпаратты шығара білу;
бір тұрпаттан екінші тұртаттағы құбылысқа назарды ауыстыру;
түйсіктегі жетіспейтін ақпаратты толықтыру;
тұлғаның психикалық және өрелілік қорына қозғау салу;
ретроспективті және болжаушылық ойлаудың шекарасын кеңейту.
Нақты жағдай қолданып сабақ өткізуші жаңартпашылық мектептің мұғалімі оның ерекше білім беру технологиясы екенін білуі керек. Ол өзінің тұрпаты жағынан Рөлдерде ойнау және Іскер ойындарға жуықтас болып келетін дәстүрлі білім беру технологиясынан ойындық технологияға өтудің өтпелі кезеңіндегі білім берудің аралық буыны болып табылады.
Түйіндемені себет түрінде төмендегі суреттегідей көз алдымызға елестетер едік.
Бұл тарауда жаңартпашылық мектептердегі білім беру әдістері мен формаларын сөз етіп, белсенді оқыту әдісінің кейбір түрлеріне толықтай тоқталдық.
Сөздік
Адамдардың психологиялық лайықтылығы – адамдардың басқалармен іскерлік, кәсіби т.т.жағынан өзара түсіністікпен тіл табыса алу қабілеттілігі.
Ақпарат – адам өздігінен немесе арнайы құралдың көмегімен қабылдайтын жүйе мен қоршаған ортаның жағдайы туралы мәліметтері.
Ақпарат сүзгісі – фильтрация информации
Ақпарат үшін жауапкер – ответственный за информацию
Ақпаратты қабылдаудың репрезентативті жүйесі–репрезентативная система восприятия информации
Ақпараттық басқару – басқарылатын жүйенің тиімді қызмет атқаруы үшін қажетті ақпарат.
Ақпараттық қажеттілік – алдыға қойған міндетті шешу жолында маманның белгілі бір ақпаратқа деген қатынасының формасы.
Ақпараттың вербалды-графикалық түрленуі – вербально-графическое преобразование информации
Алгоритм – іс-әрекетті орындаудағы кезектестік.
Алгоритмділік–алгоритмизация
Альтернатива – 1) бірін-бірі жоққа шығаратын екі не одан көп мүмкіндіктердің бірін таңдау қажеттілігі; 2) көп мүмкіндіктердің бірі.
Альтруист-басқалардың мүддесін өзінен жоғары қоюшы
Амал (құрал) – иструмент
Анализ – 1) тұтасты бөлшектеуге мүмкіндік беретін ойлау әрекеті;
2) объектілерді тұтастан жекені бөліп алып дербес зерттеу нысанына айналдыру арқылы зерттеу әдісі; 3) оқытылатын материалды жүйеілік, блоктық, элементтік негізде бөлшектеп оқу.
Антикөшбасшы – антилидер
Антрепренер – жаңартпашылық процестегі басты фигура. Ол құрған жаңашылдық шындық өмірге сай келеді.
Аподиктикалық – сенімді, жоққа шығарылмайтын, қажетті қисынға негізделген пікір – зат пен құбылыс арасындағы байланыс көрініс табатын пікір.
Аспект – заттың, құбылыстың, ұғымның белгілі бір жағы; белгілі бір көзқарас тұрғысынан кейбір мәселе мен құбылыстың қарастырылуы.
Ассистент-визуалшы – ассистент-визуализатор
Аттестация –педагогтың санатын анықтау.
Аудиалды ойлау типі – аудиальный тип мышления
Аутентикалық – ақиқат, шынайы; шынайылыққа сай келетін
Ауысымдық рөлдер топтамасы – сменный комплект ролей
Аффект – сезімдік толқу.
Әлеуметтік-психологиялық ахуал – топтағы (ұжымдағы) тұлғаның, әріптестік іс-әрекеттердің өнімді де, жан-жақты дамуына ықпал ететін немесе кесірін тигізетіндей әлеуметтік-психологиялық ахуалының жиынтығы.
Әрекет – алдын ала ойластырылған белсенділіктің, ойға алынған мақсатқа жетуге арналаған ұмтылыстың іс – қимылдық бірлігі.
Әсірелеу – гиперболизация
Бағалау критериі – критерии оценок
Бағамдау қалыбы – нормы оценивания – өзара байланыстағы элементтер талап, кең көлемді жоспар, қызметтік бағдар және мектептің дамуының дерексіз үлгісі.
Бағыныңқылық деңгей– адаптивный уровень
Бақылау – жоспарланған нәтижелерге қол жеткізушілікті бағалау үрдісі.
Бақылау стандарты – талап ету формасындағы объектіге деген нормативтік талап,нәтижесі қарастырылатын объектінің осы талапқа сай келуін тексеріп шығуға мүмкіндік береді.
Басқаны қайталаушылық деңгейі – репродуктивный уровень
Басқару әдісі – педагогикалық үдеріске қатысушылардың мақсаттарды, принциптерді, басқару қызметінің мазмұнын жүзеге асырудың амалы.
Басқару құрылымын ұйымдастыру – организационная структура управление–басқырылатын және басқаратын жүйелердің өзара байланысын қамтамасыз ететін жанама бағыныштылықтағы басшылық буындарының қатаң тәртіппен орналасу жиынтығы.
Басқару принциптері – басқару функциясын жүзеге асырудың негізгі идеясы.
Басқару стратегиясы – дұрыс және алысты болжауға негізделген басқаруды жоспарлау өнері.
Басқару функциясы – арнайы амал-тәсілдер арқылы жүзеге асатын басқару іс-әрекетінің нақты түрі.
Басқарудағы әріптестік–нақты шешімдерді атқарушы түрлі деңгейдегі басшылардың пікірлері негізінде ұжымдық шешімді бірлесе жасап шығу үрдісі.
Басқаруды орталықтандыру– бір орталықтан басқарылатын жергілікті мекемелердің жоғарыға бағына басқарылуы.
Басқаруды ұйымдастыру формасы–кадрларды іріктеу мен орналастыру және педагоггтар, ата-аналар мен оқушылардың іс-әрекетін бір жүйеге келтіру.
Басқарушылық шешім – басқару ахуалы мен қарастырылатын басқару мақсаты арасындағы байланысты табу үрдісі.
Бәсеке – соревнование
Бейімділік деңгейі – адаптивный уровень
Белгісіздік және толық емес ақпараттық жағдай – условие неопределенности и неполной информации
Библиография – баспа туындыларының ғылыми сипаттамасы; белгілі бір мәселе бойынша мақалалар мен кітаптар тізбесі.
Блиц-ойын – блиц-игра
Блиц-пікірталас – блиц-дискуссия
Білім, машық, дағдылар – знание, умение, навык
Болжам – мектептің болашағы туралы ықтимал нұсқа.
Болжам жасау – ғылыми көріпкелдіктің бір түрі.
Белсенді оқыту формасы – активная форма обучения
Бөлік – компонент
Білік – компетенция
Біліктілік – квалификация – адамның қандай да бір еңбек түріне қатысты даярлық деңгейі.
Біліктілік әдісі – компетентностный подход
Білім – танымдық іс-әрекеттің нәтижесі; игерілген ұғымның, заңдылықтардың, принциптер мен құбылыстардың және заттардың жадыда сақталған бейнелерінің жиынтығы.
Білім беру – ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын мәдени мұраны жүзеге асыратын әлеуметтік институт, мектеп – өзіндік ерекшелігі бар соның бір бөлшегі. Білім беру процесі тек қана білім таратумен шектеліп қалмай, қоғамдық-тарихи тәжірибені ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге бағытталған процесс.
Білім беру жүйесі – білім беру мекемелері мен білім беруді басқару ұйымдары арқылы жүзеге асатын, білім беру бағдарламалары мен мемлекеттік стандарттардың өзара байланысының жиынтығы.
Білімді кестелендіру – схематизирование знаний
Бірлесе басқару – коллегиальность в управлении – ұжымдық шешім жасап шығу үрдісі.
Бір тектестік – өзара ұқсас түрлер, формалардың бір тектес үлгі негізінде ұйымдастырылуы.
Бір ізге салу – унифицированность
Бір ізге түсіру – унифицировать
Вариативтік – әлдененің негізін сақтай отырып, белгілі бір бөлігін өзгеріске ұшырату.
Визуалды – визуальный – назар бөлдіру, көзге көрсету.
Визуалдандыру – визуализация
Визуалды ойлау типі – визуальный тип мышления
Визуалшы – визуализатор
Генерация – бір негізгі ойдың төңірегіндегі идеялық топтасу.
Герменевтикалық – ғылыми түсіндірушілік
Гиперсілтеме – гиперссылка
Гипертрофия – шамадан тыс даму; әлдебір қасиеттің, сапаның, қабілеттің молдығы.
Гомогенділік – гомогенность – біртектес.
Гумандандырылған білім беру – философиялық, әлеуметтік-саяси үстемдік, онда тұлғаның білім алуын, қоғамдық өмірге дербес араласуын қамтамасыз етудің барысы жан-жақты және еркін болуы шарт. Гумандандыру идеясы оқыту формасы мен әдістеріне сіңіп, өз шарттарын алға тартып отырады.
Даму – қажетті және бағыттық сипаттағы материалдық және идеалды нысандардың заңдылықты сапалық өзгерісі.
Дедукция – жалпыдан жалқыны бөліп алып ой қорыту әдісі.
Демократияландыру – оқыту процесіне демократия принциптерін енгізу.
Дербес білім беру формасы – индивидуальная форма обучение
Дербес-топтық білім беру формасы – индивидуально-групповая форма обучения
Деструктивті – әлденені бүлінушілікке, өзгерушілікке бастап апару.
Деструктивті сын – себепсіз, өнімсіз сын
Детерминденген – детерминированный
Детерминдену – детерминизация – әлдененің шығуы мен көрініс табуының себебін анықтау;
Диагностика – арнайы жобаланған ғылыми әдістердің көмегімен педагогикалық үрдіс, құбылыс т.б. сандық бағамдау мен сапалық сараптау жасау. Динамикалық жүйе – динамическая система
Елестету – воображение
Еліктеу – имитация
Ендірілімді – проникающие
Ереже – правила
Еркіндіктен кейінгі «назар аудару» – постпроизвольный «внимание»
Жағдайшыл – ситуативный
Жаңа ақпараттық технология – коммуникациялауды жүзеге асыратын ақпараттық сараптау мен өңдеудің өзара берік байланыстағының тәсілдері, амалдары және құралдарының тұтасқан жүйесі.
Жаңа енгізілімді шұғыл қолдану – пилотное применение нововведения
Жаңартпашылық білім берудің әдістері мен формаларының қоржыны–портфель инновационных методов и форм обучения
Жаңартпашылық оқыту әдісі – инновационные методы обучения
Жаңартпашылық педагогикалық қызмет-инновационная педагогическая деятельность
Жаңашылдық – инновация – мектепішілік басқару жүйесіне жаңа тұрақты элементтерді, өзгерістерді енгізу үрдісі.
Жаңғырту – реконструкция
Жеке басшылық – өз құзырына жататын мәселені шешуде нақты бір басқару буынына жататын басшының өздігінен шешім қабылдауы.
Жинақылық – компактность
Жаңартпашылық ойын – инновационная игра
Жоспарлау – алға қойып отырған мақсатқа жасалған педагогикалық сараптаудың нәтижесіне қатысының негізінде шешім қабылдау.
Жүйе – өзара байланыстағы элементтердің білім беру тұтастығын танытуының жиынтығы.
Жүйелік тәсіл – шынайы өмірді зерделеу мен қайта құру, сондай-ақ күрделі жүйелерді басқару жолындағы әдіснамалық бағдар.
Жүйелілік-функциялық әдіс-системно-функциональный метод
Жаңартпашыл іскер ойын – инновационно-деловая игра
Идентификация – теңестіру, беттестіру – ұқсас педагогикалық амал- тәсілдердің бірдейлігі.
Идеялардың туындауы – генерирование идеи
Идеяны визуалдандыру – визуализация идей
Идеяны таныту – афишизация идей
Изоморфты – формалық ұқсастық
Имитация – еліктеу, ұқсастыру.
Имитациялық белсенді оқыту әдісі – имитационные активные методы обучения
Имитациялық белсенді топтық оқыту – имитационные активные групповые обучения
Имитациялық емес белсенді оқыту әдісі– неимитационные активные методы обучения
Имитациялық емес белсенді топтық оқыту – неимитационные активные групповые обучения
Индукция – жалқыны жалпымен байланыстыра қарастыру әдісі.
Интегратор – жұрттың басын қосып ұйымдастырушы
Интеллект-карта әдісі – метод интеллект-карт
Интенсивті әдіс – күшейтуші әдіс
Интенсификация – іс-әрекеттің өнімділігінің артуы.
Интеракция – әрекетаралық педагогикалық амал-тәсіл.
Интервьюер – сұхбат алушы журналист (бұл арада оқытушы немесе студент ассисент).
Интерпретация – түсіндіру, талдау беру
Интерпретациялау – интерпретировать
Интрепренер – жаңартпашылық процестегі басты фигура. Ол құрған жаңашылдық тәуекелшілдікке толы болып келеді.
Кәсіби білімді дамыту – развитие профессиональных знаний
Квазиәрекет – квазидеятельность
Кезектестік – очередность
Кезеңділік – стадийность
Кеңес беруші дәріс – лекция-консультация
Кесте-үлгі–схема-модель
Кинестетикалық ойлау типі – кинестетический тип мышления
Күтпеген ой әдісі – метод неожиданых мыслей
Когнитивтік іс-әрекет – когнитивный действие
Консерватор – жаңалыққа қарсы жан
Конфликт – екі не одан көп жақтың күресі мен қарама-қайшылықтың шиеленісуі.
Конформист – мәмілеші, келісімпаз
Концепция – іс-әрекеттегі басты ой; түсініктерді, құбылыстарды ұғына білудегі көзқарастар жүйесі.
Коррекция – жөнге салу, түзету.
Креативтілік – шығармашылық, туындыгерлік.
Креативтік деңгей – шығармашылық деңгей
Критерий – бағалау көрсеткіштері.
Кірістіру– замещение
Қайта құру деңгейі – уровень преобразования
Қайталаушылық – репродуктивность
Қайталаушылық деңгей – репродуктивный уровень
Қарым-қатынас жасаудың демократиялық стилі – ұжым мүшелері тапсырманы бірлесе шешуге ат салысады, бірігіп шешім қабылдайды.
Қарым-қатынас жасаудың синтоникалық моделі – синтоническая модель общения
Логикалық-құрылымдық кесте – логико-структурная схема
Қозғаушы-түрткі ойындар – мотивационно-побудительные игры
Қос жақтылық, қос қырлылық – двуплановость
Қосарлы әрекет – парадеятельность
Қосарлы кодтандыру теориясы – теория двойного кодирования
Қосарлы процесс – сопроцесс
Қосарлы функция – софункция
Құрастыру амал-тәсілдері – приемы структурирования
Мазмұндық – содержательный
Мақсаттық – целевой
Мақсатты ұйғарылым – целеполагания
Мемлекеттік білім беру стандарты – білім беруде толық қанды мақсатқа жету үшін қажетті білімнің, дағды мен машықтардың тиімді жиынтығының ықшамдалған мазмұны.
Менеджмент – адамдармен қарым-қатынас жасау барысындағы билік жасау мен басқару өнерінің әдісі мен тәсілдері.
Мотивация – жеке бастық және ұжымдық мақсаттарға қол жеткізу жолындағы түрткі үрдіс.
Мультисұхбат – мультидиалог
Мұғалім – «интегратор» – учитель – «интегратор»
Мұғалімнің дербес жаңа енгізілімінің сипатауы – описание персонального нововведения учителя
Назар аудару – инвертировать
Нақтылығын тексеру – валидация
Нақтылық деңгейі – уровень конкретизации
Новатор – жаңашыл
Нонконформист) – басқалардан ерекше ойлайтын жан
Ой шабуыл әдісі – метод мозгового штурма
Ойлардың иерархиясы – ойлардың кішіден үлкен қарай реттеліп тізбектелуі.
Ойын технигі – игротехник
Ойындардың бейімделушілігі – адаптируемость игр
Ойыншы өздік талдамшы – игрок самоаналитик
Ойыншылардың өзара әрекеттестігі – взаимодействие игроков
Оппонент өзгемен пікірталастағы қарсылас және өз сөйлеушісінің пікірін жақтаушы
Орталықсызданған басқару – децентрализация управление – жоғарыдан басқарылудан төменнен басқарылуға көшуде жергілікті жерге өзін-өзі басқару функциясын беру.
Өзгеріске түсу – трансформация
Өзектілік – актуальность
Өздік ағынан жарылу – самоисповедь
Өздік айқындау – самоопределение
Өздік ашылым – самораскрытие
Өздік бағалау – самооценка
Өздік бақылау – самоконтроль
Өздік басқарлым – самоуправление
Өздік бұйрық – самоприказ
Өздік жаза – самонаказание
Өздік жүзеге асырылым – самореализация
Өздік есеп беру – самоотчет
Өздік қайталаушылық – собственный репродуктивный
Өздік қозғам – самостимулирование
Өздік қолдау – самоодобрение
Өздік қолпаш– самопоощрение
Өзіндік қуат беру – самоподкрепление
Өздік мәжбүрлеу – самопринуждение
Өздік міндеттеме – самообязательство
Өздік реттеу – саморегуляция
Өздік сабыр – самообладание
Өздік салыстыру – самосравнение
Өздік сендіру – самовнушение
Өздік сенім – самоубеждение
Өздік талдамшы – самоаналитик
Өздік талдау – самоанализ
Өздік таным – самопознание
Өздік тәрбие – самовоспитание
Өздік тәртіп – самодисциплина
Өздік шектем – самоограничение
Өрелікі – интеллект
Өтемдік – компенсирующий
Педагогикалық әдіснаманың гуманистік негізі – гуманистическая основа педагогической методологии
Педагогикалық жаңартпа – педагогическая инноватика
Педагогикалық жүйе – ересектер мен өскелең ұрпақты оқыту, тәрбиелеу, білім беру мақсатына бағытталған құрылымдық, функциялық байланыстардың өзара бірігуі.
Педагогикалық процесс – мектептің басшылығы мен ұстаздар қауымынан алға қойған мақсаттарын жүзеге асыруда реттілікті, жоспарлылықты және жүйелілікті талап ететін күрделі және сан қырлы құбылыс.
Педагогикалық процестің тұтастығы – целостность педагогического процесса.
Педагогикалық технология – педагогическая технология.
Педагогикалық ұжым – педагогический коллектив.
Принцип – негізгі, жетекші идея; теорияның, ілімнің негізі; іс-әрекеттің жетекші идеясы, негізгі ережесі.
Приоритет – әлденедегі басымдылық.
Провокатор – арандатушы
Прототип – түп негізі, шығу төркіні
Психокоррективтік жұмыс – психокореккционная работа
Регуляция – реттеу, тәртіпке келтіру, жөнге салу.
Релаксация – аз күш жұмсап, көп білім алуғызу амал-тәсілі.
Респондент – әлеуметтік сауалдамаға немесе сұхбатқа қатысушы жан.
Рефлексия – іс-әрекеттің негізгі бөліктерін еске түсіру, анықтау, түсіну және түйсіну процесі.
Рецензия – қандайдабір ғылыми немесе әдеби туындыға сыни талдау мен бағалау.
Реципиент – дәрісті қабылдаушы тыңдармандар.
Рөлдер – роли
Рөлдер топтамасы – комплект ролей
Синектика әдісі – бірлесе әсер ету әдісі
Софикалық пікір – бір қарағанды сыртай дұрыс көрінетін жалған пікір.
Спонтанды білім алу – сырттан әсер етпей, ішкі түйсік негізінде білімді сіңіру.
Статикалық жүйе–– статическая система
Стиль – әлденені жүзеге асыру тәсілі, іс-әрекет нышаны.
Стресс – қалыптасқан жағдайға орай адамның дұрыс мақсатты шешім қабылдауына мүмкіндік бермейтін сезімдік көңіл-күй.
Стрессор – алабұртушылық жағдайын туғызатын фактор.
Субъект – процеске қатысатын адам мен топ мүшелерінің белсенді әрекеті.
Субъектілік қатынас–субъектные отношения
Талдама мен шешім қабылдау бойынша үлгі –модель по анализу и принятию решение
Талдау және нақты жағдайды шешу – анализ и решение конкретных ситуаций
Талдау-нәтижелік – аналитико-результативный
Танымдық іс-әрекет типі бойынша – по типу познавательной деятельности
Тартыс – конфликт
Термин – белгілі бір ғылым салаларына байланысты арнайы қолданылатын сөздер мен сөз тіркестері.
Тест – баланың білімін тексеруге арналған стандартты бақылау тапсырмасы.
Тиімділік – эффективность
Толықтыру деңгейі – уровень дополнения
Топша – подгруппа
Тренинг – арнайы жаттығу тәртібі.
Туындатушылық – воспроизводимость
Тұжырымдамалық – концептуальность
Тұлға – личность.
Тұлғааралық қатынас – межличностное отношение.
Тұлға дамуына когнитивтік амал – когнитивный подход в развитии личности
Тұлғалық-бағдарлаушы әдіс – личностно-орентированный подход
Тұлғалық-бағдарлаушы оқыту – личностно-орентированное обучение
Тұлғалық-дербестік – личностно-индивидуальный
Тұлғалық дамыта оқыту – личностно-развивающие обучение
Тұлғаның интегративтік сипаты – интегративные характеристики личности
Тұлғалық «мен» концепциясы – адамның өзі туралы тұрақты таным – түсінігі.
Тұсау кесулер – презентация
Тұтастық әдісі – целостный подход
Тұтасқан білім беру – мектеп өзінің ұстанған педагогикалық концепциялары негізінде оқушыларға білім дағдыларын қалыптастыру, әлеуметтендіру, мәдени-рухани, этнологиялық толысу сынды төрт деңгейілік тұтасқан білім беруі.
Түлету – воссоздание
Түсіндірме-көрнекі – объяснительно-иллюстративный
Түсіндірме-көрнекілік әдіс – объяснительно-иллюстративный метод
Тін – стержнь, ядро, основа
Тірек кесте-үлгі – опорная схема-модель
Тірек нүкте – опорная точка
Ұйымдастыру-іс-әрекеттік – организационно-деятельностный
Үйлестіру Кеңесі – Координационный Совет
Үздіксіз білім беру идеясы – мектептің педагогикалық мұраты.
Үлгі – модель
Үлгілеу – моделирование
Характер – мінез-құлық – іс-әрекет пен жүріс-тұрыста танылатын адамның психикалық ерекшелігінің жиынтығы.
Шұғыл қолдану – пилотное применение
Шығармашылық деңгей–творческий уровень
Шығармашылық ойлау – бұрын білмеген нәрсені алғырлықпен шеше білудің түрлі жолдарын жаңашылдықпен ойлап табу.
Шығармашылық ықшам топ – творческая микрогруппа.
Шынайылығын тексеру – верификация
Ықшам-дәріс – мини-лекция
Ынтымақтастық – адамдармен қарым-қатынаста келісілген, орныққан жұмыс жасасуға талпыныс.
Ілкі негіз – приоритетный старт.
Іргелілік әдісі – фундаменталистский метод
Іс-әрекет – деятельность
Іс-әрекетті ұйымдастыру – алға қойылған мақсатқа қол жеткізу жолында амал-тәсілдерді қолдану процесі.
Ішінара іздемпаздық – частично-поисковый
Эвристикалық әдіс – белгісіз тақырыпқа бұрынан бар білім мен дағдыны есепке ала отырып, сұрақ –жауап негізінде өткізілетін сұхбат түрі.
Эгоцентризм – өзінің біліміне дандайсайып, өзгелердің пікірімен есептеспеу.
Экспертиза – сараптама – қорытынды шығару мақсатындағы мамандардың мәселені електен өткізуі.
Экспресс-сұхбат – экспресс-интервью
Эмфаза – айтылған сөздердің бөліктерін интонация, қайталау, сөздер тізбегі арқылы эмоционалды-экспрессивті бөліп көрсету
Этнопедагогика – ұлттық негіздегі тәрбие беру.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Корнетов Г.Б. Цивилизационный подход к изучению всемирного историко-педагогического процесса. — М., 1994
2. Дьюи Д. Школы будущего / Д. Дьюи, Э. Дьюи. — М., 1922.
3. Дьюи Д. Школа и общество. — М., 1923.
4. Педагогические технология Учебное пособие / Авт.-сост. Т.П. Сальникова. М.: ТЦ Сфера, 2005. — 128 с. — (Учебное пособие).
5. Борисова Н.В. Образовательные технологии как объект педагогикического выбра. Учебное посебие. Домодедово: ВИПК МВД России, 1999
6. Вазина К.Я. Саморазвитие человека и модульное обучение. - Н/н, 1991. - 119 с.
7. Проект экспериментальной работы в свободном классе, ориентированном на педагогику Л.Н. Толстого (в школе «Эврика-развитие») / Под ред. Т. М. Ковалевой. — Томск, 1993.
8. Столяренко Л.Д. Психология делового общения и управления, Ростов н/Д: Феникс, 2005. — 416 с.
9. Эльконин Д. Б. Избранные психологические труды. — М., 1991.
10. Дайана Халкерн. Психология критического мышления. — СПб.: Изд. «Питер», 2000. -512 с.
11. Петрушин В.И. Психолологические аспекты деятельности учителя и
классного руководителя — М.: Центр «Педагогический поиск» 2001.— 160 с.
12. Гузеев В.В. Образовательная технология: от приема до философии / Библиотека журнала «Директор школы». № 4. 1996
13. Рабочая книга практического психолога: технология эффективной профессиональной деятельности. - М., 1996.- 400 с.
14. Скороходова Н.Ю. Психология ведения урока. - СПб: Речь, 2002.- 148 с.
15. Розин В.М. Философия образования: предмет, концепция, основные темы и направления изучения // Философия образования для ХХI века. — М., 1992.
16. Ксензова Г.Ю. Перспективные школьные технологии. М., 2000.
17. Кукушин В.С. Современные педагогические технологии в начальной школе. Ростов н/Д., 2004.
18. Сорокина А.И. Дидактические игры в детском саду. М.,1982.
19. Скок Г.Б. Как проанализировать собственную педагогическую деятельность. М., 1998.
20. Пидкасистый П.И. Процесс обучения в условиях демократизации и гуманизации школы / К И. Пидкасистый, Б. В. Горячев. — М., 1991
21. Караковский В.А. Воспитание? Воспитание... Воспитание! Теория и практика школьных воспитательных систем / В.А. Караковский, Л.Я. Новикова, Н.Л. Селиванова. —М., 1996.
22. Ежегодный педагогический журнал школы «Эврика-развитие». — Томск, 1991.
23. Ежегодный педагогический журнал школы «Эврика-развитие». — Томск, 1993.
24. Ежегодный научный педагогический журнал школы «Эврика-развитие». — Томск, 1994.
25. Ежегодный научный педагогический журнал школы «Эврика-развитие». — Томск, 1995—1996.
26. Газман О.С. демократия и воспитание // Педагогика наших дней. — Краснодар, 1989.
27. Газман О.С. Потери и обретения в воспитании после десяти лет перестройки // Инновационное движение в российском школьном образовании. — М., 1997.
28. Фрумин И.Д. Демократизация школы как основное направление ее обновления // Инновационное движение в российском школьном образовании. М., 1997.
29. Виленский Н.Я., Образцов П.И., Уман А.К. Технология профессиокально-ориентированного обучения в высшей школе. — М.: Педагогическое общество России, 2004. – 192 с.
30. Ксензова Г.Ю. Оценочная деятельность учителя. М., 2000.
31. Щуркова Н.Е. Педагогическая технология. М. 2005.
32. Минбаева АМ., Садвакасова 3.М. Инновационные методы обучении, или Как интересно преподавать: Учебное пособие. — Алматы, 2007. 284 с.
33. Активные Методы обучения в системе подготовки специалистов и руководителей. – В сб. науч- трудов / Под ред. А.Жукова. - Л.; ЛТЭИ, 1989. —127 с.
34. Анисимов В.В., Грохольская О.Г., Никандров Н.Д. О6щие основы педагогики. М.: Просвещение, 2006. — С. 420.439.
35. Подласый П.И. Педагогика. - М.: Просвещение - ВЛАДОС, 1996. -432 с.
185. Полонский В. М. Оценка качества научно-педагогических исследований. —М., 1987.
36. Педагогические технологии. - Ростов-н/Д: Изд.центр ‘Март”, 2002. 320 с.
37. Инновационное движение в российском школьном образовании / Под ред. Э. Днепрова, А. Каспржака, Ан. Пинского. — М., 1997.
38. Пугачев В.П. Тесты, деловые игры, тренинги в управлении персоналом. Учебник для студентов вузов. М.: АСПЕКТ-ПРЕСС, 2001.
39. Педагогика/ Под ред. ВА. Сластенина. - И: Изд.центр “Академия”, 2002. —576 с.
40. Кларин М.В., Педагогические технологии и инновационные тенденции в современном образовании (зарубежный опыт) // Инновационное движение в российском школьном образовании. — М., 1997
41. Воспитательные системы школ Казахстана (от модели до внедрения). — Алматы: Сигнет-Принт, 2006.— 160 с.
42. Жанабаев З.Ж.. Синергетика знания: научные основы оценки учебной деятельности.- Алматы: Қазақ университетi. 1999.- 37 с.
43. Арутюнов Ю.С., Ворисова Н.В, Колесниченко С.Г., Соловьева А.О.
Классификации методов активного обучения./ Тезисы доклада V Межведомственной школы-семинара по активным методам обучения. Рига, 1983.
44. Гуманиация педагогического образования. Взаимосвязь психолого-педагогических и культурологических дисциплин: Материалы регионального общесибирского научно-практического семинара. — Томск, 1994.
45. Десятый симпозиум: кваливиметрия человека и образование: методология и практика. Книга 5.М., 2000.
46. Ковалева Т.М. Процесс самоопределения студентов в педобразования // Гуманизация педагогического образования: Материалы регионального общесибирского научно-практического семинара. — Томск, 1994.
47. Ковалева Т.М Принцип демократизации в образовании и один из возможных подходов его реализации // Педагогическая наука и развитие образования в Томской области: Материалы региональной научно-практической конференции 16-17 декабря 1993 года. — Томск, 1994.
48. Ковалева Т.М. К вопросу о возможной типологии инновационных школ // Педагогика развития и перемены в российском образовании. — Красноярск.— 1995. —Ч.2.
49. Ковалева Т.М. Решение школьных проблем или зачем нужно создавать икновационную школу // Трдиционные и инновационные процессы в современном образовании: Материалы Вторых Сибирских педагогических чтений 2-4 ноября 1995 года. — Томск, 1996.
50. Круглый Стол Ассоциации инновационных школ и Центров «Политика России в области образованию). (стенограмма от 24 дек. 1994).
51. Педагогика развития: Проблемы современного детства и задачи школы: Материалы 3-й научно-практической конференции. — Красноярск, 1996.
52. Проблемы вузовского учебника: Тез. докл. Третья всесоюз. науч. конф. М.: МИСИ, 1988. 156 с.
53. Тасis Проект Делфи. Новые методы и подходы к организации обрзовательного процесса. Доклад 2. М.: ТАСIS, 2001.
54. Теоретические основы содержания общего среднего образования / Под ред. В. В. Краевского, И. Я. Лернера. — М., 1983.
55. Тьюторство: идея и идеология: Материалы 1-й Межрегиональной тьюторской конференции. — Томск, 1996.
56. Щедровицкий Г.П. Философия. Наука. Методология. — М., 1997.
57. Щедровицкий П.Г. Жизнь взаймы. — М., 1996.
58. Юзвашин И.И. Основы информациологии. Учебник. 2-ое издание. М.: Межд. Изд-во «Информациология», .Высшая школа, 2000.
59. Мукушев Б.А. Теоретические основы формирования синергетической культуры учащейся молодежи: Автореферат диссертации на соискание ученой степени д.п.н. — Караганда, 2006.— 42 с.
60. Бабанский Ю. К. Проблемы повышения эффективности педагогических исследований. —М., 1982
61. Психология и этика делового общения: Учебник для вузов / Под ред. проф. В.Н.Лавриенко. —4-е изд,, перераб. и доп. — М.: Юнити-Дана, 2002.- С. 281-284.
62. Зарецкая Е.Н. Деловое общение. Том 1. М.: Дело, 2002. С. 111—397.
63. Зарецкая Е.Ч. Деловое общение. Том 2. М.: Дело, 2002. С. 449—537
64. Пинский А.А. Традиционная инновация (на примере становления Вальдорфской педагогики в России) // Инновационное движение в российском школьном образовании. — М., 1997.
65. Козырева А.Ю. Лекции во педагогике и психологии творчества. Пенза, 1994.
66. Никтин Б.П. Ступеньки творчества, или развивающие игры. - М.,1990.
67. Орлов Ю.М. Самосознание и самовоспитание характера. ‘М.: Просвещение, 1987.
68. Чошанов МА. Дидактическое конструирование гибких технологий обучения // Педагогика. — 1997. -№ 2. — С.21-29.
69. Таубаева Ш.Т., Лактионова С.Н. Педагогическая инноватика кая теория и практика нововведений в системе образования. — Алматы: Ғылым, 2001. —296 с.
70. Загеязинский В.И. Инновационные процессы в образовании и педагогическая наука // Инновационные процессы в образовании. — Тюмень, 1990.
71. Каспржак А.Г. Педагогическая гимназия. — М., 1992.
72. Ковалева Т.М. Школа-лаборатория. — М.; Воронеж, 1938.
73. Кларин М.В. Инновационные модели образования в зарубежных педагогических поисках. М.: Арена, 1994.
74. Тубельский А.Н. Учитель, который работает не так (опыт развития индивидуальности учеников и учителей). — М., 1996.
75. Тубельский Ю.И. школа самоопределения. Шаг второй. — М., 1989.
76. Морева Н.А. Основы педагогического мастерства. — М.Просвещение, 2006.
77. Скаткин М. Н. Методология и методика педагогических исследований
(В помощь начинающему исследователю).—М.,1986.
78. Поплер К. Логика и рост научных знаний. — М., 1982.
79. Выготский Л.С. Педагогическая психология. — М., 1991, 1996.
80. Дьюи Д. Психология и педагогика мышления. — М., 1919.
81. Бородая В.С., Бородая А.К. Комплексное использование деловых видеотренинга в управленческой подготовке руководителей и специалистов // Менеджмент в России и за рубежом. - м.. 1998.-№ 4. - С. 107-1 12
82. Бакиров В. Социальное познание на пороге постиндустриального мира // Общественные науки и современность. — 1993.
83. Ямбург Е.А. Эта «скучная» наука управления. — М., 1992
84. Садвакасова З.М. Зиябекова Б.Т., Мадалиева З.Б. Тренинг в подготовке специалистов в вузе. — Алматы, 2006.— 1 часть. —92 с. —2 часть.- 176 с.
85. Морева Н.А. Тренииг педагогического общения: Уч. нос. для вузов. - М
Просвещение, 2003. —304 с.
86. Морева Н.А. Технология профессионального образования. — М.:
Академия, 2005. -432 с.
87. Общая и профессиональная педагогика. -М., 2005.
88. Столяренко Л.Д. Педагогика, Р-н/Д: Феникс, 2000.— 448 с.
89. Мананикова Е.Н. Педагогическая психология: Учебное пособие. – М: Издательско-торговая корпорация «Дашкова и К», 2007. – 224 с.
90. Днепров Э.Д. Четвертая школьная реформа в России. — М., 1994.России. — М., 1994.
91. Днепров Э.Д. Школьная реформа между «вчера» и «завтра». — М., 1996.
92. Днепров Э.Д. Современная образовательная реформа и развитие российского образования. — М., 1997.
93. Днепров Э.Д. Общественно-педагогическое и инновационное образовательное движение // Инновационное движение в российском школьном образовании. —М., 1997.
94. Смолкин А.М. Методы активного обучения. М.: Высшая школа. 1991.
95. Краевский В.В. Проблемы научного обоснования обучения. (Методологический анализ). — М., 1977.
96. Наумов. Ю.К. Активность в научном познании. – М.: Мысль, 1969. – 87 с.
97. Щедровицкий П.Г. Активные формы обучения и проблемы содержания образования // Очерки по философи и образования. — М., 1993.
98. Вербицкий А.А. Игровые формы контекстного обучения. М,: Знание, 1983.
99. Арутюнов Ю.С. Методика разработки конкретных ситуаций. М.: ИПКИР, 1980.
100. Соловьева А.А. Ворисова Н.В. Комплекс деловых игр «Аргументы и контраргументы» - Методическое пособие. М.: ИГЦСИР, 1980.
101. Грэм Р. Г., Грей К.Ф. Руководство по операционным играм. М.: Сов. радио, 1977
102. Педагогические указания по классификации методов активного обучения. Киев: КИСИ, 1983.
103. Бирштейн М.М., Жуков Р.Ф., Тимофеев Т.П. Возникновение, состояние и перспектива развития деловых игр. В сб.: деловые игры и методы активного обучения. Материалы зональной школы-семинара. Челябинск: ЧПК, 1982.
104. Борисова Н.В., Соловьева А.А. Деловая игра «Документ». М.: ИПКИР, 1992:
105. Борисова Н.В, Соловьева А.А. Деловая игра «Конференция». М.: ИПКИР, 1982.
106. Борисова Н.В., Дера В.Г., Соловьева А.А. Деловая игра «Стендист и эскурсовод на научно-технической вытставке», Методическое пособие. М.: ИПКИР, 1989.
107. Деловая игра и конкретные ситуации, разработанные в ИПК и вузах СССР. Методическая разработка. Л.: 1982.
108. Борисова Н.В., Сольвьева А.А. Блиц-игры и нетрадиционные лекции. М.: ИЦПКПС, 1993.
109. Арутюнов Ю.С., Дера В.Г. Деловая игра «Мозговая атака» Методическое пособие. М.: ИПКИР, 1990.
110. Борисова Н.В. Образовательные технологии как объект педагогикического выбра. Учебное посебие. Домодедово: ВИПК МВД России, 1999
111. Трайнев В.А. Деловые игры в учебном процессе: методология разработки и практика проведения. - М.: МАН ИПТ, 2002, - 360 с.
112. Самоукина Н.В. Организационно-обучающие игры в образовании. - М.: Народное образование, 1996.- 200 с.
113. Панфилова А.П. Тренинг педагогического общения. — М.: Академия,
2006. —336 с.
114. Бугрин В.П. Технология подготовки и проведения конкретных ситуаций. Обзорная лекция. М.: ИЦПКПС, 2000.
115. Пидкасистый П.И., Хайдаров Ж.С. Технология игры в обучении и развития. - М.: РПА, 1996.
116. Неверкович С.Д. Игровые методы подготовки кадров: Уч. пос. / Под ред. В.В. Давыдова - М.: Высшая школа, 1995. —207 с.
117. Омарова В.К. Научно-педагогические основы теоретической подготовки слушателей ФПК( организаторов народного образования. Дисс...к.п.н. - Алма-Ата, 1986. —343 с.)
118. Бутенко И. Что привлекает студентов в учебном процессе? //Альма Матер, Вестник высшей школы, - М, 2000.- № 1. - С.21-25.
119. Наумов Л.В.Учебные игры в медицине. Т.: Медицина, 1986.
120. Драйден Г., Вос Д. Революция в обучения: научить мир учиться по-новому / Пер. с анг. - М.: ООО»ПАРВИНЭ», 2003. -672 с.
121. Бьюзен Т. и В. Супермышление. — Мн.: Попури, 2003. —304 с.
122. Арутюнов Ю.С. Методика разработки конкретных ситуаций. М.: ИПКИР, 1980.
123. Урастаева Т.Д. Педагогика высшей школы: активные методы и формы обучения. - Алматы, 1999. -36 с.
124. Дидактические основы формирования системности знаний старшеклассников. — М., 1978. Днепров Э.Д. Четвертая школьная реформа
125. Букатов В.М. Педагогические таинства дидактических игр:
126. Татьяченко Д.В., Воронщиков С.Г. Проблемно-деловая игра – средство управления школой. - Курган, 1990. 140 с.
Мазмұны
1 лекция
|
2
|
2 лекция
|
8
|
3 лекция
|
37
|
4 лекция
|
47
|
5 лекция
|
56
|
6 лекция
|
68
|
7 лекция
|
73
|
8 лекция
|
78
|
9 лекция
|
88
|
10 лекция
|
94
|
11 лекция
|
100
|
12 лекция
|
117
|
13 лекция
|
133
|
14 лекция
|
139
|
15 лекция
|
152
|
Сөздік
|
164
|
Қолданылған әдебиеттер тізімі
|
173
|
Достарыңызбен бөлісу: |