процесс
– Кезекті іс – шараға (КІ) сай келетін жоспар құру
-Сай келетін КІ таңдау
Іс – шара
– Әдеби көрме
– Бітіру жұмысының (БЖ)көрмесі
Іс – шара
Экскурсиялар
Іс – шара
Консультациялар
Іс – шара
–Сауалнама
немесе
–Тестілеулер
Іс – шара
-Қажеттілікті аңғару
-Мүкіндікті аңғару
-КІ ұйымдастыру
амалдар
-Әдебиеттердің
картотекасын құр астыру
-БЖ т.б. тақырып
тық картотекасы ның тізімін құраст ыру
амалдар
-Объектілерді таңдау
-Күн тәртібін белгілеу
-Келісім
амалдар
Тақырыпты таңдау
Кеңесшілерді таңдау
Жұмыс тәртіібін белгілеу
амалдар
-Тест пен сау алнама құра
стыру
-Басып шығару
-Көбейту
-Сауалнама жүргізу
амалдар
БОӘ қолданып, сабақ өткізу
VII кесте
БОӘ қолданып, сабақ өткізу
Іскер ойындар
Блиц – ойындар
процесс
Рөлдерде ойнау
процесс
Нақты жағдай
процесс
«Ой шабуыл»
процесс
Дөңгелек үстел
процесс
Пресс – конфер
Енция
процесс
Сұхбат
процесс
-Қатысушылардың дербес және ұжымдық жұмыстарын жүзеге асыру
-Тестілеу мен сауалнама жүргізу
-Жетекшілер мен қатысушыларға қорытынды анализ жасау
-Әдістемелік материалдарды, реквизиттерді, ТҚ, визуалды ақпараттарды, кезектес шараларды: экскурсияларды, консультацияларды, графикалық модельдеуді т.б. қолдану
-«Ақпарат банкінің» қызметін жолға қою
-Конфликті мен катостр-офалардың алдын алу
- Дағды қалыптастыру
-Жобаланған мақсаттарды жүзеге асыру
-Таңдап алынған БОӘ жүзеге асыру өткізілетін сабақтың технологиясын: мақсат, сценарний, ереже, рөл (егер ол бар болса), бағалау критерийі (егер ол бар болса) жағынан түсіндіру
-Өткізілу технология сын (сценарий немесе сценарий жоспары негізінде) жүзеге асыру
VIII кесте
-Алға қойған мақсат пен алынған нәти желерді салы стыру
амалдар
Алдағы уақытта белсенді оқыту әдістерін жоғарыда келтірілген кестелер негізінде педагогикалық тақырыптың аясында баяндаймыз. ТМД педагогикалық әлеміндегі «бикелер ісін» (сестринское дело) басшылыққа ала отыра, имитациялық Imitatio-еліктеу оқыту әдістерін: іскер-ойындар, белсенді дәріс, сұхбат, пресс-конференция, дөңгелек үстел, ой шабуыл, нақты жағдайды шешу т.б. жаңартпашылық ұжымдарда еңбек етіп жатқан ұстаздар қауымының назарына ұсынамыз [119].
Біздің зерттеуіміз мынандай мақсатты:
Дәстүрден тыс педагогикалық технологияның желілік мүмкіндіктерін ашуды және белсенді оқыту әдісінің басты проблемалары мен логикасының, сонымен қатар әдістемесінің табиғатын танытуға бағдар ұстануды;
Дәстүрден тыс оқытуда қолдануға көмегі тиетін теориялық және практикалық материалдарды ұсынып отыруды;
Белсенді оқыту әдісіне қатысты шығармашылық ойлау мен саналы қадам жасауды дамытудың жолдарын көрсетуді;
Белсенді оқыту әдісін жүйелі қолдану үшін ұстаздар мен әдіскерлерге көмек көрсетіп, әдістемелік кеңес беруді ұстанады.
Белсенді оқыту әдістерінің: іскер және блиц-ойындар, нақты жағдай, рөлдерді ойнау, ой шабуыл, дөңгелек үстел, дискуссия, пресс-конференция, сұхбат, белсенді дәріс т.б.теориялық негізін оның практикалық аспектісімен бірлікте алып талдадық.
Мектептің жоғарғы сынып оқушыларына арнайы математикалық білім беруге арналған «Математиканы жаңартпашылықпен оқыту әдісі» арнайы курсы алты сағатқа арналған дәріс және сегіз тәжірибелік сабақтан тұрады. Төменде қала мектептерінде педагогикалық өткізген сабақтардың кестесін бере кетелік (63-сурет).
63-сурет.
Белсенді оқыту әдісін «Математиканы жаңартпашылықпен оқыту әдісі» бойынша қолдану жүйесі.
Бірінші шолу сабақ
(Оқыту әдісіне кіріспе. Білім алушылармен танысу. Олардың білім деңгейін байқау)
|
Екеуара дәріс (сұхбат – дәріс)
Пән материалдары бойынша экскурсия
Білім алушылардың бастапқы деңгейін анықтауға септігі тиетін «Проблематизация» немесе «Dixi», немесе «Өздік бағам» Блиц – ойыны
|
Екінші сабақ
(белсенді оқыту әдістері)
|
Дәріс жағдай
Пресс – конференция
Нақты шешім
|
Үшінші сабақ
Белсенді оқыту әдістері (Белсенді дәріс)
|
Қозғау салу дәрісі. Мұғалімнің іс- әрекеті мен анализ беруін танытатын фильмдер көрсету
|
Төртінші сабақ
Белсенді оқытудың әдістері ( нақты жағдай, рөлдерді ойнау, іскер ойындар)
|
Екеуара шоу дәріс. Рөлдерді ойнау, іскер ойын құрастыру.
|
Бесінші сабақ
Белсенді педагогикалық практика. Модернизацияланған Біртұтас әдістемелік жүйені (БӘЖ) – нормативтік оқыту моделін қолдану арқылы педагогикалық іс-әрекетті (дәріс оқу) имитациялау
|
«Менің бірінші дәрісім» іскер ойынының бейне түсірілімі
|
Алтыншы сабақ
Педагогикалық іс – әрекеттің анализі
|
«Менің бірінші дәрісім» ІО бейне түсірілімді пайдалану, «Ақиқат тағы» іскер ойнына педаго-гикалық іс – әрекеттің анализін беру
|
Жетінші сабақ
Пассив практика
|
Басқа ұстаздардың сабағына қатысып, жазбаша анализ жасау, «Ой шабуыл» әдісін қолдану
|
Сегінші сабақ
Педагогикалық іс-әрекетке бақылау жасау әдісі
|
Визуалданған дәріс. «Сауалдама жүргізу» (сауалға дайындау, сауал алу, сауалды саралау) Блиц – ойын. Қорытынды сұхбат немесе ПК
|
12 лекция
7. Мектептердегі жаңартпашылық білім берудің әдістері мен формалары
Мектептердегі жаңартпашылық білім берудің әдістері мен формаларының және жаңартпашылық білім беру әдістерінің ұлттық мектептердің педагогикалық іс-тәжірибесінде қолданылуы төмендегідей: ой шабуыл әдісі, іргелілік әдісі, кейс-стади әдісі, грозди әдісі, кубик әдісі сияқты болып келеді. Олар жаңартпашылық білім беруде кеңінен қолданыс табуда. Төмендегі кестеде әр әдіске жеке-жеке сипаттама беріліп отыр.
Б.Кестесі.
Мектепте қолданылатын жаңартпашылық білім беру әдістері
Әдістер
|
Мазмұны
|
Дағды
|
1
|
2
|
3
|
«Ой шабуыл»
немесе
«брейнсторминг»
|
Қатысушылардың барлығы шешімнің жолын табу үшін өз ойын еркін білдіретін ұжымдық ой талқы әдісі.
Мұғалім:
1) пікірталасқа өзек болатын тақырыпты өзі таңдайды;
2) оқушылардың алдын міндет қойып, ой шабуылдың ережесі туралы айтып береді:
-«шабуылдың» мақсатын; тапсырманың шешімін табатын бірнеше нұсқасын ұсынады;
-қиялдарын іске қосуға мәжбүрлейді; жалпы қабылданған пікірге қайшы келетін ойларды да жоққа шығармайды;
-басқа қатысушылардың ұсынған идеяларын дамытады;
-ұсынылған идеяға бірден бағалау жасауға тырыспа, онымен кейін айналысатын боласыз;
3. Мұғалім өзінің хатшысын тағайындайды. Ол айтылған идеяларды жазып алып отырады.
4.Қатысушыларды топқа бөліп, келіп түскен жауаптардың ішіндегі өзі қарастыруға тұрады деп санағандарын талдауға кіріседі.
5.Мұғалім пікірталастың қорытындысын шығарады. Егер ой шабуыл көңілден шықпаса, сәтсіздіктің себебін айтып береді.
|
Талдай білу, өз ойын айту, идея ұсыну, әріптесу дағдысы.
|
Ой шабуыл
әдісі
|
Мақсат – дәстүрден тыс жолмен мәселенің шешімін табуда ұжымдаса ойлау іс-әрекетін ұйымдастыру.
0-кезең – Бой жазу: жауаптары тез табылатын жаттығулар. Сауал қарастырылатын мәселенің мәнісіне жуық болуы керек. Ең бастысы, берілген жауапқа бағалау жасамай, оны оң қабақпен қабылдап, қатысушылардың құлықтылықтарын сақтап, сабаққа жылдам қарқын беру.
1-кезең. Идеялардың туындауы (бір параққа бір идея, ұсыныс, ой түсіріледі. Идея тіпті ақылға сыймайтын, нашар тұжырымдалған сияқты болып көрінуі де мүмкін, бірақ ол айналып келгенде байыпты да, құнды болып табылады). Норма: 10 минутта 2-3 идея.
2-кезең. Идеяның талдануы мен тексерілуі (шағын топтардағы сапалы кезең).
3-кезең. Идеяны визуалдандыру (кестелеу, құрылымдық ұғым).
4-кезең. Идеяны таныстыру (жұрт алдында таныту, баяндама).
5-кезең. Шағын топтың жобалары бойынша біртұтас концепция жасау.
Ереже :
1.Ешкім басшылық етуге талап қылмайды, бұл арада тек қана жүргізуші мен қатысу-шылар ғана бар.
2. Сын айтуға тыйым салынады.
3.Кез келген идея құпталып қабылданады.
4. Әркім өзгенің идеясын дамыта алады.
5.Сабақтың барысы міндетті түрде –дыбыс,-бейнетаспаға жазылынып алынады.
|
Нақты тапсырманы орындауға ой іс-әрекетін бағыттай алу дағдысы
|
Іргелілік
әдісі
|
1.Іргетас – идея негізінде түзіледі. Сондықтан, іргелік қадамы ғылыми ізденістен немесе басқа қисынды зерттеушілік идеядан тұрады да, оқушылардың қабылдауын жетілдіреді.
2.Бұндай негізделу талқылау алдындағы үйге берілген тапсырма арқылы түзіледі.
3. Ықшам топпен жұмыс. Әр топқа кесте мен фломастер үлестіріледі. Тапсырманы орындаудың уақыты (10-20 мин.) белгіленеді.
4.Оқушылар топ бойынша жұмыс істеп, кестені толтырып, әр нұсқаның бағанына жетістігі мен кемшілігін жазып, проблеманы шешуге кіріседі.
5.Әр топтың өкілдері өздерінің жетістіктері туралы айтып береді. Мұғалім олардың жауабын тексеріп, неге бірдей, неге әр түрлі шешім қабылдағандарын түсіндіреді. Оқушылардың сауалына жауап береді.
|
Идеяны алға тарту, ұсыну, жауабын дәлел-дей алу дағдысы
|
«Грозди»
әдісі
|
Проблеманы анықтау мен зерттеудің міндетінің суретін салып, көрнекілік (кесте, диаграмма, графика, таблица) ретінде шешімін табуға көмегін тигізу үшін ұсынуға болады.
Мысалы, қолда бар ақпаратты бәйтерек түрінде береміз. «Грозди» әдісі бір ұғымнан, бір ұғымға ауысып отыруға мүмкіндік береді. Бәйтерек сынды құрылымына жаңа идеялық бұтақтарды қосып отыруға болады.
Осындай, құрылымдық-логикалық әдіс танымдық процесс үстінде негізденген шешім мен іс-әрекеттер арқылы міндетті жан-жақты түйіндеуге көмегін тигізеді.
|
Кесте, таблица, көрнектілікті түзіп, ондағы ең маңыздысын айыра білу дағдысы, тұтастай, әрі жекелей көре білу дағдысы
|
«Сократтық
сұхбат»
әдісі
|
Мектепегі семинар сабақ үстінде оқушылар өз ойын жан-жақты дәлелдеп, өзгенің ойына дау айтады.
|
Жұрт алдына шығып сөйлей білу, өз ойын қорғай алу дағдысы, тыңдай білу, ойын дамыта алу дағдысы
|
«Таным ағашы»
әдісі
|
Бұл әдіс жағдайды талдаған кезде қолданылып, оның себебін толық түсінуге септеседі.
Қатысушылар шешімнің түрлі нұсқаларының басым және кемшін тұстарын талқылау барысында бағанаға жазып отырады.
1.Мұғалім талқылауға тапсырма береді.
2. Оқушыларға проблема, тарихи факті т.б. бойынша толық базалық ақпарат беріледі. Бұл оларға тапсырманың түрлі нұсқаларын жоспарлау мен бағалауға қол ұшын береді. Соның арқасында проблема жайындағы тіке және жанама мәліметтерді айыруға қол жеткіземіз.
Тұтастай алғанда, бұл әдіс пен көрнекілік білім мен проблеманы толық қамтып, ойлаудың икемділігіне септеседі.
|
Пікірді талқылау барысында қағыс қалдырылған және жіберілген қателерді таба алу дағдысы; қисынды келтірген дәлелдеулер негізінде өз ойын қайта қарай білу
|
Кейс-стади – нақты оқу жағдайын қолданып оқыту
|
1-кезең. Жағдай жазылған мәтінді оқып шыққан соң, білім алушы өз бетімен мәселенің мәнін ұғынуға, жағдайға баға берудің өзіндік позициясын анықтауға, сұраққа жауап беруге, проблеманы шешудің нақты жолын табуға тырысады.
2-кезең. Ықшам топпен жұмыс. Оқушылар 3-4 адамнан топтасып, кейстің негізін құрайтын проблема төңірегіндегі ойларымен алмасып, сұхбат және ізденіс әдісімен консенсусқа келеді. Бұл кезеңде брейнсторминг, диалог пен полилог, дискуссия, пікірталас әдістері орын алуы мүмкін.
3-кезең. Жалпытоптық талқылау мұғалімнің жетекшілігімен өткізіледі. Әрбір топ жағдайда айтылған мәселе төңірегінде өз пікірлерін ортаға салады.
Мұғалім өз тарапынан жауаптарға бағалау жасамайды, талқылаудың ерекшелігі кез келген пікір ықтимал деп табылуында.
|
Ақпаратты талдау мен жүйелеуге үйрету;
өз пікірін жұрт алдында айтып, қорғай білуге үйрету
|
Жобалау әдісі
|
1-Кезең. Жобаны дайындау. Мақсат пен тақырыпты белгілеу. Оқушылар мұғаліммен бірлесіп оқу материалын талқылайды, ақыл-кеңесін алады, міндеттерді белгілейді.
2-кезең. Жоспарлау. Ақпараттың дерек көздерін, жинау тәсілдерін, талдануын, есеп беру формасын, нәтижелер мен процесті бағалауды анықтайды; рөлдерді (информатор, зерттеуші, хатшы, редактор, баяндамашы, референт, эксперт т.б.) бөледі. Қабылдаған міндетке орай оқушылар іс-әрекет жоспарын жасайды. Мұғалім оларды түзеп, идея ұсынады, нәтижені болжауға көмектеседі.
3-кезең. Зерттеу. Ақпарат жинау алға қойылған міндетті шешу. Амалдары: сұхбат, сауалдама, бақылау, сынақ, анықтамалық әдебиетпен жұмыс т.б. Аралық міндеттерді шеше отырып, оқушылар зерттеу жұмысын орындайды. Мұғалім бақылайды, көмектеседі қажет жағдайда, ақыл-кеңес береді.
4-кезең. Зерттеу нәтижесін жинақтау. Ақпаратты талдау, пікірлерді құрастыру, түйіндеу.
5-кезең. Есеп беру. Алынған нәтижелерді ұсыну: жазбаша есеп беру, ауызша баяндама т.б. Оқушылар өздерінің зерттеулері туралы есеп береді. Мұғалім өз тарапынан оларды тыңдап, сауалдар қойып, түзетулер жасайды.
6-кезең. Соңы. Оқу процесінің нәтижесін бағалау. Мұғалім жобаға қатысушылардың пікірімен санаса отырып, оқушылардың жұмысын бағалап, зерттеудің ары қарай жалғасуына жол сілтейді.
|
Зерттеушілік машық; дамушы жобаларды жасап шыға білу
|
Кубик
әдісі –
мектепте қолданылатын тақырып төңірегіндегі түрлі көзқарастарға ықпал етуші оқыту стратегиясы болып табылады.
|
Алдын ала қырларында төмендегідей:
1. Жазып шық.
2. Салыстыр.
3. Басын қос.
4. Анализ жаса.
5. Ұсын.
6. «Иә» мен «жоқты» дәлелде деген сөздері бар кубикті қағаздан жасайды.
Жазып шық. Объектіге жақын үңіліп (мүмкін, ойша): түсі, формасы, көлемі т.с.с. не көргеніңді жаз?
Салыстыр. Неге ұқсас, несімен ерекшеленеді?
Басын қос. Осы сөзді естігенде ойыңызға не келеді? Ойлан, қандай ұғымдардың басы қосылып тұр?
Анализ жаса. Не үшін? Қалай болғанын айтып бер?
Ұсын. Сіз бұны қалай қолданар едіңіз? Онымен не істеуге болады? Өз ойыңдағыны ұсын.
«Иә» мен «жоқты» дәлелде. Бұл жақсы ма, жаман ба? Неліктен? Бұл үшін дәлелдің кез келген түрін қолдан.
Сабақтың соңы. «Кері байланыс жаттығуы»: 1. Ең бастысы не болды? 2. Мен үшін не жаңа болып табылды? 3. Осыған қатысты мен нені сезінемін?
|
Материалды
талдай білу, басы қосылатындарды
табу.
|
«Тізбек»
әдісі
|
Оқушылар проблеманың мәнісін ашу үшін тізбекке кіретін төмендегі сауалдарға: «Кім?», «Не?», «Қайда?», «Қашан?», «Қалай?», «Неге?», «Неліктен?» жауап береді.
Мұғалім сабақтың өту барысына орай сауалын түрлендіріп қойып отырады.
|
Жағдайды сипаттай білу, жиақтай білу, ең бастысын таба білу т.б.
|
“S WОТ-анализ”
әдісі – даму бағытын қалыптастыруталдау жасау үшін қолданылады
|
Мектепте кез келген проблеманы, міндетті шешу үшін «SWOT- таблицаны» кеңінен қолдануға болады
“S” Күшті жағы
(проблеманы шешуге көмектеседі)
“W” Әлсіз жағы
(проблеманы шешуге кесірін тигізеді)
“O” Мүмкіндіктер
(шешім табуға мүмкіндік беретін)
“T”
Қауіптер
(шешім табуға мүмкіндік бер мейтін)
1.Кезең. Жағдайдың анализі (кесте бойынша):
а) проблема шеңберін реттеу,
ә) проблеманы (алыс және жақын, тығыз және маңызды жағынан) қарастыру.
2-кезең. Проблеманың шешімін табуға қатысушылар (кім енеді, тіке және жанама қатысушылар).
3-кезең. Барлық қатысушылар бас қосып, өзара сұхбаттасып, ортақ шешімге келеді.
|
Талдау мен дамуды болжай білу дағдысы
|
«И.Д.Е.А.Л»
әдісі
(45-50 минут)
|
Бұндағы әрбір әріп қиын жағдайдан шығу мүмкіндігін арттыратын қадам.
1.Проблеманы түйінде (мақсат)
2.Өзіңнің проблемаңды «Қалай?» деп басталатын сұрау есімдігі бар сөзді қатыстырып құрау. «Мен» сөзінің болуы шарт емес.
Мысалға, «Мен өз сабағымды қалай қызықты етіп ұйымдастыра аламын?»
ҚАЛАЙ_______________________?
ҚАЛАЙ_______________________?
Ішіндегі ең дәлді нұсқаны таңдап ал!!! 3.Проблеманы шешудің барынша көп тәсілдерін тап (10 минут).
Назарыңды бөлмей, ойыңа келген БАРЛЫҚ нұсқалардың, тіпті ақылға сыймайтын болса да, шешімін жазып ал. Өзіңді қайрап, уақыт бітіскенше, жаңа нұсқаларды ойлап таба бер. Егер қаласаң, парталасыңды тарт.
4. Әлдебір «күшті» шешім бар ма? Өз тізіміңдегі белгілі бір деңгейде жүзеге асыруға болатын тәсілдерді «√» таңбасымен белгіле. Олар қанша? Бірақ оны сынама.
|
Материалды талдай білу, ең бастысын айыра білу
|
Призма
әдісі
(Сұрақ қоюға баса көңіл бөлу)
|
Мектепте толыққанды білім беру үшін сегіз тірек сауал:
ФОРМА: бұл неге ұқсас?
ФУНКЦИЯ: ол қалай жүзеге асады?
СЕБЕПТІЛІК: неліктен олар осындай?
ӨЗГЕРІС: олар қалай өзгереді?
БАЙЛАНЫС: олар бір-бірімен қалайша байланысқан?
ПЕРСПЕКТИВАСЫ: басқа қандай көзқарастар бар?
ЖАУАПКЕРШІЛІК: біздің жауапкершілі-гіміз қандай?
ОЙЛАУ: біз бұны қайдан білеміз?
|
Қиялына қанат бітіреді, ойлай білуін қалыптастырады, салыстырады.
|
«Эврика»
әдісі
(Дон Коберг пен Джин Багнали)
|
Жаңартпашылыққа түрткі болу үшін: көбейту, бөлу, жою, бағындыру, назар аудару, жекелеу, елестету, бірізге түсіру, бұрмалау, айналдыру, теңестіру, сығымдау, толықтыру, бойлау, тоқтату, босату, аспандату, айналып өту, қосу, алу, жеңілдету, қайталау, жуандату, созу, кері итеру, қорғау, бөліп алу, қосылу, символдандыру, дерексіздендіру, кесу сөздері қолданылады.
|
Затты жан-жақты көре білу
|
Шеберхана
(И.А.Мухина, В.А.Степихов
|
Мектептегі шеберхана – оқушылардың негізгі пәндер бойынша өз бетімен білім алуы.
Шеберхана идеясы – сабақтан кейінгі бос уақытта оқушылардың мектепке келіп, әрі дербес, әрі топтық тапсырма орындауына жағдай жасау. Олар сабақ үстінде ұстаздарының ұсынған проблемаларын шешуде үлкен жетістіктерге жетеді.
Шеберхананы жүргізу алгритмі
Индукция фазасы. Оқушыларға ұсынылатын материалдар олардың түсінігіне лайық болуға тиіс.
Материалмен жұмыс. Материалды талдау. Оқушылар материалды талдай отырып, өздерінің ойларына оралған идеяларды ұсынады.
1.Дербес (немесе ықшам топтармен) жұмыс істеу;
2. Шағын топтық талқылау.
Әлеуметтену. Оқушылар еркін жүріп-тұрып тақтаға өз ойларын жазып отырады. Бір-біріне сауалдар қойып, жауап беріп отырады.
Қарым-қатынас жасаудың негізгі принципі – «табысқа қол жеткізу». Оқушылар өздері оқыған жұмыстың авторына қызықты тұстарын айтады. Қате жерлерін ауыздарына алмайды.
Рефлекция. Оқушылар өздерінің шеберханадан не үйренгенін ортаға салып, өзінің алған әсерін сыныптастарымен бөліседі.
|
Проблеманы қоя білу, шығармашылық
пен жауап іздеу, шығармашылық ойлауды дамту.
|
«Сұрақ-Жауап» әдісі
|
1.Сынып екі (үш) шағын топқа бөлінеді.
2.Командалар белгілі бір тақырыпқа сауалдар дайындайды.
3.Бір-бірлеріне сұрақтар қояды, егер қарсы жақ қойылған сауалға жауап таба алмай қиналса қоюшы жақ өздері жауап береді.
Команда қарсыластарының жауабын өздері бағалайды. Көп балл жинаған жақ жеңеді.
|
Сұрақ құрастыра білу, тыңдай білу, қойылған сауалға жауап бере білу дағдысы.
|
Дельфи 1
әдісі
|
Бұл әдістің мәнісі әр оқушы арнайы бір тақырып бойынша жұмыс істейді. Жұмыс нәтижесі ұжымдық негізде талқыланып, өз бағалауын алады. Жұмысқа қатысушылар өз бетімен берілген сауал туралы өз пікірін түйіндеп, көптің талқысына салады. Дау тудырған мәселе төңірегінде бір жүйеге түскен пікір қалыптасады.
|
Дербес жұмыс істей білу, тыңдай, талдай, бағалай білу дағдысы.
|
Дельфи 2
әдісі
|
Жұмыс тобына қатысушылардың сөйлеп кеткен сарапшының пікірінен кейін белгісіз анонимді жазбаша сауал оқылады. Оны талдау эксперттердің айтар жаңа идеялары, пікірлері таусылғанша жалғасады.
|
Мозаика
әдісі
(А.Ронзон, Гонзалес)
|
1.Оқушыларды командаға бөлу.
2. Тақырып бөлікке (3-6 бөлікке) бөлініп, әр топ өз бөлігі бойынша маманға айналады.
3. «Мозаиканың бөліктерін» талқылау.
4. Шығып сөйлеу және барлық сауалдарды біріктіру.
|
Құрастырмалық
әдісі
|
Мәтін түрі мен алға қойылған мақсатқа байланысты болып келетін мұғалім ұсынған алгоритм бойынша зерттеу жүргізу.
Мысалы, әдебиет пәні бойынша сабақтардың алгоритмі:
а)мектеп бағдарламасындағы ертегілердің стильдік ерекшеліктері;
ә) ертегі мәтінінің негізінде жатқан орфограммаларды табу;
б) ертегілер тілінің математикалық статистикасын есептеп шығу.
|
Эмпатия
(жан сақтау)
әдісі
|
Эмпатия әдісі – оқушының сезімдік бастан кешуіне иек сүйейді. Сезімдік-образды ойлау, елестету арқылы оқушы оқытылып жатқан объектіні танып білуге тырысады. Мысалы: «Алдарыңда тұрған нәрсенің не екенін елестетіп көріңіздерші...».
Біраз уақыт өткен соң, өзінің қиялына ерік берген оқушы сауалдың жауабын табады. Оны оқушы кез келген формада (ауызша, жазбаша, таңбалық, қимылдық, музыкалық немесе суреттік формада) бере алады.
Мысалы, мағыналық «сұрап білу» сауалы: 1. Бұл объектінің себебі, шығу төркіні? 2.Оның құрылымы, ішкі бөліктері қандай? Ол басқаша емес, неге осылай?
|
Ойлап табу
әдісі
|
Ойлап табу әдісі – белгілі бір ақыл-ой іс-әрекеттері нәтижесінде оқушылардың бұрын белгісіз дүниені өмірге әкелу тәсілі. Әдіс төмендегі амал-тәсілдер бойынша жүзеге асады:
а) бір объектінің сапасын келесі объектінің сапасымен жаңа объектіні тудыру мақсатында алмастыр;
ә) объектінің қасиетін басқа ортадан (жерден) табу;
б) зерттелетін объекті элементінің өзгерісі мен өзгерген объектінің жаңа қасиетін сипаттау.
|
Синектика
әдісі
(Дж. Гордон)
|
Синектика әдісі – «ой шабуыл» әдісіне арқа сүйейді. Қатысушыларды ойлау мен үлгіленудің дәстүрлі ұстанымынан босату нәтижесінде көптеген идея жинақтап алу.
Ой шабуыл жылдам жауап іздейтін жаттықтыратын сипаттағы бой жазудан басталады.
Міндет нақтыланып, талқылау ережесі ұғындырылады.
Старт. Әркім идея айтып, толықтырады, нақтылайды.
Сарапшы ұсынылған идеялардың бәрін жазып отырады.
|
«Шығармашылық
идея»
әдісі
Davis G.A. Roweton 1968
|
Оқушылардың шығармашылық ойына түрткі болу үшін ...қалай өзгертуге болатыны жайында көбірек нұсқалар ойлап табыңдар деген төмендегідей:
әлденені қосу немесе алып тастау;
түсін өзгерту;
материалды өзгерту;
бөліктерінің орнын алмастыру;
формасын өзгерту;
өлшемін өзгерту;
ішкі қалпын өзгерту сынды тапсырма түрі беріледі.
|
«Идеялар тізімі»
әдісі
Whiting C.S. 1958
|
Басқаша қолдануға бола ма?
Жаңаша тәсілмен қолдануға бола ма?
Өзгерген түрде қолдану мүмкін бе?
1. Бейімдеп қолдануға бола ма?
Неге ұқсайды?
Қандай ойға жетелейді?
Нені көшіру керек?
Кімге еліктеу керек?
2. Қалайша өзгерту керек?
Танымастай өзгерту керек пе?
Міндеті мен түсін өзгерту керек пе?
Қимылын, иісін, формасын өзгерту керек пе?
3. Ұлғайтуға бола ма?
Не қосуға болады?
Жұмыс уақытын ұзарту керек пе?
Жиілігін өсіру керек пе?
Сыртқы қабатын қалыңдату керек пе?
Көлемін ұлғайту керек пе?
Ингредиент қосу керек пе?
Еселеу керек пе?
Көбейту керек пе?
Арттыру керек пе?
4. Кішірейтуге бола ма?
Нені алмастыру?
Нені қысу?
Ненің миниатюралық көшірмесін жасау керек?
Нені төмендету керек?
Нені қысқарту керек?
Нені жеңілдету, сақтау, оңайлату, айыру, көзден таса қылу керек?
5. Алмастыруға бола ма?
Кіммен алмастыру?
Немен алмастыру?
Басқа ингредиентпен бе?
Басқа материалмен бе?
Басқа шарамен бе?
Басқа қуатпен бе?
Басқа орынмен бе?
Басқа әдіспен бе?
Басқа интонациялық дауыспен бе?
6. Ауыстыруға бола ма?
Бөліктердің орындарын ауыстыру керек пе?
Қандай реттілікпен?
Қай қырынан?
Басқа тәртіп бойынша орналастыру керек пе?
Себеп пен салдардың орнын ауыстыруға бола ма?
Қадамның ұзындығын өзгерту керек пе?
Күн тәртібін өзгерту керек пе?
7. Керісінше істеуге бола ма?
Қосуды алумен ауыстыра аламыз ба?
Қарама-қарсылықтың стилін өзгерте аламыз ба?
Қарама-қарсылықтың мәнерін өзгерте аламыз ба?
8. Біріктіруге бола ма?
Құрыш қоспасы, конфет қоспасының құрамын т.б. біріктіруге бола ма?
Бөліктерді біріктіруге бола ма?
Сөйлемдерді біріктіруге бола ма?
Идеяларды біріктіруге бола ма?
|
«Парис тізімі»
әдісі
Parnes S.J. 1967
|
Жаңа идеяны іздеу жолында төмендегі жетектеуші сауалдарды қою:
Ізделініп отырған объектінің жай-күйі қандай?
Қай топқа ықпал ету керек?
Қажетті шығындар қаншалықты?
Материалдық құндылықтың қолданылуы қаншалықты?
Моральдық немесе құқықтық шектеу қойыла ма?
Жаңа міндеттерге бастап алып келе ме?
Ары қарай қандай қиындықтар кезігуі мүмкін?
Ондай жағдайда не істеу керек?
Сәтсіздіктің салдары қандай болып келуі мүмкін?
Мерзімі қанша?
|
Бағдаршам
(қызыл, сары, жасыл карталар)
|
«Бағдаршам» келісімге келу әдісі болып табылады.
Оған тән сипат:
Жеңіл басқарылатын шағын топтарға ыңғайлы;
Даулы сауалдарды оңай анықтайды;
Жылдам кері байланыс орната алады;
Проблема көлемін жылдам сұрыптайды
Әрбір қатысушы үш түстен тұратын дөңгелек қағаз алып, жүргізушінің белгі беруінен кейін қолындағысын көтеріп дауыс береді.
Түстер мынаны білдіреді:
Қызыл – жоқ, мен келіспеймін.
Сары – шешіммен келіспесем де, оны құптаймын.
Жасыл – иә, мен келісемін.
Осыдан кейін аз дау тудыратындар назардан тыс қалып, көп талас тудырған мәселелер талқыланады.
|
Ұқсастықты салыстыру
әдісі
|
Тәрбие, математикалық ұғымдар тарихы және әдебиет сынды сабақтарда ұлы адамдардың өмірлерін салыстыру үшін мәдени-тарихи ұқсастықтар оқушылар назарына ұсынылады.
|
Эвристикалық зерттеу
әдісі
|
Табиғи, мәдени, ғылыми, сөздік, таңбалық зерттеу объектілері таңдалынады.
Оқушыларға осы зерттеу объектісін төмендегідей негізде зерттеу ұсынылады: зерттеу мақсаты жұмыс жоспары объекті туралы факті тәжірибе, тәжірибенің суреті, жаңа фактілер туындаған сауалдар мен проблемалар нұсқалардың жауаптары, жорамалдар нәтиже қорытынды.
|
Гипотеза
әдісі
|
Мұғалім қойған сауалға немесе проблемаға оқушылар өз версияларын құрастырып жауап береді.Гипотеза әдісі болжаушылық тапсырмаларды шешкен кезде дамиды. Мысалға, «егер ...істесе, не болады?». Болашаққа саяхат әдісі – елестете білу, болжай білу, гипотезалық әдістер сияқты кез келген білім беру саласында тиімді.
|
Жетондық
әдісі
|
Үш түсті фишка әзірленеді:
Жасыл фишка – шығармашылық идея;
Сары фишка – теорияның практикалық және ғылыми нақтылықпен байланысының болуы;
Қызғылт фишка – қызықты идея болғанымен әлі де жетілдіре түсуді керек етеді.
Оқушыларға идея айтуға тапсырма беріп, жауапқа үш түрлі фишканың бірі беріледі. Сыныптағы ең көп жасыл фишка жинаған оқушы жеңімпаз болып табылып, «Данышпан» деген мадақтау қағазын алады.
|
Кемпірқосақ
әдісі
|
Кемпірқосақ жеті түстен тұрады, әр түстің өзіндік қасиетін ашу керек.
Қызыл түс – концепция, көзқарас, амал-тәсіл;
Қызғылт түс – түрлі концепция, көзқарас, амал-тәсіл т.б. қатынас;
Сары түс – өзгертуді, ауыстыруды, енгізуді, алмастыруды және т.б. қалау;
Жасыл – мәнді идея қандай маңызға ие, заң мен заңдылықтарды табу;
Көгілдір – қайда және қай салада қолдануға болады;
Көк – ұсынылған идея концепциялардың және т.б. күшті және әлсіз тұстары;
Күлгін – функциялар, қолданылулар, өткізілу формасы, қалыптасулары...
|
Морита
әдісі
|
Проблеманың шешімін табу тізбек тәсілімен іске асады. Мұғалім проблеманың шешім табуды өзі бастайды, ал оқушылар өз қалауы бойынша, оның шешіміне идея қосып отырады.
|
Автокөлік
әдісі
|
Автокөлік әдісін ой шабуылдың ерекше түріне жатқызуға болады. Себебі онда:
-оқушылардың шығармашылық іс-әрекеті психологиялық белсенділікке түседі;
-жоғары балл алуға мүдделі топтардың әріптесуі тәсілмен жаңа идея түзіліп ұсынылады.
Әдістің мәнісі:
-моторы не болып табылады?
-тежегіші?
-кілті ше?
-рөлі ше?
-қорабы мен дөңгелегі?
-ішкі бөлігі ше?
-жүк салғышы? және т.б. бөліктері.
Осы арқылы ұғым-түсініктерді оқушылар санасына жете ұғындыруға болады.
Мектептегі сыныптың бірі – Мерседес және Камри командаларына; екіншісі – Мазда мен Ягуар командаларына бөлініп, А тобы:
|
|
Мерседес
|
|
Басқару рөлі
|
Камри
|
Моторы
|
Дөңгелегі
|
Салоны
|
Басқару рөлі
|
Ә.тобы:
|
Моторы
|
Дөңгелегі
|
Тежегіші
|
Мазда
|
Басқару рөлі
|
Моторы
|
Жанар майы
|
Салоны
|
Ягуар
|
Басқару рөлі
|
Моторы
|
Жанар майы
|
Тежегіші
|
Мұғалім сыныптың әр командаларынан шығып сөйлегендерді төмендегідей критерии бойынша бағалайды: а) шығармашылық амалы; ә) материалды білуі; б) дәлелдеуі; в) презентациясы. Мөлшерлі балл – 5.
Затты, құбылысты және технологияны машинамен біріктіріп (жүк, жеңіл, жолаушы...т.б.) басын қос. Осындай көліктің суретін салуға тырыс.
Содан кейін материалды бекіту үшін төмендегідей сауал түрлері қойылады:
1. Басқару рөлі не болып табылады?
2. Моторы не болып табылады?
3. Жанар майы не болып табылады?
4.Салоны не болып табылады?
5.Тежегіші не болып табылады?
6.Дөңгелегі не болып табылады?
|
«Газет»
әдісі
|
Сынып топтарына берілген проблемалық тақырып бойынша газет шығару тапсырылады:
1.Газеттің атауы, девиз таңдап алу;
2. Бірінші бет есептің шешу жолы;
3.Екінші беті математика тарихы;
4. Үшінші бет есепті шешу жолында кездескен қиындықтар;
5. Төртінші бет – «Бұл қызықты» айдары.
|
Баспалдақ
әдісі
В.Демченко
|
Баспалдақтың (проблеманың шешім табуына байланысты көлемдегі) суреті салынады. Олардың бойына жазылған идеялар желімделіп отырады.
Ең соңғы саты – сабақтың қорытындысын шығарады.
Жеңімпаз болып, аз уақыт ішінде шынайы идея ұсына алатын топ табылады.
|
Бұрыштар
әдісі
|
Бұл әдіс – дойбы ойнына ұқсас.
Оған екі команда қатысады. Ойын тақтасы бар: жасыл және сары тастар беріледі. Дұрыс шешім жасағанда тас алға жылжытылып, қате шешім жасағанда кері шегеріліп отырылады. Кім қарсыластар жаққа бірінші жетсе, сол топ жеңімпаз болып табылады.
|
«Құрастыру»
әдісі
М.Книсарина
|
Құрастыру әдісі – сынып тақтасына ілінген ақпараттық табло. Онда оқушылар алгебралық ұғымдарды енгізуге үлес қосқан үш елдің математика ғылымында алатын орнын айқындайды:
Үнділік;
Арабтық;
Еуропалық. Әр елдің енгізген ұғым-түсініктері:
сары, қызыл, жасыл жазумен тақтаға ілінеді. Өйткені, кілт ұғымдар тақтада жазылып қойылған: сары жазумен: үнділік; қызыл жазумен: арабтық; жасыл жазумен: еуропалық математикалық ұғымдар жазылады.
|
Төмендегі кестеде жаңартпашылық оқыту формасының сипаттамасы келтірілген.
В. Кестесі.
Білім беру формасы
|
Мазмұны
|
1
|
2
|
«Аквариум техникасы»
|
1.Өз мазмұнында белгілі бір сауалдар бойынша қарама-қайшылық пен түрлі көзқарастарға толы болып келеді.
2. «Аквариум техникасын» өткізу тетіктері:
3. Проблема түзіледі.
4. Қатысушылар екі топқа бөлініп, бір-бірлеріне қарама-қарсы отырады.
5. Әр топ пікірталас кезінде өздерінің ортақ көзқарастарын айтатын өкілдерін тағайындайды.
6. Барлық қатысушылар тақырыпты алдын ала білгендіктен талқылау бірден басталып кетеді.
7. Өкілдер ортаға шығып өз тобының пікірін қолдап, қорғайды.
8. «Аквариумның» қалған қатысушылары ортаға шығып өз ойларын айта алмағанымен, өз пікірлерін өкілдеріне жазбаша түрде бере алады.
9. Өкілдер өз тобымен келісіп алу үшін үзіліс ала алады.
10. «Аквариумдық» талқылау белгіленген уақыт бітісімен немесе шешім қабылданған соң аяқталады.
11. Пікірталас аяқталған соң, әр топ өкілдері өз алдына бөлек талқыланған мәселеге қатысты сын пікірлердің қорытындысын шығарады.
|
Панорама сабақтар
|
Бұл форма оқушылардың әлеуеттік мүмкіндіктері мен эрудициясына иек сүйейді.
Өткізілу тетіктері:
1.Қатысушылар не топтасып, не жекелей жұмыс істейді.
2.Ойын сабақтың тақырыбын мұғалім өзі айтады.
3. Оқушылар оқулық пен оқу материалын алады.
4. Әр топ (жеке оқушы) сабақтың жоспарын жасап, оның кезеңдерін белгілеп, өткізілу формасын құрастырады.
5. Ойыншылар қатысушылар алдында өз жобасын қорғайды.
6. Қатысушылар панорама сабақтың жоспарына бағалау жасайды.
7. Мұғалім төреші ретінде талқылауға төрелік етеді.
|
13 лекция
Ой шабуыл әдісі
«Ой шабуыл белсенді ойлау мен іс-әрекет
жасаудың дағдысын қалыптастырады»
Ғыламда мидың пайдалы іс-әрекеті коэффицентін арттырудың түрліше әдістері жасалуда. Мамандардың есептеуі бойынша, адам миының бар-жоғы жеті пайызы ғана қызмет атқаратын болып келеді. Бұған жататындары: әлеуметтік-психологиялық тренинг, синектика, аутогендік жаттығу, морфологиялық анализ, іскер ойындар, ой шабуыл т.б.
Ой шабуыл –– белсенді оқытудың, басқарудың және зерттеудің әдістерінің бірі. Ол мидың белсенді жұмыс істеуін, шығармашылық пен жаңартпашылық процестерді қалыптастыруды негіз етеді.
ІІ дүниежүзілік соғысы кезінде америка маманы А. Осборн кеме Кеңесінде «алғадайлар (камикадзелер) отырған торпедодан әскери кемелерді қалай қорғауға болады» деген проблеманы шешуде осы әдістің негізін салды. Соның негізінде түрліше идеялар туындап, соғыстан кейін осы әдістің ой әлеуетін арттыратын қасиеті ой шабуыл артықшылығын мәлім етіп, әуелі АҚШ, Ұлыбритания, Франция, одан кейін Жапонияда қолға алынды. Шығармашылық ықпал мен өнімділікке негізделген тәсіл ТМД аймағында да өз қолданысын табуда.
«Ой шабуыл» әдісін төмендегідей негізде қысқаша атап көрсетуге болады.
Ой шабуылды жүргізуші белгілі бір проблеманы қатысушылардың алдына қойып, талқылау барысында өздерінің пікірін жалтақтамай ашық айтуларын талап етеді. Жүргізуші қатысушылар аузынан шыққан жаңашыл ойлардың бәрін жазып отырады. Барша ой айтылып болғанша ешқайсы талқыланбайды, сыналмайды. Кейінірек арнайы мамандар арасында ой сарабынан өткізіліп, байыпталады.
Достарыңызбен бөлісу: |