Лекция конспектісі кредит саны -3 Шымкент-2019ж Құрастырған: к б.ғ. доцент Есқараев. Н. М


Өсімдіктер жамылғысы мен жануарлар дүниесі



жүктеу 1,33 Mb.
Pdf просмотр
бет18/25
Дата11.11.2022
өлшемі1,33 Mb.
#40130
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25
лек экол ресурс кіріспе

Өсімдіктер жамылғысы мен жануарлар дүниесі. 
Оңтүстік Қазақстан 
облысының көп жерлерін шөлдер алып жатыр. Шөлді жердің ерекшелігі 
жауын- шашынның өте аз мөлшері (жылына 300 мм-ден жоғары емес) және 
жазының ыстық (шілде айының температурасы +30
0
С жоғары) болып келуі. 
Бұл жағдай өсімдіктердің өсіп жетілуіне кері әсерін тигізеді. Шөлдерге бір 
күнде температураның өте құбылмалылық тән. Шөлді зонада өсімдік дала 
аймағындай қаулап шықпайды, сирек, селдір өседі. Бұл судың тапшы 
болуына байланысты болады. Шөлді жерлерде өсімдік алдымен құмды 
төбешіктердің арасындағы ойпаттарда, беткейлерде өседі. Ағаш текті 
өсімдіктерден сексеуіл, жүзген, қияқ, құмқараған, селеу өседі. Шөлді аймақта 
өсетін өсімдіктер табиғаттың қатаң жағдайына бейімделген. Олардың 
бойындағы ылғалды тікенді қабыршаққа айналған жапырақтары немесе 
түктері сақтайды. 
Облыста грек жаңғағы сақталған. Облыста ксерофитті сирек ормандар 
кездеседі. Өзен аңғарларында кездесетін ормандар, торғайлар әлі де болса 
бар. Батыс Тянь-Шань тауларында, Өгем шатқалдарында, Талас Алатауында 
ксерофитті сирек ормандар кездеседі. Бұл негізінен арша, бұталардан 


шөптесін өсімдіктерден тұрады. Ақ сексеуіл әсіресе құмды аудандарда 
тараған. Шөлде жусанның көптеген түрлері бар. Мұнда басқа ешқандай 
облыста өспейтін жусанның дермене деген түрі медицинада пайдаланылады. 
Облыстың Өгем, Піскем, Талас Алатауы жоталарының белдеуінде май 
қарағайы, жанғақ ормандары, бұталар, шалғындар өседі. 
Құмды шөлейт аймақта көктем уақытында бәрінен де керемет. Бұл 
кезде неше түрлі шөптер мен талдар көгеріп, гүлдеп далаға сән береді. Олар 
жиі өспесе де, даланы сәндендіріп, жерде өскен көк шөппен бірге ғажайып 
бақты елестетеді. 
Шөлді аймақта өмір сүретін жануарлар өзін қоршаған табиғи ортаның 
қатал жағдайына бейімделген әрі өздеріне тән ерекшеліктері бар. Құм 
сарышұнағы мен құм тасбақасы шілденің ыстық күндерінде жазғы ұйқыға 
кетеді. Ал құм тышқаны, сарышұнақ, торғайлардың кей түрлері ұзақ уақыт 
сусыз тіршілік ете береді. Шөл бауырымен жорғалаушыларға бай. Бұл 
жерлерде кесірткелер, тасбақалар, жыландар мекендейді. Ұзындығы 1,5 
метрге жететін келес кездеседі. Кірпінің ақ құлақ түрі өмір сүреді. Өрмекші 
топтарынан сарышаян, шаян, бүйі, қарақұрт сияқты улы жәндіктер бар. Бұл 
зонада кеміргіштерден: қоян, құм тышқан, сауыр, борсықтардың өмір сүруіне 
қолайлы. Облыстың дала зонасында ақбөкен, қарақұйрық тағы басқалары 
кездеседі. Құнды жануарлар қатары сиреп бара жатқандықтан оларды 
аулауға тиым салынған. Бұларға ақбөкен, қарақұйрық, қасқыр, түлкі, қоян, 
қарсақ, жабайы шошқа, ондатра, елік, арқар, таутеке, қоңыр аю, барыс 
жатады. 

жүктеу 1,33 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау