мұздықтар суы, Бүкіл Әлемдік мұхитқа мұхиттар мен оларға құятын
теңіздер, ал жер астылық суларға топырақ ылғалдары, жер астылық грунт
сулары жатады.
Судың химиялық құрамы бір-біріне байланыссыз екі фактордың –
тарихи-табиғи және геологиялық жағдайлар мен антропогендік
факторлардың әсерінен қалыптасады.
Судың химиялық құрамының түрліше болуы себепті оларды
минералдау дәрежесіне байланысты төмендегіше классификациялауға
болады (1г/л):
тұщы су ---------------------------- 1ге дейін
тұздылау ---------------------------- 1-25
тұзды ----------------------------- 26-50
ащы ----------------------------- 50
Жер бетіндегі тұщы су қорының 97% Антарктида, Гренландия,
полюстер мен таудағы мұздықтардың үлесіне тиеді. Егер осы мұздықтар
Жердің бетіне юірдей етіп бөлсе, онда ол қалыңдығы 53 м қабат түзген
болар еді. Бірақ осындай тұщы су қорын пайдалану әлі күнге мүмкін
болмай отыр.
Құрлықтың бар болғаны шамамен 3% көлдер мен өзендер алып
жатыр. Сондықтан да тұщы судың жетіспеушілігі түсінікті жағдай деуге
болады.
Климат деген түсінікті Ертедегі Греция оқымыстылары енгізді. Грек
тілінен аударғанда климат деген «наклон» деген сөз. Шын мәнінде,
климатқа әсер ететін негізгі фактор жер бетінің жарықталыну жағдайы.
Бұл жағдайлар жердің барлық нүктелеріндегі белгілі уақыт, не жыл
бойынша факторлардың, оның ішінді ағыстардың бағыттары орташаланған
көрсеткіштерінің жиынтықтары.
Климаттық барлық параметрлердің ішінде тірі организмдердің
дамуы үшін ең маңызды роль атқаратын температура, себебі, биологиялық
процестер бар болған 0 ден 50
0
С қадейінгі аз диапазанға ғана қалыпты
өтеді. Климаттық температуралық режиміндегі болатын біршама
өзгерістердің өзі флора мен фаунаға елеулі өзгерістер әкеледі.
Криосфера (қар, мұз, мәңгілік мұз аймақтары)- климаттық жүйенің
компоненті болып, шағылдыру қабілеті (альбедо) жоғары, жылу өткізгіштері
төмен. Жаңа жауған қар түскен күн сәулесінің 90% шағылдырады. Қар
мен мұздар планета бетіне «жапсырылған» айна сынықтары тәрізді.
Мұздардың 90% Антарктидада, бірақ планетадағы мұздардың негізгі
массасы теңіздердің мұзы мен қар түрінде болады. Солтүстік жарты
шарда Солтүстік мұзды мұхиты акваториясында мұз жазда 8 млн км
2
, ал
қыста 18 млн км
2
созылып, көлемі Австралияның көлемімен 2 есе көп
көлем алады. Оңтүстік жарты шарда Антарктида маңында қыстыгүні мұз
20млн км
2
алады.
Достарыңызбен бөлісу: