ә) Ер адамның гендерлік портреті
- дене тұлғасы: Оқтай түзу, сұр жебедей тіп-тік тұлға бітімі, екі иіні қақпақтай, жолбарыстай келбетті тұлға, кеудесі есіктей кең.
- сақал- мұрты: Сақалы күректей, айғырдың қылындай сақалы, нар күмістей қара бұйра сақалы, тікенектей көк сақалы
- мінезі: Ердің көңілі күнмен тең, мінезі құйған қорғасындай салмақты деп сипатталған.
Ерге қатысты қолданылатын гендерлік теңеулердің ішінде соқтауылдай, соқтандай, арыстай, алпамсадай , еңгезердей сияқты үлкендік , ірілік ұғымын білдіретін образдарды мол кездестіреміз. Сонымен бірге төңкерген астау тәрізді үлкен, өгіздей дөңкиген, аюдай қарбаңдаған, юойы есіктің қодығындай деп стильдік мәндегі теңеулер ер адамның іс- әрекетіндегі кейбір ебедейсіз, қолапайсыз қималдарды айырықшалаған.
Бұл айтылғандармен қатар халық санасында ер мен әйелге байланысты қалыптасқан ұғымдар мен түсініктердің теңіулерге образ ретінде алынған мысалдар да көп.
а) әйел (қыз, бикеш, қатын, жеңге, ана, әже) образдарымен жасалған теңеулер. Қыздай қылық көрсету,он төрт жасар сұлудай, арудың ақ бетіндей, келіншектей қылымсу, кербез әйел секілді паң, ақ жаулықты анадай, қарт әжедей қарсы алу,т.б. Мысалы: Қызылы қыздың ерніндей,Бозғылы боздың өңіндей (І.Жансүгіров). Мырзашөл бір мырза жеңгең секілді., Ақ дастархан жая берер алдыңнан.( С. Мәуленов).
ә) Ер (бозбала, жігіт, әке, ата , шал) образымен жасалған теңеулер. Еркекше өлу, еркекше боқтау,жас жігіттей атылу,ауылдың сал жігіттеріндей, қыз алдында тұрған жігіттей, әкеңдей қамқор,қаусаған шалдай, т.б. Мысалы: Кейбір жолдар жас жігіттей атылып , жарыса кеп төмен түскен тау, шыңнан (С. Мәуленов); Атадай ақ тілеулі Қостанай тұр, Арнаған бар қылығын баласына( Д. Әбілов).
Сонымен, гендерлік теңеулердегі негізгі ой желісі халықтың өзіндік тұрмыс- тіршілігі, дүниетанымы, әдет- ғұрпы, ерекшеліктері, мінез- құлқы, болыс- бітімі, интеллектуалдық, өнерпаздық қасиеттерімен сабақтастырылған.
Қорыта айтқанда, замандар бойы жалғасып келген таптаурын белгілер тілде айқын көрінеді. Сондықтан әйел мен ер жынысына тән гендерліктер мен оларға байланысты қолданылатын сөз өрнектерін тізіп, зерттеп- зерделеудің гендерлік лингвистиканы дамытуда маңызы зор.
Достарыңызбен бөлісу: |