а) Әйелдің гендерлік портреті:
-Дидар жүзі:айнадай ай жүзі, ақша беті айдындай, майдағы қызыл гүлдей беті,аршыған ақ жұмыртқадай өңді
-Шашы:Торғындай толқынды, тал шыбықтай өрілген қолаң шашы, жібектей қап-қара қалың шашы, сүмбілдей қара шашы
-Мойны: Аққу құстың мойнындай, ақ торғындай мойын
-Қасы- көзі, кірпігі: Қарлығаштың қанатындай қап- қара қасы, айдай сызылған қастары, шолпандай алтын кірпігі, тұнжыраған қарақаттай көздері.
-Ерні: Оймақтай, ерте піскен бүлдіргендей, қызғалдақтың үлбіреген жапырақтарындай әдемі.
- Тісі: Меруерттей тісі, ақ маржандай тісі.
- Төсі: Ақ көбіктей, қос алмадай, бұзылмаған алма тәрізді ақ төсі.
- Саусағы: Мақпалдай ақ саусағы, сүйріктей нәзік саусағы.
-Белі: Қылдай жіңішке, көк шыбықтай, солқылдайды аш белі, тал шабықтай бұраңдайды нәзік бел, тартқан сымдай нәзік белі.
-тұлға- тұрпаты:Жайықтың боз талындай, қамыстай әдемі тұлғасы, аппақ қардай денесі, ақтығы наурыздың ақша қарындай.
Достарыңызбен бөлісу: |