«Қатын» гендерлектісі үш мағынада қолданылады: 1. Жалпы әйел атаулы,ерге тиген әйел; 2. Зайып,жар,жұбай; 3. Ауыс.Қорқақ, су жүрек». Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігінде «қатын/хатын» гендерлектісінің бастапқы мағынасы – ханым,бәйбіше,әйел, кейін – күйеуге шыққан әйел,зайып деп көрсетілсе,М.Қашқари сөздігінде « ақ сүйек (хан,төре,бек) қызы» деген мағынада берілген, кейін «ерге шыққан әйел» дегенді білдіретін болған.«Қатын» сөзі ерте замандарда ханның әйеліне ғана арналған атау болғандығын Қ.Жұбанов та атап өткен болатын. Бұл сөз кейбір түркі тілдерінде жоғарыда көрсетілген мыналардан басқа қосымша ұғымға ие болған,қырғыз,алтай,хакас,қазақ тілдерінде – әйелді кеміту мақсатында айтылатын өрескел сөз ретінде қолданылатындығы айтылады. Қазақ тілінде қатын сөзі көбінесе сөйлеу тілінде қолданылады да, ал әдеби тілінде оның орнына әйел,зайып,жамағат,жұбай сөздері жұмсалады.
Келтірілген атаулар «әйел» концептінің ежелгі шумер,көне түркі дәуірлерінде, орта ғасырда болсын, тіптен қазірде де осы аталған кезеңдерге ие екенін дәлелдей түседі.Тіліміздегі әйел / қатын бейнесін сипаттайтын гендерлектілер: әйел /қатын басымен, әйел теңдігі,әйел жазушылар, қалжа жеген әйелдей,әйелдік сұлулық/ мейірім,әкелсін («Хан түгілі халқы сүйіп Құралайды,Әрдайым әйелсінбей ақылдасқан»), «Адамдық негізі - әйел» (М.Әуезов),әйелдер киімі,әйелдер журналы,қатын болды,қатын бесін,ұатын өсек,қатын үстіне барды,тоқал қатын,қатындық, т.б. және қос сөздір әйел-еркек,қатын-қыз,қатын-қалаш,қатын-бала,т.б.
«Әйел» концептосферасына енетін қыз,ана бейнелері қазақтың рухани мәдениетінде,дүниетанымында,ділінде (менталитетінде) барлық кезде адамгершілік,этикалық,эстетикалық құндылықтар қатынасы тқрғысынан қарастырылып келеді.Қазақ тілінде «қыз» гендерлектісінің мағынасы: 1. Әйел бала,сәби; 2. Күйеуге тимеген,бойжеткен; 3. Жігіттің көңілі қосқан, жүріп жүрген адамы, қалыңдық. Қыз біткен. Қыз атаулы. Бұл сөз түркі тілдерінің көпшілігінде «қыз бала,бойжеткен қыз» мағынасында қолданылады. Кейбір түкі тілдерінде қыз сөзінің қосымша мағыналары бар:туваша қыс – ұрғашы, шор тілінде қысчак – жиен қыз, қайын сіңлі,якутша қыыс – немере қыз. Түркі-моңғол тілдерінің көпшілігінде гыйз,киз,хыс,қыс,хыр сияқты әр түрлі тұлғада келетін сөздер әйел жынысты баланы білдіреді. «Қыз» концептінде бастапқы ұғым – бойжеткен образын бейнелеп, сұлулық,жастық,махаббат метафизикалық концептілерімен сабақтастықта ашылады; аралық ұғым – қалыңдық бейнесін сипаттап, ұлттық-мәдени танымдық ақпараттармен жүйеленеді; қорытынды ұғым – ана образында сомдалады,жалпыадамзаттық құндылықтың ұлттық болмысқа негізделген ментальді білім жиынтығын танытады. Қыз – бойжеткен,ару.Тілімізде ару қызды сипаттайтын,«ақ еркем», «тотым»,«үкітайым»,«перизатым»,«айым»,«ботакөзім»,«сәулетайым»,«бал қалмағым»,«айнаш»,«киіктің лағы»,«құралай»,«қызыл гүл», «аққу», «марал» сияқты сұлулықты бейнелейтін гендерлектілер жетерлік; Қыз – балғын жас,сұлу: нәзік бел, үлбіреген жас тән, аршыған жауқазын,қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы,жайнаған көк балдыған. (Абай), т.с.с; Қыз – арман,махаббат. Қыз – жігіт жұбында үлгіленетін махаббат концептінен танылады; Қыз – қалыңдық-келін. Ұлттық-мәдени ерекшелікте белгіленген қалыңдық-келін туралы концептілік түсініктер халықтық салт-дәстүрлердекең қамтылған. Тіліміздегі қыз айттырды, қыз алып,қыз берісті,қыз танысу,қыз ұзатты,қыз алып қашты,қыз жасауы,қыз ұзату тойы,сәукеле кигізу,сыңсу, беташар,қыз төркіндеп келді,төркіндес ( бір елдің қыздары),т.с.с. қолданыстар қалыңдық образындағы ментальді қыз бейнесін қалыптастыруға ықпал етеді.Ал келін түсуге байланысты жасалатын жол,ырымнан туған гендерліктер: жүрек жарды,шашу шашты,беташар,қолтық ұстар,босаға артар,сәлем айту,отқа май құю,көрімдік беру,т.б.
Халқымыз қашанда әйелдің отбасындағы рөлін жоғары бағалаған. Бұған әйел тілін ерекшелейтін немесе әйелге қатысты қолданылған тілдік бірліктерді гендерлік тұжырымдау арқылы көз жеткізуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |