Колл. Әрбір жасалған әрекеттің өз қаупі болады
Еңбегіңіз қорғалып жүр ме?
Халықаралық Еңбек Ұйымының ұсынысы бойынша әлем халықтары 28 сәуірде Бүкіләлемдік еңбекті қорғау күнін атап өтеді. Бұл дәстүр - өндірісте қайтыс боған және зақым алған, кәсіби аурулардан зардап шеккен жұмыскерлерді еске алу күні. Атаулы күн түрлі өндірістік жағдайларда адам өмірі мен денсаулығына назар аударуға тағы бір мүмкүндік береді.
Еңбекті қорғаудың тұтастай әлеуметтік-техникалық ғылым деген атауға ие екенін біріміз білсек, біріміз білмейміз. Өндірістік қауіпті жағдайларды және кәсіптік зияндарды зерттейді, оларды болдырмау шараларын жасайды немесе оқыс жағдайлардың, кәсіптік аурулардың алдын алу тәсілдерін қарастырады. Сарапшылар әлемде әрбір қызметтің толық қауіпсіздігіне кепілдік беретін қауіпсіздік жүйесінің болуы мүмкін емес екенін айтады. Өйткені, әрбір жасалған әрекеттің өз қаупі болады. Сәтсіздік жағдайлар түрлі себептермен байланыстырылады. Көп жағдайда мекеме басшылары қаржы жетіспеушілігін алға тартып, еңбек қауіпсіздігін сақтауға мән бермейді. Тиын-тебенді үнемдеп жүргенде қомақты қаржыға түсіп, шығынға белшесінен батып қалатынын қаперінен шығарып алады. Керісінше, жұмысшыларының жағдайын жасаған жұмыс беруші бұл мақсатқа шығынданбайды. Қайта қызметкерлердің денсаулығына залал келмесе, еңбек тәртібі артып, өндірістік және қоғамдық белсенділік пен еңбек өнімділігі арта түседі. Біздің қоғамдағы мұндай еңбек қатынастары еліміздің "Еңбек туралы Заңымен" реттеледі. Бұл Заң елімізде 2000 жылдан бері жұмыс істейді.
Халықаралық Еңбек Ұйымының мәліметтері бойынша әлемде өндірісте жыл сайын 270 млн. жуық жазатайым оқиғалар тіркеледі.160 млн. азаматта кәсіби ауру айқындалады. 2 млн. 200 адам өндірісте қаза болады. Әлемдік экономиканың шығыны триллион долларды құрайды екен. Өкінішке орай, мұндай жағдайлардан біздің облыс та қалыс қалып отырған жоқ. Облыстық Бас мемлекеттік инспекторларының міндетін атқарушы Ғ. Шәріповтің сөзіне сенсек, өткен жылы облыс бойынша 117 өндірістік жарақат орын алып, 122 адам зардап шеккен. Оның 18 қайтыс болған. Қайғылы оқиғалардың басым көпшілігі көлік қозғалысы кезінде орын алған. Инспекторлар талабымен 77 қызметкер жұмыстан уақытша шеттелсе, орескел заң бұзушылыққа жол берген 9 лауазымды тұлға жұмыстан босатылған, ал 35 адам тәртіптік жазаға тартылған. Еңбек инспекторлары тексеру жүргізу кезінде облыстың аумағынан өтетін "Батыс-Еуропа Батыс-Қытай" халықаралық транзит дәлізінің құрылысын іске асырып жатқан "Дена Рахсаз", "Азеркерпу-тепе" ЖШС, "Кукдонг Инжинеринг Констракшн КоЛТД" АҚ, "Корпорация Синохайдро" ЖШС "Поско Инжинеринг Констркшн Ко. ЛТД", "Сейсер" ЖШС секілді мекемелерде жұмысшыларының еңбек жағдайлары жасалмағанын анықтаған. Ондағы жұмысшылар арысын айтпағанда, тіпті арнайы киімдермен, қорғаныс құралдарымен де қамтылмаған. Еңбекті қорғау талаптарын бұзғаны үшін инспекторлар компанияларға 6550024 теңге көлемінде 126 әкімшілік айыппұл салған.
Еңбек инспекторларының айтуынша, қазіргі таңда облыста жұмысшылардың жалақы мәселесі де өзекті күйінде қалып отыр. Былтырғы жылы облыс бойынша жалақыдан қарызы бар 69 мекемені анықталып, олардың осы мақсаттығы берешігі 227 млн теңгені құраған. Әрине, жұмыс беруші мекемелердің барлығына бірдей топырақ шашудан аулақпыз. Олардың арасында жұмысшыларының жайын жасап, еңбек өнімділігін арттырып отырғандары да аз емес. Солардың бірқатары жыл сайын еңбек жағдайларын жақсарту мақсатында Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай ұйымдастырылатын "Сенім" байқауына қатыстырылады. Былтыр облысымыздан байқауға "Шымкентпиво" ЖШС, "Карона" ЖШС, "Петро КазахстанОйлПродакс" ЖШС, "Реммонтажсервис" ЖШС ", "Казмонтажстройконстукция " ЖШС қатысуға ниет білдірген. Соның ішінде "ПетроҚазақстан Ойл Продакс" ЖШС-і "Ең үздік мекеме" номинациясы бойынша 2 орынды иеленген. Шара жеңімпаздарын анықтау әлі де жалғасуда. Жергілікті инспекторлар қалған қатысушыларға да үміт артып отыр.
P.S. Тәңіріміздің "Сақтансаң сақтаймын" дегені бар. Демек, жазатайым дегенмен, қайғылы оқиғалардың да алдын алу адамзаттың өз қолында. Тек басшылар жұмыскерлерге отбасын асыраушы, біреудің әкесі (не шешесі), біреудің өмірлік жолдасы, ал енді біреудің бауыры деп қараса, оның қауіпсіздігін де ескеріп, маңдай тері - еңбекақысына да немкетті қарамаса керек-ті.
В карзику:
Халықаралық Еңбек Ұйымының мәліметтері бойынша әлемде өндірісте жыл сайын 270 млн. жуық жазатайым оқиғалар тіркеледі.160 млн. азаматта кәсіби ауру айқындалады. 2 млн. 200 адам өндірісте қаза болады. Әлемдік экономиканың шығыны триллион долларды құрайды екен.
Қоғамдық келісім - ең алдымен қазақтың келісімі
Қазақстан - 2050 стратегиясының негізгі бағыты - жаңа қазақстандық патриотизм. Болашақты алыстан болжайтын стратег елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің 2050 жылға дейін әлемдегі ең жоғарғы дамыған 30 мемлекет қатарына енуін ұлттық саяси даму стратегиясына негіз етіп отыр. Осы уақыт ішінде бағындыруға тиісті жаңа бағыттардың экономикалық саясаты, кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау, әлемдік саясаттың жаңа принциптері, білім және кәсіби біліктілік, мемлекеттілікті, қазақстандық демократияны дамыту, салиқалы сыртқы саясаты, жаңа қазақстандық патриотизм сынды жеті басымдықты белгіледі. Жеті басымдықтың бірі - Жаңа қазақстандық патриотизмнің түп қазығы ретін¬де ел бірлігін басты назарға алған. Себебі, қазақстандық патриотизмнің іргетасы - барлық азаматтардың тең құқылығы және олардың Отан алдындағы жауапкершілігі. Тағдырдың жазуымен қасиетті қазақ да¬лବсына сан түрлі ұлт өкілдері қоныс тепкен. Біздің елімізде этникааралық және конфессияаралық келісімнің ғажайып үлгісі - сенімнің айрықша атмосферасы, өзара түсіністік пен салауаттылық қалыптасқан. Мемлекетіміздің басты қуат-күші - ынтымақтастығында, 140 этнос өкілдерінің бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқандығында. Сондықтан да Қазақстан халқының бейбітшілігі мен келісімі - біздің көздің қарашығындай сақтайтын құндылығымыз, басты байлығымыз. Туған елдің туының астында бірігіп, туған жер¬дің тұғырын биік етуге бел шешкен азаматтарды бір тағдыр күтеді. Елдігіміздің ертеңі ошақтың үш таға¬ны сияқты «бір халық - бір ел - бір тағдыр» деген үш сөзге сыйып тұр. Бір¬лігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырыс-несібесі мол бол¬мақ. Қазақстандағы қоғамдық келісім - ең алдымен қазақтың келісімі екенін мықтап есте ұстаған абзал. Татулық пен тұрақтылық ел иесі ретінде ең алдымен қазаққа керек. Қазақстандықтардың ынтымағы мен бірлігі мығым бол¬майынша, мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес.Мемлекет пен азаматтардың мақсаттары барлық бағыттарда бір-бірімен ұштасып жатуы абзал.
ОҚО Әділет департаментінің жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу жұмыстарын ұйымдастыру бөлімі бастығының міндетін атқарушы Сержан Сартпаев
Бетті дайындаған Мақпал РЫСБАЕВА
Достарыңызбен бөлісу: |