бейнелердің сұхбалық үлгісі сұлбалық (схемалық) бейнелерді анықтайды.
метафоралық үлгілер сөйлем мен бейнелі сұлбалық үлгілердің ішінде белгілі ортаға тән құрылымның басқа ортадағы құрылымға сәйкес жобалануын танытады.
метонимиялық үлгілер жоғарыда айтылған үлгілердің ішінде біреуінің (немесе бірнешеуінің) бір элементі екінші элементтің қызметін атқарылатындығын анықтайды.
Дж.Лакофф сөйлемді құрылымды идеялданған когнитивтік үлгілердің бір бөлігі ретінде қарастырды. Алайда когнитивтік тіл білімінде сөйлем (пропозиция) бейнелі ой үлгілерінен өзгеше тұжырымдалады (пропозиция термині латынның сөзінен шыққан, логикада пайымдау, тіл білімінде сөйлем ұғымын білдіреді).
Сөйлем мағыналық түсініктің (репрезентацияның) бірлігі ретінде тұжырым сөздерден құралады. Олардың біреулері предикат қызметін атқарса, екіншілері дәйектемесін (аргументін) айқындайды. Осыған орай, дәйектемелер жеке нысандармен сәйкестендіріледі, ал предикаттар олардың өзара қатынасын, қасиеттерін білдіреді. Гендерлік сөйлемде (пропозицияда) «еркек» және «әйел», «еркектік» және «әйелдік» концептілері дәлелдеме ретінде көрініс табады, мұндағы – предикат –белгілі бір жынысқа тән белгі (әрекет, қасиет, т.б.). Мысалы: әйелдік – әйелге тән қасиеттер (нәзіктік, сыпайылық, т.б.).
Гендерді концептуалдауда маңызды болып саналатын сө»лем құрылымының түрлері:
мәдениетілдік пайымдаулар, яғни дискурстың түрлі типтері (дін, фольклор, халықтық философия, т.б.) арқылы тілде қалыптасқан гендерлектілер: афоризмдер, ұрандыр, ережелер, өсиет парыздар.
коммуникативті мазмұнның «жасырын компоненттері», яғни мәдени үлгілерді қалыптастыратын және вербалды қатынасты тудыратын бейвербалды абстракция.
Сөйлем сұлбасы деп нақты әрекеттер мен болжамдарды бейнелі түсіндірумен (бір құбылыс шеңберіндегі жеке ұғымды жалпы ұғымдық деңгейге) сәйкестендіретін когнитивтік құрылымдар танылады. Сұлбаның басты белгісі – оның тұрақты сыртқы қабатының болуы. Гендер туралы түсінікті құрастыратын сөйлем сұлбасының үлгісі ретінде патриархат мәдениетінде орын алған еркек – субъект, әйел – объект қарама-қарсылығы және соған сәйкес туындаған түрлі ұқсатулардың тілдегі бейнесі көрсетіледі. Сөйлем сұлбаның негізі гендерлік таптаурындарында жатыр. Олар этномәдени ерекшеліктерге ие, яғни әр түрлі әлеуметтік, этникалық, нәсілдік топтар үшін маңызды болып саналатын сөйлемдер арқылы берілуі мүмкін. Мысалы, орысқа тән әйел – әлсіз (жыныс) сөйлемімен қатар әйел – қайратты деген сөйлемі де бар.
Тілдегі сөз сұлбалармен (фрейм, скрипт, сценарий) сәкестендіріледі, сондықтан әрбір сөзді қолдану белгілі бір сұлбаның бөлшегіне сәйкес келеді немесе өзге бір сұлбаны белсенді етеді. Сөз мағынасы оның сұлбасына сәйкес анықталады (оның бойында «құрылады»). Мысалы, «жер» сөзі мен «құрлық» сөзі бір ғана жер бетіндегі телімді (учаскені) белгілеу үшін қолданылады, «жер» сөзі тік сұлбаға негізделсе (яғни жерді аспаннан ажырату), «құрлық» сөзі көлденең сұлбаға негізделеді (құрғақ жерді теңізден ажырату).
Сөзді сөйлеушінің ойлағанындай түсініп, қолдану үшін берілген нақты мән-мәтінде бұл сөз қандай сұлбаға жататынын білу қажет. Мысалы, «адам» сөзі кем дегенде екі когнитивті үлгі арқылы анықталады. Бірінші үлгі тұрғысынан алғанда, ол басқа болмыстардан бөлектенген метагендерлік мағынаға ие болады (адам-зат, адам-жануар), екінші үлгі тұрғысынан алғанда, «еркек» сөзіне синоним бола отырып гендерлік белгіленген (маркерленген) мағынаға ие болады (жас адам – жас әйел). Мағынаны ұғынудың когнитивтік тәсілі көпмағыналылық түсінігіне жаңаша қарауға мүмкіндік береді.
Концептуалдық жүйеде әр түрлі мақсаттарға қолданылатын көптеген метонимиялық үлгілер бар. Соның ішінде категорияның бір мүшесінің немесе субкатегорияның бүтін бір категорияны бейнелендіретін үлгісін талдау арқылы гендерлік категориялау үдерісіндегі таптаурындардың рөлін түсінуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |