Жігіт – жас жігіт -жігіт сыны. Жігері менг талабы зор,ат құлағында ойнап,тулаған тұлпарын тақымдап,қанат қаққан сұңқарын тұмарлап ұстай алатын жігіттік шақ эстетикалық -көркемдік танымда үлгіленген.Халық танымында жігіт екі жікке бөлініп «жақсы»,«жаман» деп бағаланады. Жақсы жігітке тән сипаттар ретінде іскерлік,адамгершілік,жайдары-жайсаң мінез,білімділік,ақыл-парасаттылық,еліне,халқына деген адал ниет,қажыр қайраттылық дәріптеледі. Олардың басым бөлігі ақын-жыраулар тілінде тұжырымдалған. Мәселен,көркем мәтіндегі жігіт образы:
Наркескен қайырылмастай қылыш болса,
Мінезі,ақылы,өнері дұрыс болса.
Бір сырлы,сегіз қырлы болса жігіт
Жорғадай тілі майда,жүріс болса.
Ақылды,сабырлы ер деп соны айтамыз -
Ертені берекелі жұмыс болса....(Ақан сері).
Поэтикалық мәтінде дүниенің көркемдік бейнесі тілдегі ұгымның үлгіленуіне ықпал етеді. Демек,көркем бейне арқылы абстрактілі ұғымдардың суреттемелі үлгілері мен әмбебаптық комбинацияларын ұғынуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |