Лекция. Гендер ұҒымы жайлы түсінік. Тілдің гендерлік жіктелімі: МӘдени-әлеуметтік, тілдік-әлеуметтік мәНІ



жүктеу 194,62 Kb.
бет17/49
Дата01.04.2022
өлшемі194,62 Kb.
#37984
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   49
genderlik lingvistika darister

Гендерлік асимметрия- өмірдің түрлі салаларында әлеуметтік және мәдени нормаларға сәйкес ерлер мен әйелдерге белгіленген әлеуметтік рөлдердің теңгерімсіздігі. Тілдегі гендерлік асимметрия (тілдегі андроөзектілік)- ер мен әйел жынысын ерекшелейтін тілдік бірліктердің қолданылуындағы біркелкіліктің болмауы.Феминистік лингвистика (феминистік сын) өкілдері мен белгілі постмодернист ғалымдар (Деррида) әлемнің тілдік бейнесі басым түрде ер адамдық көзқарас тұрғысынан, ер субъектісі атынан бағаланып, бағдарланады, ал әйелге қарастылары объект түрінде ғана қаралады, басқа, бөгде мәнінде ұғынылады не болмаса мүлде ескерілмейді.Демек, тілдік дүниетаным тек антропоөзектілік (адамға бағытталған) ғана емес, андроөзектілік (ер адамға бағытталған) сипат алған деп түсіндіреді.

Андропоөзектіліктің тілдегі көрінісін сипаттайтын белгілер:

1.Адам мен ер адам (еркек) ұғымдарының теңдестірілуі.Еуропа тілдерінің көпшілігінде олар бір сөзбен аталады: ағылшынша тап, французша home,немісше mann.

2.Әйел тегін (женский род) білдіретін зат есімдердің ер тегі (мужской род) арқылы жасалатындығы, бірақ керісінше еместігі.Көп ретте мұндай туынды сөздердің мағынасы ер тегіне жанама ретінде түсіндіріледі.Ер тегі әйел референтке қолдануға тиімді әрі оның мәртебесін көтереді.Керісінше, ер аталымдарын әйел тегімен жағымсыз мән үстейді.

3.Ер тегін білдіретін зат есімдердің жыныстардың қайсысының орнына болса да жұмсала беретіндігі.Соған сәйкес, тілдік қолданыста ер тегіне қатысты формалар жиі қолданылады.Мәселен, мұғалімдер мен мұғалималар (учительницы) туралы сөз қозғағанда, әдетте мұғалімдер деп жалпылама атап өту жеткілікті болып саналады.Сөйтіп көп жағдайда әйел жынысы мүлдем еленбей қалады.

4.Синтаксистік деңгейдегі байланысу амалы ретінде белгілі бір сөз табына байланысты грамматикалық тектің (род) негізге алатындығы, ал референттің нақтылы жынысы ескерілмейді.

5.Фемининдік және маскулиндік бөлінудің қатаң сақталып отыратындығы.Олардың бір-біріне сапалық (жағымды,жағымсыз бағалануы) әрі сандыық (ер адамдық белгілердің жалпыадамзаттық сипат алуы( жағынан үнемі қарама-қарсы қойылуының нәтижесінде гендерлік асимметрия көрініс береді.

Сонымен, тілдегі андроөзектілік – тілдің қоғамдағы әлеуметтік және мәдени ерекшеліктерді сипаттауда ер адамдық белгілерді негіз етіп алуымен байланысты, соның ішінде тілде еркектің басым бейнеленуі мен әйелдің қатысын жеке әрекетімен шектеп көрсетуі.

Гендерлік асимметрия ағылшын, неміс тілдерінде жан-жақты қарастырылған.Өзге тілдердегі зерттеулерге қарағанда, андроөзектіліктің деңгейі әр тілде әр түрлі дәрежеде көрінеді.Гендерді тілдік құрылымдауда асимметриялық қатынастардың мынадай түрлері қолданылады:


  • Категориалды контрагенттердің біреуінің қатысуынсыз берілетін асимметрия;

  • Категориалды контрагенттердің мағыналық деңгейінің сәйкессіздігінен көрінетін асимметрия;

  • Гендерлік жұптық категориялардың іштей құрылымдану асимметриясы;

  • Белгіленетін және белгіленбейтін категория мүшелерінің категориясы (жалған тектік атау, белгіленбейтін субкатегориялардың өшірілуі).

Ассиметриялық қатынастардың алғашқы екі түр ілексикографиялық талдаулар негізінде анықталады.Үшінші түрі (гендерлік категориялардың іштей құрылымдануы) лексикографиялық деректерді талдаумен қоса дискурсивтік тәжірибелерге негізделеді.Ал төртінші түрі аз зерттелген әрі сөздіктерде белгіленбеген.Ол гендерлік категориялаудың тілдік және ментальдік тетіктерінің өзара әрекеттестігін көрсетіп, көбінесе тілдік қарым-қатынаста (коммуникативтік тәжірибеде) айқындалады.

Гендер түрлі тілдер мен мәдениеттерде түрліше көрінгенімен, асимметриялық қатынастардың этномәдени аталған үлгілердің өз ішінде белгіленіп, әмбебаптық сипатқа ие болады.

Гендерлік категориалды контрагенттердің біреуінің қатысуынсыз берілетін асимметрия еркекке қатысты аталымның болмауы немесе керісінше, әйелге қатысты аталымның болмауын білдіреді.Мұны әр тілде қамтылған әйел мен еркек аталымдарына лексикографиялық талдау жүргізіп барып толық көз жеткізуге болады.Мысалы, гейша, донкихот, жігіт, сұлтан, ақсақал, сәукеле, абысын, бәйбіше т.б. тәрізді гендерлік лакундар түрлі тілдердің этномәдени ерекшелігіне сәйкес түспеуі мүмкін.

Гендерлік лакундарды талдау барысында анықталғандай, категориалды контрагенттердің біреуінің болмауы көбінесе тарихи және әлеуметтік жағдайлармен байланысты түсіндіріледі.Мәдени құрылымданған асимметрияларда гендерлік контрагеттердің ортақ белгілері болғанымен, тілде олардың біреуі ғана категория ретінде тұжырымдалады.Мәселен, ағылшын тілінде family woman (отбасы бар әйел) деп айтылмайды, өйткені, әйел, ана, жар болу әйелдің жаратылысына тән құбылыс ретінде танылады.Патриархалдық мәдениетте отбасы табиғи саланың әлеуметтік дамуын білдіреді. Сондықтан аталған категория өзінен-өзі анық болғандықтан вербалды түсінік берілмейді, тұжырымдалмайды.Еркек үшін қамқор әке болу – ізгі іс, бұл түсінік тілдік санада жағымды мәнде тұжырымдалады. Осыған ұқсас жұмыс істейтін әйел, іскер әйел тіркестерінің анықтаушы компоненттері әйел жынысына тән емес әлеуметтік дамуды аңғартады.

Гендерлік категориалды компоненттердің мағыналық деңгейінің сәйкессіздігінен көрінетін асимметрияның да өзіндік ерекшеліктері бар.

Орыс тілінде және басқа еуропа тілдерінде ер аталымдары белгілі бір мамандық иесін немесе әлеуметтік мәртебені (жағдайды) білдіреді де, әйел аталымдары бағыныңқы мәнде, яғни ер тегінен жасалған автономиялық (елеусіз,аз) категория саналады.Мысалы: «солдат» -«солдатка», «декабрист» - «декабристка», «казак» - «казачка» сол сияқты итальян тілінде presidentessa(президенттің жұбайы), норвеж тілінде bispenne (епископтың әйелі) т.б. гендерлік категорияладың әлеуметтік сатылануының тілдік көрінісі.

Гендерлік категориалды компоненттердің мағыналық деңгейінің сәйкессіздігі қазақ тілінде «бойдақ» (орыс тілінде холостяк, ағылшын тілінде bachelor) сөзі мен кәрі қыз (орыс тілінде старая дива,ағылшын тілінде spinster) сөзін қолданудағы бағалауыштық асимметриядан көрінеді.Бұл жерде «кәрі қыз» лексемасы аталған тілдерде тұрмыс құрмаған әйел туралы жағымсыз коннотация тудырады.Бағалауыштық асимметрия гендерлік аталымдардың әлеуметтік сатылауына (социальная ранжированность) жиі байқалады.Айталық, «секретарь»

(хатшы) – «секретарша» (хатшы қыз) кәсіп иесін білдіретін аталымдар еркек пен әйелге белгіленген әлеуметтік рөлдердің теңгерімсіздігін көрсетеді.Ер тегінен жасалған сөз билік пен мансапты, әйел тегін білдіретін сөз тәуелсіздікті аңғартады.Итальян тілінде де «la secretario» - қызметінен біртіндеп көтерілген партия жетекшісі; кәсіподақ немесе қоғамдық ұйым басшысы (il secretario); мектеп директоры қызметін иеленген (la directrice) әйел тегін білдіретін атаумен аталады.Мұндай қолданыстар көп жағдайда әйелдердің белгілі бір кәсіптер аясында ер тегінен жасалған атауларды ерекше бағалайтынына байланысты.

Жұптық категориялаудың іштей құрылымдануынан туындайтын асимметрия бір-біріне қарама-қарсы гендерлік категориялардың түрлі өрісте түрліше тәсілдер мен құрылымдануын білдіреді.Талдауда лексикографиялық материалдармен қоса, тілдік жүйелік және дискурсивтік асимметриялар да пайдаланады.

Феминистік лингвистикалық еңбектерде ағылшын тіліндегі Mr. және Mrs.\Miss тұлғалардың асимметриясы әлденеше рет сыналғанымен, қолданыста әйелге қатысты форма әйел референттің отбасылық жағдайын білдіреді, еркекке қатысты қолданылатын тұлғада мұндай мәлімет берілмейді.Тіпті Mr.тұлғасына ұқсас әйелге қатысты Ms. тұлғасы енгізілсе де,асимметрия толықтай жойылған жоқ.Зерттеушілердің пікірнше, тілдегі Mrs.және \Miss тұлғалары қолданыстан, шыққанда ғана симметрия болады, бірақ әзірге мұндай өзгеріс байқалмайды.Донн Аткинсон зерттеуінде Канада халқының басым бөлігі әдеттегіде тұрмыстағы әйелге, Ms. деп қолданады екен. Тиісінше, бұл ортада еркекке қарағанда, әйелдің отбасылық жағдайы жоғары бағаланады.

Осыған ұқсас асимметрия түрлерін орыс тілінен де кездестіреміз, мәслелен, «барин-барышня» (бариннің әйелі, қызы), «боярин-боярыня», «князь -княгиня».Екі жағдайда да гендерлік жұп категориялардың әйелге қатысты сыңары референттің отбасылық жағдайын сипаттайды(тұрмыс құрған - тұрмыс құрмаған).Қазақ тілінде мұндай ерекшелік «хан- ханша» мәртебелік аталымдар арқылы көрінеді.

Орыс тілінде «әйел» және «қыз» категориалды атауларының когнитивтік үлгісі неке құру қатынасымен айрықшаланады.Ал «мужчина» (еркек) – «юноша» (жасөспірім, бозбала, жас жігіт) жұбында «жас ерекшелігі» басты өлшем болып саналады.

Гендерлік асимметриялар қазақ тілінің жалқы есімдер жүйесінен де көрінеді.Тіліміздегі тілек мәнді әйел есімдері көбінесе «сұлу, әдемі» семантикалық өрісінен туындайтын сөздерден құралады, сол сияқты әйелдің сыртқы келбетін сипаттайтын (көз, шаш т.б.) компоненттерден жасалады (Алтыншаш, Сұлушаш, Қарагөз, Ботагөз) бірақ ер адам есімінде қолданатын «бай» компоненті әйел есімінде кездесе бермейді.

Дискурсивтік тәжірибеде «еркек» сөзімен тіркесетін типтік үлгілерге «жақсы», «жаман» ұғымындағы бағалау ғана емес,ол көбінесе «әйел» сөзімен тіркесетін үлгілерден байқалады, демек, дискурсивтік тәжірибеде әйел жиі бағаланады.Тағы бір ерекшелігі, еркек туралы түсінік бірен- саран тіркесімдерде «адам» сөзімен кодталады.Мысалы, «тамаша әйел» деп айтамыз, бірақ «тамаша еркек» деп айтпаймыз, оның орнына «тамаша адам» дейміз.

Зерттеушілер «еркек », «әйел» категорияларының іштей құрылымдану асимметриясының түрлі стильдік және дискурсивтік типтерін ажыратып қарастырады.Жұптық категориялардың гендерлік асимметриясын түрлі тілдердің деректерінен және дискурсивтік тәжірибелерінен де кездестіруге болады.Танысу жарнамаларында әдетте әйелдің жастығы,тартымдылығы, үй шаруасына бейімділігі,ұқыптылығы, жинақылығымен қоса,еріне жағымды, жайдары бола алатын сыпайы мінезі бағаланады да, еркектің кәсібі,білімі, бос уақытын тиімді өткізу мүмкіндіктері, экономикалық тәуелсіздігі жарнамаланады.Ал жаңа үлгідегі жарнамаларда әйелдің психологиялық портреті еркектің дәстүрлі бейнесіне жақындатып берілген: жоғары интеллект, мақсатқа талпынушылық, қоғамдық өмірдің түрлі саласына деген қызығушылық, мансапқа өту т.б.Бұл гендерлік категориялардың іштей құрылымдану ұстанымдарының өзара ықпалдастығын дәлелдейді.

Белгіленетін және белгіленбейтін категория мүшелерінің асимметриясы (жалған тектік атау,белгіленбейтін субкатегориялардың өшірілуі).

Заттарды бір категорияға біріктіру оларды белгілі бір білімдік өрісте бірдей етіп қарастыруға келе бермейді.Айырмашылық категорияның өз ішінде байқалады, бірақ оның өзі қарама – қарсылардың (оппозициялардың) қарама-қарсылығы.Мұнда қарама-қарсы категориялардың әрқайсысы айырым белгілеріне қарай бір деңгейде қарастырылады(лингвистикада аталған қарама қарсылықты эквиполенттік деп атайды). Қатынастың екінші түрінде категория лардың біреуі тектік ретінде тағдалады да екіншісінен, яғни белгіленетінін айтады. Лингвистикалық тәжірибеде бұларды белгіленетін және белгіленбейтін, яғни фондық (жасырын) категориялар деп ажыратады. П.Трейчлер мен Ф.Франк бұларды жалған тектік атаулар деп атайды.

Айталық, ағылшын тілінде грамматикалық тек (род) категориясы болмауы себепті мәртебелік аталымдардың,мамандық, кәсіп иесін білдіретін атаулардың жыныстық жіктелімін айқындайтын белгілері жоқ.Бұл категориялардың аталған түріне қатысты мысалдардың көп кездесетіндігін дәлелдей түседі.Әрине, категориялаудың бұл тәсілі грамматикалық тек категориясы жоқ ағылшын тілінде кең тарағанымен, басқа да тілдер деректерін зерттеп салыстыруды қажет етеді.

«Еркек тілі – норма, әйел тілі – нормадан ауытқу» деп дәлелденетін асимметрияның бұл түрі ғылыми дискурста да кездеседі.Соның бірі О.Есперсеннің «Тіл табиғаты : дамуы мен қалыптасуы» атты еңбегінде «Әйел» деп аталатын тарау бар да, «Еркек» деген тарау жоқ.Ұқсас асимметрия 1990 жылы жарық көрген. Лингвистикалық энциклопедиялық сөздікте (Женеский язык) және Қазақ тілі сөздігінде (Әйел тілі) орын алған.

Орыс тілінде гендерлік аталымдардың басым бөлігі грамматикалық тек категориясына тән белгілері бойынша ажыратылады (летчица (ұшқыш әйел).Демек,орыс тілінде андроөзектілік деңгейі жоғары емес.Солай бола тұрса да дискурсивтік тәжірибеде кездесетін мына тәрізді мысалдар: «Ол әйел емес, ол – депутат» немесе анекдот мәтініндегі («Она не женщина, она - депутат») гендерлік асимметриялық сипат алған.

Қысқасы, ер тегінің белгіленбейтін фондық сипаты грамматикалық тәсілдермен емес, әлеуметтік себептермен түсіндіріледі.Тіларалық асимметриялар жалпы болмыспен, өмірде бар не жоқ затпен ғана байланысты емес,сондай-ақ түрлі мәдениет өкілдерінің әлемді түрліше қабылдау, құрылымдау, тұжырымдау ерекшелігімен де байланысты.Орыс тілі мен мәдениетінде (когнитивтік үлгіге сәйкес) жас ерекшелігі мен некелік қатынастар маңызды саналса,ағылшын тілінде феминистік дискурс пен саяси әдептілік (политкоррекность) ықпалымен қалыптасқан нормаларға мән беріледі. Мысалы, жоғары оқу орнына түсетін талапкерді (абитуриент) орыс тілінде девушка (қыз) десе, ағылшын тілінде жас әйелдер young woman дейді, ал girl лексемасын қолдану саяси әдепсіздік деп танылады.

Гендерлік асимметриялардың осы тәріздес үлгілерін башқұрт тілінен кездестіреміз.Халық санасында қыздың жасы мен күйеуге шығып, тұрмыс құру кезеңдерін қамтитын әр түрлі аталымдар қалыптасқан усэн қыз- кәмелет жасына келген қыз, куйэуге берерлик қыз- күйеуге шығатын қыз.Кәмелетке жетіп,толысқан шағында қыз тұрмыс құрмаса онда қарт қыз,ултырып қыз (отырып қалған қыз) категориясына жатқызады.Күйеуге шыққаннан кейінгі ересек шағын қатын (әйел,жұбай,зайып) қартайған кезін эбей,қарсық атауларымен білдірген.Гендерлік категориялауда этномәдени сипаттағы асимметриялар арнайы қарастыруды қажет етеді.

Сұрақтар мен тапсырмалар


жүктеу 194,62 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   49




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау