Кəсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырған кезде мiндеттеменi орындамаған немесе тиiстi дəрежеде орындамаған адам, егер бой бермейтiн күштiң, яғни осы жағдайлар кезiндегi төтенше жəне тойтаруға болмайтын мəн-жайлардың (дүлей құбылыстар, соғыс қимылдары жəне т.б.) салдарынан тиiстi дəрежеде орындауға мүмкiндiк болмағандығын дəлелдей алмаса, мүлiктiк жауаптылықты көтередi. Ондай мəн-жайларға, атап айтқанда, мiндеттеменi орындау үшiн қажеттi тауарлардың, жұмыстардың немесе қызмет көрсетудiң рынокта болмауы жатпайды.
Заңдарда немесе шартта жауапкершiлiктiң жəне одан босатылудың өзге негiздерi ескерiлуi мүмкiн. Мiндеттеменi қасақана бұзғаны үшiн жауапкершiлiктi жою немесе шектеу туралы алдын ала жасалған шарт жарамсыз болады.
Кінəсіз жауапкершілік туралы ереже кəсіпкерлік тəуекел туралы ережемен байланысты болады. Міндеттемедегі кəсіпкерлік тəуекел келесідей түрде ескерілген: егер мiндеттемеде кəсiпкердiң тапсырысы бойынша əлдебiр жұмысты орындау көзделсе, жұмыстың нəтижесiн пайдаланудың мүмкiн еместiгi немесе оны пайдаланудың тиiмсiз болу тəуекелi кəсiпкерге жүктеледi. Жұмысты тиiстi дəрежеде орындаған адам, егер шартта өзге кəсiпкерлiк тəуекелдi бөлу көзделмесе, орындау дəрежесiне сəйкес ақы алуға құқылы (ҚР АК 360-бап).
Егер екiжақты шартта тараптардың бiрде-бiрi жауап бермейтiн мəн-жайдың салдарынан тараптардың бiреуi үшiн мiндеттеменi орындауға мүмкiншiлiк болмаса, заң құжатында немесе шартта өзгеше көзделмегендiктен, шарттың орындалуын тараптардың ешқайсысының да талап етуге құқығы жоқ. Мұндай жағдайда тараптардың əрқайсысы өзi орындағанның бəрiн қайтаруды тиiстi қарсы орындауды алмай-ақ талап етуге құқылы.
Азаматтық Кодексте өзге адамның кінəсі үшін жауапкершілік ету рұқсат етілген, мысалы, ҚР АК 362-бабында борышқордың өз қызметкерлерi үшiн жауапкершiлiгi көзделген. Борышқордың мiндеттемесiн орындау жөнiндегi лауазымды адамдарының немесе өзге қызметкерлерiнiң əрекеттерi борышқордың əрекеттерi болып есептеледi. Борышқор бұл əрекеттер үшiн, егер олар мiндеттеменi орындамауға немесе тиiстi дəрежеде орындамауға
əкелiп соқтырса, жауап бередi. Сонымен қатар, үшiншi жақтардың борышқор алдындағы өз мiндеттерiне қатысты əрекетi не əрекетсiздiгi мiндеттеменi бұзудың себебi болғанда да, борышқор несие берушiнiң алдында жауап бередi. Егер заңдарда тiкелей орындаушы жауап бередi деп белгiленбесе, борышқор несие берушi алдындағы өз мiндетiн жүктеген үшiншi жақтардың əрекетi немесе əрекетсiздiгi үшiн де жауап бередi. Борышқор үшiншi жақтардың əрекеттерiнен немесе əрекетсiздiгiнен мiндеттеменi бұзғаны үшiн жауапкершiлiктен олардың кiнəсiздiгi дəлелденгеннен кейiн босатылуы мүмкiн.
Кəсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырған кезде борышқор үшiншi жақтардың əрекеттерiнен немесе əрекетсiздiгiнен мiндеттеменi бұзғаны үшiн жауапкершiлiктен, егер оған дүлей күштер себепшi болса, босатылады. Үшiншi жақтардың құқықтарымен мiндеттеме нысанасын ауырлатуға байланысты мiндеттеме бұзылғанда, егер ондай ауырлату несие берушiмен шарт жасасқанға дейiн пайда болса жəне несие берушiге ол туралы шарт жас асу кезiнде ескертiлсе ғана, борышқор жауапкершiлiктен босатылады.
Міндеттеменің бұзылуында несие берушінің де кінəсі болуы мүмкін. Егер мiндеттеменiң орындалмауы немесе тиiстi дəрежеде орындалмауы екi тараптың да кiнəсiнен болса, сот оған сəйкес борышқор жауапкершiлiгiнiң көлемiн азайтады. Сот, егер несие берушi мiндеттеменiң орындалмауынан немесе тиiстi дəрежеде орындалмауынан келтiрiлген залал көлемiнiң ұлғаюына қасақана немесе абайсызда себепкер болса немесе олардың азаюына ақылға қонымды шаралар қолданбаса, борышқор жауапкершiлiгiнiң мөлшерiн де азайтады.
Орындауды кешіктірудің келесідей екі түрі де заңмен реттеледі:
а) борышқордың кешіктіруі, мiндеттеменiң орындалу мерзiмiн өткiзiп алған борышқор несие берушiнiң алдында мерзiмдi өткiзiп алу арқылы келтiрiлген залал үшiн жəне мерзiмiн өткiзiп алу кезiнде туындаған кездейсоқтықтан орындай алмауының салдары үшiн жауап бередi. Егер борышқордың мерзiмдi өткiзiп алуы салдарынан мiндеттеменi орындау несие берушiге керексiз болып қалса, ол мiндеттеменi орындауды қабылдаудан бас тартып, залалды өтеудi талап ете алады;
б) несие берушінің кешіктіруі. Егер несие берушi борышқор ұсынған тиiстi дəрежедегi орындауды қабылдаудан бас тартса, немесе заңдарда немесе шартта көзделген, не iскерлiк айналым дəстүрлерiнен немесе аяқталғанға дейiн борышқор өз мiндетiн атқара алмаған мiндеттiң мəнiнен туындайтын əрекеттердi жасамаған болса, ол мерзiмдi өткiзiп алған болып есептеледi.
Борышқордың мiндеттеменi орындағанын тиiстi түрде растаудан бас тартқан жағдайда да несие берушi мерзiмдi өткiзiп алған болып есептеледi. Егер несие берушi мерзiмдi өткiзiп алу, не өзi, не заңдар бойынша немесе несие берушiнiң тапсыруымен мiндеттеменiң орындалуын қабылдап алу жүктелген адамдар жауап бермейтiн жағдайларға байланысты болғанын дəлелдеп бермесе, несие берушiнiң мерзiмдi өткiзiп алуы борышқорға мерзiмдi өткiзiп алудан келтiрiлген залалдың орнын толтыруға құқық бередi.
Мерзiмдi өткiзiп алған несие берушiге мерзiмдi өткiзiп алған кезде мiндеттеменi орындаудың кездейсоқ мүмкiн болмай қалуының барлық қолайсыз салдары жүктеледi.
Ақшалай мiндеттеме бойынша борышқор несие берушiнiң мерзiмдi өткiзiп алғаннан кейiнгi уақытына сыйақы (мүдде) төлеуге мiндеттi емес.
Достарыңызбен бөлісу: |