Лекция №18. Меншік құқығының ұғымы және мазмұны


Міндеттемеде адамдардың ауыстырылуы



жүктеу 0,61 Mb.
бет25/68
Дата02.06.2020
өлшемі0,61 Mb.
#30830
түріЛекция
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   68
Лекция 3 курс азаматтык кукык

Міндеттемеде адамдардың ауыстырылуы. Міндеттеменің қолданыс кезеңінде оған қатысушылардың құрамы өзгеріске ұшырауы мүмкін. Міндеттеменің өзі сақталған реттегі қатысушылардың ауысуына заң жол береді. Қатысушылардың бұл алмастырылуы міндеттемедегі тұлғалардың ауыстырылуы деп аталады. Алмастырудың екі түрі болады:

а) несие берушінің алмастырылуы – талап ету құқығын беру немесе цессия деп аталынады;

б) борышқордың алмастырылуы – борышты аудару деп аталады.

Талап ету құқығын беру заңнамалық актіге орай (қайта құру,мұрагерлікке алу, ЖШС жарғылық капиталындағы қатысу үлесін сатып алудың артықшылық құқығын сот арқылы жүзеге асыру, суброгация, секьюритизация) жəне мəміле (факторинг) бойынша орын алуы мүмкін. Несие берушiнiң жеке басымен тығыз байланысты құқықтардың, атап айтқанда алимент жөнiндегi жəне азаматтың өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянның орнын толтыру жөнiндегi талаптардың басқа адамға ауысуына жол берiлмейдi. Өзге жағдайларда, тұлғалардың ауыстырылуына жалпы ереже ретінде заң рұқсат етеді жəне азаматтық айналым талаптарымен тікелей қажет етіледі. Мысалы, бағалы қағаздар айналымы цессиясыз мүмкін емес.

Қатысушының ауыстырылуы мəміле болып табылады. Сондықтан оған мəміле нысаны туралы жалпы ережелер қолданылады: егер ол жазбаша нысанда жасалынатын мəмілеге негізделген болса, онда тиісінше қатысушының алмастырылуы да жазбаша нысанда рəсімделуі тиіс.

Талап ету құқығын беру кезінде борышқорға орындауды кімге жүргізетіндігі аса маңызды емес болуы себепті, бұған борышқордың келісімі талап етілмейді. Сонымен бірге, заң жасалынған цессия туралы оның міндетті жазбаша хабарлануын талап етеді жəне мұны орындамаған ретте жаңа несие беруші бұдан туындайтын жағымсыз салдарлар қаупін көтереді.

Талап етудi берген бастапқы несие берушi жаңа несие берушiнiң алдында оған берiлген талаптардың жарамсыздығы үшiн жауап бередi, бiрақ бұл талапты борышқордың орындамағаны үшiн бастапқы несие берушi жаңа несие берушiнiң алдында борышқор үшiн кепiл болуды өзiне алғаннан басқа жағдайды қоспағанда, жауап бермейдi.

Бастапқы несие берушiнiң құқығы жаңа несие берушiге құқықтың ауысуы кезiнде болған көлемде жəне сондай жағдайларда ауысады. Атап айтқанда, жаңа несие берушiге мiндеттеменi орындауды қамтамасыз ететiн, сондай-ақ басқа да құқықты, соның iшiнде алынбаған сыйақыға (мүддеге) құқықты талап етуге байланысты құқықтар ауысады.

Борышты аудару кезінде өзге жағдай қалыптасады. Өйткені несие берушіге орындауды кімнің жүргізетіндігі маңызды. Мүмкін, жаңа борышқордың төлемқабілеттілігі жоқ болуы немесе орындаудан жалтаруы мүмкін. Осыған орай, ҚР АК 348-бабы борышты аудару кезінде несие берушінің келісімін міндетті талап етеді.

Борышты аудару көпжақты мəміле болып табылады жəне мұнда бұрынғы борышқор, жаңа борышқор жəне несие беруші өз еріктерін білдірулері тиіс. Жаңа борышқор несие берушінің талаптарына бастапқы борышқор мен несие берушінің арасындағы қатынастарға негізделген қарсылықтарды алға тартуға құқылы.





жүктеу 0,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау