Регрестік міндеттеме: басқа адамның мiндеттемесiн орындаған борышқор орындалған мiндеттеме мөлшерiнде сол адамға керi талап (регресс) қоюға .ұқылы. Борышқорлардың бiреуi ортақтасқан мiндеттi орындаған борышқорға төлемегенi осы борышқорға жəне қалған борышқорларға тең үлесте түседi. Борышқордың орындағанын қабылдаған ортақтас несие берушi басқа несие берушiлерге, егер олардың арасындағы қатынастардан өзгеше туындамаса, оларға тиесiлi үлестерiн өтеуге міндетті.
Субсидиялық міндеттемелер (ҚР АК 357-бабы) тек бəсең көптілік кезінде ғана орын алуы мүмкін. Негізгі жəне қосымша борышқор болады. Бастапқыда, несие беруші талапты негізгі борышқорға қоюы тиіс. Егер негiзгi борышқор несие берушiнiң талабын қанағаттандырудан бас тартса, не оны толық орындамаса немесе несие берушi одан қойылған талапқа ақылға қонымды мерзiмде жауап алмаса, бұл талаптың орындалмаған бөлiгi субсидиялық жауапкершiлiгi бар адамға қойылуы мүмкiн. Егер бұл талап негiзгi борышқорға қарсы қойылған талапқа жатқызу арқылы қанағаттандырылуы мүмкiн болса, несие берушi өзiнiң негiзгi борышқорға қоятын талабын субсидиялық жауапкершiлiгi бар адамның қанағаттандыруын талап етуге құқылы емес. Қосымша борышқор оған несие берушi қойған талапты қанағаттандыруға дейiн бұл туралы негiзгi борышқорға ескертуге, ал егер мұндай адамның үстiнен талап арызы түссе, негiзгi борышқорды iске қатыстыруға тиiс. Олай болмаған жағдайда негiзгi борышқордың несие берушiге қарсы айтайын деген қарсылықтарын оның регрестiк талабына қарсы қоюға құқығы бар.
Міндеттеме борышкердің өзімен жəне соның несие берушісіне орындалуы тиіс. Алайда, ҚР АК 276-бабында міндеттемені толықтай не бір бөлігін орындауды үшінші тарапқа жүктеу мүмкіндігі қарастырылған. Жүктеудің алғышарттары: егер бұл заңнамада (тікелей аралас қатынас), шартта қарастырылса немесе үшінші тұлға тараптардың бірімен тиісті шарт арқылы байланысты болса (қосалқы мердігерлік).
Бұл ретте, үшінші тұлға міндеттеменің бір тарабына айналмайды. Ол тек борышқор үшін əрекеттерді орындайды. Борышқор міндеттемені өзі жекелей орындаған сияқты несие берушінің алдында жауаптылығын сақтап қалады (ҚР АК 363-бап). Мысалы, тасымалдаушы тауар берушінің тауарын сатып алушының мекенжайына жеткізеді. Кейде борышқордың əрекетіндегі алмасу несие беруші үшін тиімсіз болуы мүмкін. Алайда, егер заңдардан, мiндеттеме шарттарынан немесе оның мəнiнен борышқордың мiндеттеменi жеке өзi орындау мiндетi туындамаса, несие берушi борышқор үшiн үшiншi жақ ұсынған орындау iсiн қабылдаудан бас тартуға құқығы жоқ. Мысалы, борышқордың тұлғасына тығыз байланысты міндеттеме (авторлық тапсырыс).
Үшінші тарап борышқор үшін орындалатын міндеттеменің мазмұны жəне ережелері жайлы хабардар болуы тиіс. Өйткені орындауды оған борышқор жүктейді. Алайда, үшінші тараптың борышқордың келісімін сұрамастан, несие берушіге борышқордың орнына орындауды өзі ұсынуға болатын жағдайлар да кездеседі. Мысалы, егер ол несие берушінің мүліктен өндіріп алу туралы талап ұсынған ретте борышқордың мүлкіне деген өзінің құқығынан айырылып қалудан қауіптенетін болса. Мұндай жағдайда, үшінші тарапқа міндеттемедегі несие берушінің борышқорға қатысты құқықтары ауысады (цессия).
Орындаудың қайта бағытталуы мүмкін, яғни борышқор орындауды несие берушінің өзіне немесе несие беруші нұсқаған үшінші тұлғаға орындауға құқылы болады. Ешбір тұлға бұл жайлы несие берушіден өкілеттілік алмай, орындауды талап ете алмайды.
Егер борышқор орындауды қабылдауға өкілетті несие беруші деп санаған тұлғасына орындауды жүзеге асырса, онда орындау үшін жауапкершілікті борышқордың өзі көтереді.
Өзінің мүдделерін қорғау үшін ҚР АК 275-бабы оған орындауды несие берушінің өзi немесе бұған ол уəкiлдiк берген тұлғаның қабылдап жатқандығының дəлелдемесін талап ету құқығын ұсынады жəне мұндай талап жасалмауының зардабын тартуға тəуекел етедi.
Достарыңызбен бөлісу: |