Экономикалық мазмұны тұрғысынан міндеттемелердің түрлері: сатып алу – сату, жалға алу, мердігерлік. Олар өз іштерінде түрлерге бөлінуі мүмкін: бөлшек сауда, тауар жеткізілім, келісімшарт жасасу.
Міндеттемелердің пайда болу негіздері: шарттар (мысалы, сатып алу сату),біржақты мəмілелер (өсиеттік бас тарту), əкімшілік актілер (мысалы, лицензия беру), зиян келтіру (деликті), интеллектуалдық меншік объектілерін жасау жəне пайдалану, оқиғалар (мысалы, сақтандыру жағдайының басталуы).
Міндеттемені орындау. Міндеттеменің құқықтық нəтижесі болады. Оған қол жеткізу міндеттемені орындау нəтижесі ретінде жүргізіледі, яғни тараптар міндеттеменің мазмұнындағы құқықтар мен міндеттерді іске асыра-
ды.
Міндеттемені орындау дегеніміз борышқордың міндеттеменің пəнін құрайтын əрекеттерді несие берушінің пайдасына жасауын білдіреді. Ол борышқор мен несие берушінің арасындағы қатынастарды тоқтатады.
Міндеттемені орындау қағидалары: міндеттемені тиісінше орындау (ҚР АК 172-бабы) жəне міндеттемені заттай орындау (ҚР АК 354-бабы). Бұл екі норма да диспозитивті болып табылады, яғни тараптар орындау ережелерін заңда көрсетілгеннен басқалай сипаттай алады. Орындау жөніндегі көптеген баптарда келесідей ескертпе қарастырылады: егер міндеттеменің ережелерінде өзгеше көзделмесе.
Заттай орындау принципінің қолдану аясы тарылтылған, яғни бұл, егер тараптардың келісімімен өзгертілмесе, қолданылатын жалпы принцип болып табылады. Тиісінше, орындамаған реттерде ол айрықша маңызға ие болады. Мысалы, ҚР АК 365-бабында былай делінеді: егер борышқордың мерзiмдi өткiзiп алуы салдарынан мiндеттеменi орындау несие берушiге керексiз болып қалса (үйлену тойына көйлекті мерзімінде тіккен жоқ), онда оған міндеттемені заттай орындатуға қол жеткізудің мағынасы болмайды. Мұның орнына ол мiндеттеменi орындауды қабылдаудан бас тартып, залалды өтеудi талап ете алады. Жəне керісінше, ҚР АК 355-бабында белгiлi бiр затты жеке беру мiндеттемесiн орындамаған жағдайда несие берушiнің оны борышқордан алып қоюды жəне несие берушiге берудi талап етуге құқылы екендігі бекітілген. Егер жұмыс орындалмаған немесе қызмет көрсетілмеген болса, несие беруші міндеттеменің орындалуын талап етпей, жұмысты несие берушінің өзі немесе үшінші тұлғаның орындағанына ақшалай өтемақыға қанағат ете алады. Осы ретте, заттай орындауды ақшалай өтемақымен алмастыру орын алып отыр.
Міндеттемелердің көбі өзара мiндеттемелер болып табылады жəне бұл ретте, қарсы орындау туралы сөз қозғалады. ҚР АК 284: өзара орындау дегеніміз жалпы ереже ретінде тараптардың өзара мiндеттердi бiр мезгiлде орындауын білдіреді. Тараптардың бiрiнiң мiндеттеменi орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы өзара мiндеттердi орындау жəне қарсы талаптарды қанағаттандыру кезiнде, екiншi тарапты өз мiндеттерiн орындаудан босатады.
ҚР АК 273-бабында егер заңдарда немесе шартта көзделгеннен басқа реттерде мiндеттеменi орындаудан бiржақты бас тартуға жəне оның шарттарын бiржақты өзгертуге жол берiлмейтіндігі айтылады. Орындау шарты – ол субъектілерге, пəніне, мерзімдерге, əдістеріне жəне міндеттемені орындау орнына қойылатын талаптар болып табылады. Шарттар міндеттемені кімнің, қайда, қашан, қалай орындайтындығы туралы сұрақтарға жауап береді.
Достарыңызбен бөлісу: |