Шарттардың түрлері. Аралас шарт – тараптар заңдарда көзделген түрлi шарттардың элементтерi бар шарт жасаса алады, онда тараптардың аралас шарт бойынша қатынастарына, егер тараптардың келiсiмiнен немесе аралас шарттың мəнiнен өзгеше туындамаса, аралас шартта элементтерi бар шарттар туралы заңдардың тиiстi бөлiктерi қолданылады.
АК 387 бабында белгіленгендей, жария шарт: Коммерциялық ұйыммен жасалған жəне өз қызметiнiң сипатына қарай оған өтiнiшпен келетiн əркiмге қатысты жүзеге асырылатын тауарларды сату, жұмыстарды атқару немесе қызмет көрсету жөнiндегi оның мiндеттемелерiн белгiлейтiн шарт жария шарт деп танылады (бөлшек сауда, көпшiлiк пайдаланатын көлiкпен тасымалдау, байланыс қызметiн көрсету, энергиямен қамтамасыз ету, медицина, мейманхана қызметiн көрсету жəне т.б.).
Коммерциялық ұйымның заңдарда көзделген жағдайлардан басқасында, жария шарт жасасу жөнiнде бiреуге басқалардан артықшылық жасауға құқығы жоқ.
Тұтынушылардың кейбiр категорияларына жеңiлдiк беру заңдармен жол берiлетiн жағдайларды қоспағанда, тауарлардың, жұмыс пен қызметтiң бағасы, сондай-ақ жария шарттың өзге ережелерi тұтынушылардың бəрiне бiрдей болып белгiленедi.
Тұтынушыға тиiстi тауарлар (жұмыс, қызмет) ұсыну мүмкiншiлiгi бола тұра коммерциялық ұйымның жария шарт жасасудан бас тартуына жол берiлмейдi.
Заң құжаттарында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының Үкiметi жария шарттарды жасау жəне орындау кезiнде тараптар үшiн мiндеттi ережелер (үлгi шарттар, ережелер жəне т.б.) шығаруы мүмкiн. Жария шарттың белгiленген талаптарына сəйкес келмейтiн ережелерi жарамсыз болып табылады. Ережелерiн тараптардың бiреуi формулярларда немесе өзге стандартты нысандарда белгiлеген жəне басқа тарап оны ұсынылған шартқа тұтастай қосылу жолы деп қабылдай алатын шарт қосылу
шарты деп танылады.
Егер қосылу шарты заңдарға қайшы келмегенiмен, бұл тарапты осындай шарттар бойынша берiлетiн құқықтардан айыратын болса немесе мiндеттеменi бұзғаны үшiн басқа тараптың жауапкершiлiгiн жоятын немесе шектейтiн болса не қосылған тарап үшiн онда анық қиындық келтiретiн, шарттың талаптарын белгiлеуге қатысатын мүмкiндiгi болып тұрғанда өзiнiң ақылға қонымды түсiнiлетiн мүдделерiн негiзге ала отырып қабылдамай-ақ қоятын талаптары болса, шартқа қосылған тарап шартты бұзуды талап етуге құқылы.
Көзделген мəн-жайлар болған кезде, өзiнiң кəсiпкерлiк қызметiн жүзеге асыруына байланысты шартқа қосылған тараптың шартты бұзу туралы қойған талабы, егер қосылған тарап шарттың қандай жағдайларда жасалғанын бiлсе немесе бiлуге тиiс болса, қанағаттандырылуға жатпайды.
Достарыңызбен бөлісу: |