Лекция 1 Кіріспе. Қазақстанның мұнай-газ саласы. Мұнай өңдеу өнеркәсібінің даму болашағы. ҚР және тмд отын энергетикалық балансы



жүктеу 6,39 Mb.
бет87/93
Дата13.04.2023
өлшемі6,39 Mb.
#42139
түріЛекция
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   93
Таңдау еріткіштерімен тазалау екі фаза бар температуралық жағдайларда мүмкін. Температураның жоғарылауымен еріткіштің еритін қабілеті артады, ал іріктелуі баяу төмендейді, және ерудің критикалық температурасы кезінде біртекті ерітінді алынады. Сондықтан селективті тазалаудың еріткіштеріне ерекше талаптар қойылады: шикізатты ерітіндіде ерітудің критикалық температурасы 80-150оС температура аралығында экстракцияны жүргізуге болатындай жеткілікті жоғары болуы тиіс.
Майларды фурфуролмен селективті тазалау. Фурфурол майлардан полициклді ароматты және нафтенді - ароматты көмірсутектерді жақсы алады, әрі рафинаттың жоғары шығымын алуға мүмкіндік береді. Фурфуролдың кемшілігіне оның жоғары температура мен оттегінің әсерінен шайырлану қабілеті, суда ерігіштігі өте жоғары және уыттылығы жатады.

  1. Майларды фенолмен селективті тазалау. Фенол майлардан шайырлы, полициклді және кейде күкіртті қосылыстарды жақсы бөліп шығарады. Фенолдың селективтілігі фурфуролдан төмен, ал еритін қабілеті жоғары.

  2. Фенол кемшілігіне оның шайырлану қабілеті (фурфуролға қарағанда аз дәрежеде болса да), уыттылығы, суда ерігіштігі өте жоғары, балқу температурасы жоғары және аппаратураға кері әсері жатады.

  3. Майларды дапарафинизациялау. Парафинді мұнайлардан селективті тазарту арқылы алынған рафинаттар температураның төмендеуі кезінде кристалдар түрінде бөлінетін қатты жоғары молекулалы көмірсутектерден тұрады. Нәтижесінде май қозғалғыштығын жоғалтады және төмен температура жағдайында пайдалануға жарамсыз болады.

  4. -15, -300С және одан да төмен температураларда қолдануға жарамды майларды алу үшін да селективті тазалау рафинаттарын депарафинизациялауға - қатты көмірсутектерді алып тастауға ұшырату қажет. Бұл арнайы таңдалған еріткіште рафинат ерітіндісінен қатты көмірсутектерді мұздату жолымен жүзеге асырылады.

  5. Дистиллятты майлы фракцияларды селективті тазарту рафинаттары көміртегі атомдарының қалыпты немесе аз тармақталған тізбекті қатты жоғары молекулалы алкандардан тұрады. Бұл көмірсутектер дұрыс пішінді ірі кристалдар түрінде салқындағанда пайда болады. Дистиллятты майлардан бөлінетін қатты өнім гач деп аталады.

  6. Қалдық майлы фракцияларды селективті тазарту рафинаттары негізінен қатты жоғары молекулалы нафтенді және ароматты көмірсутектерді қалыпты немесе аз тармақталған құрылымды ұзын парафинді радикалдармен қамтылады. Бұл қосылыстар ұсақ инелі кристалдар түрінде температураның төмендеуі кезінде тұнады. Қалдық майлардан бөлінетін қатты өнім петролатум деп аталады. Қатты көмірсутектер майлы фракцияда кейде ерітілген, ал кейде өте ұсақ кристалдар түрінде кездеседі.

Депарафиндеу процесі селективті еріткіштерді қолдана отырып немесе қолданусыз терең салқындату кезінде жүргізіледі.
Депарафинизация еріткіштеріне, таңдаулы еріткіштерге қойылатын жалпы талаптардан басқа, тағыда пайдалану шығындарын төмендетуге байланысты ерекше арнайы талаптар қойылады. Бұл еріткіштер салқындаудың жоғары жылдамдығына және қатты көмірсутектерден май ерітіндісін бөлуге «жол беруі» және депарафинизацияның төмен температуралық әсеріне ие болуы тиіс. Депарафинизациялаудың температуралық әсері немесе депарафинизацияның температуралық градиенті деп, қажетті қату температурасын қамтамасыз ететін депарафинирленген майдың қату температурасы мен ерітіндінің суыту температурасы арасындағы айырмашылық аталады. Төмен темературалық әсер ерітіндіні салқындату шығындарының азаюына әкеледі, ал салқындату мен бөлудің жоғары жылдамдығы аппараттардың мөлшерін азайтуға мүмкіндік береді.

    1. Депарафинизациялаудың еріткіштері ретінде жеңіл бензин, сұйытылған пропан, дихлорэтан, кетондар қолданылады. Еріткіш пен шикізат арасындағы арақатынас 4:1 деап алынады.


    2. жүктеу 6,39 Mb.

      Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   93




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау