Лекция 1 Кіріспе. Қазақстанның мұнай-газ саласы. Мұнай өңдеу өнеркәсібінің даму болашағы. ҚР және тмд отын энергетикалық балансы


Молекулалық електерде адсорбциямен сұйық алкандарды алу



жүктеу 6,39 Mb.
бет82/93
Дата13.04.2023
өлшемі6,39 Mb.
#42139
түріЛекция
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   93
Молекулалық електерде адсорбциямен сұйық алкандарды алу. Сұйық парафиндер мұнайхимиялық және микробиологиялық синтез шикізаты ретінде үлкен мәнге ие болды. Олардың негізінде беттік-активті заттар, жуғыш заттар, азықтық ақуыздар алынады. Ең үлкен сұранысқа 200-320°С температурада, тікелей айдалатын дизельді фракциядан алынған C10 – C18 сұйық парафиндер ие.
Сұйық парафиндер карбамидті депарафиндеу және цеолит негізіндегі молекулалық електерде адсорбция әдістерімен төмен температураларда қататын дизельді отын өндіру процессінің жанама өнімі болып табылады.
Ашық дистилляттарды сілтілі, қышқылды және адсорбциялық тазалау. Ашық түсті мұнай өнімдері-карбюраторлық, реактивті және дизельді отын, бензин-еріткіштер, АВТ қондырғыларының ректификациялық колонналарынан, гидротазалау, каталитикалық крекинг және басқалардан үздіксіз алынған түссіздендірілген керосин, әлі де тауарлық өнімдер болып табылмайды, өйткені олардың құрамында пайдалану сапасын нашарлататын компоненттері бар.
Бензиндерден, реактивті және дизельді отындардан күкірт сутегін, меркаптандарды, мұнай қышқылдарын алып тастау қажет; крекингтен - бензиндерден басқа күкірттісутегін, меркаптандардан диендік көмірсутектерді, бензиндерден-еріткіштер мен түссіз керосиндерді - ароматты көмірсутектерді алып тастайды.Төмен температурада қататын дизель отынын алу үшін соңғыларынан қатты парафинді көмірсутектер бөліп алынады.
Қажетсіз компоненттерді жою үшін тазартудың химиялық және физикалық-химиялық әдістерін қолданылады: сілтімен және күкірт қышқылымен өңдеу, карбамидті депарафиндеу, адсорбция.
Сілтілік тазарту мұнай өнімдерінен күкіртті сутегін, төмен меркаптандар мен мұнай қышқылдарын алып тастау үшін пайдаланылады; сілтілік қайта тазарту - мұнай өнімдерінен күкірт қышқылының іздерін және қышқыл өнімдерден күкірт қышқылды тазартудан кейінгі реакцияның өнімдерін алып тастау үшін пайдаланылады.
Күкірт сутегін жою үшін әдетте күйдіргіш натрий немесе кальцийленген сода Na2CO3 ерітіндісін қолданады. Күкіртсутек сілтімен әрекеттеседі:
2NaOH + H2S → Na2S + 2Н2О
NaOH + H2S → NaHS + H2O
Меркаптандар сілтімен әрекеттесіп, меркаптидтер түзед:
RSH + NaOH → RSNa + H2O
Меркаптидтер сілтілерде жақсы ериді,сондықтан дистилляттардан жоюлуы мүмкін. Меркаптандар түріндегі меркаптидті жою дистиллят гидролизіне кедергі келтіреді.
Мұнай қышқылдары сілтімен немесе содамен мұнай қышқылдарының тұзын –сабынды құрайды:
RCOOH + NaOH → RCOONa + H2O
2RCООH + Na2CO3 → 2RCООNa + CO2 + H2O
Мұнай қышқылдарының тұздары сілтінің сулы ерітіндісіне өтеді және осылайша мұнай өнімдерінен оңай бөлінеді.
Ашық түсті мұнай өнімдерін сілтілі тазарту үшін әдетте 10% NaOH ерітіндісін қолданады. Бензиндердің сілтісіздендіру температурасы 40-50оС, керосин 60-70°С, дизельді отын 80-90°С болады.

жүктеу 6,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   93




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау