пентанды изопентанға кейіннен дегидратация арқылы
синтетикалық каучук өндіруге арналған шикізат алу үшін
Изокомпоненттерді алу үшін изомерлеу процестерін қолданады:
1) алкилдеу қондырғысындағы шикізат - бутаннан изобутанды;
2) пентаннан изопентанға, кейіннен синтетикалық каучук өндірісінің шикізаты – изопрен алу мақсатында изопентанды дегидрлейді;
3) жанармайдың жоғары октанды компонентін алу үшін пентан-гександы фракцияларын.
С4-С6 төмен молекулалы алкандар үшін құрылымды изомерлеуде ішкі молекулалы химиялық реакциялар келесі бағыттарда жүруі мүмкін:
а) қалыпты құрылымды көмірсутектің тармақтыға түрленуі
б) көміртекті тізбек жанында металды радикалдардың жылжуы
в) тармақталған көмірсутектердің жанындағы тізбектерде метилді радикал санының өзгеруі
Барлық бұл реакциялар қайтымды, сондықтан қоспадағы изомерлердің біртекті шоғыры, ең алдымен процес температурасына тәуелді.
Алкандарды изомерлеу реакциясын қазіргі таңда мұнай өңдеу және мұнайхимия зауыттарында қалыпты құрылымды көмірсутектерден бағалы изокомпоненттерді алу үшін қолданады.
Пентанды изопрен алуға қажетті шикізат ретінде изопентанға, одан әрі оны изопренді синтетикалық каучукке полимерлеу, жоғары октанды автомобиль бензиндерінің компоненттері ретінде тармақталған пентандар мен гександар қоспасын изомерлеу реакциялаары:
Қазіргі уақытта изомерлеу процестері үшін платина немесе алюминий тотығында палладий бар бифункционалды катализаторлар ең танымал болды.
380-450°С температурада және 3,5-4 МПа қысымда пентандық фракцияны жоғары температуралы изомерлеу процесі жүзеге асырылады. Катализатор платина салынған фторланған алюминий тотығы болып табылады. Процесте платформинг қондырғыларынан сутекті газ айналымы қолданылады. Шикізаттың бір өту үшін 50-55% айналу дәрежесіне қол жеткізіледі. Сондықтан процесте изомеризат рециркуляциясы қолданылады. Изопентанның түрленген пентанға шығуы 96%.
Шикізат. Жоғары октанды бензин компонентін алуға арналған изомерлеу қондырғыларында шикізат ретінде бензинді қайта айдау қондырғыларында бөлінетін жеңіл тікелей айдалатын фракция пайдаланылады. Бұл фракцияда пентанның 65-70%, оның ішінде 35-45% қ-пентан, 20-25% изогексан, сондай-ақ бутан мен гексан бар.
Тауар өнімі. Тауар өнімдері изопентан және изогексан фракциясы болып табылады. Изопентан фракциясының октандық саны 89 - ға тең (мотор әдісі бойынша), ал құрамында 1% гексаннан аспайтын изогексан фракциясы-78-ге тең.
Достарыңызбен бөлісу: |