|
Лекция 1 Кіріспе. Қазақстанның мұнай-газ саласы. Мұнай өңдеу өнеркәсібінің даму болашағы. ҚР және тмд отын энергетикалық балансы
|
бет | 46/93 | Дата | 13.04.2023 | өлшемі | 6,39 Mb. | | #42139 | түрі | Лекция |
| Пайдалы жылу қуатына;
Белгілі бір уақытқа қыздырылатын өнім мөлшеріне;
Технологиялық мақсатына;
Конструкциясының ерекшеліктеріне қарап кластарға бөледі.
Пештердің пайдалы жылу қуаты өнімнің қабылдаған жылу мөлшері МӨЗ 0,6-0,9 МВт қабылдаған жылу мөлшері 70-120 МВт дейінгі аралықта болады. Мұнайды алғашқы өңдеудің негізгі жаңа қондырғыларында құбырлы пештердің пайдалы жылу қуаты 20,40,120 МВт. Атмосфералы құбырлы жəне атмосфералы вакуумды-құбырлы қондырғыларының құбырлы пештері 100-1000 м/сағ құрайды. Технологиялық аппараттардың міндетіне байланысты МӨЗ пештері мұнайды атмосфералық айдау, мазутты вакуумда айдау, бензинді тұрақтандыру, каталитикалық риформингтеу, пиролиздеу жəне басқа пештерге бөледі. МӨЗ əртүрлі конструкциялы құбырлы пештерінің бір-бірінен жылуды беру əдісімен (радиантты, конвекциялы, радиантты-конвекциялы) қыздыру камерасының санымен (бір жəне көп камералы), отынды жағу əдісімен (жалынды жəне жалынсыз жағу əдістері), қыздырылатын шикізат ағымдарының санымен (бір немесе екі жəне көп ағымды), жыланша құбырдың орналасуымен, құбырдың көлденең жəне тік орналасуымен ерекшеленеді.
Пеш жұмысының тиімділігін сипаттайтын негізгі жылу техникалық көрсеткіші бар құбыр бетін қыздыру мен отын кеңістігі жылу қуаты жəне пештің ПƏК болып саналады.
Құбыр бетін қыздырудың жылу қуаты деп 1 м2 бетті 1 сағат қыздыруға берілетін жылу мөлшерін айтады (25-45м2).
Радиантты құбырлардағы бетті қыздыру жылу қуаты конвекциялыға қарағанда жоғары. Пештің ПƏК деп пайдаланған отынның жанғанда бөлінетін жылудың жалпы мөлшеріне қатынасын айтады. Пештерді жасаушы конструкциялардың негізгі мақсаты пештің ПƏК мəнін 80-ге дейін жəне одан да жоғары көтеру болып саналады. ПƏК көтеру үшін пештерді тиімді шілтерлермен жабдықтайды, конвекция камерасынан шығатын түтін газдарының жылуын пайдалану жүйесін жетілдіреді.
Құбырлы пештер констркуциясының негізгі элементтеріне құбырлардан түсетін салмақты ұстап тұратын металл каркасы; төбесі; күмбезі; отқа төзімді арнайы қабат жəне жылу изоляциясы; ұзындығы 24 м-ге дейін жететін жəне диаметрі 60; 219 мм бір-біріне ендіртіп немесе балқытып жалғанған, жіксіз бүгіп созылған, иілген құбыр; радиация жəне конвекция секцияларының құбырларын ұстап тұратын құбырлы торлар, құбырлы алқа; отынды жағуға қажетті жабдық, түтін өткізгіштер, баспалдақтар жəне т.б. саналады. Отынды жағуға форсункаларды немесе шілтерлерді пайдаланады.
Рекуперативті жылу алмастырғыштар. Осындай жылу алмастырғыштардың негізгі сипаттамасы екі жылу алмасатын ағындардың арасында жылу өткізгіш материалдан жасалған қабырға болады. Жылу алмасу беті конструкциясы жағынан əртүрлі орындалуы мүмкін, сондықтан ол аппараттарды былай бөледі:
Қаптама құбырлы жылу алмастырғыш;
Екі құбырлы жылу алмастырғыш;
Ирек құбырлы жылу алмастырғыш;
Спираль тəрізді жылу алмастырғыш;
Бүрку арқылы жасайтын жылу алмастырғыш;
Арнайы жылу алмастырғыш;
Құбырлы буландырғыштар;
«Құбырда-құбыр» типті жылу алмастырғыш.
Мұнай өңдеу технологиясында ең көп тараған жылу алмастырғыш аппараттың бірі - қаптама құбырлы жылу алмастырғыш (14.3 сурет). Осылардың ең қарапайымы – цилиндрлі қаптамалы жылу алмастырғыш. Ол қаптамадан (3) тұрады. Оның екі жағынан құбырлы торлар (1) бекітілген. Осында шоғырланған құбырлар (4) орналасады.
14.3 сурет-Қаптама құбырлы жылу алмастырғыштың құрылысы
Олар қаптамаға фланец (8) арқылы бұрандамамен бекітілген болады. Құбырлар құбырлы торда əртүрлі вариантта бекітіледі. Құбырларда тордың шоғыры орналасуы əртүрлі. Ағындардың өту жолдарының саны 1, 2, 4 рет жəне одан көп болуы мүмкін. 4 рет айналуы жылу алмасу жағдайын жақсартады. Қаптамалы құбырлы жылу алмастырғыштар мұнайды шығатын өнімдер жылуы арқылы қыздыруға, су конденсатор-тоңазытқышы ретінде қыздырғыштар ретінде жəне т.б. қолданылады. Айнымалы тордың болуы құбыр шоғырының корпусы ішінде бос қозғалуына жағдай жасайды, құбыр шоғырын тазалау жəне ауыстыру жеңіл іске асырылады. «Құбырда құбыр» типтес жылу алмастырғыштар тазалау үшін жеңіл бөлшектенеді жəне жылу алмастырушы ортаны кез келген температура өзгерісіне қолдана алады. Олар алғашқы айдау қондырғыларында мұнайды, мазут немесе гудрон сияқты қалдық өнімдерімен қыздыру үшін қолданады. 1960 жылдан бастап мұнай өңдеу зауытында ауамен салқындату аппараттары көп қолданыс табуда. Ауамен салқындату аппараттарын пайдалану айналым судың шоғырын азайтады, ағын сумен мұнай өнімдерінің ілесіп кетуін азайтады, жылу алмастыру аппараттарын қыздыру нəтижесінде түзілген қалдықтардан тазартуды жəне жөндеу шығынын азайтады, қазіргі қондырғыларда 80% дейін жылуды алу ауамен суыту аппараттарында іске асады. Ауамен салқындату аппараттары коллекторлары бар құбыр шоғырынан, электрқозғалтқышты желдеткіштен, реттеуші жабдықтан жəне тірек бөлігінен тұрады. Жылу беру қарама-қарсы ағым принципі бойынша іске асады. Ауамен салқындату аппараттары коллекторлары бар құбыр шоғырынан электрқозғалтқышты желдеткішпен реттеуші жабдықтан жəне тірек бөлігінен тұрады. Жылу беру қарама-қарсы ағым принципі бойынша іске асады. Ауа желдеткіштермен құбыраралық кеңістіктен өтеді. Құбыр шоғыры сырт жағынан суиды. Ауаны тегіс бөлу үшін желдеткіш қолданылады. Ең көп тараған ауамен салқындату аппараттары – көлденең жəне ирек құбыр секциялы түрлері.
Дистилляттар сапасы цехаралық нормалармен стандарттардың салалық жəне салааралық техникалық шарттардың талабымен анықталады. Дисстилляттардың ең маңызды көрсеткіші – бастапқы жəне соңғы қайнау температуралары. Мысалы, бензиннің соңғы қайнау температурасы 180°С жоғары болмауы керек. Бұл каталитикалық риформингте кокс түзілу процесін болдырмауы мен автобензин стандартының талабымен байланысты. Керосин фракциясын сипаттау үшін кристалдана бастау температурасы жəне тұтқырлық анықтаушы болып саналады, дизель фракциясы үшін тұтану жəне қатаю температуралары көрсеткіштері бойынша қажетті нормаларға сəйкес болуы керек. Егер өңделуші мұнай сапасы өзгерсе, онда дистилляттардың қайнау температуралары өзгереді.
Потенциалға есептегенде алынуға тиісті көрсеткіштерден бөлек төте айдау қондырғылар жұмысының сапасын, фракциялардың бір- біріне ауысу температураларын, яғни төмен қайнау фракцияларының бастапқы температураларының айырмашылығын сипаттайды. Егер атмосфера колонналарында алынған фракцияларының бір-біріне ауысуы 10-15°С аспаса, онда жұмысы қанағаттанарлық деп есептеледі. Айдау қондырғыларының жұмыс көрсеткіштерін атмосфера колоннасындағы қалдықта қалатын жеңіл дистиллятты фракциялар мөлшерімен де көрсетіледі. Кейбір АВҚ мазутында дизель фракцияларының мөлшері 3-5%-дан аспайды.
Мұнайды біріншілік өңдеу қондырғыларының техникалық-экономикалық көрсеткіштері. МӨЗ технологиялық қондырғыларының жұмысын əр уақытта приборлар көмегімен бақылап отыруды, тікелей аппараттардың, құрал-жабдықтардың, байланыс желілерінің жағдайын байқауды, шикізаттың жəне алынған өнімнің сапасына зертханалық талдауларды өндіріс қызметкерлері жүргізеді.
Алғашқы айдау қондырғысы аппараттағы жəне құбырлар желісіндегі шығынды, температураны, қысымды жəне өнім деңгейін өлшеу мен автоматты реттеу үшін көптеген приборлармен жабдықталады. Қазіргі жаңа АВҚ қондырғыларында автоматты бақылау жəне реттеудің 2000-нан аса приборлары бар. Алғашқы айдау қондырғысының қалыпты жұмыс жүйесі көп жағдайда технологиялық режиміне байланысты. Құбырлы пештердің жұмысын реттеу жүйесі суретте көрсетілген. Құбырлы пештердің негізгі реттелетін параметрлері қыздырылатын өнімнің пештен шығатын жердегі температурасы. Бұл температура тұрақты болуы тиіс.
Ректификациялау колоннасының жұмысын реттеудің мақсаты аппараттардың мүмкін болғанша экономикалық тиімді істеуінен қоспаны таза бөлуді қамтамасыз ету. Ректификациялау колонналары əртүрлі жағдайларда пайдаланылатындықтан, оларды реттеудің жүйелері де əртүрлі, жағдайлары да əртүрлі. Колонналарда көп компонент қоспасын бөлуде шығынмен берілетін зат құрамы колоннаның жоғары жəне төменгі жағындағы қалдық деңгейі механикалық немесе автоматикалық жолмен реттеледі.
Колоннаның жоғарғы жағынан температурасын берілген деңгейде ағын шығынын өзгертумен ұстайды. Төменгі жағынан температурасының қайнатқышқа берілетін жылу алмастырғыш мөлшері өзгертумен немесе құбырлы пешке отын беріп, ыстық ағын жасаумен реттейді.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|