Жанар май отындары
а) әуе ұшақ бензиндері (реактивті отындар) Б-100/130, Б-95/130, Ю-91/115, Б-70
Б-бензин, 100, 95, 91-октанды сан көрсеткіші, 130, 130, 115-сортын білдіреді, Б-70-этилденбеген бензин
б) автокөлік бензиндері А-66, А-72, А-76, АИ-93, АИ-98
А-автокөлік, 66, 72, 76, 93, 98-октанды санды сипаттайды, АИ-зерттеу бойынша октанды сан
в) трактор жанар майы; лигроиндар және керосиндер
г) реактивті жанар майы; Т-1, ТС-1, Т-5, Т-6, Т-7,
Т-жанар май
С-күкіртті (сернистая)
д) Дизельдік жанар майлар ДА, ДЗ, ДЛ, ДС, ДТ, ДМ
Д-дизельдік, А-органикалық, З-қыстық, Дт, ДМ-баяу жұмыс ісиейиін қозғалтқыштар (двигательдер үшін)
е) Газтурбиналық жанар май: мазуттар, газоильдер
ж) Қазандық жанар майлар Ф-5, Ф-12, 40, 100, 200МП
Ф- флоттық мазут, 5,12-500С шартты тұтқырлығы, 40, 100, 200-жағатын мазут, МП-мартен пештері үшін жанар май
Карбюратор отындары. Қазіргі заман техникасында ұшқынмен оталатын іштен жағатын поршенді қозғалтқыштар көп тараған. Бұл қозғағыштарда отыннның ауамен жанғыш қоспасын дайындау үшін дайындау, әдетте, арнайы құралды-карбюраторды пайдаланады және сондықтан, мұнай қозғалтқыштардың отындарын карбюратор отындары дейді.
Отын есебінде, ұшқыннан от алатын поршень қозғалтқыштары үшін, бензиндер қолданады. Автомобиль бензиндерінің негізгі пайдалану көрсеткіштері болып детонациялық тұрақтылық, коррозияға қарсы қасиеттері саналады. Ұшақ бензиндерінің сапасын анықтау үшін, одан бөлек мынадай көрсеткіштер, кристалдану температурасы, шайыр заттарының мөлшері, жану жылуы қолданады.
Детоноация деп қозғалтқыштағы отынның жануының ерекше қалыпсыз сипатын атайды, мұнда жұмыстық қоспаның тек бір бөлігі ғана ұшқыннан от алудан кейін кәдімгі жылдамдықпен қалыпты жанады. Отынның жалынның алдында тұратын соңғы бөлігі (15-20%дейін), тез өздігінен тұтанып кетеді де, осының нәтижесінде жалынның тарау жылдамдығы 1500-2500 м/с дейін өседі, ал қысым біртіндеп емес, секіріп өседі. Қысымның осындай күрт өзгеруі детонация толқынын тудырады. Цилиндр қабырғасына соққының осындай толқыны және оның көп рет олардан қайтуы, дірілдеу және металдарға тән соғысу дыбысын тудырады. Бұл детонациялық жанудың сыртқы негізгі белгісі пайдаланылған газдағы қара түтіннің будағының пайда болуы, тағы да цилиндр қабырғасының температурасының күрт көтерілуі. Детонация - өте зиянды құбылыс. Детонациялық режимде қозғалтқыш температурасы төмендейді, отынның сыбағалы шығымы өседі, қозғалтқыштың жұмысы қатты және бір қалыпты емес болады. Одан бөлек, детонациядан поршендердің және пайдаланылған қақпақтардың жануы мен бұзылуы орын алады, электр білте жібі жұмыстан шығады және басқа келеңсіз жағдайлар байқалады. Қозғалтқыштың тозуы үдейді, сондықтан жөндеу аралық уақыты қысқарады. Қарқынды детонация режимінде көп уақыт жұмыс істеу аварияға да алып кеп соғуы мүмкін, әсіресе детонация ұшақ қозғалтқыштарында қауіпті.
Достарыңызбен бөлісу: |